Информатикадан танымдық жұмыстар жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 12:33, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы компьютерлік құралдармен жұмыс істеуге үйрету. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарда ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................. 2
1. ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
1.1 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың маңыздылығы........................................................... 3
1.2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.......................................... 7
2. ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНДАР НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1.Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын танымдық
ойындар түрлері....................................................................................... 9
2.2. Информатикадан танымдық жұмыстар жүргізу........................... 12

3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС....................................................... 18
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................... 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................... 37

Работа состоит из  1 файл

курс.doc

— 471.00 Кб (Скачать документ)

Танымдық  ойындардың ішінен біз стол үсті ойындары мен интеллектуалдық ойындарды  тереңдете қарастырдық. 
 

2.2. Информатикадан танымдық жұмыстарды  жүргізу. 

Информатикадан  үйірме жұмыстары. Оқушылардың информатиканың өмірмен, олардың болашақ мамандықтарымен тікелей байланысы көрнекі түрде көрсетілетін үйірмелерге қатысуы сабақтарға белсенді қатысудың алғышарттарын анықтайды, ал кейбіреулердің бойында ізденушілік іс─ әрекетке ұмтылысты туындатады.

Үйірме ─ сыныптан тыс жұмыстардың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Үйірме жұмысының негізінде еріктілік принципі жатыр. Әдетте үйірмелік жұмыстар үлгерімі жақсы оқушылар үшін ұйымдастырылады.Бірақ кейде үлгерімі нашар оқушылар да үйірмеге қатысуға тілек білдіреді. Ең бастысы мұндай оқушыларға ерекше көңіл бөліп,олардың бойындағы информатикаға  қызығушылықты бекітіп, үйірмедегі жұмыстың олар үшін орындай алмайтындай болмағанын қадағалап отыру керек. Информатикадан үйірме сабақтарының тақырыптарында осы заманғы мектепте әр қилы.Үйірме жұмыстарының тақырыптарында информатиканың тарихымен, программалық жабдықтың әртүрлі түрлерімен, информатиканың математикалық негіздерімен байланысты мәселелер орын табады.

Информатикадан  факультативті сабақтар мектепте негізінен 8 сыныптан бастап жүргізіледі. Факультативтік сабақтардың басты мақсаты білімді тереңдету мен кеңейту, оқушылардың пәнге қызығушылықтыру, олардың шығармашылығы мен ықыластарын дамыту болып табылады. Факультативтік сабақтар өткізудің қазіргі уақыттағы басты түрлері берілген факультативтік курстың түйіндік сұрақтарын мұғалімнің баяндауы (дәрістік тәсілімен), семинарлар, әңгімелесулер (пікірталастар) ,есептер шығару,оқушылардың рефераттары (теориялық сұрақтар бойынша да, есептер циклын шешу бойынша да), оқушылардың баяндамалары, т.б. болып табылады.

Информатикадан  факультативтік сабақтарды өткізудің  мүмкін болатын бірі әрбір сабақты  екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналады. Факультативтік сабақтарды өткізудің бұл түрі мектептегі оқытудың түрлері мен тәсілдерінен жоғары оқу орындарында оқытудың түрлері мен тәсілдеріне ойдағыдай өтуге септігін тигіеді.

Олимпиадалар. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатында олимпиадалар өткізіледі.Информатикадан олимпиадалар сыныптан тыс жұмыстың бүтіндей бір кешенінің (дәрістер, кештер, үйірме жұмыстары, т.б.) қорытынды кезеңі болғанда көп пайда келтіреді. Олимпиада тек жыл бойы сыныптан тыс жұмыстың қорытындысы ғана емес, сонымен бірге сыныптан тыс жұмысты кең жолға қоюдың тамаша ынталандырмасы. Олимпиада-оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты, табандалықты тәрбиелейтін жарыс. 

   Пәндік апталықтар, декадалар ,айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.Оларды бір пән бойынша да, бір немесе бір-біріне жақын білімдік сыбайлас пәндер (математика, физика, технология) бойынша да өткізуге болады. Оқушылар жаңа материалды ойындық түрде білу мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге қосымша әдебиет пен интернет компьютер желісін пайдаланып зерттеу жұмысын жүргізу, ұсынылатын тақырыптар бойынша жобалық жұмыс орындау мүмкіндігін алады. Ұсынылатын тапсырмалар мен шаралардың барлығы оқушылардың әртүрлі жастағы  топтарын қамтиды және оған әркім қатыса алады. Онкүндік (апта, айлық) аясында жоғары оқу орындарының ғалымдарымен , программистермен кездесу, орын алғандарды марапаттау конференциясымен аяқталатын викториналар, әңгімелесулер, ең үздік информатик сайысы, т.б. өткізіледі.

