Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 11:34, реферат
Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО). «Адам және бносфера» деп аталаған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді.
Кіріспе - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - - -- - - - - - - - - - - - - - 3-5 бет.
1 бөлім
1.1 Экология ғылымы және оның пайда болуы, қалыптасуы, дамуы. - - 6-12 бет.
1.2 Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары. - - - - - - - - - - - - -13-14 бет.
1.3 Қазіргі экологиялық білім берудің креативтік технологиясы. - - 15-20 бет.
2 бөлім.
2.1 Географияны оқытудағы жалпы экологиялық білімге жалпы сипаттама беру. - - 21-23 бет.
2.2 Географияны оқытудағы дүние жүзілік экологиялық проблемаларды мысалдарға аса отырып талдау жасау. - - - - - - - - - - - - - - - - -24-30 бет.
2.3 Географияны оқытудағы еліміздегі өзекті проблемаларды (Арас, Балхаш) талдау. - - -31-32 бет.
2.4 Әр бір азаматтың табиғатқа тигізетін өндірістік іс-әрекеттері. - -33-34 бет.
2.5 Оқушыларға географияны оқытудағы экологиялық қауіптен қорғану немесе алдын алу, жолдарын түсіндіру - - - - - - - - - - - 35-40 бет.
Қорытынды. - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - 41-42 бет.
Кіріспе - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - - -- - - - - - - - - - - - - - 3-5 бет.
1 бөлім
1.1 Экология ғылымы және оның пайда болуы, қалыптасуы, дамуы. - - 6-12 бет.
1.2 Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары. - - - - - - - - - - - - -13-14 бет.
1.3 Қазіргі экологиялық білім берудің креативтік технологиясы. - - 15-20 бет.
2 бөлім.
2.1 Географияны оқытудағы жалпы экологиялық білімге жалпы сипаттама беру. - - 21-23 бет.
2.2 Географияны оқытудағы дүние жүзілік экологиялық проблемаларды мысалдарға аса отырып талдау жасау. - - - - - - - - - - - - - - - - -24-30 бет.
2.3 Географияны оқытудағы еліміздегі өзекті проблемаларды (Арас, Балхаш) талдау. - - -31-32 бет.
2.4 Әр бір азаматтың табиғатқа тигізетін өндірістік іс-әрекеттері. - -33-34 бет.
2.5 Оқушыларға географияны оқытудағы экологиялық қауіптен қорғану немесе алдын алу, жолдарын түсіндіру - - - - - - - - - - - 35-40 бет.
Қорытынды. - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - 41-42 бет.
«Табиғат, адам – олардан құтты не бар?» (Ш.Уалиханов)
«Жер –ана, ел-бала». «Жері байдың – елі бай».
«Күте білсең – жер жонарт».
Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО). «Адам және бносфера» деп аталаған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді. 1972 жылы Стогольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тблиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешім қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982 ж.), Беч (1983 ж.), Мәскеу (1987 ж.) т.б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапты.
Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В.Белинский, А.Герцен, Н.Чернышовскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А.Бекетов, К.Тимирязев, Д.Кайгородов, т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.
ХХ ғасырдың орта шенінде педагогтар В.Наташ, Н.Верзинин, В.корсунская, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып оқытуды ұсынған. 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру бұрынғы КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Белорусия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б.) «Биосфера», «Экология», «Табиғат қорғау», т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог –ғалым И.Зверев, С.Дрябь, Н.Суравечина, А. Захлебный, т.б. халықтың оқу жүйесіне экологиялық білім берудің сан қырлы теориялық – тәжіриебелік негіздерін ұсынды. Экологиялық білім беруде елімізде қазір көптеген жоғарғы оқу орындар жұмыс істейді.
Абай атындағы университет, КазМҰУ, Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында «Химия-биология», «география-экология» т.б. мамандықтар бойынша бөлімдер ашылған. Осы бағытта егеменді еліміздің жоғары парламенті мен үкіметі «Айналаны қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы» (1996 ж.), «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспары» (1996 ж.), «Экологиялық баға беру бағдарламасы» (1999 ж.), «ҚР – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы» (2004 ж.) т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.
Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын игеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған да қызығуды арттырады.
Экологиялық сана-адамның табиғатқа көзқарасының, білімнің, сенімі және дағдысының жиынтығы болса, ол экологиялық ойлау-табиғатта болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін және терең түсіну. Жауапкершілікпен ойлау арқылы адам баласы табиғат апаттарына жол бермейді ( Арал, Балқаш, т.б.)
1. Экология ғылымы және оның пайда болуы, қалыптасуы, дамуы.
Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болған. Экология сөзін «Естественная история происхождения» атты кітабында ең бірінші қолданған неміс биологі Эрнест Геккель (1986 ж.). Экология «ойкос» деген грек сөзі «үй», «баспана» ұғымын білдіреді. Э.Геккелдің айтуы бойынша экология-зоологияның бір тармағы, ал жанды мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық және онорганикалық ортамен өзара қатынасты зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болған. Экологияны жасаған органикалық эволяция туралы оқудың негізін салушы, англия ғалымы Чарльз Дарвин. Дарвиннің анықтауы бойынша, тіршілік үшін күресу ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың өлі табиғатқа қатысының көп заттардың байланысының түйінделуі деп негізделеді. Экологияның зерттейтін мәселелері – жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы зор.
Сонымен, экология - тірі органикалық тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Көптеген ғалымдар әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты. Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа қөзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері аясыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіутер, жанурлар, өзен-көлдер, адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекеттің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жайып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері (Химия, мұнай, көмір, АЭС т.б.) және цемент заводтары өндіретін пайдасы заттардан бәлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық-түлік, ет-сүт тағамдарының қалдық қоқыстары іріп-шіріп бұзылуынан түрлі зиян келтіреді, ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға әсер ететін екі факторды атауға болады: Жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс әрекеті.
Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз өсіп, көбеюде мысалы, 1990 жылы біздің планетамызда 5,3 млрд шамада болды. 2000-ы жылы жер бетінде тұрушылар саны 6 млрд шамада болды. Мысалы, Пантелеевтің болжамы бойынша, халықтың өсіп, көбеюі одан әрі жалғасады, ХХ ғасырдың орта кезінде негізінде 10 млрд деңгейін жетіп тұрақтана бастайды. Жер бетінде халықтың тез өсіп жетілу көптеп қиыншылықтарды туғызады. Мәселен, планетадағы бүкіл халықты тамақтандыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету, оларды жақсы жерлерге орналастыруға, әл-ауқатын үздіксіз жақсарту – бұл әрине, оңай жұмыс емес, міне, бұл жағдай халықтың күні бұрын қалын ойлауды, көптеген іс-әрекеттерін алдын-ала тиімді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелердің бірі-бұл экологиялық ьілім және тәрбие. Әлемдегі экологиялық деректерді, ғылыми мағұлматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне байланысты. Осыған орай, ең басты міндеттердің бірі – табиғатты қорғау мәселелермен оқушыларды ғылым негінде теориялық білімнің негізі көздері – химия, физика, география, астрономия пәндері. Бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерге терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді.қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру керек. Оқушыларды экологиялық білім негіздерімен қаруландыру үшін осы пәндер бойынша мектеп өзінің мүмкіншілігін еске алып, экология бағдарламасын жасайды. Көрсетілген аймақтар бойынша экологиялық мәліметтерді сол пәндердің негізінде бағдарламаға енгізу керек. Мысалы, география пәні бойынша: жерді қорғау, тиімді пайдалану, орман-тоғайларды, өсімдіктерді қорғау, оларды өрттен т.б. апаттан сақтау; өзен, көлдердің ластануына қарсы күрес жүргізу; ауаның тазалығын сақтау; өндіріс орындарын, топырақ, ауа жағдайларын есепке алып, тұрғын жерлерде дұрыс орналастыруды қамтамасыз ету.
Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін кейбір теориялық және практикалық мәне бар экологиялық мәліметтерді бағдарламаға кіргізу керек. Оқушылар олармен лекциялар, практикалық жұмыстар, кештер, саяхаттар арқылы танысады. Шамамен осындай әуенді пайдаланып, тікелей эхкологияға қатысы бар пәндер бойынша экология бағдарламасын құруға болдаы.
Енді экологиялық тәрбие жұмыстарының бірнеше түрлерін қарастырайық:
1. Ауыл міндеттерінің оқу-тәрбие учаскесіндегі бағасы ағаштан тұқымының көшектерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық жерлерді көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемелекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Өйткені, олар мектеп орманшылығының мүшесі, сонымен бірге ормандарды қорғау және ағаш өндіру жұмыстарына да белсенді қатысады. Олардың негізгі істейтін жұмыстарының түрлері:
Көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, ұрылардан қорғау, орман-тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу.
- (Көшет) Дәрі өсімдіктерін дайындау, жидан, саңырауқұлақ т.б. жемістерді жинау.
- Пайдалы хайуанаттарды қорғау және олардың есебін алып отыру.
- Фенелогиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауыл шаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдардың ғылымымен жүргізіледі. Осы орайда сөз ретінжде мысалы келтіретін болсақ Қазақстанның Оңтүстік және Терістік облыстарының топырағымен ауа райы жағдайында ауыл шаруашылық тәжірибеде жұмыстары әр түрлі тақырыптарда жүргізіледі: «Кубань - 3», «Дубровский - 129» күріш сорттарының өсіміне минералдық және кең қосылған минералдық тыңайтқыштар әсер етуін анықтау, күріш егісінде өсетін аралшөп балдырлары мыс купорасымен жою: Сәбіз егістігіндегі араншөптерді керосин және солер майымен тазалау т.б. Қазақстанның терістік облыстарында мектеп оқушылары егістік дала жағдайында ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын зерттеу мақсатымен тәжірибе жұмысын мынадай тақырыптарға жүргізеді: «Сібірдің тез пісетін помидоры». Сонымен, оқушылар дала жағдайында тәжрибе жұмысын жүргізу кезеңінде әр түрлі аймақтардың топырағы мен ауа райын есепке алып, дәнді және бақша өсімдіктерінің сортынан, олардан түсетін өнімді зерттейді, химиялық құралдарды қолдану жолымен түсетін өнімді зерттейді, химиялық құралдарды қолдану жолымен егістікжерлерде өсетін арамшөппен күрес жүргізу.
4. Оқушылар түрлі табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтық ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тыңайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшекерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепке жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, лекциялар, әңгімелер, көрнелер, сайыстар, оқушылардың шығармалары, рефереттары, баяндамалары, табиғатты қорғау тақырыптарында арналған плакаттар т.б. Осылардың бәрі оқушылардың экологиялық мәдениеті саналы, жете түсінуіне, табиғи ортаны қорғау мен жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті құралдардың бірі.
Егер экологиялық құлық еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып, тікелей табиғи байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
1. Өмірде және нақты еңбек іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу.
2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларда жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
3. Әрбір мектепке экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру. Қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
4. Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрауы, жорықтар, саяхаттар ұйымдастыруы.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары.
1. Экологиялық нормалардың ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу.
2. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.
3. Жастардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру
а) Әрбір тұлғанын мінез-құлқында
ә) Қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда.
б) Экологиялық білімді насихаттауда.
в) Ең алғашқы кәсіби еңбекте.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбиенің мазмұны әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, таған т.б. жасайтын табиғат заттарын қалай пайдалануымен танысады. Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға бағыттарын өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.
Информация о работе Географияны оқытудағы жалпы экологиялық білімге жалпы сипаттама