Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Әдебиеттер:
VIII ТАРАУ. Ес
Естiң жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Ес психикалық процесс ретiнде. Естiң негiзгi механизмдерi:есте сақтау,тану және қайта жаңғырту. Ес процестерiнiң зерттелу тарихы. Ассоциациациялар туралы түсiнiк. Аристотель еңбектерi. Ассоциациалардың пайда болуының заңдылықтарын эксперименталды зерттеулер. Г.Эббингауз:ассоциациациялар үшiн оқиғалардың маңыздылығы, шет эффектсi, ұмыту заңы. Гештальтпсихологиядағы ес мәселесi. Квазиқажеттiлiк. Бихевиоризм мен психоанализ өкiлдерiнiң зерттеулерiндегi ес мәселесi. А.Бине мен К.Бюлердiң мағыналық теориясы. П.Жане мен Л.Выготский зерттеулерiндегi естiң жоғарғы формаларының қалыптасу мәселесi.
Естiң негiзгi түрлерi. Естiң жеке түрлерiнiң классификациясы:психикалық белсендiлiгi, iс-әрекет мақсаты бойынша,материалдың бекiп,сақталу ұзақтығына байланысты. Эмоциялық ес. Бейнелiк ес. Сөз-логикалық ес. Ырықты және ырықсыз ес. Қысқа уақыттық, ұзақ уақыттық және операциялық ес.
Естiң механизмдерi мен негiзгi процестерi. Есте сақтаудың негiзгi түрлерi: ырықты және ырықсыз. Жаттау. Мнемикалық iс-iрекет туралы түсiнiк.Мағыналанған және механикалық есте сақтау. Қайталау әдiсi. Қайта жаңғырту бейне жасау процесi ретiнде.Тану және оның қайта жаңғыртудан айырмашылығы.
§ 1. Естiң
жалпы сипаттамасы мен
Адам психикасының жоғары деңгейде дамығандығының арқасында көптеген нәрселердi орындай,жасай алады. Бiздiң қоршаған ортадан алған әсерлерiмiз есiмiзде белгiлi iз қалдырады. Ол iздер жеткiлiктi ұзақ уақытқа сақталады және қажет жағдайда қайта жаңғырады. Сонымен, бұрын қабылданған түрлi әсерлердi, бейнелердi, көңiл-күйлердi, әрекеттердi және бiлiмдердi есте қалдыру, есте сақтауды, қажет кезiнде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп айтамыз.
Адам естiң арқасында бұрынғы бiлiмдерi мен бiлiктерiн жоғалтпай ақпаратты жинақтай алады. Осылайша, ес бiр-бiрiмен байланысты жеке процестерден тұратын күрделi психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмiр тәжiрибесiн жинақтап, сақтап оны пайдалануға мүмкiндiк бередi.Оны түрлi зерттеулерден бiлуге болады. Мысалы, гипнозға еңген адам есiне барлығын түсiре алады (феноменалды ес). Бұл феноменнiң себебiн ес зерттеушiлерi В.С.Ротенберг және Дж.Грезельер гипнозда бейнелеу есi басым болуының себебi мидың үлкен шарларының оң жартысының бақылаудан босатылуымен деп түсiндiредi. Канадалық нейрохирург Уайлдер Пенфилд миға операция жасаған кезiнде тоқпен мидың түрлi орталықтарын қоздырған. Сол кезде, арнайы аппарат арқылы, пациент наркозда болса да, бұрын естiген және ұмытылып кеткен әңгiмелер мен әндердi жаңғырта алғанын анықтаған. Сонымен, адамның есте сақтау қабiлетi өте мол. Адам есiнiң көлемi – 10 миллионнан астам белгiлердi сақтай алады, бiрақ қайта жаңғыртудың әр түрлi қиыншылықтарынан және бұл көлемнiң бәрiн саналы кезiнде қолдана бермегендiктен, көп нәрсенi еске түсiре алмаймыз.
Барлық психикалық құбылыстар еске сүйенедi және ес негiзiнде жүзеге асады. Орыс физиологi И.М.Сеченов айтканындай: ''Ес барлық психикалық дамудың негiзiнде жатады''. Егер сезiмдерiмiз, ойларымыз немесе әрекеттерiмiз сақталынбаса, олардың байланысуы мен әрекеттесүi мүмкiн болмас едi.
С.Л.Рубинштейн айтқандай: ''Бiз еске ие болмасақ бiр сәттiк тiршiлiк иесi болар едiк. Бiздiң өткен өмiрiмiз болашағымыз үшiн жоқ болар едi''.
Естiң
жүйке жүйелiк жағынан
Ес барлық тiршiлiк иелерiнде болады, бiрақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейiне жеткен. Адамда кездесетiн мнемикалық мүмкiндiктер жер бетiндегi ешқандай жануарда кездеспейдi. Адамға дейiнгi жануарларда екi түрлi ес болады: генетикалық және механикалық ес. Алғашқысында, өмiр сүруге қажеттi биологиялық, психологиялық және мiнез-құлықтық қасиеттердi ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық жолмен берiледi. Екiншiсi, үйренуге, өмiр тәжiрибесiн игеруге қабiлеттiлiк формасында көрiнедi. Жануарлардың есте сақтау қабiлеттерi шектеулi.Олар шартты-рефлекторлық, оперативтi үйрену әдiстерi арқылы меңгерiлген нәрселердi ғана есте сақтап, қайта жаңғырта алады.
§ 2. Естiң психологиялық теориялары
Ес туралы көптеген
теориялар бар. Олар ес құбылысын
әр түрлi жағынан қарастырған әрi
түсiндiрген. Солардың iшiнде алғашқы
рет Аристотель үсынған, бiрақ өзiнiң
көкейтестiлiгiн осы күнге
1. Iргелес ассоциациялар. Қабылдау бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын солармен бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады. Мысалы, ''таң ату'' дегенде қораздың дауысын, ''қоңырау'' дегенде сабақтың басталуын немесе аяқталуын есiмiзге аламыз.
2. өқсастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер бiздiң санамызда осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады. Бұларға мысалды келтiретiн болсақ,
''дөңгелек'' десек шарды және допты, ''асқар'' десек тауды, ''ақ'' дегенде ақ қарды немесе сүттi еске түсiремiз. Мысалы бiз қандай да бiр затты көрсек ол бiр адамды немесе құбылысты еске түсiруi мүмкiн.
3. Контрастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер бiздiң санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады.Мысалы, ''ыстық'' дегенде суықты, ''су'' дегенде отты еске түсiремiз. Осы ассоциациялық байланыстарды жарнама жасаушылар әр кезде қолданып жатады. Мысалы, ''тазалықты'' бiлдiргiлерi келгенде суды, ақ немесе көк тустердi және жуынғанды көрсетедi.
Осылардың әсерiнен ми қабығында есте сақтау мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негiзi болып саналатын уақытша байланыстар пайда болады.
Ассоциация принципiнiң
нағыз ғылыми негiздемесi мен олардың
заңдылықтарын ашқан И.М.
Ес зерттеулерi психология ғылымындағы эксперименттiк әдiс қолданылған алғашқы бөлiмдерiнiң бiрi болды. CIC ғасырдың 80 жылдары немiс психологы Г.Эббингауз ойлау iс-әрекетiнен тәуелсiз “таза” естiң заңдарын зерттеуге болатын әдiстi ұсынды.Ол мағынасыз буындарды жаттау әдiсi едi. Ол өз зерттеулерiнiң негiзiнде материалды есте сақтаудың негiзгi қисықтарын тапты және ассоциациалардың пайда болу механизмдерiнiң кейбiр ерекшелiктерiн ашты. Мысалы, ұзақ қатарды еске сақтаған кезде соңында тұрған материал тез еске түсетiнiн тапты (“шеткi эффектсi”). Г.Эббингауздың маңызды жетiстiктерiнiң бiрi ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық мағынасыз үш әрiптен тұратын буынды есте қалдыру тәжiрибесi негiзiнде ашылды. Алғашқы 1 сағаттан соң алынған ақпараттың 60% ұмытылады, ал алты күннен кейiн бастапқыда да жатталған буындардың 20%-дан аз бөлiгi ғана есте сақталады екен.
Г.Эббингаузбен
қатар басқа да ғалымдар
Гештальтпсихология негiзiнде жүргiзiлген кейбiр зерттеулерден көптеген қызықты фактлер алынған. Осылай Б.В.Зейгарниктiң зерттеулерiнде сыналушыларға бiреуiн соңына дейiн орындауға рұқсат беретiн, екiншiсiн соңына дейiн аяқтамай бiтiретiн тапсырмалар сериясын ұсынған. Нәтижесiнде сыналушылар аяқталмаған тапсырмаларды соңына дейiн жеткiзген тапсырмаларға қарағанда екi есе жиi есiне түсiре алған. Бұл құбылысты былай түсiндiруге болады. Тапсырманы алғанда сыналушыларда оны орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. К.Левин квазиқажеттiлiк деп атаған бұл қажеттiлiк тапсырманы орындау барысында күшейедi. Тапсырма орындалса ол жүзеге асады, ал тапсырма соңына дейiн жетпесе ол қанағаттанбайды. Сәйкесiнше мотивация есте аяқталмаған тапсырманың iзiн сақтап, естiң таңдамалығына әсер етедi.
Кеңес психологтары ерiктi мнемикалық iс-әрекеттiң күрделi формаларын зерттеудi жалғастырды. Онда ес процестерi ойлау процесiмен байланыстырылды. Осылайша, А.А.Смирнов пенП.И.Зинченконың iс-әрекеттiң психологиялық теориясы позициясынан жүргiзiлген зертеулерi естiң заңдылықтарын мағыналанған адам iс-әрекетi ретiнде ашуға жол бердi, есте сақтаудың қойылған тапсырмаға тәуелдiлiгiн және күрделi материалды есте сақтаудың негiзгi тәсiлдерiн тапты. Мысалы, Смирнов ойларға қарағанда әрекеттер жақсы есте сақталатындығын, ол әрекеттердң iшiнде қиындықтарды жеңумен байланыстылары ұзақ есте сақталатындығын тапты.
Естi нерв клеткаларының iшiндегi биохимиялық реакциялармен түсiндiретiн ХХ ғасырда терең зерттелiне басталған биохимиялық теория. Еске сақтау екi сатылы сипатта болады деген жорамал бар. Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей әсер еткеннен кейiн мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болады. Олар нейронда физиологиялық өзгерiстерге әкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi реакциядан кейiн жаңа белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Бiрiншi сатыдағы реакция секунттар мен минуттарға созылады содан оны қысқа мерзiмдi естiң физиологиялық механизiмi деп есептейдi. Ал екiншi кезеңдегi клеткада болатын химиялық өзгерiстердi ұзақ мерзiмдi естiң механизiмi деп есептейдi. Бұны атжалманндарға өткiзiлген эсперименттерде тексерген және адамдардан байқаған. Мысалы, егер адамға бiр әсерден кейiн мидағы электрохимиялық iзi биохимиялық өзгерiстерге айналмай түрғанда (10 секунттың iшiнде) бұл әрекет үзiлсе (мысалы, есiнен танып қалғанда, эпилепсия жағдайында), онда соңғы әсердi адам есiне түсiре алмайды.
Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері