Географияны оқытудағы жалпы экологиялық білімге жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 11:34, реферат

Описание

Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО). «Адам және бносфера» деп аталаған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді.

Содержание

Кіріспе - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - - -- - - - - - - - - - - - - - 3-5 бет.
1 бөлім
1.1 Экология ғылымы және оның пайда болуы, қалыптасуы, дамуы. - - 6-12 бет.
1.2 Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары. - - - - - - - - - - - - -13-14 бет.
1.3 Қазіргі экологиялық білім берудің креативтік технологиясы. - - 15-20 бет.
2 бөлім.
2.1 Географияны оқытудағы жалпы экологиялық білімге жалпы сипаттама беру. - - 21-23 бет.
2.2 Географияны оқытудағы дүние жүзілік экологиялық проблемаларды мысалдарға аса отырып талдау жасау. - - - - - - - - - - - - - - - - -24-30 бет.
2.3 Географияны оқытудағы еліміздегі өзекті проблемаларды (Арас, Балхаш) талдау. - - -31-32 бет.
2.4 Әр бір азаматтың табиғатқа тигізетін өндірістік іс-әрекеттері. - -33-34 бет.
2.5 Оқушыларға географияны оқытудағы экологиялық қауіптен қорғану немесе алдын алу, жолдарын түсіндіру - - - - - - - - - - - 35-40 бет.
Қорытынды. - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - 41-42 бет.

Работа состоит из  1 файл

5 Географияны оқытудағы жалпы экологиялық білімге жалпы сипаттама.doc

— 192.00 Кб (Скачать документ)

              Біз бәрімізде табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақтың алдында тарих алдында жауаптымыз. Міне, осы тұрғыдан барлық жастарға экологиялық білім және тәрбие беру мақсаты, мазмұны анық және нақты көрсетілуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Оқушыларға экологиялық қауіптен қорғану немесе алдын алу жолдарын түсіндіру.

              Бүкіл жер бетіндегі адамзатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі табиғи ортаны қорғау, адам баласына ұтымды жағдай жасау.

              Жер жүзіндегі ғалымдардың болжамына қарағанда адамзаттың экологиялық апатқа ұшырауының әр түрлі себептері бар сияқты.

              Таяудағы он жыл ішінде ауада көмірқышқыл газының үлесі ұдайы көтеріледі. Бұл бүгінгі күнгі қарағанда жер күн энергиясын айрықша көбірек сіңіретін жылы жайға айналдыруы мүмкін деп айтушылар да бар. Сондықтан планета температурасы көтеріліп, құнарлы топырақты аудандар қуаң жерге айналады, мұздардың еру есебінен мұхиттардағы судың дейгейі көтеріліп, жағалауындағы жерді қалаларды су басады.

              Антарктида мен Арктиканың үстінде озон тесіктері пайда болды деген болжам бар. Озон тесіктері оңтүстік полюстің үстінде АҚШ – ң көлемінен артығырақ кеңіген. Ал Терістік полюс үстінде де тесіктер табылған 2100 жылы Озонның жамылғы қорғанышы жоқ болып кетсе, ультракүлгін сәулелер жерді кептіреді, жануарлар мен өсімдіктер, яғни бүкіл тіршілік апатқа ұшырауы мүмкін. Егер озон қабаты қазіргі қарқынмен одан әрі бұзылса ХХI ғасырда біздің ұрпағымыз не күтеді.

              50 жылдардың басында ауада озонның мөлшері бірнеше пайыздай көбейеді 60 – шы жылдардың басында төмендеді, ал 10 жылдан кейін оның мөлшері қайтадан өсті, 70 – ші жылдардың ішінде, ол төмендеп кетті.

Қазіргі кезде озон қабығы жаңадан 3 % шамасында жүдеді. Озонды негізгі жоюшылар құрамында галоген элементтері бар заттар – фреондар. Бүкіл дүние жүзінде 1 млн. Тонна шамасында фреондар өндіріледі. Олар лактар мен сырларды тозаңдату, тоңазытқыштарды суыту үшін қолданылады. Осы уақытта фреондардың 40 % - ы АҚШ – та, 35% - ы БЭС – елдерінде, 10% - ы бұрынғы КСРО мен Жапонияда өндіріледі. Осы химиялық заттар туралы мынадай шаралар қолдануда.

1.      1985 ж. Озон қабатын қорғау туралы Вена конференциясы қабылданды.

2.      50 – ден астам мемлекеттердің өкілдері Монреаль конференциясында шешім қабылдады. Осы әр бір мемлекет озонды бұзушы заттарды өндіру қысқартылсын деп жазылған.

3.      Фреондар өндіруді 1993 ж. 20%, ал 1998 жылы 50% - ға азайту керек деп белгіленді.

Егер белгіленген бағдарлама орындалса, егер озонды бұзушы заттарды өндіру үдей түспесе, онда озон туралы тынышсыздануға болмайды. Қазіргі уақыттағы қауіпті жағдайдың бірі – бұл ядролық қыс. Бұл терминнің мәні атомдық соққының нәтидесінде өрт пайда болып, қалың түтін қабаты планетаны жабады да ауаны сөзсіз қараңғылайды, күн сәулесінің жер бетіне жетуі тоқталады. Осының әсерінен жер беті суынады. Барлық тірі мақұлық жер бетінің мұздауымен ядролыққыспен соқтығысады.

              Экологиялық апатты болдырмас үшін бізді қоршаған табиғаттың өте күрделі және толық зерттелген жүйе екенін  дұрыс түсінуіміз керек . Демек, табиғатты қорғау жұмысы кешенді және жүйелі болуы қажет. Сонымен бірге табиғат байлығын пайдалану басқа шаралармен тығыз байланыста іске асырылуы керек.

              Сонымен, экологиялық тәрбие және білім беру мәселелерінің мазмұнын химия, физика, биология, география сабақтарында халықаралық, мемлекеттік, өлкетану деңгейінде ашып тұрғын жерді, қоршаған ортаны қорғау, күту және оның қорын ұтымды пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Сонымен біздің ата – бабаларымыз  - Майқы би, Бәдібке би, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би табиғатты, туған жерді қорғауға үндесе, ақындар мен жыраулар табиғатты аялап жырына қосқан.

              Кезінде қазақ даласын жаяу аралап оның байлығын әлемге  паш еткен геологиялық зерттеулердің атасы академик Қ.Сатпаев бір сөзінде «Туған жердің тағдыры толғатпаған, жаны тебіреніп ол туралы ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған  жердің қара тасын мақтап өте білмеген азамат бөгде жердің алтын тасында мақтап жарытпас» деп түйсе, ол өзінің зерттеушілік қабілетімен Ресей георграфиялық қоғамның толық мүшесі болған жихангер, ағартушы Ш.Уалихановті терең толғанған.

              Біздің жеріміз әлі де бай әлі де шұрайлы. Десе де, Арал, Балхаш, Билікөл т.б. су айдындары мен орман тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда әлемге әйгілі. Бір кездегі бұл өнірлердегі қалың тоғай жотаған, аң мен құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кеткен. Табиғатты осындай хәлге душар болатынын алдын-ала кезген бабаларымыз бен ғалымдарымыз да жоқ емес. Ертедеде ит тұмсығы өтпейтін ну тоғайлар Ертіс, Жайық, Іле, Шу , Есіл, Нұра өзендері бойында көп болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

1.      Методика обучения география в школе М: 1997г. 61-75 стр.

2.      Кучер экологический образования

3.      География в школе 1900 г. №1, 12 лист.

4.      Гладкий Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік геогрфиясы Алматы мектеп 2001ж. 212 бет

5.      Максоковский География культура М:1958г. 358-360стр.

6.      География в школе 2001г. №4

7.      География в школе 1999г. № 2

«Изучение окружающей среды школьной географии»

8.      Н.Н.Моисеев экология и образования М: «Юнисам» 1996г.

9.      География в школе 1990г.№1, 82 стр.

10. Қазақстан мектебі 2004ж. №7 «Экологиялық білім қалыптасуының негіздері мен тәжірибиелері»

 



Информация о работе Географияны оқытудағы жалпы экологиялық білімге жалпы сипаттама