Компьютерлік графика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 06:45, лекция

Описание

Геометриялық фигураны векторлық әдіспен кодтау кезінде ондағы суреттер компьютер жадында математикалық формула түрінде сақталады. Шеңбер салған уақытта бағдарлама оның радиусын, центірнің координаттарын, сызықтық түсі мен қалыңдығын сандық коэффициенттер түрінде сақтайды. Математикалық формулалардың көмегімен көптеген фигураларды бейнелеуге болады. Векторлық суреттің параметрлерін масштабтау коэффициентіне көбейту арқылы қарапайым математикалық операциялар көмегімен алынған суретті масштабтауға болады. Расторлық суреттерде обьекті пиксельдерге бөлінеді, ол пиксельдердің әр қайсысының өзінің түсі болады.

Работа состоит из  1 файл

компьютерная графика.doc

— 231.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

Жай және фигуралық мәтін

Corel Draw-те мәтін жәй (қарапайым) және фигуралық деп бөлінеді. Бұл бөлу шартты жасаушылар оны бағдарлама жұмысын тиімді ету үшін енгізген. Мұндай бөлудің себебі – мәтінді жұмыстың екі ерекшеленген типтері үшін қолдану:

1. Дөңестеу, бұрмалау, көлеңке жасау, графикалық обьектілер бойына орналастыру және арнайы эффектілерін пайдаланып өте шағын мәтіндік үзінділерді тақырыптарды үлкен, үлкен әріптерді жасау.

2. Мәтіннің едәуір  көлемдерін беттеу. «Едәуір» мәтіннің  көлемі бір абзацтан көп екенін білдіреді. Мұндай мәтін ақпарат беруге арналған және ол үшін, ең алдымен, жеңіл оқылуы және модификациясы маңызды.

Жұмыстардың әр типі үшін Corel Draw пішімдеудің неғұрлым қолайлы функцияларын ұсынады. Фигуралық мәтін жұмыстардың бірінші түрі үшін, жай-екінші түрі қоладанылады.

 

Фигуралық мәтін

Мәтіннің логотипін  аяқтау үшін фигуралық мәтінді қолдану  керек. Ең алдымен мәтінді теру керек, содан кейін оны үлгіге немесе ойлар тапқан түріне сәйкес пішімдеп мәтінді бекітілген орынға орналастыру  керек, содан кейін блоктың түрін жетілдіру керек.

Фигуралық мәтінді енгізу

Мәтінді енгізу үшін инструменттер панелінен Мәтін инструментін таңдау керек. Оның батырмасында «А» әрпі салынған. Нұсқағыш төмеңгі оң жағында «А» әрпі бар крест түрінде болады. Беттің кез келген жерінде тінтуірмен шерту керек. Шерткен жерде жыпылықтаған тік сызық пайда болады. Бұл мәтіндік меңзер, ол бетте пернетақтадан енгізілетін символдар пайда болатын орынды (енгізу нүктесін) көрсетеді. «Страна чудес» мәтінін теріңіздер. Сөздердің арасында ENTER пернесін басыңыздар, «Чудес» сөзі жаңа жолға ауысады.

 

 

 

 

 

Меңзер  және нұсқағыш

Иллюстрацияда мәтіндік меңзер болғанда тінтуірдің нұсқағышы жоғалмайды. Бұл экранда  мәтінді еңгізуді үзбей, командаларды және басқару элементтерін таңдауға мүмкіндік береді.

Corel Draw-дағы мәтінді енгізу ережелері басқа да мәтіндік редакторларына ұқсас.

Стандартты  басқару пернелерінің барлығы жұмыс  істейді:

  • Меңзерді басқару пернелері енгізу нүктесін жылжытады.
  • Осы пернелер енгізу нүктесін, Ctrl басулы кезде, бір сөзге жылжытады.
  • Home пернесін енгізу нүктесін жолдың басына, ал End пернесін – жолдың аяғына апарады.
  • Мәтіннің басына ауысуы Page Up пернесінің көмегімен, аяғына Page Down-мен жүргізіледі.

Енгізу нүктесінің сол жағындағы символ Backspace, ал оң жағындағы –Delete пернелерімен жойылады.

Енгізілген  мәтін үнсіз келісім қарпімен пішімделеді.

