Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Адамның сөйлеуiнде де шулармен қоса музыкалық дыбыстар да бар.
Кез-келген дыбыстың негiзгi қасиеттерiне жататындар:
Дыбыстың
есту аппаратына әсерi барысында оның
сезгiштiгiн өзгертетiн адаптац
Бiздiң құлақпен барлық дыбыстар қабылдана бермейдi. Ультрадыбыстар да (өте үлкен тербелiстi дыбыстар), сондай-ақ инфрадыбыстар да (өте баяу тербелiстi дыбыстар) бiздiң естуiмiзден тыс қалады.
Абсолюттiк есту (толық есту) - индивидтiң полифониялық дыбыстарды, жоғарылығы белгiлi басқа дыбыстармен қатаң салыстырмай, олардың жоғарылығын дауыспен дұрыс қайта жаңғыртып, анықтай алуы.
Абсолюттiк есту – бұл музыкалық естудiң абсолюттi модалдығы, оның сипаттамасы емес, ал дыбыстарды қабылдаудың айрықша түрi.
Абсолюттiк естуi жоқ адамдар белгiлi бiр дыбыстарды өз дауысының ең жоғарғы және ең төменгi дыбыстық тембрiмен салыстырып, тондарды жақсы қабылдап, дұрыс ажыратып, тани алатын индивидтердiң естуi квазиабсолюттiк есту деп аталады.
Абсолюттiк естуi бар адамдар ешбiр қосалқы акустикалық-жоғарылықтық байланыстарды қолданбай музыкалық тондарды дұрыс қабылдап, тани және нақты тауып ала алады.
Абсолюттiк есту, әдетте, балалық-жасөспiрiмдiк кезеңдерде жақсы анықталады.
Бинауралды есту - екi құлақпен бiрдей есту. Осылай есту адам дыбыс шыққан жаққа бетiмен тура қарай алады, ал бiр құлағы нашар еститiн болса, дыбыс шыққан жаққа сау құлағын тосып, басын бұрып тыңдайды.
4. Көру түйсiгi. Көру түйсiгiнiң таным процесiндегi рөлi зор. Олар адамға өте бай әрi нәзiк ажыратылатын кең көлемдi мәлiметтердi бередi.
Көру түйсiгi көзге жарық сәулесiнiң әсерi нәтижесiнде пайда болады. Бiздiң көзiмiз жалпы түстердi емес, ал белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде және т.б. болады. Көру бiзге объективтiк шындықтың барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.
Көру түйсiгiнiң негiзгi рецепторлары – ол таяқшалар мен шақшалар.
Таяқшалар - көздiң iшкi бетiнiң әсiресе жиек шетiнде қалың орналасқан фоторецепторлардың бiр түрi. Ол ымырттағы көрудi қамтамасыз етедi. Адамның көзiнде 110-125 млн. таяқша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, кеш болғанда, ымыртта көз көрмей, ңақшам соқырң (ңтауық соқырң) болып қалады.
Шақшалар - фоторецептордың тағы бiр түрi. Көздiң тор қабығының iшкi бетiнiң орта бөлiгiнде (шұңқырында – фовеада) 1 мм-де 140 000-ға дейiн қалың орналасқан. Ш. өте жарық сәулелердi ғана қабылдайды. Адамның көзiнде 6-7 млн. Шақша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, адам жарыққа қарай алмай, “түс соқыры” (ахромазия) ауруына ұшырайды.
Конвергенция (жақындау, үйлесу) – өте жақындағы затты көру үшiн оның бiлiгiн (осiн) екi көздiң iшкi бұлшықеттерiнiң жәрдемiмен жақындату кезiндегi екi көздiң көру жолының бiр нүктеде түйiсуi.
Көз аккомодациясы (көздiң жаттығуы) - көз бұршағы дөңестiгiнiң өзгеруi арқылы көздiң әр түрлi қашықтықтағы заттарды анық көру қабiлетi. Мыс: жақындағы затты көргенде көз бұршағының дөңестiгi артады. Аккомодация кезiнде бұршақтың алдыңғы дөңестiгi 10-нан 6 мм-ге, ал артқы дөңестiгi 6 мм 5,5 мм-ге дейiн өзгере алатыны есептелген.
Барлық сезiм мүшелерi тәрiздi көру анализаторының, ондағы көз құрылымына кiретiн барлық ағзалар қозғалыста болады. Оның ұзақта, жақында қозғалып немесе жылжып бара жатқан нәрселердi көрiп анықтауда маңызы зор. Көз алты бағытта (2 - қиғаш, 4 – тура) бұлшықеттердiң жәрдемiмен тура сыртқа (42о), iшке (45о), жоғары (54о), төмен (57о) қозғалады.
Көздiң өткiрлiгi - көру бұрышы бiр минутқа тең болған жағдайда, көздiң екi нүктенi жеке-жеке көру қабiлетi. Көздiң ең өткiр жерi сары дақ аймағы. Көз өткiрлiгiн арнайы сандар немесе сөздер жазылған кестенi пайдалану арқылы анықтайды.
Көру түйсiгiнде рецепторлық iс-әрекеттiң барлық негiзгi психофизиологиялық заңдылықтары – адаптация, контрасттылық, әрекеттен кейiнгi бейне, өзара әрекеттесу айқын көрiнiс табады.
Әдетте, адамға бинокулярлық көру тән. Бинокулярлық көру дегенiмiз - екi көзбен бiрдей көру, сәуленiң екi көздегi тор қабыққа бiрдей түсуiнен екi түйсiну сезiмiнiң бiрiгiп, бiр көру түйсiгi, қабылдауының тууы.
Алыстан көргiштiк - көздiң
жарық сәулесiн дұрыс
Сонымен қатар, көру түйсiгiн қарастырғанда дальтонизм деп аталатын ерекше құбылыстың адамдардың iшiнде кездесетiнiн айта кеткен жөн. Дальтонизм - түстi ажырата алмаушылық - ағылшын химигi әрi физигi Дж. Дальтон (1766-1844) тапқан көру кемiстiгiнiң бiр түрi. Ол - iштен туа және туғаннан кейiн заттың түсiн, әсiресе қызыл түстi ажырата алмау. Бұл жағдайда науқас адам қызыл түстi жасыл түстен, күлгiн және күрең түстерден ажырата алмайды. Дальтонизммен азап шеккен адам барлық затты тек екi түсте: сары мен көк түсте ғана көредi. Мұндай ауруға әйелдерге қарағанда, ер адамдар көп шалдығады.
5. Иiс сезу түйсiгi. Иiс сезу мен дәм сезу химиялық сезгiштiктiң түрлерi болып табылады. Осы кезге шейiн иiс сезу адамда маңызды рөл атқармайды деген пiкiр болды. Алайда иiс сезу вегетативтiк жүйке жүйесiнiң қызметiне әсер етедi және адамның көңiл-күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе жағымсыз эмоциялық фонды тудырады. Иiс сезу дистанттық рецепторларға жатады.
Иiс сезу түйсiгi мұрынға ауамен бiрге кiретiн әр түрлi заттардың молекулаларының әсерiнен пайда болады.
6. Дәм сезу түйсiгi иiс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерiмен шартталады. Дәм сезетiн қасиеттердiң негiзгi төрт түрiн бөлiп көрсетедi – тұзды, қышқыл, тәттi және ащы.
Дәм сезуге, әдетте, иiс сезу, ал кейде қысым, жылулық, суықтық және ауырсыну түйсiктерi қосылады.
Дәм сезуде компенсация, яғни бiр дәм сезу түйсiгiнiң (тұзды) басқамен (қышқыл) басылып қалуы үлкен рөл атқарады.
Контраст құбылысымен қатар, дәм сезуде контраст құбылысы да орын табады. Мысалы, қант ерiтiндiсiнiң тәттi дәмiн түйсiну тұздың аз мөлшерiнiң қосындысынан күшейедi.
Дәм сезу түйсiктерi вегетативтiк жүйке жүйесi арқылы эмоциялық көңiл-күйге әсер етедi. Дәм сезу, иiс сезу сияқты басқа рецепторлық жүйелердiң табалдырықтарына, мысалы, ол көз бен естудiң жiткiрлiгiне, терi сезгiштiгi мен проприоцепторлар күйiне әсер етедi.
§ 6. Сезгiштiк және түйсiк табалдырықтары
Абсолюттiк сезгiштiк және абсолютттiк табалдырық. Төменгi және жоғарғы абсолюттiк табалдырықтар. Айырма сезгiшттiк және айыру табалдырығы.
Адамның түйсiне алуға қабiлеттiлiгiн сезгiштiк деп атайды.
Абсолюттiк сезгiштiк дегенiмiз – сезiм мүшелерiнiң өте әлсiз тiтiркендiргiштердi түйсiне алуы.
Абсолюттiк табалдырық - сенсорлық табалдырықтардың бiр түрi. Психофизикада абсолюттiк табалдырық деп негiзiнен қабылданбайтын немесе мүлдем қабылданбайтын стимулдар (егер олардың мөлшерi табалдырықтық мөлшерден едәуiр аз болған жағдайда) мен (егер стимул мөлшерi табалдырық мөлшерiнен белгiлi бiр шамадан асқанда) негiзiнен қабылданатын немесе толық қабылданатын стимулдарды өзара ажырататын мөлшердiң мәнiн атайды.
Әрбiр түйсiк түрлерi үшiн өз абсолюттiк табалдырықтары болады. Мысалы, қараңғыға бейiмделген көз жарықтың 7 квантына жауап бередi… Көру арқылы адам қараңғы түнде көзден 48 км қашықтықта тұрған балауыз шамның жалынын қабылдай алу қабiлетi. Естуде қолсағаттың жүрiсiн тыныш бөлмеде 6 м қашықтықта ажырата алу. Дәм сезуде 8 л судағы бiр шай қасық қанттың дәмiн сезу. Иiс сезу 6 бөлмеден тұратын пәтерге бiр тамшы әтiр сепкенде оның иiсiн сезiп қалу. Сипап сезу 1 см биiктiктен шыбынның қанатынын терi үстiне құлауынан пайда болған ауа тербелiсiн сезiну.
Абсолюттiк табалдырық сенсорлық жүйенiң сезiмталдығының модалдылығы ретiнде пайдаланылады.
Алғашқы рет сәл бiлiнерлiк түйсiк туғызатын тiтiркендiргiштiң ең аз күшiн сезгiштiктiң төмеңгi абсолютттiк табалдырығы дейдi.
Тiтiркендiргiштiң осы түрдегi түйсiгiн тағы да туғызатын ең жоғарғы күшiн сезгiштiктiң жоғарғы абсолюттiк табалдырығы дейдi.
Осы айталғандар түйсiк табалдырықтарының организм үшiн маңызды бағдарлаушы және, ең алдымен, қорғаныс функциясын атқаратынын байқатады.
Семинарға арналған сұрақтар:
Студенттердiң өзiндiк жұмысына арналған тапсырмалар:
Әдебиеттер:
VII ТАРАУ. ҚАБЫЛДАУ
Қысқаша мазмұны
Қабылдаудың жалпы сипаттамасы. Қабылдау туралы ұғым. Қабылдау заттың тұтас бейнелеуi ретiнде. Түйсiк пен қабылдаудың өзара байланысы мен айырмашылықтары. Қабылдау күрделi перцептивтiк процесс ретiнде.
Қабылдаудың физиологиялық негiздерi. Қабылдаудың физиологиялық механизмдерi. П.К. Анохин бойынша қабылдаудың (бейне қалыптастырудың) физиологиялық негiзi. И.П. Павлов, И.М. Сеченов қабылдаудың рефлекторлық механизмдерiн түсiндiруi.
Қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi. Қабылдаудың тұтастылығы. Құрылымдылық қабылдаудың тұтастылығымен байланысты көрiнiсi ретiнде. Қабылдаудағы заттылық. Қабылдаудың мағыналылығы мен тұрақтылығы. Қабылдаудағы иллюзия. Апперцепция және оның түрлерi.
Қабылдаудың түрлерi. Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн, аумақтылығын, қашықтығы мен бағытын қабылдау. Уақытты қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi. Қозғалысты қабылдаудың психофизиологиялық табиғаты.
§ 1. Қабылдау туралы жалпы ұғым
Бiздiң сезiм мүшелерiмiзге әсер ететiн сыртқы құбылыстар субъектiнiң қабылданатын әсерге ешбiр қайта жауабынсыз, белсендiлiгiнсiз түйсiктер түрiндегi субъективтiк эффектiнi тудырады. Түйсiнуге деген қабiлеттiлiк тек бiзге ғана емес, сондай-ақ жүйке жүйесi бар барлық тiрi организмдерге де тән. Ал дүниенi бейнелер түрiнде қабылдау тек адамдар мен жоғары жануарларда ғана кездеседi. Бұл қабiлеттiлiк оларда өмiрлiк тәжiрибе барысында қалыптасып, жетiлiп отырады.
Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Сондықтан қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi.
Түйсiктер бiздiң өзiмiзде болатын болса, ал қабылданатын заттардың қасиеттерi мен бейнелерi кеңiстiкте шоғырланады. Түйсiктерден ерекшелейтiн қабылдаудағы бұл процесс объективация деп аталады.
Егер түйсiктер қандай да бiр анализаторға ңбайланып қалғанң сияқты болып, және шеткi органдары – рецепторларға стимул әсер еткенде олар бiрден пайда болатын болса, ал қабылдау нәтижесiнде пайда болатын бейне бiрден бiрнеше анализаторлардың өзара әрекеттесiп, үйлесiмдi жұмыс атқаруының нәтижесiнде қалыптасады. Осы анализаторлардың қайсысы едәуiр белсендi жұмыс атқарып, едәуiр мәндi қасиеттер жөнiнде ақпаратты көп берсе, соған байланысты қабылдау түрлерi де ажыратылады: көру, есту, терi және қозғалыстық қабылдаулар.
Қабылдаудың түйсiктерден едәуiр дамығандығын көрсететiн тағы бiр ерекшелiгi, егер, түйсiктердiң нәтижесiнде белгiлi бiр сезiм (ашықтық, аштылық, тепе-теңдiк, суықтық, дыбыстың жоғарылығы және т.б.) пайда болатын болса, ал қабылдаудың негiзiнде адам санасының затқа, құбылысқа, процеске жатқызатын өзара байланысты түйсiктердiң жиынтығы ретiндегi бейне қалыптасады.
Бiрақ қабылдау мiндеттi түрде түйсiктерге негiзделедi. Түйсiну мен қабылдаудың маңызды ұқсастығы – екеуiнiң де пайда болуы үшiн дүниедегi заттар мен құбылыстардың адамның сыртқы сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп отыруы керек.
Сонымен, қабылдау - түйсiкке қарағанда, едәуiр күрделi әрi жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс. Қабылдауға түйсiктермен қатар, ой элементтерi де, елестер мен ұғымдар енiп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсiнiп, қабылдаумен бiрге бiз ол заттардың қайдан пайда болғанын, олардың қасиеттерiнiң қандай екендiгiн елестетiп, түсiнiгiмiздi, ұғымымызды кеңейтiп отырамыз. Сондай-ақ, анық және жақсы қабылданған заттар ғана түсiнiктi болады.
Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері