Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:07, курсовая работа
Қазіргі әдістемелік нұсқаулар барлық оқу түрлері мамандықтарының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған.
Практикалық жұмыстарды орындау теориялық бөлімді зерделеуден, талқылауға қатысудан, бақылау сұрақтарына жауаптар жазудан және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаудан тұрады.
Сондай-ақ 2005 жылғы желтоқсанда № 94-III ҚР Заңымен басты түрде суда жүзетін құстардың мекендейтін жерлері ретінде халықаралық мағынасы болатын, су-батпақ жерлер туралы Конвенция ратификацияланған. Қазіргі уақытта Қазақстанда ұя салу, түлеу, маусымдық көшіп-қону және қыстау кезеңінде құстардың 130-дан астам түрі тіркелген. Құстардың ұя салатын түрлерінің жыл сайынғы саны 10 млн. жетеді, 2-3 млн. құс мұнда түлеу үшін ұшып келеді, ал 50 млн. жуық жыл құстары көктемгі және күзгі көшіп-қону кезеңінде біздің су қоймаларына тоқтайды. Берілген Конвенция жаһандық маңызды су-батпақ жерлердің үш басым аумағында биологиялық алуан түрлілікті сақтауға және тұрақты пайдалануға және негізгі қауіптерді азайтуға/жоюға амалдың негізін құрайды, Рамсар конвенциясында баяндалған, халықаралық келісілген стандарттарды қабылдау бойынша жаңа ақпаратқа және кеңес беруге қатынасты қамтамасыз етеді және су-батпақ жерлер бойынша жобаларды қолдау үшін Рамсар қорынан қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қоса, тұрақты органикалық ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясын, халықаралық саудадағы жеке қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім процедурасын қолдану бойынша Роттердам конвенциясын, климатты өзгерту бойынша БҰҰ Рама конвенциясына арналған Киото хаттамасын ратификациялау жоспарлануда.
Киото хаттамасы механизмдерін іске асыру энергетика сферасына инвестицияларды және жаңа, заманауи технологияларды жұмылдыруға, энергияның балама көздерін дамытуға және жаңа экологиялық таза және энергия жинайтын технологияларға салынатын «жасыл инвестициялар» мен халықаралық жобалардың қосымша құралдарын жұмылдыруға мүмкіндік береді. Стокгольм конвенциясын ратификациялау кезінде Қазақстан тұрақты органикалық ластаушылар бойынша мәселелерді шешу үшін халықаралық қаржылық, ақпараттық және технологиялық ресурстарға қатынасты алады.
Роттердам конвенциясы дамитын елдердің оларда химиялық заттар мен пестицидті теріс пайдалану адамдардың сырқаттануына және өліміне жиі әкелген және қоршаған ортаға зиян келтірген, өнеркәсібі дамыған елдерде жасалған көптеген қателерді болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен, барлық елдер тұрақты дамуға және экологиялық жағдайға зиян келтірмей, химиялық заттар мен пестицидтердің артықшылықтарын пайдалана алады. Роттердам конвенциясы Қазақстандағы химиялық заттарды бақылау және басқару жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Қазақстанның жоғарыда аталған халықаралық конвенцияларға қатысуын талдап, оларға қатысу өзінің оң нәтижелерін береді және қоршаған ортаны қорғауға қосымша қаржылар мен жаңа технологияларды жұмылдыруға мүмкіндік туғызады деп белгілеуге болады.
1-кесте - Көп жақты универсалды халықаралық шарттардың тізбесі
Р/к № |
Конвенцияның, келісімнің атауы |
Қосу (ратификациялау) туралы РК құжаты |
Қазақстан Республикасы үшін пайдасы |
1 |
Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым конвенциясы, 1947 ж. 11 қазан |
Қосу туралы 18.12.1992ж. №1791-XII РК ВС қаулысы |
|
Биологиялық алуан түрлілік туралы конвенция. Рио-де-Жанейро, 1992 ж. маусым |
Мақұлдау туралы 19.08.1994ж. №918 РК КМ қаулысы |
| |
3 |
Табиғи ортаға әсер ету құралдарын әскери немесе кез келген басқа қастықпен пайдалануға тыйым салу туралы конвенция |
Қосу туралы 20.02.1995ж. № 301-XIII ВС қаулысы |
|
4 |
Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Рама конвенциясы (UNFCC). Рио-де-Жанейро, 1992 ж. 11 маусым |
Ратификациялау туралы ҚР Президентінің 04.05.1995ж. № 2260 Жарлығы |
|
Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасы. Монреаль, 1987 ж. 16 қыркүйек |
Қосу туралы 30.10.1997ж. №176 ҚР Заңы |
| |
6 |
Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы. Вена, 1985 ж. 22 наурыз |
Қосу туралы 30.10.1997ж. №177-I ҚР Заңы |
|
Трансшекаралық контекстіде қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы конвенция. Эспо (Финляндия), 1991 ж. 25 ақпан |
Қосу туралы 21.10.2000ж. № 86-II ҚР Заңы |
| |
Ауаның үлкен ара қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы конвенция. Женева, 1979 ж. 10 қараша |
Қосу туралы 23.10.2000ж. № 89-II ҚР Заңы |
| |
Өнеркәсіптік апаттардың трансшекаралық әсер етуі туралы конвенция |
Қосу туралы 23.10.2000ж. № 91-II ҚР Заңы
|
| |
Ақпаратқа қатынас, жұртшылықтың шешімдер қабылдауға қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділдікке қатынас туралы конвенция |
Ратификациялау туралы 23.10.2000ж. № 92-II ҚР Заңы |
| |
11 |
Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасына түзету, Лондон, 1990ж. 27-29 маусым |
Қосу туралы 07.05.2001ж. №191-II ҚР Заңы |
|
12 |
Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын және олардың жойылуын бақылау туралы Базель конвенциясы. Базель, 1989 ж. 20-22 наурыз |
Қосу туралы 10.02.2003ж. №389-II ҚР Заңы |
Іске асыру барлық елдердің өңірдегі жағдайды объективті бағалауына және біздің елімізді теңіз ортасының елеулі ластануында және экожүйе тепе-теңдігінің бұзылуында мүмкін болатын негізделмеген айыптаудан қорғауға мүмкіндік береді. Ол Каспий теңізінің теңдессіз биоалуан түрлілігін сақтаудың нақты құралы, сондай-ақ Аралмен болған оқиғаның Каспий теңізімен қайталанбауының кепілі болады. Қазақстанның Тегеран конвенциясын ратификациялауы біздің еліміздің қоршаған орта мүдделерін есепке алып, экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылысын бүкіл әлемдік қауымдастыққа тағы да көрсетті. |
Шөлденумен күрес жүргізу бойынша БҰҰ конвенциясы. |
Ратификациялау туралы 07.07.1997ж. № 149-1 ҚР Заңы |
| |
14 |
Басты түрде суда жүзетін құстардың мекендейтін жерлері ретінде халықаралық мағынасы болатын, су-батпақ жерлер туралы Конвенция (1982 жылғы 3 желтоқсанда Париж хаттамасы-мен енгізілген түзетулерімен және 1987 жылғы 28 мамырда Режинде енгізілген түзетулерімен) |
Қосу туралы 13.12.2005ж. № 94-III ҚР Заңы |
|
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау бойынша Рама конвенциясы (Тегеран, 2003 жылғы 4 қараша) |
Ратификациялау туралы 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 97-Ш ҚР Заңы |
||
16 |
Тұрақты органикалық ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясы. Стокгольм, 2001 жылғы 22 мамыр |
2001 жылғы 2 мамырда қол қойылған. 2007 жылғы ҚРЗ ратификацияланған |
|
17 |
Халықаралық саудадағы
жеке қауіпті химиялық заттар мен
пестицидтерге қатысты алдын
ала негізделген келісім |
2007 жылғы ҚРЗ ратификацияланған |
Роттердам конвенциясы аса қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерді пайдалану кезінде мониторинг және қауіптерді бақылау бойынша қуатты құрал болып табылады. Қазақстан осындай заттар, олардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратқа қатынасты алады. Осы деректерді пайдаланып, ел пайдалану, тыйым салу немесе оны пайдалануды шектеу бойынша меншікті саясатын жасай алады |
Бақылау сұрақтары
Ұсынылатын әдебиеттер
СӨЖ арналған тапсырмалар
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының қорық аумақтары
МАҚСАТЫ: Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын зерделеу
1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өз аумағындағы табиғи объектілердің сақталуын қамтамасыз етіп, биоалуан түрліліктің сақталуы туралы Конвенцияның бір тарапы болып табылады. Биоалуан түрлілікті сақтау бойынша Ұлттық Баяндама және Стратегия дайындалған, ұлттық және өңірлік жобалар жүзеге асырылады, табиғи-қорық қорының жаңа объектілері ұйымдастырылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – құқықтық ерекше қорғау режимі бар не болмаса шаруашылық қызметінің реттелетін режимі бар, мемлекеттік табиғи-қорық қорының сақталуын және қалпына келуін қамтамасыз ететін жерлер, сулар, ормандар мен жер қойнаулары учаскелері.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген:
1 Мемлекеттік ұлттық табиғи бақтар
Қазақстанның мемлекеттік ұлттық табиғи бақтарының (МҰТБ) сипаттамасы 1-кестеде келтірілген.
2 Мемлекеттік табиғи қорықтар
Қазақстанның мемлекеттік табиғи қорықтарының (МТҚ) сипаттамасы 2-кестеде келтірілген.
3 Мемлекеттік табиғи резерваттар
Қазақстанның мемлекеттік табиғи резерваттарының (МТР) сипаттамасы 3-кестеде келтірілген.
4 Мемлекеттік табиғи бақтар
Қазақстанның мемлекеттік табиғи бақтарының (МТБ) сипаттамасы 4-кестеде келтірілген.
1-кесте – Мемлекеттік ұлттық табиғи бақтар сипаттамасы
МҰТБ атауы |
Құрылу негізі |
Құрылу мақсаты |
Орналасқан жері және шекаралары |
«Алтын Емел» |
ҚР Үкіметінің 1996 ж. 10 сәуірдегі № 416 қаулысы |
Іле алабының экожүйелерін сақтау. Палеонтология ескерт-кіштерін қорғау. Орынды тынығу. |
Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандары. Жалпы ауданы - 209553 га. Батыс шекарасы – Шолақ, Матай және Дегерес тауларының бойымен, шығысы Қатутаудың шығыс шекарасы бойымен Іле өзеніне дейін, солтүстігі - Алтын Емел жотасы бойымен, оңтүстігі – Іле өзені бойымен өтеді. |
Баянауыл
|
ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1985 жылғы 12 тамыздағы № 276 қаулысы. |
Ерекше экологиялық, тыны-ғушылық және ғылыми құндылығы бар теңдессіз табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтау, қалпына келтіру және көп салалы пайдалану бойынша функция-ларды жүзеге асыру. Елеулі антропогенді қысым жағдайларында далалы аймақта орналасқан Баянауылдың интра-белдемдік таулы-орманды мас-сивтерін сақтау. |
Парктің жалпы ауданы 50,7 мың га, соның ішінде орманды ауданы – 18252 га. Бұл басым көпшілігін-де орман өсімдігі қаулаған, қатты қиылысқан бедері бар таулы-орманды шұрат. Жеңіл механикалық құрамды қоңыр-сарғылт топырақты құрғақ далалардың арасында құрғақ-далалық Ерементау-Баянауыл физика-географиялық шалғай жерінің шығыс шетінде орналасқан. Шалғай жер Орталық Қазақстанның байтақ солтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Оған Баянауыл типті көптеген жақпарлы аласа таулары бар қатты бөлінген ұсақ шоқылық бедердің басым болуы тән. |
Іле-Алатау |
ҚР Үкіметінің 1996 ж. 22 ақпандағы № 228 қаулысы. |
Күшті антропогенді қысым
жағдайларында Іле өзенінің ар жағындағы
Алатаудың теңдессіз |
Алматы облысының Қарасай, Талғар және Еңбекші қазақ аудандары. Жалпы ауданы 128856 га құрайды, соның ішінде - 42056 га орман қаулаған. |
Қарқаралы |
ҚР Үкіметінің 1998 ж. 1 желтоқсандағы. № 1212 қаулысы. |
Қарқаралы және Кент таулары-ның интрабелдемдік
таулы-орманды массивтерінің |
Орталық Қазақстанда, Қазақ ұсақ шоқылығының шығыс шетінде орналасқан. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Қарқаралы және Кент таулы массивтері. Ауданы – 90323 га, қосып берілген Қарқаралы мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалын қосқанда. |
Қатон-Қарағай
|
ҚР Үкіметінің 2001 ж. 17 шіл-дедегі № 970 қаулысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағында. |
Ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және тынығушылық құндылығы бар Оңтүстік Алтай-дың теңдессіз табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру. Негізгі міндеттері:
|
Шығыс Қазақстан облысы,
Қатон-Қарағай ауданы. ООПТ ауданы 643477 гектарды құрайды. Ұлттық
бақтың аумағы деңгейінен 3000 метр жоғарыға
жиі көтерілетін, көптеген жоталары бар
таулы елді білдіретін, Оңтүстік Алтай
ірі таулы өңірінің шекарасында орналасқан.
Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи
паркінің құрамына: Листвяга және Катун
жоталарының оңтүстік шағын беткейлері
(Белуха қ. оңтүстік және шығыс беткейлері),
Қазақстан шекарасындағы биік таулы Укок
үстіртінің жоғарғы бөлігі, Оңтүстік,
Тарбағатай (Алтай) және Сарымсақты жоталары
кіреді. Батыста: шекарасы Фарпусная
(Шуршутсу) өзенінің бойымен Медведка
және Солдатово селоларына дейін
өтеді. Ең жоғары жоталары шығыстан батысқа қарай тізбекпен тартылған Катун, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтай), Сарымсақты, Листвяга болып табылады. Катун және Оңтүстік Алтай жоталары биік таулығының бедері тік жартасты жоталары, мореналары, карлары, астау тәрізді аңғарлары бар биік тау типті. Басқа жоталар бедерінің аса тегіс сипаты бар. Жоталар мен жайпақ таулардың аса жоғары бөліктері ауқымды қарлы алаңқайлармен, кейде мұздықтармен жабылған. Мұнда қазіргі мұз басқан екі орталық орналасқан – Катун мұздықтары және көптеген таулы өзендерді қоректендіретін Оңтүстік Алтай жотасының шығыс бөлігінің мұздықтары. Ұлттық бақтың аумағы дамыған гидрографиялық торапты иеленеді. Өзінің бастауын биік орналасқан Укок жайпақ тауында бастайтын, Бұқтырма су қоймасын сумен қамтитын Бұқтырма өзені негізгі су магистралі болып табылады. Ұлттық бақ шекарасындағы негізгі ағыншалар - Калмачиха, Курту, Таутекелі, Белая Берель, Сахатушка, Фадиха, Тихая, Черновая, Каменушка, Сарымсақты, Белая өзендері. Ұлттық бақтың оңтүстік бөлігінде келесі өзендер аса маңызды болып табылады: оңтүстікке қарай ағатын Қара-Қаба, Арасан-Қаба, Ақ-Қаба. Қатон-Қарағай ұлттық бағының өзендерінде бірнеше көркем сарқырама бар: Көккөл, Рахман, Язовая өзеніндегі сарқырамалар. |
«Көкшетау»
|
ҚР Үкіметінің 1998 ж. 10 сәуірдегі № 415 қаулысы. |
Көкшетау қыратының теңдессіз ормандарын сақтау. Өңірдің тынығушылық және курорттық потенциалын дамыту. Тарихи ескерткіштерді сақтау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жүйесін қорғау және оның әрі қарай дамуын қамтамасыз ету. |
Ақмола облысының Зеренді ауданы, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы. Жалпы ауданы - 101148 га. |
Шарын
|
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 23 ақпандағы № 213 қаулысы. |
Теңдессіз табиғи объектілерді сақтау, табиғи ресурстардың түрлерін және пайдаланылу қарқындылығын реттейтін, табиғатты пайдаланудың ерекше режимін сақтау, тынығу жүктемелерінің және табиғаттың қалпына келтіру қабілеттерінің оңтайлы және сындарлы нормаларын айқындау. |
Алматы облысының Ұйғыр, Райымбек және Еңбекші қазақ аудандары. Жалпы ауданы - 93150 га, соның ішінде – орман қорының жерлері – 5014 га, "Шарын шетенді тоғайы" республикалық маңызды Мемлекеттік табиғат ескерткішін қосқанда. |
2-кесте – Мемлекеттік табиғи қорықтар сипаттамасы
МТҚ атауы |
Құрылу негізі |
Құрылу мақсаты |
Орналасқан жері және шекаралары | |
Ақсу-Жабағылы – Орта Азия мен Қазақстанның тұңғыш қорығы, 1920 ж. ұйымдас-тырылған көне заман, табиғат пен өнер ескерткіш-терін қорғау жөніндегі Түркістан комитеті (қысқартылған түрде - Туркомстарис, ал 1927 ж. бастап - Средазкомстарис) |
Қорық аумағында табиғатты зерделеу өткен, ғасырдың аяғында – қазіргі ғасырдың басында басталды. 20-шы жылдары – қорыққа арналған аумақты тексеру кезеңі. 1935 ж. – қорық аумағын тұрақты зерделеу. 1951 ж. – 1926…1951 жж. «Табиғат шежіресінің» бірінші жиынтық томы. 1952 ж. бастап «Шежіренің» жыл сайынғы томдары шығарылады. 1968 ж. бастап Жабағылы өзенінің аңғарында 4 сынама алаң қаланған (діңі биік арша, бетегелі-әр түрлі шөпті дала, суббиік таулы шалғын). 1983 ж. тігінен — Қызылжар шатқалынан (1600 м) Қыша-Қайыңды (3000 м) жоьасынан дейін 13 тұрақты алаң салынған (өсімдіктің әр түрлі типтерін дамыту учаскелеріне тұсталған), оларда фенология, шөптің қалыңдылығы өнімділігінің динамикасы бойынша бақылау жүргізіледі, ағаштар мен бұталар картаға түсірілген. 1926…1935 жж. омыртқалы жануарлар дүниесі толық түгенделген, аумақ геология-палеонтологиялық тексерілген, флористикалық зерттеулер басталған. |
1. Қорықтың және онымен шектес аумақтардың (қорғау аймағы) экожүйелерін сақтау және табиғи қалпына келтіру; 2. Өңірде экология-лық тепе-теңдікті қолдау, табиғи кешендер мен олардың компоненттерінің табиғи даму заңдылықтарын айқындау; 3. Табиғатты қорғау-дың және табиғатты
ұтымды пайдаланудың ғылыми негіздерін
әзірлеу; |
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік
қорығы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас
Алатауы жотасының батыс |
Құрылу негізі |
Құрылу мақсаты |
Орналасқан жері және шекаралары | |
Алакөл
|
«Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі қаулысы. |
Қорық аумағы тарихи қалыптасқан су-батпақ кешенін білдіреді, ол біршама тұрақты гидрологиялық режиммен, теңдессіз гидрофлорамен және гидрофаунамен сипатталады және ұя салатын су-батпақ құстарының резерваты, олардың жаппай түлейтін орны және жылыстағанда аялдайтын маңызды орын болып табылады, ол арқылы жыл сайын суда жүзетін және су маңында тіршілік ететін жүздеген мың құстар жылыстайды. Қорық орнитологиялық және су-батпақты ретінде құрылған. Басты мақсаты шоғырланатын және суда жүзетін құстардың: шағалалардың (қара мойнақ, қарабас өгіз шағала, көл шағаласы), қарқылдақ шағалалардың (үлкен қарқылдақ, шағала мұрынды, қара, ақ қанатты, өзен шағаласы және кішкентай шағала), бұйра және қызғылт бірқазандардың, жалбағайдың, үлкен су құзғынның, сұр және ақ құтандардың, бақылдақ құтандардың, шалшықшылардың, үйректердің және т.б. ұя салатын маңызды және теңдессіз жерлерін сақтау болды. АГПЗ МСОП критерийлері бойынша 1А категориясына жатады. |
Қорықтың ауданы 20743 га құрайды. Екі учаскеден тұрады: Тентек өзенінің атырауында (17423 га) және Алакөл көлінің аралдарында (3320 га). Өлшемдері бойынша Қазақстанның ООПТ арасында ең кішкентай, оның ауданы Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесінің су қоймалары ауданынан 1%-дан кем ауданды алып жатыр. Алакөл-Сасықкөл көлдерінің жүйесі Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай таулы жүйелері арасында ауданы 10 000 км2 жуық тау аралық көл шұңқырын алып жатыр. Тау алдындағы жазық (400…800 м) осы жотаның оңтүстік баурайының бойында Қаракөл, Егінсу, Үржар, Қатынсу, Емел және т.б. өзендердің аңғарларымен қиылысқан, 50…70 км дейінгі жолақты (ауданы 3200 км2) Алакөл және Сасықкөл көлдерінің солтүстік жағалауына дейін 180 км-ге созылады. Жергілікті жердің жазықтық сипатын жеке таулар (Жайтөбе, Балатөбе) бұзады. Қазаншұңқырдың солтүстік-шығыс бөлігінде көтеріліп тұрған Қарақастың жоталы массивтері алыс жазыққа шығатын Тарбағатай сілемдері болып табылады. Барлықтың жоталы-жонды сары топырақты тау алды (тең.деңг. 500-1100 м) мемлекеттік шекара бойында (Емел өзенінен Шуршут өзеніне дейін) 750 ш.км ауданды алып, 50 км-ге (ені 20 км дейін болғанда) созылады. Осы жотаның шөлденген тау алды (347…800 м) ұзындығы 180 км және ені 25 км дейін (солтүстік-батыста Сайқан тауы мен солтүстік-шығыста КХР-мен мемлекеттік шекарасы арасында) тар тау етегімен Алакөл көлінің оңтүстік-батыс жағалауына еңіспен түседі және ұсақ тасты шөлді (ауданы 2220 ш. км) білдіреді. «Жоңғар қақпалары» деп аталатын Барлық және Жоңғар Алатауы арасындағы таулы өткел Алакөл қазаншұңқырын Қытайдағы Эби-Нор қазаншұңқырымен жалғайды. |
Алматы
|
Алғаш рет 16.05.1931 ж. құрылған. 1951ж. қыркүйекте жабылған. Екінші рет 31.07.1961 ж. құрылған. 1964ж. «Алматы мемлекеттік қорығының шекараларын өзгерту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 13.01.64 ж. №40 Қаулысымен оған Түрген және Талғар орман шаруашылық-тары жерлерінің қолданылатын жерлердің орнына жаңа алаң бөлінген болатын . |
Табиғи процестерді, типтік және теңдессіз экологиялық жүйелерді, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігін және генетикалық қорын табиғи күйінде және дамуында сақтау және зерделеу бойынша функцияны жүзеге асыру үшін құрылған. |
Аумақтың жалпы ауданы 71 700 мың га құрайды, бүкіл аумақ қорықты қорғау режимінде. Іле өзенінің ар жағындағы Алатау Тянь-Шань жүйесінің шеткі солтүстік тізбегі болып табылады және Күнгей Алатау жотасымен бірге Солтүстік Тянь-Шаньды құрайды. Солтүстіктен Іле өзенінің ар жағындағы Алатау жотасы кең тектоникалық ойысты білдіретін Іле ойпаңымен шектелген, оңтүстігінде ол Шелек-Кемен немесе талғар таулы түйінін құрап, өзінің орталық бөлігінде қосылатын Күнгей Алатау жотасынан Шелек және Үлкен Кемен өзендерінің тар аңғарларымен бөлінген. Батыста Іле өзенінің ар жағындағы Алатау Қастек асуынан кейін Кеңдіктас қыраттары жүйесіне өтеді, шығысында Шелек өзенімен қиылысқан соң биік емес қырқалар жүйесімен аяқталады. Қорық аумағының негізгі бөлігі Іле өзенінің ар жағындағы Алатаудың солтүстік беткейінде орналасқан. Аумақтың батыс шекарасы – Сол Талғар өзені бойымен, солтүстігі – Оң Талғар өзені бойымен, ал шығысы Есік және Түрген өзендерінің аңғарларын бөлетін биік сілем айдары бойымен өтеді. Қорық тың батыстан шығысқа қарай шекарасының ұзындығы 32 км-ден астам болады.
Қорықтың қалған аумағы |
Барса келмес1 |
1939 ж. ұйымдас-тырылды. Алғашқы жыл-дары қорықта 1929 ж. әкелінген ақбөкендер қор-ғалған. Құлан-дарды 1953 ж. әкелді. Осы уақытқа қарай аралда ақбөкен-дер, қарақұйрық-тар, сұр түсті қояндар, саршұ-нақ құм тышқан, қырғауылдар және сұр шілдер болды. Негізгі қорғау объекті-лері құландар, қарақұйрықтар болды. Арал 1848 ж. тамызда ғылыми түрде ашылды. 1963 ж. ботаникалық, сонан соң кешенді эколо-гиялық зерттеу-лер басталды. |
Табиғи процестерді, типтік және теңдессіз экологиялық жүйелерді, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігін және генетикалық қорын табиғи күйінде және дамуында сақтау және зерделеу бойынша функцияны жүзеге асыру үшін, жануарлар мен өсімдіктердің жоғалып кеткен түрлерін қорғау. Құландарды өсіру, қашырлар алу үшін оларды жылқылармен будандастыру. Бірақ бұл жоспарлардың жүзеге асырылуына соғыс кедергі жасады. |
Бұрынғы уақытта онда қорық орналасқан Барса келмес Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде болған. Бұл Қызылорда облысының Арал ауданы аумағының құрамына кіретін, Аралдың көлемі бойынша екінші аралы болды. Арал бойлық бағытта 30 км-ге созылып жатыр, қазір оның ауданы 300 км2 асады және теңіз деңгейінің ілгерілеп құлауына байланысты үнемі ұлғаяды. Барса келмес Орта Азия жазығы елінің Солтүстік Арал өңірі Провинциясына жатады. Солтүстік Арал өңірінде қазақстандық типті шөлдердің кең таралғаны белгілі. Сонымен, қорық аумағы — осы типті шөлдер кешендері қорғалатын әлемдегі жалғыз қорық. |
Батыс Алтай |
ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1992 ж. 3 шілдедегі № 1519 Қаулысы. |
Батыс Алтайдың табиғи процесте-рін, типтік және теңдессіз экология-лық жүйелерін, өсімдіктері мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігін және генетикалық қорын табиғи күйінде және дамуында сақтау және зерделеу бойынша функцияны жүзеге асыру үшін құрылған. |
Шығыс Қазақстан облысының Лениногорс |
Қаратау |
ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашы-лығы министрлі-гінің Орман және аңшылық шаруа-шылығы комите-тінің ««Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2004 ж. 1 наурыздағы № 249 Қаулысы. |
Экожүйелерді үлестіру заңдылық-тарын және құрамын нақтылау, өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтау мақсатында олардың объектілерін, маңызды түрлері мен қауымдастықтарының қазіргі күйін бағалау.
1. Теңдессіз және типтік мекендеу орындарын,
флора және фаунаның экожүйелері мен түрлерін,
олардың генетикалық ресурстарын және
табиғи ерекшеліктерін сақтау және қорғау. 3. Қорықтың табиғи ортаны сақтау бойынша функциясын іске асыру маңыздылығын арттыру мақсатын-да гидтердің басшылығымен келушілер үшін ұйымдастырылған бағдарламалар арқылы сақтау бойынша оқытушы және ақпараттық бағдарламаларды қолдауды қамтамасыз ету. 4. Қорық аумағында қоғамдық қатынасты қатаң лимиттеу. Негізгі міндеттері: - аумақты өрттерден қорғауды күшейту және өртке қарсы шаралар жүргізуді жақсарту; - тау текенің, үнді жайрасының және сүт қоректі жануарлардың басқа түрлерінің популяциясы күйін зерделеу; - жоғары споралы және жоғары түтікшелі өсімдіктер флорасын түгендеу; - өсімдіктердің эндемиялық және Қызыл кітапқа енген түрлерінің мекендерін айқындау; - тектік қорды сақтау және аса құнды жабайы өсетін өсімдіктерді ұдайы өсіру мақсатында қорықтың буферлік аймағында тәлімбақты ұйымдастыру; - экотуризм және экологиялық білім беру бойынша бағдарламаларды әзірлеу, жұртшылықпен, жергілікті әкімшілікпен байланыс жасау және жергілікті халықты қорықты басқаруға тарту. |
Қаратау жотасының Орталық бөлігінде орналасқан, ол Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Тянь-Шаньның солтүстік-батыс доғаларының тармақталуы болып табылады. Мойынқұм, Қызылқұм, Бетпақ Дала шөлдері-мен шекараласады. Қорық ауданы 34300 га алады, солтүстігінде және солтүстік-шығысын-да Созақ ауданымен; батысында Созақ ауданының шекарасынан Баялдыр және Түйетас өзендерінің қосылған жеріне дейін, Қарағаштау тауларына дейін; оңтүстігінде Қарағаштау тауларынан Талдыбұлақ, Хантағы өзендері арқылы Созақ ауданының шекарала-рына дейін; шығысында Созақ ауданының бойымен шектеседі. Жотаның ассиметриялық құрылысы бар. Оның оңтүстік-батыс беткейі кең және барынша жайпақ. Солтүстік-шығыс беткейлері едәуір тіктігімен ерекшеленеді. Жотаның ең жоғары нүктесі - Мыңжылқы тауы - 2167 м белгісі бар. Жота беткейлері барлық жерде маусымдық беттік ағысы бар көптеген өзендер мен уақытша су ағыстарының терең алқаптарымен бөлшектен-ген. Барынша ірі өзендер - Баялдыр, Біресек, Хантағы, Талдыбұлақ. Ағысын беткейлер баурайында жоғалтып, олардың ешқайсысы да өз суларын басты су қатынасы - Сырдария өзеніне дейін жеткізбейді. Қорық аудандарының ұзақтығы меридиандық бағытта - 28,3 км, ендік бағытта – координаталар жүйесі бойынша 23,6 км құрайды. Қорықтың жалпы ауданы 34300 га құрайды, орталық мекенжайы Түркістан қаласынан 40 шақырымда темір жол станциясы бар Кентау қаласында орналасқан. Бұл қалалар автомагистральмен байланысқан. Орталық мекенжайдан қорық аумағына дейінгі жақын ара қашықтық - 17 км. |
Қорғалжын2 |
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1968 ж. 16 сәуірдегі № 124 Қаулысы. |
Теңдессіз көл кешендерін қорғау; Теңіз-Қорғалжын көлдерінің биоалуантүрлілігін, ең алдымен орнитофаунаны сақтау. Рамсар Конвенциясының халықаралық резерваты статусы бар. |
Ақмола облысының Қорғалжын және Егіндікөл аудандары, Қарағанды облысының Нұра ауданы. Шекарасы Теңіз-Қорғалжын көлдерінің жүйесі бойымен өтеді. Жалпы ауданы - 258963 га, су басқан аумақ 150 мың га көлемінде. |
Марқакөл |
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1976ж. 4 тамыздағы. № 365 Қаулысы.
|
Оңтүстік Алтайдың табиғи кешендерін, соның ішінде Марқакөл көлінің өзін табиғи күйінде сақтау үшін құрылған. Табиғи күйінде сақтау
және зерделеу, табиғи процестерін, типтік
және теңдессіз экологиялық жүйелері |
Шығыс Қазақстан облысының Кұршым ауданы. Марқакөл ұзындығы отыз сегіз километрге созылады, енінде кей жерлерде он тоғыз километрге дейін жетеді. Су айдынының ауданы 455 км2, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте, солтүстігінде Құршым және оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында тау аралық қазаншұңқырда орналасқан. Марқакөлге көптеген өзендер, жылғалар мен бұлақтар құйылады. Олардың ішінде ең ірісі: Тополевка, Тихушка, Урунхайка, Матабай, Төменгі Еловка және т.б. Көлден тек бір Қалжыр көлі ғана ағады. Барынша үлкен тереңдігі 24…27 м тектоникалық текті Марқакөл көлі тұщы судың орасан үлкен табиғи қоймасы болып табылады. Тайгамен қоршалған әдемі көл ұзақ уақыт бойы демалыс және туризм орны болды. Шығыс Қазақстан облысының Құршым ауданының аумағында орналасқан. Қорықтың ауданы 75040 га құрайды. |
Наурызым |
Қазақ КСР Халық Комиссар-лары Кеңесінің 1931ж. 31 шілдедегі № 973 Қаулысы. |
Солтүстік Қазақстанның
типтік, сирек кездесетін және теңдессіз
экологиялық жүйелерін, далалық
аймағының өсімдіктері мен |
Қостанай облысының Наурызым ауданында
орналасқан. - Наурызым, орталық учаске, оған Наурызым қарағайлы орманы кіреді; - Қарағай, көлдер және дала учаскелері (71 602 га); |
- Терсек – Терсек-Қарағай қарағайлы орманы және дала учаскелері (6 665 га) бар солтүстік-батыс учаскесі; - Сыпсың – көк терек-қайыңды шоғыр ормандары, орманы мен бетегелі даласы бар батыс учаскесі (7000 га); - Жаркөл көлі (2379 га), солтүстік-шығыстағы орталық учаскеге жатады. Орманды аудандары 17662 га құрайды. | |||
Үстірт |
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1984ж. 12 шілдедегі № 294 Қаулысы. |
Оңтүстік-Батыс Қазақстанның шөлді аймағына тән табиғи кешенді табиғи күйінде сақтау, табиғи экожүйелердегі процестердің табиғи ағынын эталондау, тірі организмдерінің генетикалық қорын сақтау және қалпына келтіру. |
Маңғыстау облысының Қарақия ауданы. Қорықтың ауданы - 223300 га. Қорғау аймағы 56,8 мың га құрайды. Географиялық аудандастыруда Үстірт аумағы Африка-Азия шөлді аймағының Иран-Тұран шағын аймағына кіреді, ал қорық шөлдердің оңтүстік аймағының Үстірт және Маңғышлақ округтарының түйісінде болады. Қорық аумағы Үстірттің батыс шыңының бір бөлігін, үстірттің өзінің шыңы маңындағы тар жолақты және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орналасқан Кендірлісор ауқымды ойпауытын алып жатыр. Қорық әкімшілігі Жаңөзен қаласында орналасқан. |