Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:07, курсовая работа
Қазіргі әдістемелік нұсқаулар барлық оқу түрлері мамандықтарының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған.
Практикалық жұмыстарды орындау теориялық бөлімді зерделеуден, талқылауға қатысудан, бақылау сұрақтарына жауаптар жазудан және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаудан тұрады.
3-кесте – Мемлекеттік табиғи резерваттар сипаттамасы
МТР атауы |
Құрылу негізі |
Құрылу мақсаты |
Орналасқан жері және шекаралары |
«Ертіс орманы» |
ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашы-лығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жеке мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 75 Қаулысының Республикалық маңызды статусы бар. |
««Ертіс орманы» мемлекеттік ормандық табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағында болады. «Ертіс орманы» МОТР қызметін бақылауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Павлодар облыстық аумақтық басқармасы уәкілетті органмен белгіленген шекте жүзеге асырады. |
Павлодар облысының Шығыс бөлігінде Шарбақты және Лебяжинск аудандарының аумағында орналасқан. Шекараның ұзындығы 556 км құрайды. Шекараның жалпы ұзындығы 70 км құрайды. Ауданы 277961 га, оның ішінде: Шарбақты ауданының аумағында 117 816 га; Лебяжинск ауданының аумағында 160 145 га. Орманды жерлері – 148,3 мың га (орманды жердің 65%-ы), олардың 28,4 мың га орман дақылдары. Қатар түземеген орман дақылдары шамалы ауданды 2,1 мың га (орманды жерлер ауданынан 1%) алып жатыр және онда қарағайлар отырғызылған. |
«Семей орманы» |
ҚР Үкіметінің «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жеке мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» 2003 жылғы 22 қаңтардағы Қаулысы.
|
Ландшафттық және биологиялық алуан түрлілікті сақтау және қалпына келтіру, Мекеме аумағында табиғи ресурстардың тұрақты және теңгерілген түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүзеге асыру. |
Қарағайлы ормандар Шығыс
Қазақстан облысының солтүстік- |
4-кесте – Мемлекеттік ұлттық бақтар сипаттамасы
МҰБ атауы |
Құрылу негізі |
Құрылу мақсаты |
Орналасқан жері және шекаралары |
«Бұйратау» |
2001 жылғы желтоқсанда Қарағанды облысы Әкімінің 19.12.2001 ж. № 260 шешімі-мен Осакаров ауданында Белодымов орманшылығының аумағында облыстық маңызы бар ООПТ категориялы жалпы ауданы 7,5 мың га мемлекеттік орман қорының жерінде құрылған. 2003 жылғы мамырда «Бұйратау» табиғи бағының жануарлар және өсімдіктер әлемін аса тиімді қорғау мақсатында Ақмола облысы Әкімдігінің Қаулысымен Күншалған селолық округіне кіретін шекараларда және Ерейментау ауданының аумағында жалпы ауданы 29000 га Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықшасының сыртқы шекараларының бойында, жалпы ауданы 41,195 мың га қорғау аймағы бөлінген . |
«Бұйратау» табиғи бағын құрудың басты мақсаты қорғалатын аумақта жабайы жануарлар мен өсімдіктер-дің биологиялық алуан түрлілігін сақтау және ұлғайту, халық үшін спорттық-сауықтыру шаралары мен ғимараттарын жасау және ендіру, экологиялық туризмді дамыту, тірі табиғатпен қатынасқанда халықтың бойында жоғары сезімді тәрбиелеу, экологиялық біліммен таныстыру және оны кеңейту болып табылады. |
Солтүстігінен Ақмола облысының «Қазақстан» с/х Алғабас бөлімшесінің жер-лерімен және Ерейментау қорықшасының солтүстік учаскесімен шектеседі; шығысында шекарасы «Осакаров» с/х 2-ші бөлім-шесінен өтеді; оңтүстігі мен батысынан Ақмола облысы-ның Ленин совхозының жерлерімен және Ерейментау қорықшасының оңтүстік учаскесімен шектеседі. Ерейментау тауларының күрделі бедері бақ аумағын климаттық жағдайларының үлкен алуан түрлілігімен ерекшелейді. Бедердің алуан түрлілігі ландшафттардың алуан түрлілігін қамтамасыз етеді: бұл аралас шөпті шалғындар және қайың-көк теректі массивтер, жартасты таулар және кең алқаптар, таулы қыратты, жазық бетегелі дала. |
