Биосфера және оның тұрақтылығы, оның тұжырымдамасы. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание

Қазіргі әдістемелік нұсқаулар барлық оқу түрлері мамандықтарының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған.
Практикалық жұмыстарды орындау теориялық бөлімді зерделеуден, талқылауға қатысудан, бақылау сұрақтарына жауаптар жазудан және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаудан тұрады.

Работа состоит из  1 файл

экология.doc

— 516.50 Кб (Скачать документ)

Бай қалалық фауна адамның эстетикалық сұраныстарын қанағаттанды-рады, мысалы, жасыл желектердің сақталуын қолдап, тұрақты, өздігінен реттелетін экожүйелердің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бірақ теріс жақтары да бар: кейбір құстар жеміс бақтарын зақымдайды, кейде жануарлар инфекциялар көзі болып табылады, жабайыланған иттер мен мысықтар топтары пайда болады.

Сондықтан қалалар мен  өнеркәсіптік аудандар фаунасының стихиялық қалыптасуына оның жеке түрлер экологиясын білу негізінде құрылуына  бағытталған қалыптасуын қарсы қою қажет. Бұл күрделі және тұрақты өсімдік қауымдастықтарының қалыптасуына, сәулеттік пішіндердің экологиялық түзетілуіне және т.б. жатады.

 

Бақылау сұрақтары

  1. Белгілі жануарлар түрлері жоғалуының тарихи мысалдарын келтіріңіз (мысалы, ел кезуші көгершін, американдық бизон (19 ғасырдың аяғына қарай жоғалған дерлік түрі) және т.б.).
  2. Атмосфераны, топырақты, гидросфераны ластайтын көздерді, түрлерді, заттарды атаңыз.
  3. Жануарлардың көлікпен көшуінің тарихи мысалдарын келтіріңіз.
  4. Жануарлардың сәтсіз бейімденуінің тарихи мысалдарын келтіріңіз.
  5. Фаунаны қоңсыластыру деген не? Мысалдар келтіріңіз.

 

Ұсынылатын  әдебиеттер

    1. Шилов И.А. Экология. – Москва: Высшая школа, 2006. – 512с.
    2. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. – Москва: ФАИР-ПРЕСС, 2003. – 560с.
    3. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-экономика-биота-среда. – Москва: ЮНИТИ, 2007. – 495с.
    4. Оралова А.Т., Цой Н.К. Промышленная экология. – Караганда: КарГТУ, 2003. – 140с.

 

СӨЖ арналған тапсырмалар

  1. Үшінші және төртінші дәрістік тақырыптар бойынша глоссарий (25 глостан кем емес) құрастыру.
  2. «Биосфера және оның тұрақтылығы» тақырыбына реферат жазу.

 

№ 3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

 

ТАҚЫРЫБЫ: Тұрақты даму тұжырымдамасын әзірлеуде В.И. Вернадскийдің ноосферасы туралы ілімнің негіз құраушы ролі

МАҚСАТЫ: Ноосфера және экология проблемаларын шешудегі ҒТР ролі туралы ілімнің негіздерін зерделеу

 

1 Ноосфера туралы ілім

Ноосфера – «парасат сферасы» планетарийі ұғымы – өткен ғасырдың 20-шы жж. аяғында француз философы А. Бергсонның идеялық ортасында пайда болды. Берілген терминді Э. Леруа және П. Тейяр-де-Шарден ойлап тапты. В.И. Вернадский ноосфера идеясын табиғи-ғылыми платформаға ауыстырды. Вернадский бойынша ноосфера (1944 ж.) – бұл жер табиғаты дамуының жоғарғы кезеңі, адам бағыттайтын табиғат пен қоғамның бірлескен  эволюциясының нәтижесі; биосфера болашағы, адамның қызметі мен қуатының арқасында жаңа функцияны – планетадағы өмір жағдайларының үйлесімді тұрақтануы функциясын иеленеді. Ноосфера дәуірінің алдында қоғамды терең әлеуметтік-экономикалық қайта құру, оның құнды бағдарлануының өзгеруі  болуы тиіс.

