Компьютерлік графика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 06:45, лекция

Описание

Геометриялық фигураны векторлық әдіспен кодтау кезінде ондағы суреттер компьютер жадында математикалық формула түрінде сақталады. Шеңбер салған уақытта бағдарлама оның радиусын, центірнің координаттарын, сызықтық түсі мен қалыңдығын сандық коэффициенттер түрінде сақтайды. Математикалық формулалардың көмегімен көптеген фигураларды бейнелеуге болады. Векторлық суреттің параметрлерін масштабтау коэффициентіне көбейту арқылы қарапайым математикалық операциялар көмегімен алынған суретті масштабтауға болады. Расторлық суреттерде обьекті пиксельдерге бөлінеді, ол пиксельдердің әр қайсысының өзінің түсі болады.

Работа состоит из  1 файл

компьютерная графика.doc

— 231.00 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Геометриялық  фигураны векторлық әдіспен кодтау кезінде ондағы суреттер компьютер  жадында математикалық формула  түрінде сақталады. Шеңбер салған уақытта  бағдарлама оның радиусын, центірнің  координаттарын, сызықтық түсі мен  қалыңдығын сандық коэффициенттер түрінде сақтайды. Математикалық формулалардың көмегімен көптеген фигураларды бейнелеуге болады. Векторлық суреттің параметрлерін масштабтау коэффициентіне көбейту арқылы қарапайым математикалық операциялар көмегімен алынған суретті масштабтауға болады. Расторлық суреттерде обьекті пиксельдерге бөлінеді, ол пиксельдердің әр қайсысының өзінің түсі болады. Компьютер  расторлық суреттерді өңдеуі үшін ол пиксельдер сан түрінде беріледі. Расторлық кескіндер фотосуреттерде кеңінен қолданылады. Интернет компьютер желісінде көптеген суреттер расторлық кескін арқылы бейнеленеді. Векторлық және расторлық графиакны оқып меңгеру үшін Corel Craphics графикалық дестесі (пакеті) қолданылады.

Бұл десте құрамына  Corel DRAW векторлық графикалық редакторы, Corel PHOTO-PAINT расторлық графикалық редакторы кіреді. 

Corel DRAWвекторлық графкамен жұмыс істеуге арналған графикалық бейнелерді өзгерту мен жасаудың көптеген жолдарын қамтиды. Бағдарлама интерфейсі қолдануға өте қолайлы алынатын кескіннің сапасы жоғары болып келеді.

Corel PHOTO-PAINT расторлық редакторы расторлық кескіндермен жұмыс жасауға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Corel DRAW құжаты

Бағдарламаны  іске қосу үшін Windows меньюіндегі Corel DRAW-10 бағдарламалар тобын, оның ішінде - Corel DRAW-10 таңбашасын таңдаймыз.

Corel DRAW толық бапталатын интерфейсі арқылы ерекшеленеді. Corel DRAW-та интерфейстің барлық элементтерін – толық баптауға болады.

Бағдарлама  терезесінің стандартты тақырыбының астында меню орналасқан. Терезенің сол жақ шетінің бойындағы батырмалар қатарын инструменттер панелі деп атайды (Toolbox).  Бұл панель бағдарлама жұмысының режимін таңдау үшін қызмет етеді. Тінтуір батырмасын шерту арқылы панельден инструмент таңдай отырып, бағдарламаға фигуралар, қисықтар салу, редакциялау, контурды бояу немесе жиектей сызу, мәтінді теру немесе редакциялау жұмыстарын орындауға болады.

Басқару панелі басты менюдің астында тұрады. Онда жиі орындалатын: файлдарды ашу, сақтау және жабу командаларына, жүйелі алмасу буферімен жүргізілетін операцияларға, иллюстрацияларды қарау режімі мен масштабына және әсйкес таңбашалар орналасқан.

Басқару панелін орнату

Дайын панельді алып орнату үшін, тінтуір нұсқағышын (указатель мыши) орнатылған панельдердің қайсысына болса да қойып, оң батырмасын шерту керек.  Ашылған контексті менюден қажет менюді таңдау керек.  Менюдегі панельдің атауының қасында қанатбелгі тұрса, онда бұл панель бұрын орнатылған және менюде оған сәйкес пункт (орын) таңдап, оны экраннан алып тастауға болады.

Панельдердің  атауы олардың орындайтын міндетіне  сәйкес болады.

Басқару панелінен  төмен батырмалардың  тағы бір  қатары – Қасиеттер панелі (Панель свойств) орналасқан. Бұл – обьектілерді басқару пульті дейді. Панельдің түрі таңдап алынған обьект пен инструментке байланысты.

Corel DRAW бағдарламадағы обьектілер

Corel DRAW-та «обьект» терминімен иллюстрацияның кез келген элементі аталады. Сызықтар, фигуралар, сырттан енгізілген (импортталған) графика және мәтін обьектілер бола алады.

Терезенің оң жақ  шетінде Түстер палитрасы (Палитра цветов) орналасқан. Бұл бояулардың үлгілерін араластыру үшін пайдаланатын палитраның цифрлық аналогы. Электрондық палитрасы түстер үлгілерін сақтайды.

 

Бірнеше түстер палитрасының бояуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа  құжат жасау

Бағдарламаны  іске қосқаннан кейін Corel DRAW диалогтық терезесі ашылады. Жаңа құжат та және бұрын жасалған құжаттарды болады. Жаңа құжат жасау үшін таза бет фонындағы жаңа құжат таңбашасын таңдау керек. Жаңа құжат жасау үшін Файл менюінен Создать командасын таңдау керек. Және басқару панелінің сол жақ шетінде орналасқан Құжат жасау (Создать документ) батырмасын шерту керек.

Corel DRAW тың бұрыннан бар құжаттарын ашудың 3 жолы бар.

1 - Corel DRAW-ты іске қосқанда ашылатын диалогтық терезедег бар құжатты ашу таңбашасын таңдау арқылы.

2 – Файл менюінің Ашу (Открыть) командасын таңдау арқылы.

3 – басқару  панеліндегі Открыть батырмасын шерту арқылы.

Диалогтық терезеде белгіленген файл туралы ақпарат (мәлімет) көрсетіледі (төменгі оқ жақтағы  бұрышта).

Папкалармен файлдар  тізімінің оң жағында онда белгіленген файлда бар дүниелердің кішірейтілген кескіні көрсетіледі. Файлдың ішіндегісі туралы мәліметтерді ашпай тұрып көруге болады. Кішірейтілген кескінді этикетка деп аталады. Этикеткаларды көрсетуді Қарау (Просмотр) жалаушасын түсіріп (алып тастап) тоқтатуға болады. Қарау (Просмотр) жалаушасы кескіннің астында орналасқан.

Құжатты сақтау

Құжатты сақтау үшін Файл менюінен Сохранить командасын таңдау керек. Жаңа құжатты сақтау үшін Құжатты сақтау (Сохранение документа) диалогтық терезесі ашылады (Save Drawing). Құжаттың атын Имя файла терезесіне енгізіп Сохранить батырмасын шертеміз. Файлдарға мағыналы атаулар беру керек. Басқару панеліндегі Сохранить батырмасы жылдам сақтауға арналған. Құжатты Ctrl+S пернелерін басып жылдам сақтауға болады. Иллюстрацияны Corel DRAW-тың бұрынғы нұсқасында сақтау үшін жазылып ашылатын Версия (Version) тізімен қажетті пунктін таңдау керек. Этикетканың бар болуы түрін Этикетка (Thumbnail) тізіміне қою керек.

Егер файлдың  көшірмесін жасау керек болса, оны  басқа папкада Файл менюінің Сохранить как (Save as) амалын орындау керек. Файлдың бұрынғы атын қалдыруға болады.

Құжатты жабу үшін Файл менюінің Закрыть амалын орындау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Беттің  параметрлері мен өлшеу жүйесі.

Жаңа құжат  бетінің өлшемі Letter (8,5х11 дюйм) және (тік) вертикаль бағдарлы болады. Қағаздың ең көп тараған пішімі – А4 (210х297 мм). Бұл пішімді орнату үшін қасиеттер панелінің сол жақ шетінде орналасқан Тип /формат бумаги Қағаздың типі/пішімі, Paper Type/Sike тізімін таңдау керек. Тізімде А4 пішімінен басқа әр түрлі стандартты көптеген пішімдер бар, олардың ішінен өзімізге керегін таңдау керек. Қажет міндерді пернетақтадан Ширина и высота бумаги (Қағаздың биіктігі мен ені, Paper Width and Height) тобының өрістеріне енгізіңдер. Өлшемдер өрістері қасиеттер панелінде, пішімдер тізімінің оң жағында орналасқан.

Жұмыс бетінің  бағдарын өзгерту үшін Кітаптық (Port-rait) немесе Альбомдық (Landscape) батырмаларының бірінде шерту керек. Бұл батырмаларда сәйкес тік немесе көлбеу орналасқан беттің тікбұрышы берілген. Бір құжаттың ішінде бір немесе әр түрлі өлшемді, бірдей немесе әр түрлі бағдарлы жұмыс беттерін жасауға юолады. Беттің атрибуттарын ауыстыру үшін, Макет (Layout) менюінің Изменить размеры страницы (Беттің өлшемдерін өзгерту, Resize page) командасын пайдалану керек. Тек экрандағы бағдарын өзгерту үшін Изменить ориентацию страницы (Беттің бағдарын өзгерту, Resize Page Orentation) командасын таңдау керек.

Құжатты қарау масштабы.

  Corel DRAW-тың иллюстрациалды қараудың ерікті масштабын орнатуға мүмкіндік беретін инструменті бар. Иллюстрацияны қарау масштабын өзгертудің бірнеше тәсілі бар.  Стандартты басқару панелінің Масштаб (Zoom Lebels) тізімінен мәнді таңдау керек. Ол 10-400% ауқымынан жиі қолданылатын масштабты таңдау керек. По картинке  (Сурет бойынша To Fit), На страницу(Бет бойынша, To Page), По ширине (Ені бойынша To Width), По высоте (Биіктігі бойынша To Hight) түрлері бар. Мастаб (Zoom Lebels) өрісінде масштабтаудың коэффицентін береді. Мәнді енгізгеннен кейін Enter пернесін басу керек. Қасиеттер панелінде масштабты басқару элементттері бар Крупнее (Ірірек Zoom Out) және Мельче (Ұсағырақ Zoom In) батырманың көмегімен масштабты кішірейтуге немесе үлкейтуге болмайды.

                                    

 

 

 

Обьектілер  салу.

Суреттердің барлық элементтерінің котурлары редакцияланған графикалық примитивтерден (жәй қарапайым, анайы сызықтар) тұрады.

1.Жаңа құжат жасау керек.

2.Жұмыс бетінің өлшемін  анықтау керек. Құжаттардың стандартты  пішімі А4.

3. Миллиметрден өлшеу  бірлігін орындау керек.

Алынған дайындаманы жұмыс папкасында сақтау керек.

Эллипстер мен шеңберлерді салу.

Эллипс (Ellipsw Tool) инструментін таңдау керек. Нұсқағыш шетінде эллипсі бар крест түрінде болады. Онда эллипспен жұмыс істеуге арналған енгізу өрісі мен таңбашалары бар.

Нұсқағыштың қозғалуына екі сызғыштағы жіңішке шрихтардың жылжуы сәйкес болады.

Бұрыштан бастай отырып эллипс салу үшін келесі әрекеттер орындалады:

1. Тінтуір нұсқағышын шамамен х40, у260 координатарына сәйкес орынға әкеліп шерту керек. Онда эллипс жазылатын габаритті тікбұрыштың жоғары сол бұрышын таңдау керек.

2. Тінтуір нұсқағышын  төмен және оңға апарып шерту  керек. Бетте эллипс пайда болады. Тінтуір батырмасын жібермей  нұсқағышты жан-жаққа жылжыту  керек. Эллипс нұсқағыштың қозғалған жағына қарай өзгеріп отырады.

3. Пернені жіберу керек.

Corel DRAW-тың кез-келген обьектісінің  өлшемі обьектінің ені мен биіктігін көрсететін көрінбейтін габаритті тікбұрышқа жазылған. Эллипстің сыртындағы габаритті тікбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарында сегіз кішкене квадратар пайда болады, ал ортасында-қиғаш крест. Бұлар – манипуляторлар немесе обьектінің басқарушы орталықтары.

Иллюстрация терезісінің  суреттен басқа кез келген жеріне шертілсе, онда манипуляторлар жоқ  болып кетеді. Эллипстің жиегін шерту  керек. Обьект активті немесе белгіленген болды. Обьектінің төңірегінде жіне геометриялық ортасында манипуляторлар бар. Олар активтікті көрсетеді және обьектіні басқару үшін қажет. Бүйір жақтарындағы манипуляторлардың көмегімен обьектілерді масштабтауға, өлшемін өзгертуге, айналдыруға, бейнелеп көрсетуге және еңкейтуге болады, ортаңғысы жылжыту үшін керек.

Ортаңғы манипулятор обьектінің бетте орналасуын сипаттайды. Қасиеттер панелінде оның тұрған орны бірінің астында бірі орналасқан екі жолдан тұратын сол жақ өрісте белгіленеді. Олар ортадағы манипулятордың абсцисса мен ординаты осьтеріне қатыстыорнына сәйкес болады.

Эллипс иіндерінің ішінде, жоғарғысында кішкене квадрат орналасқан. Бұл – эллипстің торабы деп аталады. Оны эллипсті (доғаға) иінге немесе секторға түрлендіру үшін пайдаланады.

Қасиеттер панелінде  мынадай обьектілер бар:

  • Координаттар өрісі. Координаттардың осьтеріне тиісті сандарды енгізіп, обьектінің беттегі орнын өзгертуге болады.
  • Өлшемдер өрісі. Обьектінің тік және көлденең өлшемдері көрсетелген екі жолдан тұрады.
  1. Салынған эллипсті Нұсқаушы (Pick Tool) инструменті белгілеу керек.
  1. Координаттар өрісінің жоғарғы жолын шертіп. Обьектінің  дәл координат мәнін 105-абцисса осін беру керек.
  2. Tab пернесін басу керек. Төменгі жақ ординат осінде 260 мәнін енгізіп. Enter пернесін басу керек. Эллипс орнына келеді.
  3. Логотиптің дәл өлшемі 65; 45.
  • Масштаб өрісі және пропорционал емес масштабталу батырмасы. Бұлар обьектінің өлшемдерін өзгерту үшін керек. Обьектіні белгілегенде екі жолда да 100 % мәні тұр (обьекті өзгермеген). Обьектіні көлденең (горизонталь) және тік (вертикаль) өлшемдерін үлкейту (кішірейту) дәрежесі алғашқы өлшемге қатысты процентпен беріледі.
  • Айналу жолы. Обьектінің бұрылу бұрышы, 20 деп берсек. Эллипс 200-қа бұрылады. Оны орнына келтіру үшін 0-ді енгізу керек.
  • Бейнелеу батырмалары. Бұлардың қайсысын бассада обьекті өзінің бейнесіне айналады. Жоғарғы батырма (горизонталь бойынша) көлденең бейнесін жасайды, төменгісі – тәк (вертикаль бойынша) көлбеу бейнесін береді. Төмеңгі батырмасын басса эллипс төңкеріледі. Қайта басса оны бұрыңғы қалпына келтіреді.
  • Эллипс-Сектор-Доға ауыстырып қосқышы. Сектор батырмасын шертіп (өиылған бөлігі бар эллипс салынған жерде). Бағдарлама эллипстің төменгі оң ширегін (төрттен бірін) қиып алады. Эллипс батырмасын шертіп алғашқы қалпына келтіріледі. Үшінші батырма эллипсті доғаға айналдырады.
  • Бастапқы және соңғы бұрыштың өрісі. Мұнда сектордың немесе доғаның түрін түзету үшін қолданады. Жан жағындағы стрелкалар фигуралардың сыртқы түрін өзгертуге арналған батырмалар.
  • Доғаның бағыты батырмасы.  Доғаның басы мен аяғы орындарын ауыстыру үшін пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көпбұрышты  салу.

Қабырғаларының  саны әр түрлі көпбұрыштарды салу үшін:

  1. Көпбұрыш (Polygon Tool) инструментін таңдап. Нұсқағыш қасында бесбұрышы бар крестке айналады.
  2. Бастапқы нүктені таңдап, оны оңға және төмен апару керек. Көпбұрышты салу бұрыштан немесе центрден жүргізілуі тиіс. (Shift пернесін басып ұстап). Ctrl-ды басып тұрса, көпбұрыш салынады. Салынған бесбұрыштар обьектілер сияқты манипуляторлармен қоршалған және бұрыштардың әрқайсысында бірден және қабырғалардың әрқайсысының ортасында -10тораптары бар.
  3. Көпбұрыштардың қабырғаларының санын өзгертуге болады. Көпбұрыштың қабырғаларының санын енгізу жолына 3 санын енгізсек, обьекті үшбұрышқа айналады.

Информация о работе Компьютерлік графика