Ауызша  журнал ─ оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді ауызша хабарламаларды (ғылым, техника, өнер салалары бойынша) безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс формасы. 

Мектептегі  баспа. Қабырға газеті атты сыныптан тыс жұмыс формасы барын бәріміз білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме болуы міндетті емес. Мұғалімнің жетекшілігімен қабырға баспасы оқушы өмірінің ұйымдастырушы және бағыттаушы факторының бірі болып табылады. Қабырға баспасы мектепте қабырға газеті, күнтізбе, бюллетень, викторина, ақпараттық беттер және т.б. арқылы іске асырылады. Қызықты, және әсерлі безендірілген қабырға баспасы пәнге деген қызығушылықты, ондағы материал оқушыларды ойлануына жағдай жасайды, мектеп шаралары – викторина, олимпиада, үйірмелерді ұйымдастырушы, сонымен қатар оқушыларды пән бойынша жеке іс-әрекетке бағыттайды. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару,қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында жасалады. Қабырға баспасын сыныптар, оқушылар топтары, пәндік үйірмелер жасайды. Оның әрбір нөмірінде қызықты тапсырмалар, жұмбақтар, ребустар кроссвордтар, әдебиеттердердегі жаңалықтар, қызықты материалдарға аннотациялар беріліп отырады. Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең таралуында. Жоғары да аталған баспа шығармашылық формасы Интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді. Қабырға баспасын дайындау барысында тақырып, шығарылу мерзімі, рубрика, мақалалардың тақырыптары, сонымен қатар аты, және девизі жоспарланады.

     

Сөзжұмбақтар  құру. Сыныптан тыс жұмыстың түрлерінің бірі-сөзжұмбақтарды құрастыру және оларды шешу. Сөзжұмбақтарды пайдалану, оларды құру шешу оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді, өз ойларын нақты, қисынды және қысқа түрде білдеруге үйретеді.Сөзжұмбақтар құру жұмысы оқушыларды жақсы дамытады, себебі онда көп нәрсені еске түсіру, анықтамалықтарды, оқулықтарды пайдалану, қиял мен зеректілікті таныту керек болады. Жұмысты жеке дара, жұптар, топтар бойынша ұйымдастыруға болады.Егер оны жарыс тұрғысында ұйымдастырса, онда ол ешкімді енжар қалдырмайды.Сөзжұмбақтарды ғылыми терминологияны жаттықтыруға арналған тестік тапсырмалар нұсқасы ретінде қолданған тиімді.

    Сөзжұмбақтың  түрлері өте көп. Олар - кроссворд, чайнворд, криптограмма, анаграмма, ребус, метограмма, шарада, викторина. Осы аталған сөзжұмбақтардың қай-қайсысының болмасын өзіндік жасалу жолдары мен тәсілдері, бір-біріне ұқсай бермейтін ережелері мен шарттары бар. Сондықтан да сөзжұмбақтың кез-келген түрі әншейін құрастырылып, тек ойын ретінде немесе уақыт өткізу үшін ғана  жасалмайды. Сөзжұмбақ - үздіксіз ізденуді,  көп ойлануды, жан-жақты білімділікті талап етеді.

          Енді бір сәт  сөзжұмбақ туралы, оның жасалу жолдары мен сырларына үңіліп көрейік.

    Крассворттың  тарихы.

      Крассворд 20 ғ басында пайда болып және бүкіл дүние жүзіне танымды болды. Сөзжұмбақтың ең күрделі түрі - кроссворд. Крассворд - тоқылған сөздерден құралған жұмбақ. Ол ағылшынша cross - қиылысқан және  word - сөз деген ұғымдарды білдіреді. Демек, кроссворд өзара қиылысқан тор көздерді белгілі бір сөздермен толтыру арқылы құрастырылатын жұмбақ ойын. Крассвортты шәшу есті жаттықтырады және ойлау қабілетін кеңейтеді.Медиктер крассвортты тынштандыратын құрал ретінде пайдаланады.Мұғалімдер декрассвортты өздерінің жұмыстарын да көп қолданады, бұл  олардың білімін ойын формасында меңгенруге мүмкіндік береді.Көптеген танымал адамдар крассворд шншүді ұнатқан . Крассворттың отаны болып үш ел (АҚШ, Англия және ЮАР) болып келеді.

      Ең алғашқы крассвортты АҚШ  та Артур Уинном құрастырған. Ол бұл крассвортты  1913 жылы 21 желтоқсанда басып шығарды. Бұл күн ең алғаш крассворттың туған күні болып саналады. Крассвортты құру барыснда мына ережелерді қолдану маңызды:

    1. Сөздер крассворт бетінде қиылысып тұруы қажет.
    2. Тордың  алтдан бір бөлігі қар тормен боялады.
    3. Әріптердің оннан бір бөлігі ғана айқаспауы мүмкін.

Крассвортта сызықша және қысқартылғал сөздер қолданылмайды. Крассворттың әр торына бір әріп қана жазылады. Әрбір сөз тордың анықталатын  номерінен басталып, қара тормен немесе фигура шетінде бітеді.

Чайнворд– түзу красворттың атасы болып  ксаналады. Чайнворд құруға оңай шешуге қиын крассворттың түрі. Оның торы болып  кез–келген геометриялық формадан сызылғал кіші торлар болып саналады.

 Чайнвордта зат есім жекеше түрінен құралады, демек чайнвордта сөздер айқаспайды тек қана тақалады. Чайнвордпен   крассворттың ұқсас түрін кросчайнворд деп атайды. Оның чайнворттан ерекшелігі чайнворд тізбегінің өзіндік қиылысу мүмкіндігі бар. Красвордтың американдық, дуаль, эстондық кейворд тағы сол сияқты түрлері көп. Интернет жүйесінде кеңінен қолданады. Красворд еуропалық түрден ерекшелінсе онда оны нөмірлеу реті де өзгереті.Мысалы Израильде оңнан солға, төменнен жоғары ал Японияда жоғарыдан төмен және солдан оңға бұрылады.Басқа жүйемен қолдану бұл красворттың күрделігінің түйіні болып табылады.Кейбір красвортта “и”  ”й ” біріктіріледі. Бұл ереже қиындықты кейде. жеңілдетеді

 Паскаль тілі 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып- үйренуге қолайлы программалау тілі  ретінде ұсынған болатын.Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді,ол сол кездерде кең таралған АЛГОН, ФОРТРАН, СИ , СИ++, БЕЙСИК, Turbo Pascal, Borland Pascal, Delphі программалау тілдері.Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез тараған.Қазіргі кезде  барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады.Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.

     Бұл тілде жазылған программа компьютерде  орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады),объектік программаға түрлендіріледі де,содан кейін ғана орындалады.Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады,оның біріншісі- алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі- объектік кодтағы жазылған программа.Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз,ал программаны түзету қажет болғанда,оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді 
 
 

1.Паскаль  – программалау тілі бойынша  берілген ребустарды шешіңіз.

1-ребус

 
 
 
 
 
 

Жауабы:  Real 

2-ребус

 
 
 
 
 
 

Жауабы:  And

3-ребус

 
 
 
 
 
 

Жауабы:  Сан 

4-ребус

 
 
 
 
 
 

Жауабы:  Тип 

2.Анаграмма  шешу.

VID – DIV

DAN – AND

ROX– XOR

TON – NOT

RO – OR

DOM – MOD

Тапсырма:

AND– логикалық көбейту операциясы;

XOR–  арифметикалық немесе амалы;

NOT–  терістеу немесе жоққа шығару операциясы;

MOD–  қалдықты табу;

OR–  логикалық қосу операциясы;

DIV– бүтін бөлу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информатика әлеміне саяхат.

Кештің  мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

                              Өз білімдерін, қарсыласын бағалай  білуге тәрбиелеу.

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьтерлер.

Қатысушылар: мектеп оқушылары 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер  ме? Құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика әлеміне саяхат» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

 Ойын толқып, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып  жатады асығыста 

Ойын толқып жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Информация о работе Информатикадан танымдық жұмыстар жүргізу