Егер сіздер бұл үнсіз келісімді ағымдағы құжат шегінде өзгерткілеріңіз  келсе, Мәтін (Text Tool) инструментін және мәтінді енгізу алдында жаңа қаріп таңдаңыздар.Егер сіздер мәтінді енгізуді бастап қойып қаріп таңдасаңыздар, яғни тінтуірмен бетте шерткеннен кейін, онда ол тек осы мәтіндік объекті үшін ғана қолданылады, ал келесісін жасағанда сіздерге қайта қаріп таңдауға тура келеді.

Сөзді тұтас белгілеу

Мәтін (Text Tool) инструментімен мәтінде екі қайтара шерту тұтас сөзді, яғни бір бос орыннан келесі бос орынға дейінгі символдар тізбегін белгілейді.

Қаріпті таңдау

Мәтіннің ең басты атрибуты қаріп болып табылады. Оны логотиптегі мәтін үшін берейік.

1. Инструменттер  жинағынан Нұсқағыш (Pick Tool) инструментін таңдаңыздар да терілген мәтінді белгілеңіздер.

2. Қасиеттер  панеліндегі ашылатын Шрифт (Қаріп, Fond List) тізімінен Times New Roman қарпін табыңыздар. Сіздер тізімнен қаріп таңдасымен-ақ, ол белгіленген мәтінді пішімдейді.

 

ОБЪЕКТІЛЕРДІ  ТУРАЛАУ

Бұл бөлімде  «Страна чудес» фирмасының логотипін  пайдалана отырып, біз факсимилді хабарландыру бланкісінің суретін  салайық. Бланкі өрістерін салғанда біз объектілерді туралаудың әр түрлі  әдістерін қолданамыз.

 Сызғыштар және бағыттаушылар

Алдыңғы бөлімдерде біз сызғыштар бойынша туралау  тәсілін жиі қолданғанбыз. Шынында  да, сызғыштардың көмегімен объектілердің  координаттарын белгілей отырып, оларды бір деңгейде көлденең немесе тік  орналастыруға болады.Бірақ объектілерді сызғыш бойынша туралау не көп уаңыт алады, не ол дәл болмай шығады. Егер сіздер масштабты үлкейтпей жүмыс істесеңіздер, онда тінтуірдің сәл ғана қозғалуы объектіні жылжытады. Тінтуір арқылы берілген координаттағы нүктеге объектіні дәл орналастыру қиын екенін өздеріңіз де байқаған боларсыздар. Масштабты үлкейтіп жүмыс істеу объектілерді сызғыш бойынша дәлірек орналастыруға мүмкіндік береді, бірақ бұл қайта-қайта оның масштабын ауыстырып, иллюстрацияның жаңаруын күтуге мәжбүр етеді.

Жоғарыда айтылған себептерге байланысты сызғыштар объектілерді туралауда сирек қолданылады, олар тек объектілердің координаттарын шамамен анықтауға және бағыттаушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Керісінше бағыттаушылар  объектілерді туралау және бетті  белгілеу үшін өте кең қолданылады.

Бағыттаушылар көмегімен бланкінің өрістерін берейік. Барлық өрістер 15 мм-ге тең, ал сол жақ тігінді өрісі – 25мм болсын.

1. Файл (File) менюіндегі Новый (New) командасымен жаңа қүжат жасаңыздар.

2.Қасиеттер  панелінің көмегімен А 4 бетінің  пішімін және миллиметр өлшем бірлігін орнатыңыздар.

3. Страница целиком (To Page) командасымен бетті бейнелеу масштабын орнатыңыздар.

4. Тінтуір нұсқағышын тік сызғышқа әкеліңіздер де оны сол жақ шетінен 25 мм аралықтағы беттің өрісіне апарыңыздар. Бұл арақашықтықты көлденең сызықта бақылаңыздар. Нұсқағыштың соңынан сызғыштан бағыттаушы «созылады».

Егер құжатта  бағыттауыш сызық белгіленген болса, онда қасиеттер панеліндегі Нұсқағыш (Pick) немесе Фигура (Shape) инструменттері активті болғанда басқару элементтері бағыттаушылармен бейнеленеді.

5. Координаты (Object Position) өрісінде белгіленген бағыттаушының координаттары бар.Сіздер жасаған тік (вертикаль) бағыттаушы үшін координаттар тек У осі бойынша ғана анықталады, ал Х өрісінде – мүмкін емес (оған қатынай алмаймыз).Координаттар алаңында көрсетілген мәні тура емес, яғни дәл 25-ке тең болмауы мүмкін. Бұл өріске 25 санын енгізіп, Enter пернесін басыңыздар. Бағыттаушы орнын ауыстырады.

6. Беттің оң  жақ өрісіне сәйкес тағы да  бір координаты 195 мм (15 мм өрісті алып тастағандағы беттің ені)тік (вертикаль) бағыттаушы жасаңыздар.

7. Екі көлденең  горизонталь бағыттаушыны оларды  кезекпен көлденең сызғыштан  созып алып, жасаңыздар.Жасалынған  көмекші сызықтар үшін 15мм және 282мм координаттарды орнатыңыздар.

Беттің белгілеуі  дайын болды.

Қасиеттер панелінің  бағыттаушыларға арналған қалған өрістерін қарастырайық. Олардың ішінен біреуін белгілеңіздер. Бағыттаушының еңкею өрісінде еңкею бұрышына (Angle of Rotation) 45 мәнін беріңіздер. Енді бағыттаушы 45 градус бұрышта орналасты.Еңкею өрісінің координаттарының екеуін де Ctrl+Z пернелер тіркесін басып, еңкеюді алып тастаңыздар. Келесі екі енгізу өрісі белгіленген бағыттаушынең айналу центрінің орнын анықтайды.Закрепить (Lock) батырмасын басу онда құлып бейнеленген бағыттаушыны бекітеді. Біз жасаған көмекші сызықтардың бірін белгілеңіздер,сонан кейін сол батырмада шертіңіздер.Бекітілген сызықты тасымалдауға, жылжытуға, бұруға немесе жоюға болмайды. Жасаған тордың барлық бағыттаушылары орнын бекітіңіздер. Бұл оларды объектілерді орналастырғанда байқаусыз жылжытудан қорғайды.

Топтау  батырмалары

Топтау батырмаларының бар болуы осы кезде қандай объектілер белгіленгеніне байланысты болады. Егер иллюстрацияда жеке объектілер таңдалса, онда қасиеттер панелінде Сгруппировать (Group) батырмасы болады.Топты белгілегенде панельде екі батырма болады –Разгруппировать (Ungroup) және Разгруппировать все (Ungroup All). Егер бір кезде топ пен объектіні қатар белгілейтін болсақ, онда қасиеттер панелінде батырмалардың үшеу көрсетіледі.

1. Нұсқағыш (Pick Tool) инструментін таңдаңыздар.

2. Логотипті  толығымен белгілеңіздер, қасиеттер  панелінің ортаңғы бөлігінде Сгруппировать (Group) батырмасы пайда болғанына назар аударыңыздар.

3. Бұл батырманы  басыңыздар. Сырттай ешқандай өзгерістер  болған жоқ.

4. Белгілеуді  алып тастаңыздар.

5. Логотиптің  кез келген нүктесінде тінтуірдің  батырмасын шертіңіздер. Бұл жағдайда  тінтуір нұсқағышының астындағы  объект қана емес, логотиптің  қалған элементтерінің барлығы  да белгіленеді. Топ бір объект  сияқты белгіленеді.

Логотип өзінің түпнұсқалық өлшемінде бланкте көпорын алады.

1. Логотипті  30/24мм өлшеміне дейін кішірейтіңіздер. Тінтуір көмегімен логотипті масштабтай отырып, өлшемдерін сызғыш бойынша байқап отыруға болады немесе өлшемдерін қасиеттер панеліндегі сәйкес өрістерге енгізуге болады.

2. Логотипті  бланктың оң жақтағы жоғарғы  бұрышына, оның габаритті тікбұрышының  оң және жоғары қабырғалары  біз орнатқан бағыттауыш тиіп  тұратындай орналастырыңыздар.

Өздеріңіз байқағандай, логотипті бағыттауыштарға қатысты  туралау қиынға түскен жоқ. Бағыттауыш жақындағанда логотип оларға «жабысып қалғандай» болды. Выравнивать по направляющим (Бағыттауыш бойынша туралау, Snap to Guidebi Lines) батырмасында шертіп, біз бұл режімді алдын ала активті күйгн келтірдік. Бағыттауыштардың объектілерді жақындату қасиеті сол объектілерді бір деңгейде (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) бойынша орналастыруға мүмкіндік береді.

Басқа объектілерді беттің өрістеріне қатысты туралау  үшін бағыттауыштарды пайдаланайық.

1. АО «Страна  чудес» фигуралық мәтінін енгізіңіздер.

2. Times New Roman қарпін және қаріптің 14 пункт өлшемін орнатыңыздар.

3. Мәтінді Нұсқағыш (Pick Tool) инструментімен белгілеңіздер.

4.Бағыттауыштар  бойынша  туралап,оны бланктің  сол жақтағы жоғарғы бұрышына  жылжытыңыздар. Енді мәтін бланктың  дәл сол жақ шеті бойынша орналасты, ал оның жоғарғы шекарасы логотиптің жоғарғы шекарасымен және бланктың жоғарғы өрісімен үйлесіп тұр.

5. Инструментті  ауыстырмай фирманың реквизиттері бар мәтіндік блокты белгілеңіздер.

6. Оны бланктың  сол жақ өрісі бойынша туралап, фирманың атының астына апарыңыздар. Мәтіннің объектілері бір-біріне жабыспауы және олардың арасында көп бос орын қалмауы үшін қашықтықты мөлшерлеп алыңыздар.

БАСПА

Көп жағдайда иллюстрацияны  жасау баспаға шығару операциясымен аяқталады.Кей кездерде оны қағаз бетінде қалай көрінетінін көру үшін де баспаға шығарады.

  Corel DRAW-да дамыған баспаны бастау мүмкіндіктері бар,олардың көбі типографиялық баспа үшін түпнұсқа-макеттерді шығаруға негізделген.Мұнда біз офистік,лазерлік немесе бүріккіш принтерде басып шығарғанда қажет болатын баптауларды қарастырамыз.

   Иллюстрация дайын болған соң Файл (File) менюінен Печать( Баспа, Print) командасын таңдаңыздар немесе басқару панеліндегі принтер бейнесі бар батырманы басыңыздар. Печать (Print) диалогтық терезе ашылады, оның ішінде алты немесе жеті қосымшасы болады.

  Алдымен,қарапайым  мақсаттар үшін қолданылатын  терезенің алғашқы екі қосымшаларын  қарастырайық-Общие(General) және Макет(Layout). Бірінші қосымшасы принтерді таңдап алуға,егер сіздерде мұндай түрлер болса параметрлерін баптауға (қағаз пішімі,бағыты,лоток және т.б.) оларды басып шығару керек болатын беттердің ауқымын және көшірмелер санын анықтауға мүмкіндік береді.Екінші қосымша қағаз бетінде иллюстрацияның орналасуын береді.

Бағдарлама принтерге  жіберілетін беттерді алдын ала қарап шығуды ескереді.Баспаға шығаруға дайындаған беттердің кішірейтілген кескінін олар басылып шығатын түрінде (көмекші сызықтарсыз және пішім мен қағаздың бағытын есепке алып) көру үшін Баспаға шығару терезесі тақырыбының жоғарғы оң жақ бұрышындағы екі еселі стрелкада шертіңіздер.

Бұдан басқа, диалогтық терезеде қарап шығу терезесін ашатын Предварительный просмотр (Print Preview)батырмасы бар.Бұл терезе принтерге шығаратын беттерді көрсетеді және оның басқа да қосымша баптаулары бар.

Post Script-интерпретаторы

Post Script деген жетінші қосымшасы принтерде осы тілдің интерпретаторы бар болса ғана пайда болады. Офистерде ондай принтерлер сирек кездеседі.

 

Қағаз пішімдері  туралы

Егер сіздер лотоктағы  қағаздың пішімін білмесеңіздер, онда оны сызғышпен өлшеп алуға болады немесе қағаз буманың сыртқы бетінен көруге болады.Жиі қолданылатын қағаз форматы-А4(Еуропада және бізде) және Letter (AZШ-та).

   Қағаз тіктөртбұрышты  пішінде болады,ал беттің бағыты  портреттік немесе альбомдық түрде болуы мүмкін:бағыт портреттік түрде болса-суреттің жоғарғы жағы  қағаздың қысқа шетінің бойында орналасады,ал бағыт альбом түрінде болса,суреттің жоғарғы жағы қағаздың ұзын шеті бойында орналасады.Әрине, альбом тәріздес басылым кезінде принтерге қағазды ұзын жағымен салмау керек-Corel DRAW иллюстрацияны өзі 90-қа бұрады.


Информация о работе Компьютерлік графика