Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 12:53, курсовая работа
Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІНІҢДАМУЫ....................................................................................................................5
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................17
2.1. Баланың зейінін тәрбиелеу............................................................................17
2.2. Балада түйсіктердің дамуы мен өзара байланысуы....................................22
2.3. Баланың қабылдауын дамыту.......................................................................24
2.4. Балада естің дамуы және оны тәрбиелеу.....................................................26
2.5. Баланың ойлауын дамыту..............................................................................29
2.6. Баланың қиялын дамыту................................................................................30
3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Эксперимент барысы
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................34
ҚОСЫМША 1........................................................................................................35
ҚОСЫМША 2........................................................................................................36
Барлық қалыпты балаларда интеллектуалдық даму қорлары кең, және осыдан ата-аналардың міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ететін, гармониялық дамуын бұзбайтын сол қорлардың жүзеге асуына әрқашан жағдай жасау қажет.
Мектепте оқуға даярлық
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ;
1. Аймауытұлы Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995
2. Алдамұратов А. Жалпы психология. - Алматы,1996.
3. Бабаев С. Психология танымы, Түркістан, 2000. – 346 б.
4. Бап-Баба С. Б. Жалпы психология Алматы, 2003
5. Выготский Л. С. «Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы» Алматы , 1999 ж.
6. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. - Алматы , 2002.- 335 б.
7. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. - Алматы, 2004
8. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқулық.- Алматы - 2005.-405
9. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы, 1982
10. Темірбеков А., Балаубаев С, Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. – Алматы: Мектеп, 1987. – 545 б.
11. Тілеубекова А.Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері, А.., 1991 – 196б
12. Мухина В.С Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы – Алматы: Мектеп, 1986 – 232б
ҚОСЫМША 1
«Неге ұқсайды»
Мақсаты: «Баланың ойлау, есте сақтау және қиялын дамыту, аталмыш психологиялық процесстер деңгейін анақтау».
Ойын барысы:Тақтаға немесе балалар назарына әр түрлі пішіндер салынған 5 сурет ілінеді. Әрбір суретті мұқият қарап шығып 20 минут ішінде осы сурет неге ұқсайтынын әр сурет астына тізіп жазу керек.
Мысалы: тамшы, жапырақ, от, гүл күлтесі, мысық құлағы.
Нәтижесі:Барлық ұқсас аттар саналып, ол суреттер санына бөлінеді.
Көгалда әдемі гүлдер гүл ашты
Мақсаты: Түстер мен реңдерді қабылдауын дамыту, түс бойынша таңдап алу іскерлігін қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Жылы суық түсті геометриялық пішіндер.
Ойын мазмұны: Балалар педагог нұсқауы бойынша жылы түстер мен суық түстерден гүлдер бейнесін береді.
Жылы – суық
Мақсаты: Балалардың жылы және суық түстер жайлы түсініктерін бекіту.
Көрнекі құралдар: Екі үлкен (20/20) қағаз беті, біреуінің ортасында қызыл түсті (жылы), екіншісінің ортасында көк түсті (суық) (динаметрі 2-3 см) дөңгелектер бейнеленген. Балаларға сол түстес заттарды салып, қию (2 дана) ұсынылады: біреулерін үлкен қағазға шеңберден бірдей қашақтыққа жапсыру, екіншісінің бөлек карточкаға (үлестірмелі қағаз) жапсыру.
Ойын мазмұны: Балалар шағын топқа бірігеді. Әр топқа үлкен қағаз беті беріледі. Жүргізуші бір-бірлеп карточка көрсетеді, ал балалар өздерінің қағаздарындағы суреттер мен дөңгелектердің түстерін сәйкестерін алады. Тапсырманы жылдам орындаған топ жеңеді.
Өрнектерді құрастыр
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер мен түстер жайлы білімдерін бекіту, түсті таңдай білуге үйрету (жақын, сәйкес).
Көрнекі құралдар: Түрлі түсті геометриялық пішіндер.
Ойын мазмұны: Қағаз бетінеде геометриялық пішіндерден өрнек құрастыру.
Баланың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерін дамытуға арналған жаттығулар
2 – кестедегі суретті балаларға 15 – 20 секунд көрсетіп, көздері үйренгеннен соң, алып тастап, 1 – кестетегі суретті көрсетемін. Балалар 1 – кестеден алғашқы кестедегі көргендерін тауып атап береді. Бұл арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері мен сөйлеу дағдыларын арттыра түсуге болады
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық таным үрдістерінің дамуы