Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:45, реферат

Описание

Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:

Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;

Работа состоит из  1 файл

inf5_SabJospar_102.doc

— 1.01 Мб (Скачать документ)

 

  • Жұмыс үстелiнiң терезесiМой компьютер,  Сетевое окружение, Корзина, Мои документы, «Пуск» батырмасы Жұмыс үстелiнiң стандартты элементтерiне енедi.Мой   компьютер   –

Компьютердiң  құрамына енген құрылымдарды қарауға  мүмкiндiк бередi.

 

  • Сетевое окружение - 

 

Желiлiк  ресурстарды қарауға негiзделген.

 

  • Корзина -

 

Уақытша өшiрiлген файлдар  мен бумаларды сақтау қызметiн  атқарады.

 

  • Мои документы -

 

Құжаттарды, бейнелердi және басқа да файлдарды сақтауға негiзделген.

 

  • Кнопка «Пуск» -

 

Программаларды жүктеудi, құжаттарды ашуды жүйелердi баптауды жүзеге асыруды және файлдарды iздеу және т.б. әрекеттердi орындауға мүмкiнiдк бередi.


 

Тышқанды басқару  тәсiлдерi

Тышқанды  басқарудың келесi тәсiлдерiн қарастырамыз:

 

- кез келген объектiге  немесе басқару элементтерiне  курсорды алып барып, ұстап тұрсақ, онда оның қатарында  жыпылықтағыш анықтама пайда болады

- тышқанның сол жақ батырмасын объектi бойынша бассақ, онда оны бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.

 

- тышқанның сол жақ батырмасын екi рет бассақ, онда терезелердi, құжаттарды, программаларды және т.б. ашуға мүмкiндiк бередi.

 

-тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы терезенi жылжыту немесе оның өлшемiн өзгертуге болады.

 

- объектiлердi бiр орыннан келесi орынға орналастыру үшiн  тышқанның сол жақ батырмасын объектiге апарып, жiбермей әрекетiн орындау арқылы iске асырылады.

- Тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы жанама меню ашылады.


ЖҰМЫС ҮСТЕЛIНIҢ  ОБЪЕКТIЛЕРI

Бас меню

Пуск батырмасын басқаннан кейiн экранда Бас меню пайда болады.

Бас меню соңында ашылған барлық программалар мен құжаттарды тез енудi қамтамасыз етедi.

Қандай да бiр  программаны iске қосу үшiн келесi әрекеттер орындалады:
  • Пуск батырмасына басу.
  • Программы командасы таңдалатын Бас меню пайда болады.
  • Меню iшiнен қажеттi программаны таңда.

Тапсырмалар тақтасы

Тапсырмалар тақтасы  программаларды жүктеу мен олардың арасына өту қызметiн атқарады және ол экранның төменгi бөлiгiнде жатық жол түрiнде орналасқан.

 

 

Тапсырмалар тақтасының сол жағында Пуск батырмасы, ортасында ашық тұрған құжаттың немесе программасының батырмалары, ал оның оң жағында уақыт, пернетақтаның тiлдерге ауыстыру жақтауы орналасқан.

ТЕРЕЗЕ

Терезе – бұл экранның түрлi программаларды орындайтын тiктөртбұрышты аумағы және ол WINDOWS’98 операциялық жүйесiнiң негiзгi объектiсi болып табылады. Терезенiң келесi түрлерден тұрады: программалар терезесi, құжаттар терезесi, анықтамалық жүйе терезесi, хабар алмасушы терезе.

Программалар  терезесi программалардан немесе бумалардан тұрады. Бұл терезеде қолданбалы программалар орындалады.

Құжаттар терезесi терезенiң басқарау элементтерi мен WINDOWS’98 объектiлерiнiң басқа да таңбалары енетiн құжаттарға негiзделген.

Хабар алмасушы терезесiне тек басқару элементтерi ғана енедi.  WINDOWS’98 операциялық жүйесi мен ондағы программалар осы терезенiң көмегiмен басқарылады.

Анықтамалық жүйе терезесiне WINDOWS’98 операциялық жүйесiмен және оның программаларымен жұмыс жасау бойынша анықтамалық ақпараттар мен анықтамалық жүйенi басқару элементтерi енедi.

Терезе құрылымы

Терезе бумасы келесi құрылымнан тұрады:

    • Берiлген бумаға объектiлер белгiсi орналасқан жұмыс аумағын бумалар терезесiн құрайды;
    • Командалар атауы тақырып қатарында орналасқан. Тақырып қатарына тышқан көрсеткiшiн алып барып, оны кез келген бағытқа жылжытуға болады.
    • Терезе жақтауы. Тышқан көрсеткiшiн терезе жақтауына алып барып, терезе өлшемiн кез келген бағытқа өзгертуге болады.
    • Тақырып қатарының сол жағында жүйелiк меню белгiсi орналасқан. Бұл белгiге бiр рет басқанда терезенi басқару командалырың тiзiмi ашылады, оның көмегiмен жылжытып, өлшемдерiн өзгертуге болады.
    • Тақырып қатарының төменгi бөлiгiнде меню қатары орналасқан. Онда терезенiң жұмыс аумағында бейнеленген объектiлердi басқаруды қамтамасыз ететiн командалар тiзiмi орналасқан.
    • Құралдар тақтасы программалар командаларында жиi қолданылатын батырмалар мен белгiлердi тез жiберуге негiзделген. 
    • Егер жұмыс аумағы шеңберiнде терезе объектiлерi түгелiмен орналаспаса, онда терезеде автоматты түрде  тiк және көлденең айналдыру жолақтары пайда болады. 

Терезе элементтерi

Ол тақырып қатарының  оң жақ бұрышында орналасқан батырмалардан  тұрады:

Жабу батырмасы. Осы  батырмаға басу арқылы терезе жабылады.

Кiшiрейту батырмасы. Тапсырмалар тақтасына терезе батырма ретiнде бүктелiп, уақытша жабылады. Оған қайтадан басу арқылы оны қалпына келтiруге болады.

Үлкейту батырмасы. Экранның аумағына дейiн үлкейтуге мүмкiндiк бередi.

Қалпына келтiру батырмасы терезенi бастапқы қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi.

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құралдар тақтасын басқару элементтерi


 

 




 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Бумалар тiзiмiн ашу. Келесi буманы таңдау арқылы бумалар тiзiмi ашылады.
    2. Өту батырмасы жоғарыға бiр деңгейге көтеру.
    3. Буферге өшiру батырмасы. Бумалар терезесiнен алмастыру буферiне объектiлер өшiрiледi.
    4. Буферге көшiру батырмасы. Объектi өшiрiлмейдi, бiрақ алмастыру буферiне көшiрiледi.
    5. Буферден қою батырмасы.  Буфердегi сақталған объектi бумаға қойылады.
    6. Керi қайтару батырмасы. Жасалынған амалдар керi қайтарылады.
    7. Өшiру батырмасы. Бөлiнiп алынған объектi (немесе объектiлер тобы) өшiрiледi.
    8. Қасиет батырмасы. Бөлiнiп алынған объектiлердiң қасиеттерiн қарау.

 


 

 

 

Жаңа объектiлердi құру тәсiлдерi

 

 


 



 

 


 


 



 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жұмыс үстелiнде буманы құру
  2. Бума құрылымындағы буманы құру

 



Объектiлердi топтап бөлiп алу тәсiлдерi

 

 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сүйреу арқылы топ объектiлердi бөлiп алу: тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып, қажеттi аймақтар бөлiп алынады.
  2. SHIFT пернесi арқылы объектiлер тобын бөлiп алу.

 

 

 


 

Бумалармен  және файлдармен жұмыс жасаудың негiзгi амалдары

 

Бума – бұл түрлi программаларды және  құжаттарды дискiге, файлға сақтайтын ақпаратты сақтаушы.                                                                                                                                                                                        

Жаңа  бумаларды құру

Жұмыс үстелiнде жаңа буманы құру үшiн Жұмыс үстелiнiң  кез келген бос жерiне тышқан көрсеткiшiн  апарып, оның оң жақ батырмасын басу жеткiлiктi.

 Егер басқа буманың  iшiне жаңа буманы құру қажет  болса, онда ең алдымен, жаңа буманы құратын буманы ашып, оның iшiне өз бумаңызды құру үшiн терезенiң жұмыс аумағының бос жерiне апарып, тышқанның оң жақ батырмасын басасың. Пайда болған динамикалық менюден   Создать командасын таңдайсыз. Буманы таңдауға қажеттi экранда меню ашылады немесе Файл_Создать_Папка командасын тiзбектей орындаңыз.

Нәтижесiнде аты бар (1,2,... және т.б.) жаңа бума белгiсi құрылады. Қажеттi атауды енгiзесiз де,  Enter пернесiне басасыз.

Бума  жарлықтарын құру

Жарлықты құрудың екi тәсiлi бар:

    • Егер Жұмыс үстелiнде немесе ашық тұрған бумаға жарлық құру қажет болса, онда сүйреу арқылы жарлық құрылады.
    • Мастер көмегiмен жарлықты құру. Ол үшiн осы терезеде тышқанның оң жақ батырмасын басқаннан кейiн пайда болатын жанама менюде Создать_Ярлык командасы таңдалады.


    • Экранда  «Создание ярлыка» терезе мастерi пайда болады.

 

 

 

 

 

 

    •   Обзор батырмасына бассақ, онда хабар алмасушы терезе пайда болады да, осы терезеден жарлық құруға қажеттi объектiнi таңдап аласыз және Открыть батырмасына басасыз.

 

 

 

    • Одан кейiн мастер терезесiне қайтып келу жүзеге асырылады. Далее батырмасына басып, жарлықтың атын енгiзiңiз де, Готово батырмасына басыңыз. Аталған әрекеттер орындалғаннан кейiн экранда жаңа жарлық пайда болады.

Буманы, файлды және жарлықты жылжыту

 

Жылжыту тәсiлдерi төмендегiдей:

  • Бумаға орналастыратын файл белгiсiне тышқан көрсеткiшiн алып барып, сүйреу арқылы қажет бумаға апарып, орналастырамыз.
  • Меню арқылы объектiлердi жылжыту.  Ол үшiн бума терезесiндегi объектiнi бөлiп алып, мына команданы орындайды: Правка  _  Вырезать. Одан кейiн бума терезесiне өтiп, Правка  _ Вставить командасын орындаймыз.
  • Жанама меню арқылы.
  • Ctrl+X пернелерi арқылы бөлiнiп алған объектi өшiрiледi де, Ctrl+V пернесi арқылы жаңа орынға қойылады.

Бумаларды, файлдарды  және жарлықтарды көшiру

Көшiру тәсiлдерi төмендегiдей:

  • Меню арқылы объектiлердi көшiру жүзеге асырылады. Ол үшiн бума терезесiнен объектiнi бөлiп алып, Правка _ Копировать командасын орындаңыз. Содан кейiн қабылдап алу бумасының терезесiне көшiп, мына команданы орындаңыз: Правка  _ Вставить.
  • Жанама меню арқылы.
  • Ctrl+С пернелерi арқылы бөлiнiп алынған объектiлер көшiрiледi және Ctrl+V пернелерi арқылы жаңа орынға қойылады.

Буманың, файлдың  және жарлықтың атын өзгерту

Объектiнiң атын өзгертудiң  бiрнеше тәсiлi бар:

  • Объектi бойынша тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы пайда болған жанама менюден Переименовать командасын таңдаңыз да, жаңа ат енгiзiңiз де, Enter пернесiне басыңыз.
  • Бөлiнiп алынған объектiнiң аты бойынша бассаңыз, жаңа атты енгiзетiн тiктөртбұрышты жақтау пайда болады.
  • Объектiнi бөлiп алыңыз да, мына команданы орындаңыз: Файл _ Переименование.

Буманы, файлды және жарлықтарды өшiру

Объектiлердi немесе объектiлер  тобын өшiрудiң бiрнеше тәсiлi бар:

  • Объектiнi бөлiп алыңыз да, Delete пернесiне басыңыз.
  • Бөлiнiп алынған объектi бойынша тышқанның оң жақ батырмасын басып, жанама менюден бума терезесiндегi менюден Удалить командасын таңдаңыз.
  • Объектiлердi немесе объектiлер тобын белгiлеп алып, бума терезесiндегi менюден мына команданы орындаңыз: Файл  _ Удалить.
  • Объектiлердi немесе объектiлер тобын таңдап, оны Корзины белгiсiне алып келiңiз.
  • Тышқанның сол жақ батырмасы арқылы объектiнi таңдап, Delete пернесiне басыңыз.

Жоғарыдағы тәсiлдердiң  бiреуiн орындағаннан кейiн экранда  “Подтверждение удаления” терезесi пайда болады. Өшiрiлетiн файлдар автоматты түрде Корзинаға орналастырылады.

 

Өшiрiлген бумаларды, файлдарды және жарлықтарды қалпына  келтiру.

Корзина белгiсi бойынша екi рет бассаңыз өшiрiлген объектiлер тiзiмiнен тұратын Корзины терезесi ашылады.

Корзины бумасындағы объектiлердi қалпына келтiру үшiн оны белгiлеп алып, мына команданы орындаймыз: Файл _   Восстановить ( немесе объектiге апарып тышқаннынң оң жақ батырмасын басамыз да, пайда болған менюден Восстановить командасын таңдаймыз).

Корзинаны тазарту

Корзинадағы файлды өшiру үшiн оны  ашып, Жұмыс үстелiндегi Корзина белгiсiне екi рет басып, файлды таңдап,  Delete пернесiне басамыз. Корзинадағы объектiлер тобын өшiру үшiн Ctrl пернесiн басу арқылы барлық объектiлердi белгiлеп алып, Файл менюiндегi Удалить командасына басыңыз.

Информация о работе Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi