Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Бiрiншi - шапшаң
Екiншi - баяу
үшiншi - шапшаң
төртiншi – баяу
Бiрiншi типтегi адамдар оқыған немеес жаттаған нәрсесiн бiр реттен ақ есiнде жақсы қалдырады. Естi дамытуға әр кезде болады.
Адамға бiлiм алу үшiн әр кезде ес керек болып жатады. Оқудың сапасын көтеру үшiн естi дамытуға қажет. Бiздiң көргенiмiздiң, естiгенiмiздiң және сезiнгенiмiздiң көбiсi ұмытылып кетедi, өйткенi оған зейiнсiз қараймыз. Ес зейiн, қабылдау және ойлау құбылыстарымен тығыз байланысты болады. Сондықтан, есте сақтауды жақсартамын десеңiз байқағыштықты, таңдаушылықты, елестету мен түсiнудi және санаға жеткiзудi жетiлдiру қажет.
Психологтарменен өте көп тәсiлдер ашылған. Осыларды колданғанда, мысалы, шетел тiлдердi тез жаттауға болады немесе емтихандарға дайындалуға көмектеседi. Бұл мнемотехникалар:
ВИЗУАЛИЗАЦИЯ. Жаттаған сөздерден бейненi құрастырып жаттау. ''the sun shines’’ дегенде ‘’күн шықты’’ деп жаттамай, орнына күннiң жарқырағанын елестетiңiз.
УАҚЫТҚА БАұЫТ-БАұДАР ҚОЮ. Егер есте сақталатын мәлiметтi тек емтихан тапсырғанға дейiн деп сақтаса, ол тез ұмытылады. Ал сол мәлiмет болашақ мамандық бойынша жұмыс iстегенде керек болады деп сақтаса, ол көп уахытқа қалады.
АССОЦИАТИВТi ЕСТЕ САҚТАУ. Есте сақталатын сандарға, сөздерге, қимылдарға т.б. ассоциативтi байланыстарды табу. Мысалы, телефонның номiрiн сақтағанда, сандарды әйгiлi жылдармен байланыстыру. Бiр сөздерде, сойлемдерде белгiлi көшелердi немесе орындарды елестету. Қимылдарда бiр аңдармен байланыстыру.
‘’МИНУСТЫ’’ ‘’ПЛЮСҚА’’ АУЫСТЫРУ. Бiр нәрсенi еске сақтағыңыз келсе оны жақсы көңiл күйiңiзбен байланыстырыңыз. Немесе жаттайтын нәрсенiң қабылдауын жағымды қылып өзiңiзге көрсетiңiз. Сол кезде ол көпке дейiн сақталады.
ФАМИЛИЯЛАРДЫ ЕСКЕ САҚТАУ. Басқа адаммен танысқанда фамилиясын немесе атын дұрыс еске сақтамасаңыз, сол адамды ренжiтiп аласыз. Сiзде сөздердердi еске сақтау қабылеттiң дамымағанын ол қайдан бiлсiн. Сол үшiн ең алдыменен айтылғанда дұрыс естiп алыңыз. Түсiнбесеңiз тағы қайталауды сұраңыз. Онда түрған еш нәрсе жоқ. Содан барып сол сөздiң мәнiн түсiнүге тырысыңыз немесе өзiңiз өте жақсы бiлетiн ұқсас атты адамдармен байланыстырыңыз.
ТӘУЛIК БОЙЫ ЕСКЕ САҚТАУЫМЫЗ ӨЗГЕРЕДI. Табиғи адамда әр кезде жұмыс қабылетi өсiп немесе төмен түсуi қалыптасқан. Есте де күшеюi немесе әлсiреуi болады. Сонымен түнде, сағат 2-4 дейiн және күндiз сағат 12-14 арасында есте сақтауымыз нашарлайды. Ал таң ертең сағат 8-12 дейiн және күндiз 14-17 дейiн еске сақтауымыз күшеедi. Бiрақ кейбiр кездерде адамның кеш уақыттарында ойлау және еске сақтау жұмысы жақсарады.
ӨЗ ТIЛI³Е АУДАРУ. Еске сақтау мәлiметтi өзiңе түсiнiктi ұғымдармен, өз сөзiңе ауыстыру. Өзiiнiң тәжиребеңнен алынған нәрселерге байланыстырғанда еске сақтау жақсарады.
Семинар сұрақтары
1.Еске психикалық
танымдық процесс ретiнде
2.Сiз естiң қандай теорияларын бiлесiз?
3.Г.Эббингауздың
еске қатысты зерттеулерiн
4.Квазиқажеттiлiк
дегенiмiз не және ол есте
сақтаудың өнiмдiлiгiне қалай
5.Естiң негiзгi түрлерiне сипаттама берiңiз.
6.Есте сақтаудың негiзгi түрлерiн сипаттаңыз.
7.Қайта жаңғырту мен тану процестерiн сипаттаңыз.
8.Г.Эббингауз
тапқан ұмыту заңы туралы
9.Естiң индивидуалды ерекшелiктерi туралы айтып берiңiз.
10.Сiз естiң қандай бұзылуларын бiлесiз?
СӨЖ тапсырмалары
1.Адамдағы естiң дамуын анықтайтын факторлар.
2.Адамдағы естiң әр түрiнiң өзара байланысы.
3.Естiң индивидуалды ерекшелiктерi мен адамның қабiлеттерi.
4.Естiң негiзгi
механизмдерiн психологиялық
Әдебиеттер:
IX ТАРАУ. ОЙЛАУ
Қысқаша мазмұны
Ойлаудың табиғаты және негiзгi түрлерi. Ойлаудың негiзгi сипаттамалары. Ойлау және интеллектуалдық процестердiң ассоциативтi ағымы. Ойлау мен сөйлеудiң байланысы. Ойлау танымдық теориялық iс-әрекет ретiнде. Ойлаудың физиологиялық негiздерi. Ойлаудың жiктелуi. Ойлаудың негiзгi типтерi - ұғымдық, бейнелiк, көрнекi-бейнелiк, көрнекi-әрекеттiк және т.б. ойлаудың ерекшелiктерi.
Ойлаудың негiзгi формалары. өғымдардың ерекшелiктерi. Пiкiрлер – шындықтағы заттардың байланысы. Саналау және түсiну ойлаудың негiзгi белгiсi ретiнде. Ой қорытындысы - ойлаудың ең жоғарғы формасы. Дедукция туралы түсiнiк. Индуктивтiк ой қорытындыларының мәнi. Аналогия бойынша ой қорытындылары.
Ойлаудың психологиялық теориялары. Ойлаудың ассоциативтiк теориялары. Вюрцбурлық мектеп. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Психоанализ: ойлау мотивтелген процесс ретiнде. Ойлаудың когнитивтiк психологиясы (У. Найссер).
Ақыл-ой операцияларының негiзгi түрлерi. Салыстыру операциясының негiзгi мәнi. Тiкелей және жанама салыстыру. Салыстырудағы қателер. Анализ бен синтез ойлаудың негiзгi операциялары ретiнде. Анализ бен синтездiң басқа ақыл-ой операцияларымен өзара байланысы. Абстракция бөлiну процесi ретiнде. Абстракцияның негiзгi түрлерi. Нақтылау жекенi табу процесi ретiнде. Жалпылаудың ерекшелiктерi.
Ойлау қасиеттерi. Сыңдылық - ойлаудың маңызды қасиетi. Ойлау асығыстығы туралы ұғым. Ойлаудың тездiгi. Ойлаудың дербестiгi жөнiнде түсiнiк. Ойлаудың икемдiлiгi. Ойлаудың тереңдiлiгi. Ойлаудың кеңдiгi – адамның ерекше қабiлетi.
Ойлаудың даму ерекшелiктерi. Ойлаудың онтогенез барысында даму ерекшелiктерi. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.
§ 1. Ойлаудың табиғаты және негiзгi түрлерi
Бiздiң қоршаған дүние
туралы бiлiмдерiмiз түйсiк пен
қабылдаудан басталады. Бiрақ таным
олармен ғана шектелмейдi. Түйсiктер
мен қабылдау арқылы алынған мәлiметтер
сезiмдiк шектен шығып, ойлау арқылы
бiздiң таным шекарасын
Ойлау дегенiмiз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуi.
Түйсiктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерiн көбiне ретсiз кездейсоқ түрде бейнелендiредi. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттерi мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға, олардың сезiмдiк түрде берiлмеген қасиеттерiн, жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Сөйтiп, ойлау сезiм мүшелерi арқылы алынған мәлiметтердi өңдейдi.
Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс – ойлау негiзiнде жүзеге асады.
Ойлау процесi елестермен де тығыз байланысты.
Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердiң ассоциативтi ағымын ажырату қажеттiлiгiн атап көрсеткен. Мұның себебi ойлау iс-әрекетiнде бiз ассоциацияларды өте кең қолданамыз - олар ойлау есептерiн шығаруға елеулi септiгiн тигiзедi. Мысалы, бiз қазiр тап болған жағдайға ұқсаса оқиғаларды жиi арнайы еске түсiремiз. Мұнда пайда болған ассоциациялар бiздiң ой мәселесiн шешуiмiзде пайдаланылады. Олар бiздi одан алыстатпай, оның жауабына, шешiмiне жақындатады.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы бiлдiрiледi. Бiреу екiншi бiреуге пiкiрiн бiлдiргенде, өзiн естiсiн деп дауыстап сөйлейдi. Ой толық сөз күйiнде бiлдiрiлгенде ғана айқындалып, дәйектелiп, дәлелдене түседi. Ойлау мен сөйлеудi бiрдей деп, бұлардың арасына теңдiк белгiсiн қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниенi бейнелеудiң ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткiзетiн құрал болып табылады.
Бала тiлi шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниенi бiрiншi сигнал жүйесiнiң қызметi арқылы танып, бiледi. Ойлаудың бұл түрi оның танымын онша кеңiте алмайды. Баланың тiлi шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау шеңберi кеңейетiн болады.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесiнде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтiн – объективтiк шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтылдыратын – оның қажеттiлiктерi.
Ойлау - өзiндiк iшкi қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және iске асуының қозғаушы күштерi болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбидi.
Ойлау танымдық теориялық iс-әрекет ретiнде әрекетпен тығыз байланысты. Адам әсер ету арқылы ақиқатты таниды, дүниенi өзгерту арқылы оны түсiнедi. Әрекет ойлау жүзеге асуының бiрiншi реттi формасы болып табылады. Ойлау операцияларының барлығы (анализ, синтез және т.б.) ең алғашында практикалық операциялар түрiнде пайда болып, содан соң барып, теориялық ойлаудың операцияларына айналды. Яғни ойлау еңбек iс-әрекетi барысында практикалық операция ретiнде немесе практикалық iс-әрекеттiң бiр компонентi ретiнде туындап, содан кейiн барып, дербес теориялық iс-әрекетке айналады. Бiрақ тәжiрибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негiзi, мәндi критериi болып табылады. Бiрақ егер де бiз бiр есептi тек практикалық түрде ғана шешетiн болсақ, онда оның тек көрнекi жеке мазмұнымен әрекет жасап, оны тек берiлген жеке жағдаятты ескере отырып шешемiз. Ал әрбiр келесi жағдайларда қайтадан есептi шешуге тура келедi, және тағы да бұл жеке мiндеттi ғана шешу болып табылады. Ал егер берiлген есептiң жалпыланған мазмұнын құрастырып, оны шешудiң жалпыланған тәсiлiн табатын болсақ, бұл есеп өзiнiң тек белгiлi бiр жағдайға сәйкес болатын, практикалық - шешiмiн ғана емес, сонымен қатар, теориялық та, яғни принциптiк бiртектi жағдайлардың барлығына ортақ шешiмiн таба алады.
Iс-әрекетпен байланыса отырып, теориялық ойлаудың өзi жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, құбылыстан мәнге, мәннен құбылысқа өту процесi болып табылады. Шынайы ойлау – ол ойдың ағымы. Ол тек iс-әрекет пен оның өнiмiнiң бiрлiгi негiзiнде түсiнiледi.
Сонымен, ойлау - аса күрделi психикалық процесс. Оны зерттеумен бiрнеше ғылымдар айналысады. Солардың iшiнде логика мен психологияның орны ерекше. Бiрақ осы екi ғылымның ойды зерттеудегi әдiс-тәсiлдерiнде өзiндiк айырмашылықтары бар. Мысалы, егер психология әр түрлi жас шамасындағы адам ойлауының пайда болуы, дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшелiктерi мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкiл адамзатқа ортақ ойлау iс-әрекетiнiң заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нәтижесi болып табылатын ұғым, пiкiр, ой қорытындылары сияқты ойлау формаларының табиғатын зерттейдi.
Ойлаудың физиологиялық негiздерi И.П. Павловтың бiрiншi және екiншi сигнал жүйесi жөнiндегi iлiмiне байланысты түсiндiрiледi. Ойлау – ми қыртысының күрделi формадағы анализдiк-синтездiк қызметiнiң нәтижесi, мұнда екiншi сигнал жүйесiнiң уақытша жүйке байланыстары жетекшi рөл атқарады. Екiншi сигнал жүйесiнде жүйке қызметiнiң өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерiнiң мидағы заңдылықтары бiрдей. Бiрақ, олардың айырмашылықтары мынада: егер бiрiншi сигнал жүйесiндегi реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екiншi сигнал жүйесi оларды жалпылап отырады.
Адамның ойлауы әр түрлi деңгейдегi ойлау операцияларынан тұрады. Ал олардың әрқайсысы әр түрлi танымдық мәнге ие. Мысалы, баланың өз алдында кездестiретiн қиындықтарын жеңуде жүзеге асыратын қарапайым ойлау әрекетi мен ғалымның қандай да бiр ғылыми мәселенi шешуде қолданатын ойлау операцияларының жүйесiн салыстыруға келмейдi. Сондықтан, жалпылау деңгейiне, құбылыстардың терең мәнiн түсiнiп, бiлуге байланысты ойлаудың жоғарғы немесе төменгi дейгейлерiн ажыратуға болады. Осындай әр түрлi деңгейдегi ойлаудың түрлерi ретiнде қарапайым көрiнiстегi көрнекi ойлау мен берiлген көрiнiс шегiнен шығатын теориялық ойлауды бөлiп көрсетуге болады.
Осылайша, шығу тегi мен пайда болуы (генезi) бойынша ойлау келесi түрлерге жiктеледi:
Сонымен қатар, психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.
1) Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдарды пайдалану негiзiнде заңдар мен ережелердi танып-бiлуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрi.
Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері