Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:45, реферат
Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Архивтелген файлдардың көлемі 2-3 есе кішірейеді, пиктограммалары қатталған кітәптар немесе қорабша түрінде белгіленеді.
Архивтелген файл(дарды) жазу – файлды оң кнопкамен шертіп ® Извлечь файлы... .(немесе Извлечь в текущую папку)
Тез клавишалар комбинациялары
Alt + F4 |
Құжаттың немесе ағымды қолданбаның терезесін жабу |
F1 |
Анықтамалық жүйені шақыру |
Shift + F10 |
Динамикалық менюді шақыру |
Ctrl + Esc |
Бас менюге шығу |
Ctrl + F6 |
Ашық тұрған құжаттардың терезелерінің арасында ауысу |
Alt + Tab |
Қосымша апрограммалардың арасында ауысу |
Ctrl + Z |
Соңғы операциядан бас тарту |
Ctrl + A |
Папкадағы объетілерді түгел белгілеу |
Ctrl + X |
Белгіленген объетілерді буферге ауыстыру (вырезать) |
Ctrl + C |
Белгіленген объетілердің буферге көшірмесін жіберу (копировать) |
Ctrl + V |
Буферде тұрған объетіні қою (вставить) |
PrintScreen |
Графикалық экранның
көшірмесі буферге |
Alt+Print Screen |
Ағымды терезенің көшірмесі буферге орналастырылады |
Интернет – өте ауқымды, глобалды (әлемдік), компьютерлік желі, яғни Web (Желі) деп аталады. Дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Интернет ол, берілімдер банкі, қоры және пайдаланушылар арасында информацияның барлық түрлерімен алмасудың өте тиімді құралы.
Интернетке өзіңіздің компьютеріңізді қосу үшін: телефон байланысы және сізді Web-қа қосатын фирма (Провайдер) қажет.
Төменде Интернетте істелінетін қызмет түрлері және оларды орындауға арналған кейбір программалық құралдар келтірілген:
Internet Explorer - желіде құжаттарды қарау;
Rambler, Yahoo!, WhoWhere - желіде информацияны іздеу;
Outlook Express - электрондық поштаны қабылдау-жіберу және rambler.ru - өзіңізге, ақысыз пошталық жәшік құру;
ЧАТ және Net meeting - виртуаль әңгіме өткізу;
www.boom.ru. - интернетте өзіңіздің беттеріңізді оналастыру үшін.
Провайдер – Интернеттің қызметін жеткізуші, орындаушы ұйым. Мысалы: Nursat, Казтелеком, т.б.
Сервер – Желінің клиентімен байланыстырылған, Интернеттің басқа серверлеріне, компьютерлеріне, қызмет беретін информациясы бар программалық жүйе, компьютер.
Домен – компьютерлер тобының атының жалпы бөлімінің түрі (вид) организация.тип. Доменнің аты бойынша, аталған ішкі желі (подсеть) қай ұйымға жататынын анықтауға болады.
Мысалы: microsoft.com – коммерциялық кәсіпорыны, nasa.gov – үкіметтік мекеме т.с.с. Қазақстанның математика институтының домены math.kz.
FTP (эф-т-п) (File Transfer Protocol) протоколы – желімен информацияны жіберу технологиясы. FTP протоколы басқа серверлерде сақталған саны өте аумақты информацияға тез қатынасуды ұйымдастырады.
TCP/IP (ти-си-пи ай-пи) (Transmission Control-Internet protocol) – Интернетте информацияны жіберудің негізгі стандартты протоколы.
HTTP - протоколы – Web сервер мен броузер арасында гипермәтінді жіберу ережелері.
Броузер (Brouser) – Шолушы – Желідегі құжаттарды, яғни мәтіндерді, графиканы, адио-видиоклиптерді, анимациялық суреттерді, т.б. қарауға арналған программа. Броузер программасының негізгі міндеті: Web – беттерін Желіден жүктеу және оларды экранда көрсету. Броузер программасына Internet Explorer, Netscape Communicator жатады.
Web – страница (бет) – Желідегі құжаттың элементі, оны көруге, қатынауға мүмкіндік береді. Web – бетінің мазмұнында: мәтін, графика, анимация, дыбыс және гипермәтіндік (гипертекст) сілтемелер болады. Web – бетінің адресі уникалды URL-адресімен анықталады.
Мысалы: http://www.yahoo.com/.
Web – беттерінің жәй құжаттан ең күделі артықшылығы, басқа Web – беттерге гипермәтіндік (гипертекст) сілтемелерінің болуы. (төмендегі схеманы қараңыз).
URL-адрес – Web – беттің уникалды адресі, кез кеген құжаттың орналақан орнын бірмәнді анықтауға арналған.
URL адрестің жазылу құрамында: протоколдың аты, доменнің аты, домендық компьютерде құжатты іздеу жолы және құжаттың ішінде нақты орынға сілтеме тұрады.
Мысалы: http://www.soc.ru/dd/rus/
IP – адрес – жеке компьютердің Желідегі уникалды сандық адресі – Web-узелдің нөмірі, желінің нөмірі. Мысалы: 192.168.150.38. IP – адресті Провайдер береді.
IP – адресті табу немесе қою үшін – Жұмыс столында Сетевое окружение папкасын оң кнопкамен шерту ®Свойства ®TCP/IP (ти-си-пи ай-пи) ®Свойства.
Web- узел (сайт) – арқылы басқа құжаттардың әр түрлі элементтеріне барады.
Сайт (Site – орналасқан жері) – серверде орналасқан адрес, Web –беттердің кітабы деуге болады.
WWW (World Wide Web) (дүниежүзілік өрмек) – желімен байланыстырылған компьютерлер арасында информация алмасу гипермәтіндік жүйе ортасы. WWW – былайша айтқанда кітапхана сияқты. Web узел – кітапхананың кітаптары, Web – беттер – кітаптың беттері деп ұғуға болады.
Гиперссылка (гиперсілтеме) – бір-бірімен байланысқан сөздер, яғни бір құжаттың ішінен басқа құжатқа сілтеме. Құжаттың мәтінінде асты сызылған түйінді сөз, фраза, белгі, сурет кезіксе, оны «саусақпен» шертіп екінші құжатқа, одан үшінші құжатқа кіріп, қайта қайтуға болады.
Бастапқы, негізгі бет (home page) – ол, сайттың алғашқы нүктесі, кітаптың мазмұны сияқты.
Internet Explorer – Web–броузерлық, яғни шолушы программа – Интернетке кіруге, Желіде құжаттарды қарауға, электронды поштамен хабарды жіберуге және алуға арналған.
Internet Explorer – ге кіру: белгісін екі рет шерту. Немесе: Пуск ®Программы ® Internet Explorer.
Web – беттерін қарау – егер керек Web – бетінің адресі (URL) белгілі болса, онда Адрес жолында сол адресті теріп <Enter> -ді басу қажет. Мысалы: http://www.caravan.kz
Интернетте пайдаланушылардың милиондаған адрестері бар. Сондықтан информацияны іздеуді жеңілдететін программалар құрылады. Керек информацияның адрестерін мамандандырылған каталогтардан да табуға болады.
Web адресті басқа серверлерден табу. Ең кең тараған информациялық-іздеу жүйе программалары (берілімдер базасы) – Ресейдің: rambler.ru, list.ru, aport.ru, rax.ru, altavista.com, yahoo.com. Соңғы екеуі жүйесі ағылшын тілді іздеу жүйесі.
Қазақстанның ресми және информациялық-жарнамалық серверлері: Kazakhstan.kz, site.kz, www.kz, allkz.host.ru, т.б. Информацияны іздеудің көптеген варианттары бар: тематика бойынша, түйінді сөздер бойынша, т.б.
Rambler информациялық-іздеу жүйесі
Программаға кіру – адресті теру: http://www.rambler.ru ® <Enter>
Тематика (каталогтар) бойынша іздеу – керек каталогты шерту, rambler жүйесінде каталогтар өте-өте көп, мысалы: Природа, Развлечения, Юмор, т.б. Таңдалған тематиканың аттары, адрестері және беттердің қысқаша сипатамалары шығады. Беттердің тізімдері порциямен 15-20 дан жығып отырады. Тізімнің астында беттерге өту линейкасы тұрады.
Түйінді сөздер бойынша іздеу ережелері
Мысалы: Алматыдағы ауа райы туралы информация табу үшін, мына түйінді сөздерді: прогноз погода Казахстан Алматы пробелмен бөліп нұсқау керек. Табылған беттерден, мысалы Site.kz таңдап, оның ішінен толық ауа райын таңдайық.
Ағымды бетті кейін қарағанға сақтау үшін – Файл ® Сохранить как ® папканы таңдау ® атын теру ® Сохранить. Қүжаттың кеңейтілуі .htm, .html.
Web – беттерін қарауды тездету үшін – Вид ® Свойства обозревателя ® Дополнительно ® Мультимедиа ® Вывод рисунков (R галочканы алып тастау). Сонда суреттер блокировкаға алынады да беттер тезірек ашыла бастайды. Ал егер кейбір суретті көру керек болса, онда оның орнын оң кнопкамен шерту ® Показать рисунок.
Электрондық пошта – информациямен тез алмасу үшін, дүние жүзінің кез келген нүктесімен байланыстыруға мүмкіндік беретін, Интернеттің ең кең тараған функциясы.
Электрондық поштамен жұмыс жасауға арналған программалар – Microsoft Outlook, Outlook Express, HotMail, т.б.
Электрондық поштаның адресінің құрамы: – пайдаланушының аты @ доменнің аты . доменнің типі. Мұнда: пайдаланушы атын - пайдаланушы өзі таңдайды; @ - белгісін «эт» немесе «собачка» дейді; доменнің атын - пошталық сервердің иесі қосады;
Мысалдар: nurad@mail.ru, inchin@math.kz.
Outlook Express –
тің интерфейс терезесінде
Олар: Входящие – түсетін корреспонденцияларды қабылдайды, Исходящие – жіберілген хаттарды, пошталық сервер өзіне шығарғанға дейін уақытша сақтайды, Отправленные – жіберілген хаттардың архивы, Удаленные – керек емес хаттарды уақытша сақтайды.
Жіберетін хатты жасау (дайындау) –Создать® Сообщение ®шыққан «Создать сообщение» терезесінің құжат теру аймағында жіберілетін хаттың мазмұнын теру ®Кому аймағында жіберілетін электондық адресті теру, мысалы: inchin@math.kz ®Копия аймағында көшірмесін жіберетін адресті теру ® Тема аймағында, қысқа түрде хаттың не туралы екенін теру® Отправить кнопкасын шерту.
Хатты жіберу – Интернетке кіру → .... → Отправить кнопкасын шерту. Исходящие папкасында жіберілетін хаттардың саны пайда болады, бірақ хаттар кедергісіз кетсе, онда саны жойылады. Отправленные – папкасын шертіп, жіберілген хаттардың тізімін көруге болады.
Егер қандай да бір себеппен хат жіберілмесе, онда «Сообщение отправить не удалось» деген хабарлама шығады. Онда ең бірінші адрестің дұрыстығын, бөлуші символдардың, мысалы: \ , / , нүкте т.б. терілгенін тексеру қажет.
Хатты алу. Қабылданған корреспонденциялардың тізімін көру – Доставить почту кнопкасын немесе Входящие папкасын шерту. Барлық корреспонденцияның тізімі, қабылданған мерзімі және көлемдері шығады. Керек хабарламаны шертсе, мазмұны шығады.
Информация о работе Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi