Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
3) Билiк мотивi. Бұл мотив адамның басқа адамдарға үстемдiк немесе билiк көрсетуге талпынуы.
4) Альтруизм немесе көмек көрсету мотивi. Альтруистiк мiнез-құлықты адамның қоршаған ортадағы басқа адамдардың жағдайын жасауға бағытталған әрекеттерi ретiнде түсiндiруге болады. Мұнда қамқорлық көрсету, басқаларды қолдау, қорғау, жайландыру талпыну мотивтерi ретiнде көрiнедi.
5) Агрессия мотивi. Адамға
моральдық, материалдық немесе
физикалық зақым келтiретiн
Семинар сұрақтары.
СӨЖ тапсырмалары
өСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
Негiзгi әдебиеттер:
1968. – в 2 Т.
поведения человека. -М.: Просвещение, 1989– 317 с..
Қосымша әдебиеттер:
БӨЛІМ 2. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕР
VI ТАРАУ. ТҮЙСIК
Түйсiк – таным негiзi. Түйсiктердiң тiтiркену негiзiнде пайда болуы. Түйсiктiң психологиялық анықтамасы. Рецептор және оның эволюция барысында қалыптасқан түрлерi. Рецепторлық теорияның мәнi (И. Мюллер). Түйсiктердiң эмоциялардың пайда болуындағы рөлi.
Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-әрекетiндегi рөлi. Сезiм мүшелерi туралы жалпы ұғым. Түйсiнудiң адам тiршiлiгiндегi маңыздылығы. Сенсорлық изоляция және оған байланысты жүргiзiлген эксперименттер.
Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi. Тiтiркену, сезгiштiк - түйсiк пайда болуының алғашқы сатылары. Анализатор туралы ұғым (И.П. Павлов). Анализатордың негiзгi құрылымы. Сезгiштiктердiң мидағы локализациясы. Анализаторлардың рефлекторлық табиғаты.
Түйсiктердiң жiктелуi және негiзгi түрлерi. В. Вундтың энергетикалық жiктеуi. ×. Шерингтон бойынша рецепторлар жiктеуi. Сенсорлық процестердiң эволюциялық жiктеуi (Х. Хед). Модалдылық бойынша түйсiктердiң негiзгi түрлерi.
Сезгiштiк және түйсiк табалдырықтары. Абсолюттiк сезгiштiк және абсолютттiк табалдырық. Төменгi және жоғарғы абсолюттiк табалдырықтар. Айырма сезгiшттiк және айыру табалдырығы.
§ 1. Түйсiк – таным негiзi
Бiз ендi танымдық психикалық процестердi қарастыруды бастап, ең алдымен, олардың iшiндегi ең қарапайымдысы - түйсiктерге тоқталамыз. Түйсiк процесi сезiм мүшелерiне тiтiркендiргiштер деп аталатын әр түрлi материалдық факторлардың әсер етуi салдарынан пайда болады. Ал осы әсер ету процесi тiтiркену деп аталады. Тiтiркенудiң өзi басқа процестi – орталыққа бағытталған немесе афференттiк жүйкелер арқылы бас ми қыртысына өтiп, түйсiктi тудыратын қозу процесiн тудырады. Осылайша, түйсiк объективтiк ақиқатты сезiмдiк бейнелендiру болып табылады. Олар сананың сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етiп, объективтi дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн бейнелейдi.
Түйсiк – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады.
Рецептор – бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын, және табиғаты жағынан әр түрлi тiтiркендiргiштердi - физикалық, химиялық, механикалық және т.б. - қабылдауға және оларды жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы органикалық құрылғы.
Эволюция барысында әрбiр рецептор белгiлi бiр тiтiркендiргiшке арнайы бейiмделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар сипап сезудi сезiнуге, аусторецепторлар дәм сезу тiтiркендiргiштерiн түйсiнуге, стиборецепторлар – иiс сезуге, фонорецепторлар дыбыстық тiтiркендiргiштердi және фоторецепторлар жарықтық (немесе сәулелiк) рецепторларды түйсiнуге бейiмделген.
Алайда кейбiр парадоксалды жағдайларда адекватты емес тiтiркендiргiш белгiлi бiр рецепторға әсер ете отырып, оған тән түйсiктердi тудыруы мүмкiн. Осылайша, мысалы, электр тоғы немесе күштi қысым көздiң жарығын тудыруы мүмкiн (мысалы, соққы кезiнде көзден ұшқын шығады). Бұл өте сирек жағдайларда болады. Ал, жалпы алғанда, түйсiктер арнайы сезiм мүшелерi (анализаторлар) арқылы тек өзiне ғана тән тiтiркендiргiштердi түйсiнуге арналған, яғни көбiнесе объективтi болып келедi. Бұл жерде тағы бiр ескеретiн нәрсе, түйсiктер, сезiм мүшелерiнiң, рецепторлардың арнайы қызметiне немесе спецификалық энергиясына (И. Мюллер тұжырымдағандай) байланысты емес, ал негiзiнен сыртқы тiтiркендiргiштердiң қасиеттерiне тәуелдi болады.
Түйсiктер бiздiң дүние жөнiндегi бiлiмдерiмiздiң ғана емес, сондай-ақ бiздiң сезiмдерiмiз бен эмоцияларымыздың да қайнар көзi болып табылады. Эмоциялық күйзелiстiң ең қарапайым түрi – бұл түйсiктiң сезiмдiк, немесе эмоциялық тоны, яғни түйсiктермен байланысты болатын сезiм. Мысалы, кейбiр түстер, дыбыстар мен иiстердiң олардың мәнiне, олармен байланысты болатын естелiктер мен ойларға тәуелсiз, бiзде жағымды немесе жағымсыз сезiмдi тудыратыны бәрiмiзге жақсы белгiлi. Әдемi дауыстың дыбысы, шабдалының дәмi, раушан гүлiнiң иiсi – жақсы, жағымды эмоциялық тонды тудырады. Пышақтың шыныға үйкелгендегi сықыры – жағымсыз эмоциялық тонға ие болады. Сонымен, түйсiктер эмоциялардың пайда болуында да үлкен рөл атқарады.
§ 2. Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-әрекетiндегi рөлi
Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-әрекетiндегi рөлi өте зор, себебi олар бiзге сыртқы дүние және өзiмiз жайлы бiлiмдердi бередi. Сыртқы ортаның сан-алуан әсерлерi, дыбыстар мен бояулар, иiстер мен температура, мөлшер және т.б. жөнiнде мәлiметтi бiз сезiм мүшелерiмiз арқылы алып, оларды жан-жақты танып-бiлемiз.
Сезiм мүшелерiнiң ақпаратты алу, сұрыптау, жинау және миға жiберу процестерi негiзiнде әсер еткен объектiнiң адекватты (шындыққа сәйкес) бейнесi қалыптасады. Осындай күрделi процесс В.П. Зинченконың пiкiрiнше, үздiксiз болып отырады. Ол секундына мыңнан астам өтетiн операциялардан тұрады.
Сезiм мүшелерi – сыртқы дүниенi адам санасына жеткiзетiн каналдар. Сезiм мүшелерi адамның сыртқы ортада және өз iшкi күйiнде бағдарлай алуына мүмкiндiк бередi.
Адамда қоршаған дүниеден ақпаратты алу тепе-теңдiкте немесе баланста болуы қажет. Ақпараттық балансқа қарсы ақпараттық салмақ түсу мен ақпараттық жетiспеушiлiк (сенсорлық изоляция) сияқты құбылыстар кездеседi. Бұл екi келеңсiз жағдайлар организмнiң күрделi функционалдық бұзылысына алып келедi.
Сенсорлық изоляция дегенiмiз - адамның ұзақ уақыттық, толық немесе жартылай сенсорлық әсерлерден айрылуы. Осы тұрғыдан сенсорлық ақпарат алуды шектеу бойынша жүргiзiлген эксперименттiк зерттеулердiң нәтижелерi өте көрнектi болып табылады. Бұл эксперименттерде зерттелушiнi арнайы камераларға орналастырып, толық сенсорлық изоляцияға дейiнгi жағдайға жеткiзген. Бiрнеше сағаттан кейiн-ақ зерттелушi мазасыздық күйiне жетiп, эксперименттi доғаруды сұраған. Ал ұзақ мерзiмдiк эксперимент жағдайына түскен зерттелушiлер, алдымен, уақыттық бағдардан, ал одан кейiн, тiптен, ойлау қабiлетiнен айырылған. Олар тiптi оңай есептердi шеше алмай, көбiсiнде ес процесiнiң бұзылысы байқалған. Зерттелушiлердiң 80% жуығында көру галлюцинациялары пайда болған. Осындай эксперименттерге адамдар 2-3 күннен артық шыдамаған.
Осы және басқа да мысалдар адамның түйсiну түрiндегi қоршаған дүние жөнiнде ақпаратты алу қажеттiлiгiнiң күштi екендiгiн көрсетедi.
§ 3. Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi
Түйсiк жүйке жүйесi бар тiрi организмдердiң барлығында болады. Бiрақ саналанатын түйсiктер, яғни белгiлi бiр күйлердiң шығу себебi мен қасиеттерi жөнiнде өз-өзiне есеп бере алушылық тек адамға ғана тән.
Тiрi организмдердiң эволюциясында түйсiктер тiтiркену, яғни тiрi материяның ортаның биологиялық мәндi әсерлерiне өзiнiң iшкi күйi мен сыртқы мiнез-құлқын өзгертуiнде көрiнетiн қасиетi негiзiнде пайда болған. Түйсiктер алғашқы кезеңдерден бастап, организмнiң iс-әрекетiмен, өзiнiң биологиялық қажеттiлiгiн өтеумен байланысты туындаған. Түйсiктердiң өмiр үшiн маңызды рөлi – орталық жүйке жүйесiне iшкi және сыртқы ортаның күйi жөнiнде (мысалы, шөлдеу, суықтық және т.б.) мағлұмат беру. Түйсiк, тiтiркенумен салыстырғанда, сыртқы әсердiң белгiлi бiр қасиеттерi жөнiнде ақпарат бередi. Адамның түйсiктерi қоршаған ортаның оған қажеттi алуан-түрлi қасиеттерiн бейнелейдi. Мұның өзi түрлi модалдық (қасиеттер) бойынша ақпарат беретiн әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы жүзеге асады.
Сонымен қатар, адамның тұйсiктерi тек биологиялық факторларды ғана бейнелеу емес. Олар, сонымен қатар, абиотикалық, яғни әлеуметтiк маңызы бар факторларға да жауап беру қабiлетi болып табылады. Бұл қабiлет сезгiштiк деп аталады.
Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi болып табылатын – ол тiтiркендiргiштiң оған сәйкес анализаторға (сезiм мүшесiне) әсерi нәтижесiнде пайда болатын жүйке процесi. И.П. Павлов бойынша, анализатор - бұл тiтiркендiргiштердi қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттiк және эфференттiк жүйке жолдарының жиынтығы. Анализатор – тiтiркендiргiштердiң әсерiмен рефлекторлық түрде өзгерiп отыратын белсендi мүше, сондықтан түйсiк пассивтi емес, ал әрқашан қозғалыстық компоненттерден тұратын белсендi психикалық процесс болып табылады.
Анализатор үш бөлiмнен тұрады:
Анализатордың шеткi бөлiмдерiнiң белгiлi бiр клеткаларына ми қыртысы клеткаларының белгiлi-бiр бөлiмшелерi сәйкес келедi. Осылайша, мысалы, көз торының әр түрлi нүктелерiне ми қыртысында кеңiстiк бойынша әр түрлi орналасқан нүктелер сәйкес келедi.
Жасанды тiтiркендiру әдiстерi арқылы жасалған көптеген байқаулар көрсеткендей, қазiргi кезде әр түрлi сезгiштiктiң мидағы локализациясын анықтауға болады. Мысалы:
Түйсiктiң пайда болуы үшiн анализаторлардың тұтас, бiрыңғай жұмысы қажет. Рецептор сырттан келетiн энергияны жүйке процесiне ауыстырғанда тiтiркену басталады. Бұл процесс рецептордан орталыққа бағытталған жүйкелiк жол арқылы анализатордың жұлындағы орталығына немесе бас миының ядролық бөлiмiне жетедi. Қозу анализатордың қыртыс клеткаларына жеткенде, адам тiтiркендiргiштiң қасиетiн түйсiнiп, ажыратады, содан кейiн организмнiң оған жауап беруi жүзеге асады.
Организмнiң осындай үйлесiмдi жұмысы рефлекторлық доға механизмi арқылы қызмет етедi. Рефлекторлық доға рецептордан, өткiзгiш жолдардан және эффектордан тұрады. Рефлекторлық доғада жүретiн процестердiң динамикасы болып сыртқы әсерлердiң қасиетiне өзiндiк сәйкестелу табылады. Мысалы, сипап сезу дәл сондай процесс. Себебi қолдардың қимыл-қозғалысы берiлген объектiнiң құрылымына сәйкес келiп, оның қалпын қайталайды. Сонымен қатар, көру, есту, сөйлеу мүшелерi де өздерi қабылдайтын объектiнiң қасиеттерiне сәйкестенiп, қозғалыстар жасайды.
Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері