Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 19:12, реферат
Ақпараттық жүйе классификациясы немесе ақпараттық жүйені құрубарысында шешілетін есептің формальды математикалық және алгоритмдік сипаттамалары мен байланысты мәселелер туындайды. Формализациялау деңгейінен барлық жүйенің жұмыс тиімділігі тәуелді болып келеді. Сонымен қатар алынатын ақпараттар негізінде шешім қабылдау үрдісіндегі адамның
қатысу деңгейімен анықталатын автоматизациялау деңгейінен жұмыс тиімділігі тәуелді болады.
1. Математикалық қамтамасыз ету.
2. Бағдарламалық қамтамасыз ету.
3.Жартылай құрылымдалған есептерді шешуге қолданылатын
ақпараттық жүйелер
4.Ақпараттық жүйенің функционалдық қамтамасыз етілуі бойынша жүйе түрлері.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
СОӨЖ №6
Тақырыбы: Ақпараттық жүйелердегі есептеу
процестерін және пәндік аймақтарды үлгілеу
Орал 2013
Жоспар:
1. Математикалық қамтамасыз ету.
2. Бағдарламалық қамтамасыз ету.
3.Жартылай құрылымдалған есептерді шешуге қолданылатын
ақпараттық жүйелер
4.Ақпараттық жүйенің функционалдық қамтамасыз етілуі бойынша жүйе түрлері.
Ақпараттық жүйе классификациясы немесе ақпараттық жүйені құрубарысында шешілетін есептің формальды математикалық және алгоритмдік сипаттамалары мен байланысты мәселелер туындайды. Формализациялау деңгейінен барлық жүйенің жұмыс тиімділігі тәуелді болып келеді. Сонымен қатар алынатын ақпараттар негізінде шешім қабылдау үрдісіндегі адамның
қатысу деңгейімен анықталатын автоматизациялау деңгейінен жұмыс тиімділігі тәуелді болады. Есептің математикалық сипаттамасы нақтырақ болған сайын мәліметтерді компьютерлік өңдеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары және оны шешу
үрдсіндегі адам қатысуының дәрежесі соғұрлым төмен болады. Бұл есептің автоматизациялау дәрежесін анықтайды. Ақпараттық жүйенің құрылуын қамтамасыз ететін есептің 3 типі бар.
1) құрылымдалған (формальданатын)
2) құрылымдалмаған (
3) жартылай құрылымдалған.
Құрылымдалған есепте барлық элементтерімен және олардың
арасындағы өзара байланысының барлығы белгілі болып келеді.
Құрылымдалмаған есеп мұнда элементтерді белгілеуге және оның
арасына байланыстырады орнатуға болады. Құрылымдалған есепте оның мазмұнын шешімнің нақты алгоритмінен тұратын математикалық модельдер формасында беруге болады. Мұндай есептер әдетте бірнеше рет шешуді қажет
етеді және олар рутильді сипаттамаға ие. Құрылымдалған есепті шешу үшін ақпараттық жүйені қолдану мақсаты болып олардың шешуінің толық автоматизациялануы болып табылады. Яғни, адамның рөлі ешқандай орын
алмайды. Мысалы, ақпараттық жүйеде жалақының есептелуін жүзеге асыру қажет болсын. Бұл шешім алгоритмі толығымен белгілі құрылымдалған есеп.
Бұл есептің рутиндік сипаты барлық кіріс және шығыс ақпараттарын есептермен анықталады, бірақ олар әрбір ай сайын барлық категория жұмыстары үшін бірнеше мәрте қайталануы қажет. Сондықтан, олардың көлемі
өте үлкен болады. Құрылымдалмаған есепті шешу кезінде математикалық сипаттамалардың құрылуымен алгоритмнің әзірленуінің мүмкін еместігіне
байланысты көптеген қиындықтар туындайды, мұнда ақпараттық жүйені қолдану мүмкіндігі жоқ деуге де болады. Мұндай жағдайда шешім адаммен қабылданады. Яғни, адамның тәжірибесіне негізделген және әртүрлі көздерден
алынатын қосымша ақпараттарға байланысты болып келеді. Кез-келген мекеме жұмысы тәжірибесінде толығымен құрылымдалған немесе мүлдем құрылымдалмаған есептің болатынын ескеру қажет. Көптеген есептерде олардың элементтерімен олардың арасындағы байланыстардыңжартысы ғана ибелгілі болып келеді. Мұндай есептер жартылай құрылымдалған деп аталады.
Осындай шарттарға сүйене отырып, ақпараттық жүйені құру үрдісі жеңіл болады. Ондағы алынатын ақпараттар нақты рөль ойнайтын адаммен талданады. Мұндай ақпараттық жүйелер автоматизацияланған болып табылады және олардың функциялануы кезінде адамның қатысуы басты рөль ойнайды.
Мысалы, кешен жұмысының бірін дәл уақытында орындау үшін еңбек ресурстарындағы қажеттіліктер жағдайын шешуде қажетті шешім қабылдау керек. Егер жұмыстың орындалуы туралы ақпараттардың барлығын қажетті параметрлер бойынша үлестіретін болса, онда жартылай құрылымдалған есептерді шешу үшін қолданылатын ақпараттық жүйелер 2 түрге бөлінеді:
1) Құрылатын басқару отчеттары және ең алдымен мәліметтерді
өңдеуге бағытталған отчеттар (іздеу, сұрыптау, сүзгілеу т.б). Осы отчеттардағы мағыналарды қолданыла отырып, басшы шешім қабылдайды.
2) Мүмкін альтернативті
шешімдерді әзірлеу. Шешім
альтернативтің бірін қабылдау таңдалады. Альтернативті шешімдерді әзірлейтін
ақпараттық жүйелер модельді
ақпараттық жүйелер қолдануға
ақпараттық жүйелер-білімді өңдеумен байланысты эксперттік жүйелерді құру арқылы қолданушыға мүмкін алтернативтерді қамтамасыз етеді.
Функционалдық белгі бойынша ақпараттық жүйелер классификациясы.
Функционалдық белгі-бағыныңқы жүйелердің тағайындалуын оның негізгі мақсаттары міндеттерін және функцияларын анықтайды. Шаруашылық практикада ақпараттық жүйе классификациясының функционалдық белгілерін
анықтайтын қызметтің өндірістік және комерциялық объектерінің типтік түрлері:
1) өндірістік;
2) маркетинктік;
3) қаржылық;
4) кадрлік.
Маркетингтік қызмет:
1) Өнім шығаратын өндірушілермен тұтынушылар нарығын талдау,
сатылымдарды талдау;
2) Өнімнің қозғалысы бойынша жарнамалық компанияны
ұйымдастыру;
3) Материалды-техникалық жабдықтарды рациональды
ұйымдастырудан тұрады;
4) Кадрлік қызмет фирмаға қажетті мамандарды жинақтауға және
сонымен қатар әртүрлі аспектілер бойынша қызметтік құжаттарды жүргізуге бағытталған.
Қызметтің осы көрсетілген бағыттары ақпараттық жүйенің келесі типтік жиындарын анықтады:
1) Өндірістік жүйелер;
2) Маркетинктік жүйелер;
3) Қаржылық және есептеу жүйелері;
4) Кадрлар жүйесі.
1. Фирма қызметтің спецификациясына тәуелді көмекші функционалда
орындалатын басқа да типтер.
Басқару деңгейлері Классификация деңгейлері
Стратегиялық Басшы (жоғары звено менеджері)
Ірі фирмаларда функционалдық белгідегі негізгі ақпараттық жүйелер бағыныңқы функцияларды орындау үшін арналған бірнеше жүйелерден тұруы
мүмкін. Мысалы: өндірістік ақпараттық жүйесі келесі бағыныңқы жүйелерден тұрады:
- өндірістік қорларын басқару;
- өндірістік үрдістерді басқару;
- компьютерлік инженерингті басқару және т.б.
Математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету-ақпараттық жүйенің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін арналған сонымен қатар техникалық құралдар кешенінің қалыпты функционалдануына арналған
математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиыны.
Математикалық қамтамасыз ету құралдарына жататындар:
- басқару үрдістерін модельдеу құралдары;
- басқарудың типтік міндеттері (есептері);
- математикалық бағдарламалау, математикалық статистика, массалық қызмет көрсету теориялары және т.б әдістері.
Бағдарламалық қамтамасыз ету құрамына жалпы жүйелік және арнайы бағдарламалық өнімдер, сонымен қатар, техникалық құжаттамалар енеді. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге қолданушыларға
бағытталған және ақпараттарды өңдеудің типтік есептерін шешу үшін арналған бағдарламалық кешендері жатады. Олар компьютердің функцоиналдық мүмкіндіктерін, деректерді өңдеу үрдістерін бақылаумен басқаруды кеңейтуге
бағытталған. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйені құру барысында әзірленген бағдарламалар жиыны ұсынады. Оның құрамына нақты
объектінің функционалдануын бейнелейтін адекваттылық әртүрлі
деңгейлерінде әзірленген модельдерді жүзеге асыратын қолданбалы
бағдарламалар пакеті (Қ.Б.П) енеді. Бағдарламалық құралдарды әзірлейтін техникалық құжаттама есептің
сипатталуын, алгоритмдеу
тапсырмасынан, есептің экономика-
Информация о работе Ақпараттық жүйелердегі есептеу процестерін және пәндік аймақтарды үлгілеу