Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 19:26, курсовая работа
Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оның биологиялық компоненттері жануарларда да кездеседі (ортаны сезіну, жүріс-тұрыс мотивациясы, инстинктивтік және жүре пайда болған). Бірақ адамның психикалық ұйымдасуы оның биологиялық формаларынан әлдеқайда өзгеше. Әлеуметтік мәдени өмір сүру адамның санасын оятады. Адамаралық қатынастар тіл арқылы сөзбен немесе өзара әрекеттесу барысында, индивид өзін басқа адамдарға қарау арқылы психикалық өмірдің субъектісі екендігін тани алуға қабілеттенеді.
КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1 Психология ғылымының мəн-мағынасы және зерттеу саласы.......................6
1.1 Психология ғылымының пəнi жəне мiндеттерi...................................................6
1.2 Казiргi заман психологиясының мiндеттерi......................................................9
1.3 Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны.................................................10
2 Психолгия ғылым реттінде құрлу тарихы…………………………..............14
2.1. Психология ғылымының даму тарихы.........................................................14
2.2 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы.....................17
2.3 Қазақстанда психология ғылымының даму мәселесі.................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................
Ғылымдағы күрделi мiндеттердiң бiрi - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. Ғылымдық қатал талап объективтк заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекетт iк аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зертеулерiнiң объектiсi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бipre ескеретiн жəйт, заңдылық байланыстарды бiлу өздiгiнен заңдылықтарды iске асыратын нақты тетктердi ашып бере алмайды. Осыдан психологияның мiндетi - психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық iс-əрекеттi қозғаушы механизмдердi де анықтап бiлу. Ал ендi сол механизмнiң қандайда да психологиялық процестi орындайтын нақты анатомия-физиологиялық аппаратты iске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнiң табиғаты мен əрекетiн психология басқа ғылымдармен бiрлкте зерттейдi.
Қорытындыласақ,
жантану ғылымы психология - психика
деректерiн, заңдылықтарын жəне механизмдерiн
зерттейтiн бiлiмдер саласы.
1.2
Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi
Қазiргi кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық жəне практикалық мiндеттердiң сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекеттi оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы бiршама кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келдi. Психология ғылымының түсiнктер қоры өзгердi, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздксiз өрiстеуде, психология бұрын кезкпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б. Ф. Ломов "Психологияның методологиялық жəне теориялық проблемалары" атты еңбег iнде қазipгi заман ғылы-мының жағдайын сипаттай келе, "бүгiнгi күнде психологияның əдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетiп зерттеудiң қажеттiгi күрт жоғарылады", - деп жазады. Психологияның зерттейтiн құбылыстар əлемi ұланғайыр. Оның iшiне күрделiлiгi əр деңгейдегi адам қалпы мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерi не əсер етушi объектiнiң қарапайым жеке белгiлерiнен бастап, жеке адам мотивтерiнiң тайталасы кiредi.
Жантану ғылымы үшiн ең маңызды мəселелердiң бiрi - зерттелушi құбылыстардың мəн-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты əдi снамалық мəселелер туындайды.
Психикалық құбылыстардың мəн iн тануда Б. Ф. Ломов өзiнiң еңбегiнде психология ғылымының тeк категорияларын, олардың жүйелi өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бiр бұл категориялардың өзiндк дербесткте екенiн айқындап берген. Ғалым психологияның келесi тiрек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, iс-əрекет категориясы, жеке адам категориясы, тiл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсiнiктер - "əлеуметтiк" жəне "биологиялық". Адамның əлеуметтiк жəне табиғат қасиеттерiнiң объектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық жəне əлеуметтiк себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым мiндеттерiнiң ең бip қиыны.
Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазiрri кезеңде оның қоғамдағы рөлi көп өзгерiске ұшырады. Ол ендi бiлiм жүйесiндегi, өндiрiтeгi, мемлекеттiк басқару, медицина, спорт жəне т.б. кəсiбi практикалық қызметтiң ерекше саласына айналып барады. Психология ғылымының практикалық мiндеттердi шешуге араласуынан оның теориясының даму жағдайлары да бiршама өзгердi. Шешiмi психологиялық бi лiкт i лiктi қажет еткен мi ндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмiрiн барша тарапында əр қилы формада пайда болуда. "Адамдық фактор" дегенiмiз әр азамат тұлғаға тəн болып, олардың нақты iс-əрекетiнде көрiнiс беретiн əлеуметтiк психологиялық, психологиялық жəне психо-физиологиялық қасиеттердiң кең ауқымы.
Бiз бұл жерде осы күнгi қоғамдық тəжiрибенiң психология алдына қойған талаптарының бəрiн талдау мiндетi н алмай (өйткен i, адам араласқан жердiң бəрiнде мың сан мiндет), бала психикасының дамуына байланысты психологияның маңызын қысқа атап өтпекп iз. Халықты бiлiмдендiру жүйесiнiң барша бөлктерiнде (мектепке дейiнгi, орта, жалпы бiлiм берушi, орта арнаулы, жоғары мектеп) психологиямен сабақтас проблемалар шексiз. Психикалық құбылыстардың жүйесiн түгелiмен қарапайым түйсктен бастап, жеке адам психикалық қасиеттерiне дейiн - оларды басқарушы объектив заңдылықтарды ашу үшiн зерттеу, оқу мен тəрбиенiң теориялық негiзiн, қоғамдық мiндеттерiн, ұйымдастыру формаларын анықтап белгiлеуде орасан маңызға ие.
Психология
ғылымының қолданбалық мəнiн қоғам түсiнiп,
қабылдауынан халыққа бiлiм беру мекемелерiнде
психологиялық қызмет тармақтарын iске
қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазiргi
күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол
келешекте ғылым мен оның нəтижелерiн
практикаға ендiруде дəнекер жүйе болуы
кəмiл.
Психологияның басқа ғылымдар жүйесiндегi орнын тануға орай психологиялық деректердщ басқа ғылымдарда пайдалану мүмк iндктерi н жəне керiсiнше, психология олардың нəтижелерiн өзi не қалай қолданатынын жете түсiнуге болады. Əр түрлi тарихи дəуiрлердегi ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным бiлiмдерiнiң даму деңгейi мен сараптау схемасынан келiп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бiрде бiр бiлiм саласы ғылымдар жүйесiндегi өз орнын психология сияқты жиi өзгертiп тұрған емес.
Қазiргi күнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап əдiсi қабылданған. Бұл əдiс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негiзделген. Ұсынылған схема - шыңдарына жаратылыстану, əлеуметтiк жəне философиялық ғылымдар қонақтаған - үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негiзгi тобының мұндай орналасуы олардың пəнi мен əдiстерiнiң психология пəнi мен əдiстерiне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған мiндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының бiрiне бұрып отырады.
Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi - зерттеу объектi адам болған барша ғылым салаларының жетiстктері eiрiктiрiп, байланыстыру.
Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенiң адам миында қалай бейнеленетiнi, осыған орай оның əрекеттерi қалай реттелетiнi, психикалық қызметтiң дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттерi қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесi екенi белгiлi, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмiр шарттары мен қызметiне тəуелдiлiгiн тануға бағытталуы тиiс. Сонымен бiрге, адамдардың əрқандай iс-əрекетi барлық уақытта адам өмiрiн объектив жағдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерiмен де қатынаста болады. Ғылыми психология барша психикалық құбылыстардың (қаншама күрделi болмасын) материалдық негiзi бас миы қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесi болатындығына арқа сүйей отырып, субъектив жəне объектив жағдайлардың өзара ықпалды болатынын шынайы заңдылықты дəлелдеуге негiздеп бере алады. Осы байланыстардың түзiлуi жəне олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам iс-əрекетiне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз əсерiн тигiзедi.
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмiрi мен əрекетiнiң объектив жағдайларына тəуелдi заңдылықтарын аша отырып, психология осы əсерлердiң мидағы бейнелену механизмдерiн де айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен, дəлiрек айтсақ, жоғары жүйке қызметi физиологиясымен өте жақын байланыста болуы сөзсiз.
Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХIХ ғ. Басталған жаратылыстану ғылымдарымен бiрлкте зерттелуi үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстың нəтижесiнде психологияға экспериментальдық əдi с ендi.(Г. Фехнер), рефлекторлық теория ашылды (И. М. Сеченов, И. П. Павлов). Қазiргi заман психология проблемаларының зерттелуiне Ч. Дарвиннiң эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигiзiп, тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi психиканың рөлiн анықтауға, жоғары психикалық əрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсiнуге мүмкiндк бердi.
Психолог жеткiлiктi дəрежеде өсiмдктер мен жануарлар тiршiлiг iндегi ерекшелктердi айыра бiлуi қажет. Əсiресе, бiртектi сулы ортада жасаған бiр жасушалылардың клеткалы өмip тұрпатынан қоршаған ортада белсендi бағдар-бағыттылықты талап ететiн құрылықтағы тiршiлiк иесi - көп жасушалылардың күрделi өмiр формасына өтудегi өзгерiстерiн анықтап бiлген жөн. Жəндiктер дүниесi мен жоғары омыртқалылардың тiршiлiк принциптерi арасындағы айырма-шылықтарды да бiлгенық маңызы үлкен. Икемделудін жалпы биологиялық принциптерiн бiлмей, жануарлар қылы-əрекеттерiнiң ерекше бiтiстерiн дəл түс iну мүмкiн емес, ал онсыз адамның күрделi формадағы психикалық əрекеттерiн ұғу биологиялық тұғырынан айырылады. Сонымен бiрге естен шығармайтын жəйт, психология ғылымының пəндк негiзiн құр айтын деректердi ешуақытта биологиялық деректермен баламаластыруға болмайды.
Психология үшiн оның қоғамдық ғылымдармен байанысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, əлеуметтану, өнертану, заң жəне т.б. зерттеулерiндегi проблемалар əрдайым психологиямен ткелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке жəне ұжымдық əрекеттер механизмi, əрекет, əдет, əлеуметтік бағыт, тəртiп-талап стереотиптерiнiң қалыптасу задылықтары жөнiндегi бiлiм-дердi пайдаланбай, кəйiп, сезiм, психологиялық климатты танып бiлмей, жеке адамның ерекшелiктерi мен психологиялық қасиеттерi, қабiлетiн, сезiмiн, мiнезiн, адам аралық қатынастарын зерттемей, əлеуметтiк процестер мен құбылыстардың мəнi толық ашылмайды, яғни, ықшамдап айтсақ, əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторды ескеру заңды қажеттiлк. Психологиялық факторлар өздiгiнен əлеуметтiк процестердi бағыттай алмайды, керiсiнше, олардың өзiн осы қоғамдық процестердi талдау арқылы түсiну мүмкiн.
Адамның психикалық iс -əрекеттер негiзгi формалары қоғамдық тарих шарттарына орай туындап, дəстүрлi объектив iс-рекет жағдайында өрiсiн тауып, еңбекке, еңбек құралдары мен тiлдi қолдануға байланысты қалыптасады. Келтрiлген пiкiрлер психологияның қоғамдық ғылымдармен болған байланысының маңыздылығын дəлелдеп тұр. Егер жануар қылық-əрекетнi қалыптасуы тiршiлiктің биологиялық жағдайларына түбегейлi тəуелдi болса, адам қылығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен ажырамас байланыста. Ең алдымен психикалық əрекетқылықтық адамға тəн ерекшелктерiн зерттейтн психология ғылымы қоғамның негiзгi заңдарын қорытушы əлеуметтiк ғылымдар деректерiн сiз бiр қадамда iгерiлей алмайды. Адамның психикалық əрекетне арқау болатын қоғамдық шарттарды зейiндiлкпен көре бiлу психологияның берк ғылыми тұғырға орнығуына мүмкiндк бередi.
Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Əлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгiлi, кезi нде К. Д. Ушинский: "Адамды жан-жақты тəрбиелеу үшiн оны жан-жаклы зерттеу қажет", - деген едi. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрiнiп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстарды табиғаты жөнiндегi бiлiмдерге сүйенбесе, онда ол қара-дүрсiн педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мəнiнде ғылым болудан қалып, мұғалiмге ешқандай жəрдем бере алмайды.
Педагогиканың барша салаларының (жалпы теория, дидактика, пəн əдiстемесi, тəрбие теориясы) даму барысында психологиялық зерттеулердi қажет ететiн проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың қалыптасуын; адам қабiлеттерi мен мотивтерiн, оның психикалық дамуын тұтастай бiлу оқудың əр сатысындағы бiлiм мазмұнын анықтау, оқу мен тəрбиенiң ең тиiмдi əдiстерiн нақтылау жəне т.б. сияқты өзектi педагогикалық проблемаларды шешуде келелi мағына-маңызға ие.
Қазiргi кезеңде нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керек? Ғылым топтаған асқар тау ақпарат қорынан мектеп үшiннендей бiлiмдi жəне оны қалай алу керек? -дегендей мың сан проблема қордаланып тұр. Бұлардың бəрi не шешiм табу, адамның əр жас деңгейiндегi психикалық даму мүмкiндктерiн жəне олардың жедел шемдерiн белгiлеу педагогикалық психологияның мiндетi.
Психологияның аса қажеттiгi педагогиканың тəрбие проблемаларына орай байқалады. Тəрбинің мақсаты даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке адамды қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын: бағыт-бағдар, қабi лет, қажетт iлк, дүниетаным жəне т.б. зерттеудi қажет етедi. Айтылғандар қазiргi заман психологиясының ғылымдар тоғысында тұрғанының дəлелi, яғни психология бiр жағында философия ғылымдары, екiншi тарапында жаратылыстану ғылымдары, үшiншi жағында əлеуметтiк ғылымдар болған аралықта орналасқан.
Солай болса да, барша ғылымдармен байланыса, психология өз пəнiне, өзiнiң теориялық принциптерi не жəне өзiнiң зерттеу əдiстерiне иелiгiмен дербестенетiнiн ұмытпау керек. Дербес ғылым ретi нде психология аймағында өзара байланысы сырт көзге байқала бермейтiн бiршама ерекше бiлiм салалары ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен əлеуметтiк психология. Бұлар, сырттай қарағанға "сыйыспайтындай" болғанымен, бi қ ғылым саласынан, себебi олардың түпкi де түбегейлi мiндетi бiр- психикалык. кұбылыстың мəнiн зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектсi жалғызақ : ол - адам, оның психикалық процестерi, қалыптары жəне қасиеттерi.
2 ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТТІНДЕ ҚҰРЛУ ТАРИХЫ
2.1
Психология ғылымының даму кезендері
Психология ғылымының дүниеге келуі 1879ж. Вундтін Лейпциг каласында алғашқы эксперементалды зертхана ұйымдастыруымен сипатталады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінеді :
1. Психология жан туралы ғылым.
2. Психология сана туралы ғылым.
3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.
4. Психология психика туралы ғылым.
Шетелдердегі
психологиялық ағымдыр (мектептер):
бихевиоризм, гештальтпасихология, фрейдизм
немесе психоанализ, генетикалық психология,
гуманистік психология. Қазақстандағы
психологиялық ой-пікірлердің