Қазіргі уақытта біз техносферада өмір сүреміз деп айтуға болады (А.Е.Ферсман). Ноосфера экологиялық идеал, тұрақты дамудың соңғы мақсаты болып саналады. Ақырында адамзаттың тұрақты дамуға қозғалуы ұлттық және жеке байлықтың өлшемі рухани құндылықтар және қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүретін Адамның білімі болғанда ноосфераның қалыптасуына әкеледі.

Ноосфера идеясын дамыту бойынша академик Н.Н. Моисеев аса көп күштер салған. Ол өркениеттің пайда болуын және дамуын табиғат эволюциясының ажыратылмас бөлігі ретінде қарастырады. Н.Н. Моисеевтің пікірі бойынша, жаңа өркениетке ұмтылу адамзат қоғамы мен биосфераның коэволюциясы арқылы іске асырылуы тиіс. Коэволюция «табиғат стратегиясын» және «парасат стратегиясын» келістіру ретінде қарастырылады; бұл жерде қоғамның табиғатқа қатысты тәртібінің терең өзгертілуі, адамзаттың экологиялық императивке бағынуы туралы сөз болады.

Тұрақты даму тұжырымдамасы 1970-ші жылдары қарқынды басталған ғылыми білімді экологияландырудан және әлеуметтік-экономикалық дамудан логикалық өту болып табылды. 1970-ші жылдары табиғи ресурстардың шектелгендігі, сондай-ақ адамның өмірінің, экономикалық және кез келген қызметінің негізі болып табылатын, табиғи ортаның ластануы мәселелеріне бірқатар ғылыми жұмыстар арналған болатын.

1987 жылы Халықаралық қоршаған орта және даму жөніндегі комиссия (ХҚОДК) «Біздің ортақ болашағымыз» баяндамасында негізгі назарды ол кезде «осы уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыру болашақ ұрпақтың өзінің меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін бұзбайтын», «тұрақты даму» қажеттілігіне аударды.

 

2 ҒТП және экология проблемалары

Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) дәуірінде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу сипаты сапалы түрде өзгерді. Индустрия орталықтарының саны ұлғайды, пайдалы қазбалар қарқындырақ өндіріліп келеді, ауыл шаруашылығының пайдаланылатын жерлері көбірек жыртылуда – осының барлығы және басқа факторлар қоршаған ортаны едәуір өзгертеді. Осы өзгерістер қоғамның табиғатқа әсер ету қуатының, тереңдігінің және алуан түрлілігінің өзгеруімен байланысты. Қазіргі кезеңде адамның табиғатқа әсер етуі геологиялық факторлардың әсерімен салыстырылатын болады және табиғат жағдайындағы әр түрлі, көбінесе жағымсыз өзгерістерге әкеледі; табиғи орта өндірістік процестерге аса кең және негізді жұмылдырылған болады. Сондықтан өндірістің арту шамасына қарай қоғам мен табиғат байланыстары-ның күрделіленуі және сапалы өзгеруі байқалады. Әсіресе берілген тенденция ҒТП басталуымен күрт айқындалды.

Әрі қарай ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі заманғы кезеңі постиндустриялық өркениетке өтуден көрінеді, оның көптеген ерекшеліктері экологиялық императивтің әсерінен қалыптасады.

2.1 Қызметтер мен білімді өндіру. Бірінші орынға қызметтер өндірісі шығады, ал өндірістің басым факторы білім болады. Ақпаратты алуға, өңдеуге және пайдалануға бағытталған еңбек жетекші рольді иеленеді. Өндіріс табиғи сыйымдылығы азырақ технологияларға қайта бағдарланады.

2.2 Техникаға қойылатын экологиялық талаптар. Болашақта материалдарды механикалық өңдеу емес, электрмагниттік өрістер, лазермен сәуле шығару, плазма, элементар бөлшектер, тірі организмдер; микроэлектроникамен және информатикамен байланысты жаңа технологиялар (роботтық техника, икемді автоматтандырылған өндіріс); қасиеттері алдын ала берілген жаңа синтетикалық материалдар (беріктігі жоғары пластиктер, аса қатты композициялық материалдар, аса көп өткізетін керамика, биоматериалдар және т.б.) кеңінен пайдаланылатын болады.

2.3 Байланыс және ақпараттандыру құралдары прогресі. Мұнда дамудың маңызды тенденциялары микроминиатюраландыру, интегралдық сұлбаларды, микропроцессорлар мен шағын тасушыларды жаппай өндіру және тарату болды.Соңғы уақытта микроминиатюраландыру саласында жаңа серпін жасалды: молекулалық өлшемді компьютер элементін жасау мүмкіндігі көрсетілген, оларда атомдардағы кванттық әрекеттер есептеу операциялары ретінде пайдаланылады. Бұл молетроника – молекулалық электроника кезеңіне ену жолындағы бірінші қадам. Миниатюраландыру өзінің басқа салаларға әсер ету сферасын кеңейтеді, электроника шегінен тыс та нанотехнологиялар (яғни «тырбиған» аса шағын элементтер негізіндегі технологиялар) пайда болды.

2.4 Ақпараттық технологиялар. Жаңа ақпараттық технологиялар прогресс негізі болады. Постиндустриялық өркениет – бұл қоғамның сапалы жаңа типі – «ақпараттық қоғам», онда ақпараттық индустрия тегіс қамти алатын сипатты иеленеді, ал білім мен ақпарат экономикалық категория, ресурс және негізгі тауар болады.

 

2.5 «Зат – энергия – ақпарат» үш тағанын ұйымдастыру. Қоғамның ақпараттық потенциалының өсуі бүкіл экономиканың ресурс сыйымдылығына әсер етеді, себебі эволюцияға қабілетті барлық материалдық жүйелерде зат, энергия және ақпарат арасында  орын ауыстырушы өзара қатынастар болады. «Ақпараттық қоғамның» шаруашылық құрылымы аса экологиялы, өйткені табиғат сыйымдылығы аз. Құрылымдық өзгерістердің және өндірісті сапалы өсіруді экологияландырумен тікелей байланысы өнімнің материал және энергия сыйымдылығын азайту деңгейінде ғана емес, сонымен бірге материалдар мен бұйымдардың өздерін химиялық табиғаты, өндіру технологиясы және тұтыну қасиеттері бойынша аса экологиялы материалдарға ауыстырғанда, сонымен бірге энергетика – өндірістің аса табиғат сыйымды саласы болғандықтан, энергияны алуды, жұмсауды және үнемдеуді рационалдау деңгейінде айқындалады. Энергетиканы ақпараттандыру отын құрылымын оңтайландыру-мен және энергия тұтынудың едәуір салыстырмалы өсуімен байланысты. Өйткені компьютерлер мен автоматтар ғана энергия мен материалдардың шығындарын шекті дәл дозалауға және энергияның нақты сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті. Сонымен бірге бір мезгілде өнімнің жоғары сапасына қол жеткізіледі, бұл өз кезегінде, материалдар мен энергияны үнемдеудің маңызды көзі болып табылады.

2.6 Биотехнологияның дамуы. Экологиялық биотехнология сферасына: ауаны және ағынды суларды биотазарту; қатты қалдықтарды биоөңдеу; топырақты биологиялық қайта құнарландыру; биоэнергетика энергияның балама көзі ретінде, зиянкестермен және өсімдіктер ауруларымен күрес жүргізудің биологиялық әдістері, пайдалы қазбаларды байытудың биологиялық әдістері жатады.

2.7 Ғарыш құралдары мен  технологияларын қатыстыру. Мысалы, экологиялық мониторинг өткізу. Болашақта экологияланған нұсқада  біртіндеп планетаның шегінен тыс шығуы мүмкін, бұл биосфераға антропогенді қысымды едәуір азайтады.

 

3 Сабақты өткізу әдістемесі

Бірінші топ студенттерінің міндеті – өз дәлелдерін «ҒТП экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік туғызады» көзқарасын қолдап баяндау.

Екінші топ студенттерінің міндеті – өз дәлелдерін «ҒТП экологиялық проблемаларды күшейтеді» көзқарасын қолдап баяндау.

Талқылауға дайындалған  кезде келесі мәселелерді назарға алу керек:

  1. Адам қызметінің алдыңғы түрлерімен салыстырғанда ҒТП ерекшелігі неде?
  2. Биосфераға антропогенді жүктеменің артуының негізгі себептері қандай?
  3. Экологиялық дағдарыс қауіптілігіне байланысты адамдар өздері үшін қандай тұжырымдар жасауы тиіс?
  4. Адамзат пен табиғат дауын жеңу жолдары қандай?

 

Бақылау сұрақтары

  1. Ноосфера ұғымының негізінде не жатыр?
  2. Ноосфера және тұрақты даму идеясын не байланыстырады?
  3. Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы техногенді дамуының айрықша ерекшеліктері қандай?
  4. Жоғарыда қоғамның постиндустриялық дамуының жақсы жақтары баяндалған. Ал экологиялық көзқарастан оның кемшіліктері неден байқалады?

 

Ұсынылатын  әдебиеттер

  1. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-экономика-биота-среда. – Москва: ЮНИТИ, 2007. – 495с.
  2. Гирусов Э.В. и др. Экология и экономика природопользования. – Москва: Закон и право, ЮНИТИ, 1998. – 455с.

 

СӨЖ арналған тапсырмалар

  1. Биосфераның табиғи-ресурстық потенциалын бейнелеңіз.
  2. «Антропогенді факторлар» тақырыбына синквейн құрастыру.
  3. «Табиғи ресурстар және олардың тұрақты даму аспектілерінің бірі ретінде табиғатты ұтымды пайдалануы» тақырыбына тезаурус құрастыру (25 глостан кем емес).

 

№ 4 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

 

ТАҚЫРЫБЫ: Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері және жұмыс істеу принциптері

МАҚСАТЫ: Экология проблемаларына арналған әр түрлі көзқарастарды зерделеу және талдау

 

1 Экологиялық дағдарыс және қоғамдық ой

Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық  экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті.

Берілген проблема бойынша аса маңызды жұмыстар 1968 ж. экология проблемаларын талқылау үшін ұйымдастырылған Рим клубы (РК) қызметінің нәтижесінде пайда болды.

РК бірінші баяндамасы («Пределы роста, 1972 ж.») Денис Медоуздың басшылығымен Массачусет технологиялық университетінің бір топ ғалымдары дайындады. Берілген баяндаманың тұжырымдары:

  • егер халықтың, индустрияландырудың, азық-түлік өндірісінің және табиғи ресурстарды пайдаланудың осы өсуі сақталса, Жердегі өсу шекаралары келесі 100 жылда шегіне жетеді. Егер осылай болса, халықтың саны және шаруашылықтың даму мүмкіндігі азаяды;
  • халық санының өсуін үлестіруді өзгертуге және болашақта сақталатындай экологиялық және экономикалық тұрақтылық жағдайларын анықтауға болады. Әрбір адамның негізгі материалдық құндылықтарының қанағаттандырылуы және сонымен бірге адамдардың өз потенциалын іске асыру үшін тең мүмкіндіктері болуы үшін, жаһандық тепе-теңдік орнын анықтауға болады;
  • егер адамзат бұл бағытта күш жұмсайтын болса, табысқа үміт бар.

Бұл баяндамада өндірістің экспоненциалдық өсуінің барлық  резервтерді жасауға әкелетіні көрсетіледі. Баяндаманы талдаудан шығатыны: шикізат пен  энергияны өндіруге көбірек капитал салу керек, белгілі шекарадан кейін де бұл индустриялық жүйенің бұзылу қаупін тудырады. Бұл ауыл шаруашылығының бұзылуына, халық саны ұлғайғанда, азық-түлік өндірісінің қысқаруына әкеледі.

РК екінші баяндамасының авторлары (1974 ж., М. Мисарович, Э. Пастель) мынадай тұжырымға келді:

  • әлемді гомогенді тұтас ретінде емес, өзара байланысқан бөліктерден тұратын ретінде қарастыру керек;
  • тұтас бөлік өлімінің орнына әр түрлі облыстарда және әр түрлі себептер бойынша жергілікті апаттар болуы мүмкін;
  • әлемдік жүйедегі апаттарды жаһандық масштабта шаралар қабылдаумен тоқтатуға болады;
  • проблемаларды жаһандық шешуді теңестірілген дифференциацияланған өсу арқылы жүзеге асыруға болады;
  • экологиялық дағдарыс проблемаларын шешудің әлемдік стратегиясын іске асыруды кейінге қалдыру тек қауіпті және қымбат қана емес, сонымен бірге өлімге әкеледі.

Информация о работе Биосфера және оның тұрақтылығы, оның тұжырымдамасы. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі