Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:07, курсовая работа
Қазіргі әдістемелік нұсқаулар барлық оқу түрлері мамандықтарының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған.
Практикалық жұмыстарды орындау теориялық бөлімді зерделеуден, талқылауға қатысудан, бақылау сұрақтарына жауаптар жазудан және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаудан тұрады.
2. № 3 практикалық жұмыс бойынша тезаурус құрастыру.
3. «Атмосфераны қорғау» тақырыбына кейс құрастыру.
1 Барса келмес атауының өзі де құпия: «барсаң — қайтып келмесің. Арал картасында арал пайда болғанға дейін, өзара соғыстар кезінде, жағалаудағы бірнеше қазақ отбасы теңізден алыс көрінетін жердің бір бөлігіне жасырынуды шешті. Қыс ішінде адамдар өзінің малдарымен бірге аралға дейін аман-есен жетеді. Бірақ күшті теңіз дауылы мұзды көпірді бұзып, қашқындар қайтып келе алмай қалды. Олар жер үйлерде тұрды, аңдар мен құстардың етімен қоректенді, қар суын ішті, отынға сексеуіл жарды. Ыстық жаз келген соң күтпеген оқиға болды – жеке ойпауыттарда еріген сулардан түзілген жеке тұщы су айдындары кеуіп қалды. Адамдар мен мал сусыз қалды. Материкке ешкім де қайтып оралмады. Содан бері көгілдір Аралдың тегіс бетіндегі көкшіл төбешік Барса келмес деп аталады. Арал жағадан теңіз тыныш болғанда таңертеңгі және кешкі ауада жақсы көрінсе де, ол ұзақ уақыт бойы зерделенбей жүрді.
2 Суда жүзетін құстардың ұялау, демалу, қыстау орындарын қорғау бойынша халықаралық конвенциямен (MAP жобасы) қорық «А» категориясы бойынша халықаралық мағыналы су-батпақты жерлер тізіміне енгізілген.