Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 12:53, курсовая работа
Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІНІҢДАМУЫ....................................................................................................................5
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................17
2.1. Баланың зейінін тәрбиелеу............................................................................17
2.2. Балада түйсіктердің дамуы мен өзара байланысуы....................................22
2.3. Баланың қабылдауын дамыту.......................................................................24
2.4. Балада естің дамуы және оны тәрбиелеу.....................................................26
2.5. Баланың ойлауын дамыту..............................................................................29
2.6. Баланың қиялын дамыту................................................................................30
3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Эксперимент барысы
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................34
ҚОСЫМША 1........................................................................................................35
ҚОСЫМША 2........................................................................................................36
Мектепке дейінгі жастағы балалардың бақылауы белгілі үстірттік және мақсат қоймаушылықпен ерекшеленеді. Балаларға тиін бейнеленген тамаша сурет көрсетілді. Содан соң есте қалғаны бойынша тиіннің суретін салу тапсырылды. Осы тұста олардан сурақ жауып кетті: "Тиіннің құйрығы қандай?" "Оның мұрты бар ма?", "Оның жүнінің түсі қандай?" "Көзі қандай?", т.б. Балалардың бұл сұрақтарына қарағанда, балалар тиінді салу керек екенін біле тұра көп нәрсені аңғармағандықтарын көрсетті.
Қабылдаудың үстірт болуы, төменгі сынып оқушыларын заттың кейбір белгілерін байқап, оларды бір-бірімен байланыстыра алмауға, оның негізгі сапаларын аңғармауға әкеледі.
Барлық ашық, жарық, үлкен, қозғалатын нәрселер балалардың назарын аударады. Сондықтан да дерексіз материалдардан көрнекілігімен ерекшеленетін нәрселерді балалар жақсы қабылдайды. Жыл өткен сайын төменгі класс оқушысының қабылдауы толығып, одан әрі жетіліп, қабылданатын затңа қатыссызы былай қалып, басты нәрселерге көңіл бөлінеді. Қабылдаудың осындай болып келетініне дүкендегі ойын таңдаған ағайынды екі бала дәлел бола алады. Балаға ағаштан жасалған машина ұнады, ол қарапайым жасалған, нашар қозғалады, бірақ көлемі үлкен, әдемі боялған және дауысы қатты шығатын гудогы бар. Үшінші сыныпта оқитын оның ағасының қаңылтырдан жасалған ойыншық автобусқа көңілі ауды, ол көлемі жағынан екі есе кіші, жай ғана сүр түсті бояумен сырланса да, жүргізетін пружиналы механизмі бар кәдімгі машинаға ұқсайды.
Балалардың қабылдауында талдау мен біріктірудің жетімсіздігі жиі байқалады. Мәселен ауамен атылатын пистолетті біле тұрса да, бала оның қандай бөлшектерден тұратынын, атылу себебінің неден болатынын айтып бере алмайды, оның талдау жасауға күші жетпейді. Кей кезде бала, әлдеқалай құбылыстарды байқағыш келеді, бірақ соның басын құрауға, біріктіруге ша-масы жетпейді. Бірде ауаның тығыздығына жасалған тәжірибе жайлы айтып тұрған оқушы: трубка шыныдан жасалған, жұқа болатын, трубканың ішінде шыбық қозғалады да, тығыны тарс етіп "атылып кетті" - деп басқа нәрсе жөнінде айтып кетті. Трубкадағы қысылған ауаның тығынды итеріп, ытқытып жібергені жайында оңушы ештеңе айтпады.
Мектепке дейінгі балалардың жасындағылардың қабылдауы эмоцияға тығыз байланысты. Бала өзін қоршаған дүниені селсоқ қабылдамайды: көп нәрсе оны қуанышңа бөлейді, не ренжітеді. Сондыңтан да мектеп оқушысы өзінің сезімін туғызатын, қызықтыратын нәрселерге басты зейінін аударады, ал былайынша маңызды, бірақ сезім туғызбайтын нәрсеге зейін аудармайды. Мұның дәлелі: үлкендер үшін елеулі маңызы жоқ, олар кейде байқамайтын ұсақ нәрселерге зейін аударады.
