Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:45, реферат

Описание

Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:

Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;

Работа состоит из  1 файл

inf5_SabJospar_102.doc

— 1.01 Мб (Скачать документ)

Дискiлермен жұмыс жасау амалдары


ДИСКIЛЕРДI ФОРМАТТАУ

 

Дискiнi форматтау үшiн  мына әрекеттер орындалады:

  1. Мой компьютер терезесiн ашыңыз да оның белгiсiне екi рет шертiңiз.
  2. А:.дискiсiнiң белгiсiне тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.
  3. Жанама менюден Форматировать командасын таңдаңыз.
  4. Экранда терезе пайда болады да, одан форматтау тәсiлдерiн Полное таңдаңыз да, Начать батырмасына басыңыз.
  5. Дискi форматталып болғаннан кейiн Закрыть батырмасына басыңыз.

ДИСКЕТАҒА ОБЪЕКТIЛЕРДI КӨШIРУ

Дискетаға ақпараттарды сақтау үшiн келесi әрекеттердi орында:

  1. Дискi құрылғысына дискетаны қой.
  2. Мой компьютер папкасын ашыңыз.
  3. Диск 3,5 (А:) белгiсiне тышқанды екi рет шертiңiз (Диск 3,5 (А:) терезесi пайда болады)
  4. дискiге көшiрiлетiн файлды немесе буманы таңдаңыз (Оқушы немесе Оқытушы)

1 тәсiл

    • таңдап алынған файл бойынша тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз;
    • пайда болған меню iшiнен Копировать таңдаңыз;
    • Диск 3,5 (А:) терезесiне тышқанның оң жақ батырмасын шертiңiз және пайда болған меню iшiнен Вставить  командасын таңдаңыз.

           2 тәсiл

    • Тышқанды файлға ұстап тұрып, Диск 3,5 (А:) дискiге әкелiп, орналастырыңыз.
  1. Осы әрекеттен кейiн Копирование… терезесi пайда болады:

 

 

Егер Копирование… терезесi экраннан жоқ болып кетсе, онда көшiрiлу процесi аяқталды дегендi бiлдiредi..

Компьютерде жұмысты  аяқтау амалдары

    1. Пуск батырмасына басыңыз.
    2. Бас менюдегi Завершение работы командасын таңдаңыз.

3.  Пайда болған терезедегi Выключить компьютер пунктiн таңдаңыз

    1. ОК батырмасына басыңыз.

 

 

 

Windows жүйесінде  жұмыс істеу.

 

Тақырып 7. Windows жүйесінде жұмыс істеу.

7.1 WINDOWS  жайлы жалпы мағлуматтар.

7.2 WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары мен функциялары. Win.32  и NTFS      файлдық структурасы

7.3 WINDOWS операциялық жүйенін файлдары мен қапшықтары. Файлдармен       жұмыс істеу. Бас менюді қолдану.

7.4 WINDOWS жүйесінің стандартты программалары: блокнот программасы, Paint программасы, Word Pad программасы, калькулятор.

7.5 Сілтеу программасы.

7.6 Архивтерді  құру. Архивациялау түсінігі.ARJ, ZIP, RAR архиваторлары. Панельмен басқару.  Жаңа архивтерді құру. Архивтен  файлды жою.

7.7 Компьютерлік вирустар  және оның түрлері. Антивирустық программалар оның түрлері.  Kaspersky Anti-virus  бағдарламасы. Сақтанатын қажетті ережелер.

 

 

Файлдарды архивтеу

Егер файл жадтың көп  көлемін алса және дискетке сыймайтын  болса, оны қысуға мүмкіндік беретін  арнайы бағдармалар қолданылады.

Информацияны қысу дегеніміз – файлдағы информацияның  көлемін кішірейту оны архивтеу деп атайды.

 Архивтеу файлды бөгде адамдардың орынсыз қатынауынан информацияны парольмен қорғайды және файлдарды компьютерлік вирустардан бүлінуден жартылай қорғайды.

Архивтеу қарапайым қапшықтар мен файлдарды буып-түйіледі және арнайы архивтік файлға орналастыру               

Архивтік файл дегеніміз өзінде бір немесе бірнеше файлдар немесе қысылған түрде қапшықтар арнайы түрде ұйымдастырылған файл.

Көлемі  бойынша  үлкен  архивтік  файлдар  бірнеше  дискілерде  (томдарда  орналасуы мүмкін. Мұндай архивті көптомды деп атайды.

          Егер архивтеу процессі бар  болса онда кері процесс архивтен  шығару болуы қажет.  

 

          Архивтік файл құру үшін ондаған  арнайы архиватор-бағдарламалар бар.Кең  тараған  бағдарламалардың  ішінен  ARJ,RAR, PRZIP атауға болады.

           Осы архиваторлардың барлығы  архивтеудің негізгі міндеттерін  орындайды:

  1. Жаңа архивтерді құру;
  2. Архивтерден файлдарды алу;
  3. Бар архивке файлдарды қосу;
  4. Өзі шешілетін архивтерді құру;
  5. Көп томды архивтерді құру;
  6. Архивтерді бүтіндігіне тестілеу;
  7. Зақым келтірілген архивтерді толығымен немесе жартылай қалпына келтіру;
  8. Бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен архивтерді қорғау.

 Өзі шешілетін   архив  . EXE кеңейтілуін  алады.  Қолданушы  архивті  бағдарлама  сияқты  жүктейді,  содан кейін  архивтің  шешілуі  автоматы  түрде  жүреді.

   

1 WinRAR архиватор  бағдарламасында қарапайым архив  құру

  1. Керекті файлға оң батырмасын шертеді.
  2. Жанама менюден (Добавить в архив) таңдау.
  3. Шыққан терезеде Общие қосымшасы белсенді болады. Одан метод сжатия максимальный таңдау.

Параметры архивации: Добавить информацию для восстановления өрісіне  жалауша қою, Дополнительно қосымшасында информация для восстановления өрісіне  процентін орнатыңыз.

  1. Архивке атын беріңіз.
  2. ОК

2 Файлдарды архивтен шығару

  1. Архивке оң батырманы басу.
  2. Жанама менюден  Извлечь в ......... немесе

   Извлечь в текущую папку немесе 

   Извлечь в папку (аты) таңдау.

3. Егер Извлечь в....    таңдасаңыз, архивтегі файлдарды қай қапшыққа шығаратынын көрсетуге болады. Егер Извлечь в текущую папку таңдасаңыз, барлық файлдар ағымдағы қапшыққа шығарылады. Егер Извлечь в папку (аты) таңдасаңыз, сондай атпен қапшық құрылып, барлық файлдар соған шығарылады.

 

3 Өзі шешілетін  архив құру

Параметры архиваций: Создать SFX архив өрісіне жалауша орнату.

4 Архивті томға  бөлу

Разделить на тома: 1457664-3,5”  таңдау.

5 Архивке пароль  орнату

Дополнительно қосымшасында установить пароль батырмасын басу. Шыққан терезеде пароль еңгізу.

 

Магниттік иілгіш дискінің (FDD): көлемі 1,44 Мбайт. Бір дискетаға 600 бет мәтіндік информация сияды.

Магниттік қатты диск (HDD) хард диск – көлемі 40 Мб –тан 200 Гигабайдқа дейін информация сияды.

Лазерлік компакт-диск CD ROM- көлемі 700 Мб. Алғашқы стандарт бойынша CD дискіден оқылу жылдамдығын 150 Кбайт/сек. – бірлік (одинарная) жылдамдық деп аталды. Ал қазір оқылу жылдамдықтары  48, 50, 52 –ге  CD дискілер бар, яғни бірлік жылдамдықты 48, 50, 52 есеге өсіріледі.

CDRW- информацияны жазуға/оқуға арналған компакт лазерлік дискілер пайда болды.

Flash жады – түрі кішкентай брелок сияқты сыртқы жад, көлемі 64, 128, 512 Мб (және одан да жоғары). Компьютерге USB – порт арқылы қосылады.

Дискқозғағыштардың  – аттары бір әріппен А:, C:, D:, CD деп белгіленеді. 

Дербес компьютерде кең тараған операциялық жүйелер: Windows  95, 98, 2000, ME, NT, XP, OS/2, LINUX, т.б.

Алмасу буфері – Информацияны уақытша сақтауға арналған жадының аралық аймағы. Папкалардың, файлдардың, құжаттардың, т.б. көшірмесін жасағанда және  қолданбалы программалардың арасында информация алмасуға қолданылады. Буферде тұрған информацияны шексіз ала беруге болады.

Буферге информацияны жазу – Правка ® Копировать (Вырезать) командалары (немесе сәйкес кнопкалар) немесе CTRL + С клавишалары қолданылады.

Буферден информацияны оқу – Правка ® Вставить командасы (немесе сәйкес кнопка)  немесе SHIFT + INSERT  клавишалары қолданылады.

Буфердің мазмұнын көру – Пуск ®Программы® Стандартные ® Служебные ®Буфер обмена.  Экранға буфердің мазмұны шығады.

9.3. Проводник  программасы

Файлдар және папкалармен  жұмыс жасауға арналған қызметші программа.

Проводник програмасын  ашу – Пуск ® Программы ® Проводник  немесе Пуск ®  Проводник. 

Проводник програмасынан  шығу – терезені жабу кнопкасын немесе ALT + F4.

Проводник программасының терезесі екі панельден тұрады. Сол жақтағы панельде иерархиалық түрде орналасқан папкалар тұрады. Оң жақтағы панельде, таңдалған папканың ішінде тұрған объектілер (папкалар, файлдар) көрінеді.

Проводник програмасында папкаларды құру, көшірмесін жасау, жою, атын өзгерту, программаны орындалуға жіберу, т. б. әрекеттер орындалады.

 

9.4. Басқару панелі, жүйені баптау

Windows жүйесінде оның  параметрлерінің жұмысы келісілімді  жұмыс жасауын баптайтын сервистік  программалар  Панель управления  папкасында орналасады.

Жүйені баптау – Панель управления папкасына кіру: ПУСК ®Настройка ® Панель управления.  Ашылған папканың ішінде барша утилиттік программалардың пиктограмалары тұрады.

Установка и  удаление программ – Windows жүйесінің немесе MS Office жетіспейтін компоненттерін қоюға арналған. Кейде мына компоненттер қойылмауы мүмкін: Географическая карта (MAP), WORD редактоында мәтінді әсерлейтін – WordART, формулаларды енгізуге арналған – Equation, т.б. 

Мысалы: Просмотр Буфера режимін қою тәртібі: ПУСК→  Настройка→Панель управления →Установка и удаление программ →  Установка  Windows →Стандартные программы →  Состав → Просмотр буфера обмена → ОК → ОК.

Экран – фонын, заставкасын т.б. өзгертуге арналған утилиттік программа.

Шрифты – бұл утилиттік программаның көмегімен жүйеде қойылған шрифтерді экранда көруге болады. 

Жаңа шрифті қосу тәртібі:  Файл →Установитъ шрифт ® шрифт тұрған дискіні таңдау → папканы таңдау ® керек шрифттің атын шерту ® ОК.

Система – бұл утилиттік программа сіздің компьютеріңіздің конфигурациясын көрсетеді. Система арқылы құрылғылардың жаңа драйверлерін қоюға болады, мысалы монитордың драйверін.

Клавиатура  – бұл утилиттік программа тілді таңдау, бір тілден екінші тілге ауысуға арналған «тез» клавишалар комбинацияларын және клавишаларды басуының аралық интервалының уақытын  қоюға арналған.

Дата / Время  – сағаттық белдеуді, ағымды уақытты және мерзімді (датаны) өзгертуге және көруге арналған.

Язык и стандарты  – ақшалық бірліктің қолдану келісімін (мысалы, тнг., руб, т.б.), аймақтық тілді, сандардың және ақшананың жазылу форматтарын баптауға арналған. Мысалы сандардың жазылуын мына форматтарын қоюға болады: 15,20 немесе 15.20, немесе 15-20, немесе 15=20. Бірақта, Windows қосымша Excel, Access программаларында қолданылатын керек параметрлерді қою кажет.

Дискета

Дискетаны  форматтау –  Мой компъютер ®А: дискісін шерту ® оң кнопканы басу ® Форматироватъ ® форматтау әдісін таңдау, әдетте: - Полное ® Начатъ ® Закрыть ® Закрыть.

Баспаға шығару

Қосылып тұрған принтердің типін өзгерту немесе мүлдем алып тастау, және басқа принтерді қосу үшін: ПУСК ® Настройка ® Панель управления ® Принтер,  принтерді таңдау, егер олар бірнешеу болса ®  ОК.

Әр қолданбалы програмалардың әр қайсысының өзінің баспаға шығару режимдері бар.

Мысалы,  WORD, Excel, Power Point програмаларында ол – Файл ® Печать ®... керек опцияларын баптау (текущая, с номера, т.б.)  ® ОК.

Баспаны үзу  үшін – экранның төменгі жағындағы Принтер белгісін екі рет шерту ® Принтер ® Удалить задания. ® Очистить очередь печати®ДА.

Дыбыс. Дыбыс  жазу

Sound Bluster – сөзінің аудармасы «дыбыс құралы», олар: дыбыс платасы, микрофон және дыбыс колонкалары.

Windows – тың  дыбстық қосымшасын баптау – Пуск ® Настройка ® Панель управления ®Звук.

Мұнда әр бір мына программалық оқиғаларға: Запуск Windows, Выход из Windows, Открытие и закрытие программы, Критичёская ошибка дыбыстық тапсырыс жасауға болады.

Жүйенің дыбыс кітәпханасынан дыбыстарды өндіру –  Пуск ® Программы ® Стандартные ® Развлечения ® Универсалъный проигрывателъ, Тип файлов - Секвенсор MIDI немесе Sound таңдау және керек мелодияны, мысалы «Бетховен, симфония №5».

Дыбыс кітәпханасы  – WAV, MID, RMI кеңейтілулерімен Windows\Mmedia немесе Programm files\Mmedia папкаларында орналасады. Әмбебап CD дыбыстық ойнатқышы фондық режимде жұмыс жасайды.

Өз дыбысыңызды микрофон арқылы жазу – Файл → Программы → Стандартные →Развлечения → Звукозаписъ. Жазу қызыл кнопкасын шертіп, тақпақ немесе өлең айту.

Дыбысты сақтау – Файл ®Сохранитъ как → дыбыс файлының атын теру → Сохранитъ. Файл .WAV кеңейтілуімен сақталады, бірақ көп орын алады.

Дыбысты қайта өндіру –  Файл → Открытъ (....

9.5. Файлдарды  және папкаларды архивтеу

Уақытша қажет емес немесе тасымалдауға арналған файлдарды сығу (сжать), яғни архивтеуге болады.  Ол үшін кең тараған WinZip және WinRAR архиваторлық программалар Windows жүйесінде орнатылып тұруы қажет.

Бір файлды немесе файлдар тобын архивтеу тәртібі  – файлды(дарды) белгілеп, үстінен оң кнопканы басу ® Добавить в архив (Упаковать в архив) ® шыққан терезеде архиваторлық программаны таңдау Zip немесе  RAR ® Обычный (сығу әдісі) ® Размер тома (дискетаға сиятын қылып көлемін 1 457 664 деп таңдаған жақсы) ® R Создать SFX – архив (өз бетімен жазылатын архив).

Сынымен қатар басқа  да параметрлерді таңдауға болады, мысалы ® Дополнительно ® Установить пароль.

Информация о работе Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi