Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций

Описание

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.

Работа состоит из  1 файл

Алия Жалпы психология.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)
  • Түстер – бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелiк ойлаудың бiр түрi.
  • Еркiн ассоциациялар әдiсi. Ырықсыз бейнелiк ойлау, еркiн ассоциациялар санасыз мотивтердiң көрiнiс табатын маңызды аумақтарының бiрi.
  • Сублимация санасыз энергияны әлеуметтiк құпталған тәсiлдерге ауыстыруда iске асатын творчестволық ойлау процесi.
  • Мотивтi саналау адамның өзiндiк саналауын, iшкi ойлау типiн қажет етедi.

Аутистiк ойлау тұжырымдамасы  Э. Блейлермен шығарылған.  Аутизм адамның iшкi өмiрiнiң басымдылығымен, сыртқы өмiрден кетумен байланысты. Әдетте, түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау – аутистiк ойлаудың көрiнiстерi. Бұларда ойлар аффективтiк ұғымдарға бағынады.

  1. Ойлаудың когнитивтiк психологиясы (У. Найссер). Бұл тұрғы танымдық процестердi жасанды моделдеу негiзiнде белгiлi-бiр мiндеттердi шешу тәсiлдерiн табу мақсатымен қарастырған. Адам ақпаратты тасымалдау және өңдеу каналы, компьютерлiк жүйелердiң аналогы ретiнде ұғынылады. Есептердi шешу механизмдерi және оған қажеттi жағдайлар (саналы елестер, әлеуметтiк тәжiрибе, тұлғаның мағыналық аумағы және т.б.) ерекше когнитивтiк құрылымдар болып есептелiнедi. Танымдық ретiндегi адамның кез-келген iс-әрекетiн талдау тек жаңа, айрықша ғылыми нәтижелерге әкелумен қатар, бұрыс тұжырымдарды да өмiрге келтiредi. Осылайша, когнитивтiк психология тұрғысынан ойлау адам бiлiмдерiн жүйелейтiн, өңдейтiн, құрылымдайтын, реттейтiн танымдық процесс болып табылады.

 

§ 4. Ақыл-ой операцияларының негiзгi түрлерi

Ойлау әрқашан анализ бен синтез процестерiнен басталады. Ойлау - түйсiк пен қабылдаудағы анализ бен синтездiң жаңа мазмұнға ие болған түрi. Анализ дегенiмiз ой арқылы түрлi заттар мен құбылыстардың мәндi жақтарын жеке бөлiктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтерi бiрiктiрiледi. Анализ бен синтез – бiрiмен-бiрi тығыз байланысты, бiрiнсiз бiрi болмайтын құбылыс. Бұл екеуi – бiрiнен бiрi ешқашан ажырамайтын ойлау процесiнiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi.

Анализ бен синтездiң  негiзiнде салыстыру деп аталатын ойлау операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттерi айқындалады.

Ойлау операциясының  күрделi түрi – абстракция және жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы елеулi қасиеттерiн басқа қасиеттерiнен ойша бөлiп алуды абстракция деп атайды.

Абстракцияның келесi түрлерi бар:

  1. Шеттетушi абстракция – белгiлi бiр тұтастылықтан құбылысты бөлiп алу.
  2. Жалпылаушы абстракция - құбылыстардың жалпыланған сипатын беру.
  3. Идеализация – шынайы-эмпирикалық құбылыстарды идеалды схемаға алмастыру.

Жалпы ұғымдар – абстракциялау принципiнiң нәтижесi.

Абстракцияға қарама-қарсы  процестi нақтылау деп атайды. Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетiн жеке ұғымдармен түсiндiру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.

Жалпылау дегенiмiз – бiр тектi заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерiн оймен бiрiктiру. Жалпылау үшiн заттардың ерекше маңызды белгiлерiн таба бiлу керек. Жалпылаудың негiзiнде жаңа ғылыми ұғымдар, заңдар мен теориялар шығарылады.

Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгiлi-бiр  принцип бойынша орналастыруды жүйелеу дейдi. Жүйелеудiң жоғары түрi топтастыру (классификация).

 

§ 5. Ойлау қасиеттерi

Кез-келген психикалық процес тәрiздi ойлаудың да өзiндiк параметрлерi - қасиеттерi болады. Осындай ойлаудағы  жекедара ерекшелiктердi бiлдiретiн ойлаудың қасиеттерi сан-алуан болады. Солардың iшiнде негiзгiлерi мыналар:

Ойдың сыңдылығы – адамның өз және өзге адамның ойларын объективтi бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкiлiктi және жан-жақты тексере алу қабiлетi.

Ойлаудың асығыстығы – адам сауалды, мәселенi жан-жақты ойластырып алмай, оның бiр жағын бөлiп алып, асығыс шешiм қабылдауға тырысуы, белгiлi бiр дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пiкiрлердi беруi.

Ойлаудың тездiгi – адамның жаңа жағдаятты тез түсiне алып, тез ойлау негiзiнде дұрыс шешiм қабылдай алуы.

Ойлаудың дербестiгi – адамның жаңа мiндеттердi, мәселелердi шығара алумен және басқа адамдардың көмегiнсiз өзi мәселенiң дұрыс шешiлу жолын табумен сипатталады.

Ойлаудың икемдiлiгi – ойлаудың оны шектейтiн жатталып қалған, таптаурын шешу тәсiлдерiнен тәуелсiздiк дәрежесiн бiлдiредi.

Ойлаудың тереңдiгi – күрделi сауалдардың мәнiне терең шоғырланып, зерттей алуы.

Ойлаудың кеңдiгi дегенiмiз – адамның зерттелетiн сауалдың маңызды жақтарын түсiрмей, тұтас қамтып, талдай алу қабiлетi.

 

 

§ 6. Ойлаудың даму ерекшелiктерi

Кез-келген басқа да психикалық процестер ретiнде ойлау да онтогенез барысында бiртiндеп, қарапайымдыдан күрделiге қарай жетiледi. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсендi қарым-қатынас жасауының нәтижесiнде, оның өмiр тәжiрибесiмен қосақталып, дамып отырады. Мәселен, бiр жасар бала әжесiнiң саусағындағы жараға жағылған йод ерiтiндiсiне көз салады. Он бес айлық бала өзi сүйрей алмаған жәшiктiң iшiндегi нәрселердi көрiп, бiртiндеп оларды азайта бастайды, сонаң соң оны жылжытатын болады.

Тiлдiң шығуы  бала ойлауының дамуында елеулi кезең болып табылады. Мектепке барғанға дейiн бала ойлауы ұзақ даму жолынан өтедi. Ойлау бұл кезеңде нақтылы-бейнелi болып, әрекетпен тығыз байланысып жатады. Балалардың ойлауын дамытуда мектептегi оқу-тәрбие процесi шешушi рөл атқарады.

Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарға келетiн болсақ, адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанымен, тұлғаның ойлау әрекетi жекедара ерекшелiктерге толы. Әрбiр адам бiрiнен-бiрi ойының кеңдiгi немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестiлiгi, логикалық жүйелiлiгi, сыншылдығы және т.б. сапалармен ажыратылады.

Ой өрiсi кең адам еркiн  ойлайды, мәселенi ескi әдетпен, үйреншiктi жолмен шешпейдi. Ақыл-парасаты кең  адам мәселенi түрлiше әдiстермен шешедi, бұрын қате деп сыналып табылған әдiске жоламайды.

Кейбiр адамдар мәселенiң барлық жақтарын көре бiледi, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсендi келедi. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады. Осындай қасиеттi ойдың ұшқырлығы дейдi. Бұған қарама-қарсы қасиет – ойдың асығыстық түрi. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай ауырдың үстiмен, жеңiлдiң астымен жүредi. Бұл адамдар енжар ойлыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңiл ойлауға, мәселенi үстiртiн шешуге бейiм келедi.

 

 

Семинарға арналған сұрақтар:

  1. Ойлаудың дамуына байланысты отандық ғалымдардың көзқарастары.
  2. Ойлау ерекшелiктерi мен түрлерiн анықтауға байланысты жүргiзiлген эксперименттiк зерттеулер мен әдiстемелер.
  3. Ойлау және интеллект.
  4. Ойлаудың басқа психикалық процестермен байланысы.

 

Студенттердiң  өзiндiк жұмысына арналған тапсырмалар:

  1. Ойлау дамуының кезеңдерi (Л.С. Выготский бойынша ұғымға дейiнгi және ұғымдық ойлау кезеңдерiне талдау жасау).
  2. М. Коул, С. Скрибнердiң ңКультура и мышлениең еңбегi бойынша реферат жазу.
  3. Ж. Пиаже теориясындағы бала интеллектiсiнiң даму кезеңдерiн талдау.
  4. П.Я. Гальпериннiң ақыл-ой әрекетiнiң сатылап қалыптасу теориясы.
  5. Әрбiр жас шамасындағы ойлаудың даму ерекшелiктерi (Р.С. Немовтың 2-томы бойынша реферат жазу).

 

СӨЖ-ге арналған әдебиеттер тiзiмi:

  1. Выготский Л.С., Сахаров Л.С. Исследование образования понятий: Методика двойной стимуляции // Хрестоматия  по общей психологии: Психология мышления. – М., 1981
  2. Коул М., Скрибнер С. Культура и мышление. М., 1977.
  3. Обухова Л.Ф. Детская психология: теория, факты, проблемы. М., 1995
  4. Гальперин П.Я. Формирование умственных действий // Хрестоматия  по общей психологии: Психология мышления. – М., 1981
  5. Немов Р.С. Психология: Учебн. для студ. высш. пед. учеб. заведений: В 3 кн. – 4-е изд. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003. – Кн. 2.

 

Әдебиеттер тiзiмi:

  1. Маклаков А.Г. Общая психология: Учебник для вузов. – СПб.: Питер, 2004. – 583 с.
  2. Немов Р.С. Психология: Учебн. для студ. высш. пед. учеб. заведений: В 3 кн. – 4-е изд. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003. – Кн. 1: Общие основы психологии. – С. 268-311.
  3. Хрестоматия по психологии мышления. М.: МГУ, 1981.
  4. Петухов В.В. Психология мышления. М., 1975.
  5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2000.
  6. Тихомиров О.К. Психология мышления. М., 1984.
  7. Хрестоматия по истории психологии / Под ред. П.Я. Гальперина, А.Н. Ждан. М., 1976.

 

 

 

X ТАРАУ.  ҚИЯЛ

 

Қысқаша мазмұны.

     Қиялдың жалпы сипаттамасы және олардың психикалық іс-әрекеттегі ролі. Қиял процесс ретінде. Қиял процессінің механизмдері. Адам өміріндегі қиялдың ролі. Қиялдың физиологиялық негіздері. Қиялдың органикалық процесстермен және қозғалыстармен байланысы.

    Қиялдың түрі. Қиялдың классификациясы ерікті және еріксіз қиял. Арман. Қеңістіктегі қиял. Белсенді және белсенді емес қиял. Шығармашылық қиял.

      Қиялдағы образдарды жасау механизмі. Қиялдағы образдарды қалыптастырудың негізгі этаптары. Анализ, абстрактілік, синтез. Аглютинация-қиялдағы образдарды қалыптастыру механизмі ретінде. Схематизация және акцентировка.

     Қиялдың индивидуальды ерекшеліктері және оның дамуы. Қиялдың даму деңгейі бойынша адамдар арасындағы айырмашылық. Қиялдың даму деңгейінің сипаттамасы. Қиялдың негізгі типтері. Қиялдың даму этаптары. Қиялдың дамуының индивидуальды сипаттамасы.

      Қиял және шығармашылық. Шығармашылық туралы жалпы түсінік. Шығармашылық үшін қиялдың маңызы Т.Рибонның концепциясы. Г.Уоллес бойынша шығармашылықтың этаптары. Г.С. Альтилуллер бойынша шығармашылық міндеттердің деңгейі.

 

 

§ 1 Қиялдың  жалпы сипаттамасы және оның психикалық іс-             әрекеттегі  ролі

      Адам  әрдайым өзін қоршаған ортамен байланысқа түседі. Секунд сайын біздің сезім органдарымызға ондаған және жүздеген әртүрлі стимулдар әсер етеді, олардың көпшілігі адамның есінде көпке шейін сақталады. Адам психикаcының ең қызықты феномендерінің бірі, шынайы әлемдегі құбылыстардан алған әсер адамның есінде ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, сонымен бірге белгілі-бір өңдеуден өтеді. Бұндай феноменнің өмір сүруі, адамның қоршаған ортаға ықпал етуі мен оны мақсатты түрде өзгертуге себепті болады.

      Айта  кету керек, жануардың сыртқы  ортаға ықпал етуі мен сыртқы ортаның адам арқылы өзгеруінің бірқатар айырмашылығы бар. Жануардан айырмашылығы, адам қоршаған ортаға жоспарлы түрде, алдын-ала қойылған мақсатқа өз күш-жігерін жұмсай отырып, іс-әрекет етеді. Еңбек процессінде шынайылықтың бұндай сипаттағы өзгеруі, адам өз іс-әрекетінің нәтижесінен не алғысы келетінін санада алдын-ала елестеуіне әкеледі.

      Мысалы: өрмекшілер тігіншілердің операциясын  еске түсіретін белгілі-бір операцияларды  жасайды, ал аралар өздерінің  ұяшықтарын жасай отырып, құрылысшыны көз алдына келтіреді. Алайда кез-келген ең жаман  маман ең жақсы арадан немесе кез-келген өрмекшіден өзінің алдын-ала құрылған жоспарымен ерекшеленеді. Осылайша, адам арқылы қандай да бір жаңа нәрсені жасау процесін қарастыра отырып, біз адам психикасының тағы бір феноменіне кезігеміз. Оның мәні адамдардың өз санасында шынайы өмірде әзірге жоқ образды жасауында, ал бұндай образды жасауға біздің өткен тәжірибеміз әсер етеді.

      Адам минда бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа обыраз жасау процессі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің туы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында яғни дәл қазір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.

Қиялдың ғылыми техникада  және көркем Шығармада қажетті күрделі  формасы пайда бола бастады. Алайда, бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған, көріністердің қайта жасалуының нәтижесі ретінде ғана роль атқарады.

Қиял екі психикалық процесспен-ес және ойлаумен тығыз  байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса біз қиял туралы айтамыз.

Қиялдың образдары адамның  өміріндегі шынайы образдардың жекелеген  жақтарын қайта жасау жолымен  жасалынады. Мысалы: Фантастикалық  романдарды оқи отырып, сіз ойдан жасалынған кейіпкерлер ( жезтырнақ, дәу ) бәрі бір өзінің түр-келбетімен бізге танымал обьектілерге ұқсас екенін аңғарған боларсыз. Өзіміз қандай да бір нәрсені немесе оқиғаны елестете отырып, біз оны толықтай көз алдымызға елестете алмаймыз. Оқиға бір-бірімен байланыссыз фрагменттер түрінде емес, тұтастай және үздіксіз көрінуі тиіс. Осылайша, материалдардың өзіндік қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру процессінде біздің қиялымыздың іс-әрекеті көрінеді.

Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады.

Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері