Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 12:33, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы компьютерлік құралдармен жұмыс істеуге үйрету. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарда ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.
КІРІСПЕ................................................................................................. 2
1. ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
1.1 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың маңыздылығы........................................................... 3
1.2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.......................................... 7
2. ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНДАР НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1.Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын танымдық
ойындар түрлері....................................................................................... 9
2.2. Информатикадан танымдық жұмыстар жүргізу........................... 12
3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС....................................................... 18
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................... 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................... 37
Сыныптан
тыс жұыс мектеп алдында
Сыныптан тыс сабақтарды
Информатика тілін меңгеру, компьютермен дұрыс жұмыс істеуді, оқушыларға информатика тарихы мен мәліметтер беру үшін пайдалануға болады. Жұмыстың негізгі принциптерін атап кетсек, оларға: мақсат қою принципі, еңбек қызметі, шығармашылық қызметі, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру принципі және басқалар.
Енді сөзімізге арқау болып
отырған, сыныптан тыс
1.2.Сыныптан
тыс жұмыстардың кейбір
түрлері
Сыныптан
тыс жұмыс─бұл педагогтардың
мектеп оқушыларынның сабақтан тыс
уақыттағы әртүрлі « іс-
Сыныптан тыс жұмыстардың мынадай түрлері бар:
1)
өтілген материалды толық
2)
информатикаға қызығушылық
3)
информатиканы оқыту барысында
оқушылардың қызығушылығын
Информатика кеші ─ бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойғы жұмысының қорытындыларын жасаудың өзіндік түрі. Оқушылар мұғаліммен бірігіп кештің бағдарламасын, іс-шаралар мен көңіл көтерудің түрлерін мұқият ойластырады,кешке арналған материалдарды іріктейді: қалжың есептер, тарихи мағлұматтар, сөзжұмбақтар,викторина сұрақтары: қажет модельдерді, плакаттар, ұрандарды дайындайды, сыныпты безендіреді. Іс-шараның маңызды тәрбиелік мәні бар: біріншіден, оқушылар өз сыныбының намысы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушылардың бойында жеңіске жетудегі табандылықты, сабырлықты қалыптастырады.
Информатика пәні бойынша викторина ─ бұл өзіндік ойын түрі. Виктаринаны үйірме сабақтарында немесе жеке сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізген тиімді (сабақтан тыс уақытта). Викторинаға арналған тапсырмалар шағын, тез түсінетіндей,жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шешіле алатындай болуы тиіс. Әдетте сабақтарды шешілетін типтік есептер викторина үшін қызықсыз.Есептерден басқа викторинаға информатика бойынша әр түрлі сұрақтарды қосуға болады. Сонымен бірге викторинаға қалжың есептер қосады. Викториналарды толығымен қандай да бір тақырыпқа арнауға болады, бірақ аралас викториналар қызықтырақ өтеді.
Іскерлік ойындар ─ оқушылардың бойында шешім қабылдаушы адамның ролінде нақты іс-әрекетті мүмкіндігінше толық сезіну туындату үшін нақты зерттеліп отырған нысанның немесе жағдайға ұқсас нұсқасын пайдаланатын белсенді оқыту тәсілі. Олар құрал ─ жабдық есептерді шешуге бағытталған: нақты іс-әрекет туғызу, нақты мақсаттарға жету, қатысушылардың іскерлік қарым ─ қатынастар жүйесін қалыптастыру. Балалармен өтетін іскерлік ойындар әдетте қарапайым сюжетті болады, оларды ұйымдастыру семинар түрінде өткізуге де болады.
Информатика пәні бойынша диспут ─ бұл сыныптар арасында сұрақтар мен жауаптар алмасатын өзіндік ойын. Диспут барысында алдымен қиын сұрақтар қойылады. Диспуттың материал туралы сұрақтың маңызы зор. Бұл сұрақ диспуттың мақсаттарына байланысты шешіледі. Осындай мақсаттардың ең маңыздысы ─ бұл өткен оқу жылдарындағы оқу материалын қайталау. Бұл жағдайда оқушылардың алдына белгілі бір уақыт аралығындағы материалды,анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді білетіндей, есептерді шығарып, осы материал бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді орындай алатындай қайталау міндеті қойылады. Әрбір диспутқа қойылатын ең төменгі талап оқушылардың оқулықтағы материалды дәл, жақсы және толық білуі, тұжырымдамаларды білуі мен түсінуі болып табылады. Тек осыдан кейін ғана және осының негізінде оқушылардың оқу материалымен шығармашылық жұмысын ұйымдастырып жүргізуге болады.
Сынып сағат. Информатика мұғалімері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі.
Клубтық қызметтер оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін,дағдыларын дамыту,мәдени құндылықтарды меңгеружолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.
Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді.
Көрмелерді
информатикадан графикалықредакторлар
мен дизайн арқылы орындалған оқушылар
шығармашылығынан жұмыстарын бағалау
үшін ұйымдастыруға болады.
2.
ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН
ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ТАНЫМДЫҚ
ОЙЫНДАР НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1. Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын танымдық ойын түрлері.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.
«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын. Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол «Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», - деп ерекше атап өттi. Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.
Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.
Ж.Ж.Руссо идеясын И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.
ХҮIII – ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына И.Г. Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.
И.Г. Песталоций
оқыту әдiстемесiнiң жалпы
Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады: қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.
Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi анықталынады. Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада, бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр. Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi:
Танымдық белсендiлiк
көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты.Танымдық әрекеттiң белгiлi
бiр ғылым саласымен таңдаулы қатынасы,
танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен
танымдық қарым – қатынасы маңызды келедi.
Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы
таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен
белсендiруде танымдық белсендiлiк тұлғаның
шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде
ұдайы iзденiске жетелейдi.
Информатиканы оқытудың негізі болып ойын саналады. « Ойын » сөзі курс ұғымына кездейсоқ енген жоқ. Бұл баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, пәнді танымдылық ойын арқылы дамытуды, оқушылардың қиялын, зейіннің, қабылдауын, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi
Ойын арқылы бала қоғамдық
тәжірибені меңгереді,
Ойындар
бес негізгі түрге бөлінеді:
1)стол үсті ойындары
2)дидактикалық ойындар
3)қозғалыс ойындары
4)іскерлік ойындар
5)интеллектуалдық ойындар
І.Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын,
ой-өрісін кеңейтетін құрал . Сыныпта
стол үсті ойындарын топтық және дара
жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус
, кроссвордтар жатады , оларды тақтада
, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе
компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды
қорытынды , білімді тиянақтайтын сабақтарда
қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын,
өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің
бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты
да тартымды қылып, оқушылардың көңілді
күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына
қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл
меңгеруге көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары .
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін
бір түрінен басқа түріне тез ауысуға
көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты
талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде
немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар.
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге
және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат
сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша
мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін
жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың
қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге
үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін
оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа,
жүйріктікке, зеректікке» бейімделген
тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас
қатырғыштар жатады.
Кез келген ойынды қолданғанда келесі
мәселелерді естен шығармау керек:
-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған
бала шығармашылдыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың
жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай
өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен
тығыз байланыста болуы
Информация о работе Информатикадан танымдық жұмыстар жүргізу