«Медеу» |
ҚР Президентінің «Қала шекараларын өзгерту туралы» 20.04.98ж. № 3929 Жарлығына сәйкес қаланың шекарасына жалпы ауданы 4673 га жер кірді. Алматы қ. Әкімінің «Табиғи бақты ұйымдастыру мәселелері туралы» 01.10.99 ж. № 906 шешімімен «Медеу» табиғи бағын (жергілікті маңызы бар) ұйымдастыруға кейінге сақталған болатын. Берілген шешім «Ерекше қорғалатын аумақтар туралы» ҚР заңымен келісіледі. Алматы қ. Әкімдігінің 2001 ж. 10 желтоқсанындағы № 3 /332 қаулысымен құрылған «Медеу» мемлекеттік табиғи бағы жергілікті маңызы бар табиғатты қорғайтын мемлекеттік мекеме статусы бар ООПТ болып табылады және Қазақстан Республикасы-ның ООПТ жүйесіне кіреді. Ұйымның қажеттілігі 1. Табиғи-қорық қорының
құнды объектілерінің бар 2. Табиғи алапаттық
процестердің жоғары |
Бақты құрудың негізгі міндеті - ерекше ландшафтты-экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығын сақтау, сондай-ақ Алматы қаласының антропогенді ластану деңгейі өсуінің Іле өзенінің ар жағындағы Алатау шатқалдарына әсерін азайту мақсатында. Табиғатты, мәдени ландшафттарды, тарихи
құндылықты білдіретін үймереттер мен
ғимараттарды сақтау және қорғау; экожүйелерді
зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру және жүргізу, мониторинг
жүргізу, экожүйелерде өтетін табиғи
процестерді бақылау мақсатында табиғаттың
жеке учаскелерін табиғи күйінде сақтау;
келушілерді табиғатпен және табиғи бақтың
көрікті орындарымен таныстыру; туған
өлкенің табиғатымен, мәдени құндылықтармен,
қорғау проблемаларымен таныстыру жолымен
жастардың арасында тәрбие жұмысын жүргізуде
жәрдемдесу; демалыс және туризм жүйесін
ұйымдастыру. |
Жалпы ауданы 668,23 га құрайды, соның ішінде бөтен жер пайдаланушылары (104,79 га). Медеу (496,1 га), Шымбұлақ (128,8 га), Бутаковка (43,3 га) шатқал-дарынан тұрады. Бақ Іле өзенінің ар жағындағы Алатау жотасының солтүстік беткейлерінде, Кіші Алматы өзенінің көркем алқабында орналасқан. Бақ аумағы бедер пішіндері мен типтерінің күрделі үйлесуі-мен– теңіз деңгейінен сәйкесінше 1267…2250м абсолют белгілері бар аласа таулардан жоғарыдағы орташа тауларға дейін сипатталады. Теңдессіз құрылымды білдіреді, себебі осы уақытқа дейін ҚР аумағында бірде-бір жергілікті маңызы бар табиғи бақ құрылмаған. Модель ретінде желілік-тораптық даму моделі алынған. |
Бақылау сұрақтары
Ұсынылатын әдебиеттер
СӨЖ арналған тапсырмалар
1. № 7 практикалық жұмыс бойынша глоссарий құрастыру.
2. № 5 практикалық жұмыс бойынша тезаурус құрастыру.
3. Қазақстандағы жер ресурстарының жағдайына шолу жасау.
№ 8 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Табиғи ортаның сапасы және халықтың денсаулығы
МАҚСАТЫ: Табиғи ортаның сапасы және халықтың денсаулығы арасындағы өзара байланысты зерделеу
1 Денсаулықтың және аурушаңдықтың экологиялық аспектілері
Патологияның экологиялық аспектілері алуан түрлі. Олар аутогенді, яғни адамдардың өздерінің дұрыс емес тәртібі салдарынан және экзо(эко)генді – техногенді және табиғи болып бөлінуі мүмкін.
«Өмір салты» патологияларына қозғалу белсенділігінің оңтайлы нормаларынан, физикалық және психика-эмоциялық жүктемелерден, тамақтану режимінен, жұмыстан, демалыстан және әлеуметтік қатынастардан әр түрлі ауытқулармен тікелей немесе жанама тудырылған аурулардың көп саны жатады. Осыған зиянды әдеттермен себептелген барлық аурулар және кәсіптік аурулар сферасының бір бөлігі жатады. Қазір осы аурулардың таралу сферасында адамзаттың кемінде үштен бір бөлігі бар.
Патологияның табиғи экологиялық аспектілері негізінде популяция-лар орналасуының және аурулар таралуының географиялық факторларымен байланысты. Нақты себептерге байланысты олар үш категорияға ыдырайды.
Қалыпты тіршілік әрекеті бұзылуының тікелей себебі қандай да бір табиғи аймаққа тиесілі ортаның абиотикалық факторлары болуы мүмкін. мысалы, үсітіп алу, жылулық соққылар, биіктік ауруы жиілігінің аймақтық климатпен, жергілікті жердің биіктігімен және ультракүлгін сәуле шығару қарқындылығымен байланысы анық. Жергілікті геопатогенді аймақтар туралы деректер бар, онда радиациялық қордың, геомагниттік өрістің ерекше жергілікті үйлесуі, тектоникалық толқындардың және басқа факторлардың таралуы адам денсаулығы үшін қолайсыз жағдай тудырады.
Географиялық факторлардың ролі сондай-ақ тамақтанумен байланыс-ты әр түрлі бұзылудан байқалады, онда тамақта немесе ауыз суда ұзақ уақыт бойы таптырмайтын элементтер болмайды немесе тапшы болады. Тамақтану-дың бұл кемшіліктері топырақтың химиялық құрамының, өсірілетін дақылдар түрлерінің жергілікті ерекшеліктерімен, егіншіліктің, астықты қайта өңдеудің және тағам дайындаудың дәстүрлерімен себептелуі мүмкін. Жалпы тамақты тойып жемеу кезінде дамитын патологиялардан басқа, тағамдық жетіспеу-шіліктің ерекше айқындалуы да болады. Оның классикалық мысалдары авитаминоздар, йод тапшылығынан туындаған эндемиялық зоб болады. Табиғи факторлармен ғана емес, сонымен бірге табиғи факторлармен себептелген тамақтану ерекшеліктері диабеттің, атеросклероздың, гипертонияның таралуы-на маңызды әсер етеді. Дамыған елдерде дені сау еместіктің өте маңызды факторы тамақты артық жеу, артық салмақ және семірудің әр түрлері болды.
Көптеген аурулардың пайда болуы және таралуы қоршаған ортаның биотикалық компоненттерімен – вирустармен, бактериялармен, қарапайым-дылармен, әр түрлі паразиттермен және оларды тасымалдаушылармен және аралық қожайындары – әр түрлі жануарлармен байланысты. Бұл агенттердің таралуына микробиальды және паразитарлы инфекциялардың географиясы да байланысты болады. Көптеген жағдайларда патогенді организмдердің және тасымалдаушылардың экологиясы, орта және олардың көбею циклдері аурудың экологиясын анықтайды. Сонымен, тұмау эпидемияларының циклділігі азиялық үйректердің көшіп-қону экологиясымен байланысты. Алайда мұнда да табиғи агенттің бар болуы ғана емес, сонымен бірге антропогенді факторлар: адамдар тобының жиналғандығы, физикалық қатынастардың, көшіп-қонудың жиілігі, қоздырғыштарды тауарлармен бірге әкелу, гигиеналық жағдайлар, сондай-ақ берілген инфекцияға иммунитеттің бар немесе жоқ болуы болып табылады.
2 Денсаулық көрсеткіштерінің қоршаған ортаның ластанғандығымен байланысы
Қоршаған ортаның ластануы ылғи да әр түрлі аурулардың қауіпті көзі болған. Өзінің тұтынуына және қолдануына шындығында қажет мөлшерден едәуір артық заттарды, материалдарды және нәрселерді қатыстырып, адамдар ерте уақыттан бері өздерін қалған-құтқандар мен жуынды-шайындылардың шоғырымен қоршаған. Кез келген жабайы жануаға қарағанда аса кір осы ортада адамның биотикалық ортасы қалыптасты. Табындары жалпы ластануды арттыратын қолға үйретілген жануарлардан басқа, адам жүрген бүкіл жерде онымен бірге қалыптасып кеткен организмдер: алуан түрлі микробтар, саңырауқұлақтар, кенелер, биттер, қандалалар, тарақандар, шыбындар, тышқан-дар, егеуқұйрықтар, сондай-ақ көптеген эндопаразиттер, гельминттер жүреді. Адамда паразитше тіршілік етіп немесе антропогенді органикамен қоректеніп, олардың көбісі соңғының биотикалық айналымға қосылуына мүмкіндік туғызады, бірақ сонымен бірге қауіпті инфекциялардың көздері болып табылады.
Гигиенаның және санитарияның дамуы, күшті дезинфекцияланған құралдарды, сонан соң арнайы улар – биоцидтер мен пестицидтерді қолдану - қоршаған ортаның ластануының біртіндеп сапалы өзгеруіне әкелді. Онда биогендік органика, патогенді организмдер және олардың тасымалдаушылары азайды немесе қалай болғанда да синтетикалық ластаушы заттардың және басқа техногенді агенттердің саны ұлғайды. Қазіргі ластаушылардың көп санына қатысты адам организмінің тиімді иммундық қорғанысы болмайды. Сонымен бірге кейбір ластаушылар мутагендер болып табылады және патогенді микробтарды, вирустарды және басқа агенттердің қауіпті өзгерістерінің пайда болуын тудыруы мүмкін.
Адамның қандай да бір жеке химиялық немесе физикалық агентімен жедел зақымдануының айқын білінетін ерекше симптомдары токсикология, травматология және радиациялық медицина болып табылады. Олар қауіп дәрежесі жоғары жеке категорияға ерекшеленуі мүмкін. Кәдімгі өмірде техногенді ортаның көптеген агенттерінің аз дозаларының ұзақ аралас әсер етуі нәтижесінде адамдар денсаулығының нашарлау симптомдарымен жиі кездесуге тура келеді, сонымен бірге оларға экологиялық емес патология симптомдары ылғи дерлік қосылады. Сондықтан көптеген жағдайларда ауру көзі ретінде техногенді ластанудың жалпы аурушаңдыққа үлесін бағалау қиын.
Сумен, тамақпен, ауамен, физикалық факторлармен жанамаланған әсер ету көзделгенде ортаның ластануына жататын акценттерді және айтарлықтай кеңінен түсінуге болатын ортаның сапасына немесе күйіне жататын акценттерді ажырату керек. Кең мағынада экономикалық қамтамамыз етілгендік орта факторларының қатарына кіреді, себебі тіршілікті қамтамасыз ету экономикасы экологиямен байланысты.
Орта сапасының халықтың
денсаулығына әсерін бағалаудың аса
сенімді сандық бағалары техногенді
ластану деңгейі бойынша
Әр түрлі қалалар мен өңірлерді салыстыру бұл қатынаста аз анықталған нәтижелерді береді, себебі техногенді ластанудың әсері өмір сүру жағдайларындағы басқа айырмашылықтармен жасырылады. Бірақ бұл жағдайда да айырмашылықтар айтарлықтай анық айқындалады. Ресейдің ауадағы зиянды заттардың ШМК едәуір (10 есе және одан артық) жоғарылауы үнемі тіркелген 66 қаласында олардың тұрғындарының 40 млн. арасында жалпы аурушаңдық деңгейі елдің басқа қалалары бойынша орташа деңгейден 1,6…2 есе жоғары болды.
Маңызды поллютанттардың (ластаушы заттардың) ШМК қамтамасыз етілген қауіптілігі шегінің үнемі 3…4 есе жоғарылауы эпизодтық экопатологиядан көптеген экогенді аурулардың созылмалылануына өтуіне және ұзақ экопатологиямен адамдардың едәуір контингенттері қамтылатын эндоэкологиялық эпидемиялардың айқындалуына әкеледі.
Ерекше техногенді экопатологиялар, жедел уланудан ерекшелігінде, техногенді ластанудың аз, субқауіпті және кәдімгі сезілетін дозаларының созылмалы әсері нәтижесінде дамиды. Экосфераның бүкіл биотасы сол немесе басқа дәрежеде өнеркәсіптік улармен уланған. Мысалы, бірінші мыңжылдық ортасындағы Мексика аборигендерінің сүйектеріне қарағанда, қазіргі американдықтың сүлдесінде 1000 есе көп қорғасын бар екендігі анықталған. Өнеркәсіптік аудандардағы адамдардың шаштарында, тырнақтарында қорғасын, кадмий және басқа элементтер бар. Көптеген жағдайда бұл «симптомға дейін» улану деп аталады. Бүгінгі күні қазіргі заманғы адамдар популяцияларының жалпы аурушаңдығына үлесі бар ма және оның қаншалықты үлкен екендігі әлі анық емес. Алайда көптеген заттардың бір уақытта адам организмінде жинақталу тенденциясы болады. организмде қандай да бір агенттің биоаккумуляциясының қауіпті мәніне жету ауруға әкеледі.
3 Сабақ өткізу әдістемесі
Студенттердің бірінші тобының міндеті – «Қала – бұл адам мен қоғамның оңтайлы мекендеу және даму ортасы» көзқарасын қолдап өз дәлелдерін баяндау.
Студенттердің екінші тобының міндеті – Қала – бұл адам мен қоғамның қолайсыз мекендеу және даму ортасы» көзқарасын қолдап өз дәлелдерін баяндау.
Талқылауға дайындалған кезде келесі мәселелерді назарға алу керек:
Бақылау сұрақтары
Ұсынылатын әдебиеттер
СӨЖ арналған тапсырмалар
1. № 6 практикалық жұмыс бойынша глоссарий құрастыру.