2.4. Балада естің дамуы және оны тәрбиелеу
Бала есінің дамуы өмірінің бірінші күндерінен басталады. Жүйке жүйесінің, біртіндеп дамуы негізінде тәрбие процесі, ойын, оқу, еңбек және тіл қатынастары жетіледі. Баланың есте қалдыруы өмірінің бірінші айла-рында қимыл байланыстарына, қозғалу ассоциациясына сүйенеді. Ай жарым жастағы баланы тамақтандырайын деп қолға алғанда, емшек еметін қимылдар жасайды. Көру, есту анализаторлары біртіндеп жүмыс істей бастайды, төртінші, бесінші айлардағы бала анасын көріп, оның даусын естіп қимылдайды. Тілі шыққан бала өзінің сөз қорына сөз қосады, көрген-білгенін үйренеді, бірақ өмір тәжірибесі әлі аз, ойлауы, тіл дамуы жеткіліксіз, сондықтан есте қалдыру да механикалық болады.
Мектепке бару балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Баланың есін тәрбиелеугеде тәрбиеші олардың жас дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Мектепке дейінгі балалар оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан, тәрбиеші үйге тапсырма бергенде материалдарды қалай оқу керектігін үнемі ескертіп отыруы керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ балалардың назары бұған кейде жөнді түсе қоймайды. Мектепке дейінгі балалар, жоғарғы топ балалары көбінесе сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. Оқулыңтағы-дай білсем болғаны деген ой қалыптасады. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысңалығы, әрі жинақылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, тәрбиешіге бір жағынан баланың сөздік қорын дамытып, өз бетінше айта білуге үйретуі қажет.
Бөбектік шақта және балалар бақшасында тәрбиеленетін балалардың жаңсы таныс, өздері түсінетін нәрсесін есте қалдыруы мағыналы болады. Мәселен, бала ертегі тыңдағанда кейіпкер жөнінде сұрақтар ңойып, ңайталап айтқызып, мазмұнын үғынып алады. Тыңдау кезінде сүйсініп, қуанып немесе ренжіп, жабырқап отыруы да мазмұнын түсінгендіктің белгісі. Бастауыш сыныптарда балалар механикалық есте қалдыруды көп қолданады.
Мағынаны есте қалдыруды дамытатын негізгі күш - отбасы мен мектеп. Өз еркімен әдейілеп есте қалдыру қабілеті тәрбиенің нәтижесінде ғана дамып жетіледі. Бала өзіне ұнап, мүддесіне сай келіп зейінін түсірген нәрсесін (кісілердің сөздерін, өлеңді, ертегіні, әнді) әдейілемей есінде калдыра алады, есінде қалдырған сайын дағдысын байытады. Әдейілеп есте қалдыру мектеп жасындағы балалардың оңу процесінде тез дамиды. Бала сабаңты мұғалімге айтып беру үшін үйренуге тәсіл қолданады, күш жұмсайды.
Үйреніп алу - арнаулы еңбек. Оқушылар, әсіресе, жоғары сыныптың оқушылары, үйреніп алудың тиімді тәсілдерін іздейді, үйренуге жұмсалатын уақытты, жағдайды бағалауға қабілеті жетеді. Есте қалдыру орнықты берік болуы үшін тәрбиешіні қалай тыңдап, материалды қалай оқып, қалай пысықтау керектігін, қай мезгілдің нәтижелі болатынын шамалап біледі. Зейін қойып ойлаудың, сезініп қызықтыру материалды үйренуді шап-шаңдатып, есте қалдыруды орнықтырып, мәнін толық түсінеді.
Ырықты жаңғырту қабілеті де оңу процесінде еріктің, ырықты зейіннің, ойлаудың, қызыға білудің дамуымен байланысты жетіледі. Бірінші айларда бала әдейілемей жаңғыртады. Бес ай шамасында төңірегіндегі кісілердің жүзін, нәрселерді тани бастайды. Біраң таныс нәрсесін, кісінің жүзін есінде көп сақтай алмайды. Есінің ұғымтал мерзімі екі жаста - бірнеше жеті, үш жаста - бірнеше ай, төрт жаста - бір жыл, жеті жаста - үш жылға жетеді.
Баланың қайта жаңғыртып еске түсіру қабілеті тануынан кейін дамиды. Жасқа жаңа толып келе жатқан балаға көз алдында жоқ нәрсенің атын атасаң, басын бұрып, көзімен іздейді. Тілі шығып, тіл қатынасының өрісі кеңіген екі-үш жастағы бала анығырақ, толығырақ жаңғыртады. Еске түсіруі біртіндеп дамып отырады.
Әдейілеп жаңғырту мектепке дейінгі жаста басталады да, әдейілеп еске түсіру, әдейілеп есте қалдырудан ерте дамиды, өйткені, ата-ана, тәрбиеші, туысқандары баладан "қайда болдың?", "қайда жүрдің?", "не көрдің?", -деп сұрап, әдейілеп есіне салады. Мектеп жасында, бірінші сыныптардан бастап, бала әдейілеп жаңғыртуға толық ңабілетті болады. Оқу оқып, білім алу үшін есте сақтап, еске түсіру қажет. Шәкірт үйреніп алғанын қайта есіне түсіреді.
Оқу процесі естің әдейілеп еске түсіру қабілетін жетілдіріп орнықтырады. Өдейілеп үйреніп алып жаңғырту оқу процесінде ерік, қайрат, ырықты зейін, ойлау әрекеттерімен бірге дамиды.
2.5. Баланың ойлауын дамыту
Мектепке дейінгі балаларға білім беру, олардың ой-өрісін кеңейту, тілін жетілдіру арқылы ойлауын да дамытады. Бірақ әзірше жасы төменгі балалар, оқу материалын түсініп және игеріп қана қоймай, қызықтыратын мәселелеріне өздері жауап табуға үйрету керек. Мұны балалар алғаш педагогтың көмегімен, содан кейін өз бетімен істейтін болады. Тәрбиеші алғашқы күннен бастап балаларды ойлай білуге үйретіп, сабаңты түсіндіруге асықпай, оқушының өзінің ойлауына мүмкіндік берген жөн. Ал бірақ баланың өзі түсіне алмаған, басы ашылмаған бірде-бір сұрақ қалмауы қажет. Материалдың бірте-бірте қиындай түсуін сақтай білудің маңызы орасан зор.
Ойлауды дамытуда оқудың алғашқы жылынан бастап-ақ машық жүзінде еркін және арнаулы тақырыпқа жазылатын шығармалар, есеп құрастыру, оның оңай жолын тауып шығару сықылды шығармашылық еңбектің маңызы зор.
Балалар тыс кезінде көптеген хабарлармен таныс болуы қажет (радио, теледидар, кино, жанұядағы әңгіме, кітаптар алып отырған біздің кезімізде). Кейде рас, дамыған заманымызда ғылым мен техниканың біздің өмірімізге не әкелетінін балалар дұрыс ұғынып түсінетіндей етіп, әңгіме өткізген де жақсы, білім молайған сайын адам ақыл-ойы дамитындығын есте ұстауы керек.
Ойлау - ой әрекеті процесінде дамитындығын ұмытуға болмайды жөне балаларды логикалы сын көзбен қарай отырып ойлауға үйрету қажет. Оларды атқарған жұмысына өздігінен бақылау жасап, баға бере білу керек. Неге? Неліктен? деген сұраққа жауап талап еткенде, тәрбиеші балаларды өз пікірлерін бір негізге сүйеніп, оны іс жүзінде тексеруде дұрыстығын дәлелдеп немесе өз пікірлерінің кате екенін мойындауға үйреткен жөн. Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешіге ғана сұрақ қоймай, өзіне де сұрақ қоюға үйреніп, оған өздігінен жауап беруге тырысып содан соң өз ойының дұрыстығын іс жүзінде не мұғаліммен әңгімелескенде тексере білудің мәні зор.
2.6. Баланың қиялын дамыту
Педагогтың бірінші міндеті - мұғалімнің айтңанын дәлме-дәл, айқын елестетуі үшін, оңушының репродуктивтік - (латын сөзі "өндіріс шығарма" деген мағынаны білдіреді) қайта жасау қиялын дамыту. Ол үшін педагогтың айтқан әңгімесі әсерлі, нақтылы фактілерге бай болуы қажет, бұған қоса суреттер, диапозитивтер, көрнекі құралдар пайдалану керек. Алайда, бұл құралдар қиялды дамытуда көмекші қызмет қана атқаруы тиіс. Бұл құралдарды, әсіресе, бала сөз болып отырған нөрсені ой-ша елестетеа лмайтын жағдайда, пайдаланған тиімді. Көрнекі құралдар, шамадан тыс пайдаланылса, ол қиялды дамытуды жеделдетпей, қайта тежей түседі.
Нақтылы заттарды қабылдау мен ойша елестетуді ұштастыра білген пайдалы. Мысалы: суретті көрсетіп, со-дан соң балаларға ештеңеге сүйенбей, ойша әңгімелеп беруді ұсынған жөн немесе алдымен әңгіме жүргізіп, со-ңынан көрнекі құралды көрсеткен дүрыс. Мұның бәрі дәл қазір көрмесе де ойша қабылдауға болмайтын заттармен елестете алу қабілетін дамытады, яғни қиялдың дамуына септігін тигізеді.
Тәрбиешінің - балалардың қиялы мен елестерінің мол қорын жасау болып табылады. Ешбір ретсіз, көбіне мәнсіз қиялдаудың орнына, балаларда айналадағы болмысты дұрыс бейнелейтін, кейіннен ғылыми ұғым негізіне айналатын елестерді қалыптастыру қажет.
Көркем әдебиеттерді оқу, оңығандарын жазбаша және ауызша айтып беруінің баланың қиялын дамытуда көмегі зор.
Шығармашылық қиялды қалыптастырудағы тамаша құралдың бірі - арнайы және еркін тақырыпқа шығарма жазу. Оқытудың алғашқы жылынан бастап, оқушыларды әдебиеттен, сурет салудан, қол еңбегінен әр қилы шығармашылық еңбекке ынталандыру ңажет. Жақсы жолға қойылған эстетикалық тәрбие жүмысы мектеп оқушыларының қиялын дамытуға жәрдемдеседі.
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан, не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оньщ икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, бала-ның осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Балалар үлгерімінің төмен болуының себебі, көп жағдайда, танымдық әрекетінің қалыптаспауы, танымдық процестерінің әлсіздігі, мотивацияның болмауы және т.б. болып табылады. Танымдық әрекетінің қалыптасуының психологиялық бұзылудың бастысы - ойлауға қабілетінің төмендігі, яғни жалпылау процестері, психикалық процестердің қозғалысы мен темпінің бұзылуы, қабық функциялар қатарының, зейіннің ,естің жеткіліксіздігі.
Осы уақытқа дейін мектепке дейінгі шақтағы баланың ойлауы тек қана нақты – ол бөлек заттар мен олардың қасиеттеріне бекітілген деп саналады. Сондықтан осы шақта нақты білімдер (бала өзі көріп тұрған мәліметтерді түсіндіру) беру қажет. Бірақ осы сұраққа байланысты психологтар мен педагогтар жүргізілген зерттеулер бұндай пікірталаста себептер мен салдардар шатасып келетінін көрсетті: Егер бөлек заттар туралы емес, заттар арасындағы қарапайым байланыстары мен заңдылықтары туралы білім берсе, онда мектепке дейінгі кезеңде балалар оны меңгеруімен қатар, өзінің пікір санасуда қатысады.
Осыдан балалардың қызығушылықтары артып, ойлауы жалпылама, терең және себеп-салдарлы болып келеді. Бірақ бұл білімдер баланың есінде ғана қалмай, ойлау дамуын жетілдіру үшін оқыту ерекше түрінде – ойынға, заттармен әрекеттесуіне, олардың кесте, схема және суреттеріне негізделуі қажет. Бұндай ойын арқылы оқытуда әр ойынға қатал норма берілмейді, мысалы, бұл тапсырманы бірінші немесе бесінші рет өткізу кезінде орындау сияқты. Ең бастысы - осындай әрекетке баланың қызығушылығы. Егер де бала белгілі бір тапсырманы бірінші ретте орындай алмаса, бала, аз болса да, алға қадам жасау керек, бұл дамудың процесі өзі болып табылады. Әрине, білім мен дағдылар саны дамудың көрсеткіші бола алмайды, бала білімдерді қалай қолданатыны және белгілі бір тапсырмаларды орындауда қалай шешім қабылданатынын маңыздырақ болады. Білімге құштарлық, ойлау дамуы және сөйлеу – бұл салалар да, санау және оқу білу сияқты, маңызды болып табылады. Оларды біріншіден дамыту қажет. Ойын арқылы баланың ой тапқырлығын көрсетуіне, белсенді және өзбетті болуға жағдай жасау керек, сонда ғана ондағы өмірде мақсаттарға жетуіне көмектесетін баланың өз-өзіне сенімділігі дамып қалыптасады.
Барлық мектепке дейінгі жастағы балалар бірдей етіп өзінің ақыл-ой қабілеттерін барлық ойын әрекетінде көрсетеді деген санау қате болады. Көптеген себептерге , ең алдымен тәрбиелеу жағдайына байланысты бір бала ойындар мен сурет салуды , екіншісі- құрастыруды, үшіншісі-өсімдіктермен жануарларды, ал төртіншісі-техника мен көліктерді ұнатады. Және ақыл-ой дамуының көріністерін, ең біріншіден, баланың қызықтыратын аймақтардан іздеу керек. Міне, білімпаздық, ақыл-ой белсенділігі, «бала» әрекетінің негізгі түрлерін меңгеру деңгейі мен оқығандық деңгейі кіші жастағы баланың ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері ретінде қарастыруға болады.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық таным үрдістерінің дамуы