Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 06:45, лекция
Геометриялық фигураны векторлық әдіспен кодтау кезінде ондағы суреттер компьютер жадында математикалық формула түрінде сақталады. Шеңбер салған уақытта бағдарлама оның радиусын, центірнің координаттарын, сызықтық түсі мен қалыңдығын сандық коэффициенттер түрінде сақтайды. Математикалық формулалардың көмегімен көптеген фигураларды бейнелеуге болады. Векторлық суреттің параметрлерін масштабтау коэффициентіне көбейту арқылы қарапайым математикалық операциялар көмегімен алынған суретті масштабтауға болады. Расторлық суреттерде обьекті пиксельдерге бөлінеді, ол пиксельдердің әр қайсысының өзінің түсі болады.
Обьектілерді қосу
Обьектілерді қосу (қиыстыру, құру) ережелерін пайдалану үшін:
Тапсырма
Қисық инструменті пішіні әр түрлі қисық – обьектілерді салуға арналған. Ерікті пішінді фигураны салу үшін Монтаж менюінің Пересечение (Қиылысу) Обьединить (Біріктіру) Исключение (Шығарып тастау) – графикалық примитивтерді қосу әдістерін пайдалану оңай болады. Бұл командалардың әркеттерінің нәтижесінде жалпы контуры бар фигура жасалады. Соединить операциясынан айырмашылығы контурларды беттестіріп салғанда саңылаулар болмайды. Соңғы таңдалған обьектіні де жақтаумен белгілеген де нәтижелік фигура, қосу кезіндегідейң ең төменгі обьектінің белгілеріне ие болады. Бұл операцияларды орындауға Профилирование (Кескіндеу) докері арналған. Оны ашу үшін Монтаж менюіндегі Профилирование командасын таңдау керек. Ашылған тізімнен пункттердің кез келгенін таңдаңыз.
COREL DRAW докерлерінің құрылғысы күрделі емес. Бағдарламаның басты терезесінің белгілі жеріне автоматты түрде орналастырылатын палитрлар. Бірінші докерді ашқанда құжат терезесінің аумағы кішірек болады, оң жағында докерлер аумағы пайда болады. Кейнгі ашылғандары өздерімен бұрынғы шақырылғандарын тек бетберілгенін ғана көрінетіндей ғып жауып қалады. Бетбелгіде тінтуірді шерту арқылы ағымдағы докерді жасайды. Close Aktive Docker батырмасы (оған қиғаш крестше салынған) ағымдағы докерді жабуға арналған. Докерлердің барлық аумағын жабу үшін Close Docker Group батырмасында (онда қос қиғаш терезе салынған) шерту керек. Докерлер аумағын Collapse Docker батырмасында (қос стрелка салынған) шертіп кішірейтуге болады. Кіші режимінде тек бетбелгілер ғана көрінеді. Сол батырмада қайталап шерту докерлер аумағын қайта ашады.
Кәдімгі палитра түріндегі докерлер
Нұсқағышты
докердің жоғарғы бөлігіне орналастырса
(қос сызық аумағына) апарса, онда
докер кәдімгі палитраға
Докердің жоғарғы жағында олардың әрқайсысы бір операцияға сәйкес келетін үш батырма бар. Бірінші батырманы шкртіңіз. Докерде Обьеденение командасы әрекетінің сызбасы мен бұл командан басқару элементтері орналасады. Екінші батырмада шертіңіз. Докердің түрі өзгерді. Онда Исключение командасын басқару элементтері бар. Үшінші батырма Пересечение командасынын режимін ашады.
Обьектілерді біріктіру.
Обьектілерді біріктіруді көрсету үшін қыздың бір құлағын белгілеңіздер және оны Қасиеттер панеліндегі Эллипс батырмасына басып эллипске айналдырыңыз. Екінші құлағыны да басыңыз.
1.Қыздың басын
таңдаңыздар. Докер ашылады.
2.Обьединение үлкен батырмасында шертіңіз. Нұсқағыштың қасында біріктірілген фигуранының сызбалық кескіні пайда болады.
3.алдымен таңдалған
обьектіні біріктірмекші
4.Екінші құлағынада қайталаңыз.
Бастапқы обьектілерді сақтау.
Бұл топтың Пересечение, Обьеденение, Исключеннеие барлық командалары үшін Обьект назначения жалаушасын орнатыңыз, сонда оныңкөшірмесін сақтауға болады. Егер қалған белгіленген обьектілердің де көшірмесін сақтау керек болса, Другие обьекты жалаушасын орнату керек.
Қисық сызықтарды редакциялау
Қисықтарды
редакциялау белгілі дағдыларды
талап етеді. Операцияларды сурет
салу үшін инструменттерімен Нұсқағыш-
Қисықтарға айналдыру.
Контурларды редакциялау ерікті пішінді фигуралардың графикалық примитивтерден негізгі айырмашылығы қисық обьектінің тораптарын өзгертуге болады. Фигураның пішінін өзгерту керек болса, онда оны қисыққа айналдыру керек. Бұл үшін Монтаж менюінің Преобразовать и кривые командасын таңдау керек. Команда обьектіні таңдағаннан кейін қасиеттер панелінен де пайдалануға болады. Қасиеттер панелінде сол бір атты батырмамен таңдалады. Батырмада төрт торабы бар шеңбер салынған.
Тораптар, сегменттер, басқарушы нүктелер
Corel Draw-тың кез-келген обьектісі контур мен құюдан тұрады. Контур сегменттермен жалғастырылған тораптардан тұрады. Сегмент түзу сызықтан болса, онда тораптың кескіні фигураның түрін толық бейнелейді (сызады). Сегменттер қисық сызықты болғанда тораптардың жайы (орналасуы) обьектіні бейнелеп сызу үшін жеткіліксіз болады, сегменттің қисықтарының пішіні әр түрлі. Фигураның пішінің анықтау үшін қисық сызықты сегменттердің тораптары басқарушы нүктелермен –тораптан сегментке жүргізілген жанама кескінділерінің ұштарымен жабдықталған. Жанаманың бағыты және басқарушы нүктеден қисыққа дейінгі арақашықтық сегменттің түрін анықтайды.
Қисық сызықтық сегменттердің тораптары үші түрлі болады: тегістелген, сүйір, симмериялы. Тораптың түрін өзгертуге болады. Бұл жағдайда қисықтық түрі де өзгереді.
Қисық сызықты сегменттің тораптары фигуралардың пішіндерін өзгерту:
Тораптар мен сегменттерді редкциялау
Қисықтардың тораптарын редакциялау үшін:
1. Фигура инструментін таңдаңыз. Қыздың шашының бұйрасын белгілеңдер. Сызық жақсы көрінетін тораптары бар жіңішке пунктир түрінде болады. Қасиеттер панеліне қараңыздар – оның түрі өзгерді. Ондағы бар батырмалар және енгізу жолдары контурды редакциялау командаларына қатынауға мүмкіндік береді.
2. бұл режимде
жұмыс істегенде нұсқағыштың
түрі – үшбұрышты стрелка (
3. белгілеген
торапты бір жерден басқа
Мысалдар қаріптері
Біздің мысалдарда біз тек Microsoft Windows немесе Corel DRAW 10.0 дестесіне кіретін қаріптерді ғана қолданамыз. Corel DRAW-тың жабдығына көптеген қаріптер кіреді, бірақ олардың бірнешеуінің құрамында ғана (орыс ) қазақ алфавитінің символдары бар. Бұл қаріптер CYRILLIC папкасында болады, өз кезегінде ол бағдарламаның дистрибуттық дискісіндегі FONDS папкасының ішінде болады. Біз көбінесе осыларды қолданатын боламыз.
Corel қаріптерінің екі – Туре 1 және True Туре атты варианттары бар.
Қаріптің өлшемін таңдау
Фирманың атауы үшін қаріптің өлшемін анықтау пішімдеудің ең көп еңбектендіретін кезеңі, өйткені небәрі екі-ақ сөзге қаріптің төрт түрлі өлшемі қолданылады.
1. Редакцияланатын үзіндіні Нұсқағыш (Pick Tool) инструментімен белгілеңіздер.
2. Шрифт (Fond List) тізімінің қасында қаріптің өлшемін орнатуға мүмкіндік жасайтын Размер шрифта (Point Size List) тізімі бар. Тізімнің өрісіне 16 мәнін енгізіңіздер. «Страна» сөзінің литералары (әріптері) осы өлшемдегі қаріппен терілген
3. «Чудес» сөзіндегі литералардың «Ч» литерасын қоспағанда, өлшемі үлкенірек. Белгіленген мәтінді екі рет шертіңіздер. Бұл кезде Мәтін (Text Tool) инструменті белсенді болады да, фигуралық мәтінді символдап редакциялау мүмкіндік болады.
4. Мәтіннің үзіндісін пішімдеу үшін оны Мәтін (Text Tool) инструментімен белгілеу керек. Белгілеу кәдімгі мәтіндік редактордағыдайжүргізіледі. Мұны тінтуірдің немесе пернетақтаның көмегімен жүргізуге болады.Егер пернетақтаны қолданатын болсақ, оны алдымен меңзерді басқару пернелерінің көмегімен енгізу нүктесін «Ч» және «у» әріптерінің арасына орналастыру керек. Стрелка вправо пернесі, бұл кезде Shift пернесін басып ұстай отырып, басу керек. «У» әрпі теріс бейнеленеді, бұл белгіленуді көрсетеді. Тінтуір көмегімен: нұсқағышты керек жеріне орналастырып, сол батырманы басып және оны жібермей отырып, нұсқағышты белгілеу керек болған үзіндінің (біз мысалымызда үш символ оңға) соңғы жағына жылжытыңыздар. Сонан кейін тінтуірдің батырмасын жіберіңіздер.
5. Енді белгіленген үзінді үшін 18 пункт өлшем беріңіздер. Бұл мәнді алдымен қасиеттер панеліндегі қаріп өлшемдері тізімінің өрісіне енгізіп алыңыздар.
6. Осы операцияны оған 20 пункт өлшем беріп « С» әрпімен де жүргізіңіздер.
7. Сөздердің басқы әріптері: «С» және «Ч» – ның өлшемдері одан да үлкен. Олар үшін 30 пункт өлшем беру керек. Енді біз мұны басқа тәсілмен жасаймыз.
Жеке символдарды инструменттер палитрасындағы Фигура (Shape Tool) инструментінің көмегімен пішімдеу қолайлы болады.Егер фигуралық мәтінді осы инструменттін көмегімен белгілесе, онда әр символдың сол жағында, оның базалық сызығының деңгейінде қисықтың тораптарына ұқсас ақ түсті шаршылар пайда болады. Бұл «мәтіннің тораптары» контурлардың тораптарына сырт пішінімен ғана емес, функцияларымен де ұқсас. Егер символға сәйкес торапта тінтуір арқылы шертсе, онда қасиеттер панелінде тек осы әріптің қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік беретін командалардың батырмалары пайда болады. Бұл жағдайда торап түсін қараға өзгертеді.
1. Фигура (ShapeTool) инструментін таңдап, енгізілген мәтінді тінтуірді шертіп белгілеңіздер. «С»әрпіне сәйкес торапта шертіп, басқару панеліндегі Размер шрифта (Point Size List) тізіміне қаріптің 30 пункт өлшемін енгізіңіздер.Enter пернесін басыңыздар. Әріп дереу берілген өлшемде болады.
2. Өлшемі осындай болатын «Ч» әрпі үшін де осы операцияны қайталаңыздар.
Фигуралық мәтінді контурға айналдыру
Логотиптің үлгісіне мұқият қарасаңыздар оның біз жасаған үлгіден азғантай айырмашылығын байқайсыздар. Үлгіде р әрпінің төменгі шығыңқы элементінің ұзындығы таңдалған қаріптің стандартты ұзындығына қарағанда жасанды үлкейтілген.
Бұл ерекшелігін суреттеуге пішімдеудің шеберлігі емес, тек қаріптің суретін тікелей өзгерту көмектеседі. Мұндай жұмыс үшін символдың суретін құрайтын контурларды редакциялау мүмкіндігі болуы қажет. Corel DRAW қаріптің символдарын (стандартты элементтерін) олардың пішінін еркін өзгертуге болатын контурларға (қисықтарға )айналдыру мүмкіндігін береді. Контурларға айналдыру операциясы қайтымды емес, сондықтан мәтінді контурға айналдыруға тек өте қажет болғанда және пішімдеудің барлығын аяқтағанда ғана жүргізу керек.