Компьютерлік графика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 06:45, лекция

Описание

Геометриялық фигураны векторлық әдіспен кодтау кезінде ондағы суреттер компьютер жадында математикалық формула түрінде сақталады. Шеңбер салған уақытта бағдарлама оның радиусын, центірнің координаттарын, сызықтық түсі мен қалыңдығын сандық коэффициенттер түрінде сақтайды. Математикалық формулалардың көмегімен көптеген фигураларды бейнелеуге болады. Векторлық суреттің параметрлерін масштабтау коэффициентіне көбейту арқылы қарапайым математикалық операциялар көмегімен алынған суретті масштабтауға болады. Расторлық суреттерде обьекті пиксельдерге бөлінеді, ол пиксельдердің әр қайсысының өзінің түсі болады.

Работа состоит из  1 файл

компьютерная графика.doc

— 231.00 Кб (Скачать документ)

Көпбұрышты  қабырғалар саны

Қабырғалардың саны 3-тен 500-ге дейін өзгере алады. Көпбұрыш дөңес немесе жұлдызды болуы мүмкін. Жұлдыз тәрізді көпбұрыш сәулелерінің ұзындығы қасиеттер панелінде берілмейді. Оны тек интерактивті өзгертуге болады. Көпбұрыштың торабын айналдырса, сәулелері көп рет қиылысатын фигураға айналады.

Көпбұрыш (Многоугольник Polygon Tool) инструментімен жұлдыз тәрізді көпбұрышты ғана емес, жұлдыздың өзінде салуға болады. Оның сәулелері обьектінің ішкі аймағы арқылы өтетін кескінділермен өзара қосылған.

  1. Бесбұрышты таңдап – Жұлдыз (Star) батырмасын басу керек. Обьекті таңбашаға айналды.
  2. Қайта шертіп фигураны алғашқы қалпына келтіреді.
  3. Ескерту:Жұлдыздың сәулелері жетіден артық болса, олардың ұзындығын қасиеттер панеліндегі сығыртпамен (ползунок) өзгертуге болады.

 

 

 

 

 

 

Пішіні  алдын-ала анықталған қарапайым  фигуралар салу.

Дайын фигуралар (Perfect Shapes) инструменттер тобы берілген пішінді фигуралар жасауға болады.

Қарапайым фигуралар (Basic Shapes) инстументін таңдау керек. Оның көмегімен әр түрлі фигуралар жасауға болады. Инструменттің қасиеттер панелінде инструментті басқару элементтері пайда болады. Қасиеттер панелінде Дайын фигуралар (Perfect Shapes) батырмасын шертсек, инструментпен салуға болатын фигуралардың графикалық тізімі ашылады.

  1. Нұсқағышты құжат өрісіне орналастырып тінтуір батырмасын шертіп, апару керек.
  2. Экранға нұсқағыштың соңынан өскен параллелограм көрінеді.
  3. Тінтуір батырмасын жібергеннен кейін фигураны салу аяқталады.

салынған фигураның  жоғарғы сол бұрышында қызыл  ромб бар. Бұл ерекше манипулятор. Оның көмегімен фигураның пішінін түрлендіруге болады. Бағдарламаның терминдерінде бұл манипулятор «глиф» деп аталады.

  1. Нұсқағышты глифке апарса
  2. Параллелограмның еңкіштігі мен ені өзгереді.
  3. Тінтуір батырмасын жібергенде, фигураның пішіні жазылады.
  4. Басқа үлгіні таңдасақ, глиф оның төменгі жағында тұр.
  5. Фигураны оңға және солға апарса, фигураның қайрылу мөлшерін өзгертеді.
  6. Топтың басқа инструменттері бағыт сызықтарын, диаграммаларды және тағылма қағаздарды (ярлык) салуға арналған.
  7. Жасалынға обьектілердің барлығында глиф бола бермейді.

Логотипте жұлдыздар инструментін пайдалану. Үлкен эллипсті отыз екі бұрышты жұлдызға ауыстыру керек. Төменгі жағында мәтін жазуға арналған таспа орнатылған.

  1. Барлық сынақ обьектілері мен үлкен эллипсті жою керек.
  2. Жұлдыздар инструментін таңдап және қасиеттер панелінің ашылған тізімінен 32 цифрлы жұлдыз суреті бар үлгіні таңдау керек.
  3. Нұсқағышты логотиптің ортасы арқылы өтетін бағыттаушыға орнату керек. Shift пернесін басып нұсқағышты апару керек. Фигура центрден жасалады. Салынған обьектіде бір жұлдыздың ұщтарының ұзындығы басқаратын глифі бар.
  4. Ашылған тізімнен таспаның суреті бар үлгіні таңдау керек.
  5. Нұсқағышты жаңадан жасалған жұлдыздың төменгі нүктесінен бағыттаушыға апарып Shift пернесін апарып нұсқағышты апару керек.
  6. Тінтуір батырмасын жіберсең, таспа салынады. Жасалынған обьектінің екі глифі бар. Қызыл глифті оңға және солға жылжытуға болады. Сары глиф таспаның иілу дәрежесін береді. Ол жоғары және төмен қозғала алады.

 

Сызықтарды салу

Ерікті пішінді  сызықтарды Кривая (Қисық, Freehand Tool ) инструментінің көмегімен жасауға болады. Оның қалқыма менюінде Кривая инструменті орналасқан.  Фигуралармен жүргізілетін – координатты беру, өлшемін өзгерту, еңкейту, айналдыру, бейнелеу операцияларын сызықтармен жүргізуге болады.

Түзу  сызық сызу үшін:

  1. Кривая инструментін таңдау керек. Нұсқаушы қасында қисық сызығы бар крест кескін пайда болады.
  2. Координаттары 100; 278 бастапқы нүктеге әкеліп, оңға және төмен жылжыту керек.
  3. Нұсқағыштың соңынан сызық созылады. Оның ұзындығы керек мөлшерге жеткенде, иллюстрацияда тағы бір шерту керек.
  4. Бұл сызықты жалғастыруға болады. Жалғастыру керек болған сызықты белгілеу керек. Нұсқағышты сызықтың біріне әкелу керек. Сызықтың ұшы шаршы пішінді болады, нұсқағыштың крестінің түрі де өзгереді. Сызықтың ұшын шертіп, тағы бір сызық жүргізу керек. Осылай қыздың шашы салынады.
  5. Логотипті қалған бланкіден бөлетін сызық салып. Көлденең сызықтарды дәлме-дәл салу үшін координаттары 10; 225 нүктеде шертіп және Ctrl пернесін басып нұсқағышты оңға көлденең жылжыту керек.
  6. 101; 260 координатты нүктені шертіп. Тінтуірдің сол батырмасын жібермей отырып, қыздың кекілінің бір тал шашын салып, батырманы жіберу керек. Салыңған қисық сызықтың кішкене қара шаршылармен белгіленген бірнеше торабы бар. Егер қисыөта торабтар көрінбесе, онда беттің бейнелеу масштабын үлкейту керек. 

 

Көшіру  және кірістірме

Обьектіні көшіру үшін:

  1. Бесбұрышты белгілеу керек.
  2. Ctrl+C пернелерін қатар басу керек. Обьект Windows алмасу буферіне көшірілді. Суретте ешқандай өзгерістер болмайды.
  3. Ctrl+Р пернелерін басу керек. Алмасу буферіндегі обьект жұмыс бетінде алғашқының үстіне кірістірілген. Суретте бұл көрінбейді, фигуралардың шекаралары беттесіп тұрады.

Обьектіні көшіру Копировать (Көшіру, Copy) командасы Правка (Түзету, Edit) менюінде болады. Обьектіні белгілеп осы команданы таңдау керек. Обьектіні кірістіру үшін Правка (Edit ) менюіндегі Вставить (Кірістіру, Paste) командасын таңдау керек. Кірістіру, көшіру және қиып алу командаларының батырмалары басқару панелінің сол жағында тұрады.

Обьектінің көшірмелері

Обьектінің көшірмесі  алмасу буферінде сақталады және кірістіру командасының көмегімен  басқа құжатқа кірістірілуі мүмкін. Көшірмелердің санын жасауға  болады. Обьектінің көшірмесі алғашқы  обьектінің барлық қасиеттерін сақтайды және одан ешқандай айырмашылығы болмайды.

Жылжыту

Көшірме кірістіргеннен кейін белгілеулі қалпында қалады. Оны керек орынға қозғап апару  үшін қасиеттер панелінің Координаттар өрісін пайдалануға болады. Жылдамдату үшін обьектілерді интеративті жылжыту қолданылады.

  1. Егер белгіленбеген болса, онда бесбұрышты белгілеп, нұсқағышты орталық манипуляторға әкелу керек. Нұсқағыш төртбасты стрелка пішінді болады.
  2. Обьектіні керек орынға жеткенше апарып. Обьектінің көшірмесі орнынан жылжиды, алғашқы фигура орнында қалады.
  3. Егер обьектіні жылжытқанда Ctrl пернесін басып ұстап тұрса, ығысу дәлме-дәл көлденең немесе тік жүргізіледі.

Қиып  алу

Көшіруден басқа обьектіні  қиып алуға да болады.

  1. Ctrl+Х пернелерін басу керек. Обьекті бетте жоқ болып кетеді.
  2. Вырезать (Қиып алу, Cut) командасы Правка (Түзету, Edit) менюінде орналасқан.
  3. Ctrl+Р пернелерін басып эллипс орнына пайда болады. Оны иллюстрация терезесінің кез келген жеріне апаруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірнеше обьектілермен жүргізілетін операциялар

Corel Draw обьектілердің қандай санын болса да қатар операциялауға мүмкіндік береді. Бірнеше обьектіні бір уақытта белгілеп, олардың әр қайсысында тінтуірді шерту арқылы жүргізіледі.  Shift пернесін басып ұстап тұру керек.

  1. Shift пернесін басып отырып, обьектілерді шерту арқылы қыздың құлағын, сол жақтағы эллипсті және тәждің бесбұрышын белгілеу керек.
  2. Бейнеленген торапта қосарлау операциясын жүргізу керек. Бұл үшін ортаңғы манипуляторды габаритті тікбұрыштың қарама-қарсы қабырғасына апарып. Ctrl пернесін және тінтуірдің екі батырмасын ұстап басып тұру керек. Обьектілердің бейнесін көрінген кезде, алдымен сол жақ батырмасын, сонан кейін оң жақ батырмасын жібері керек.
  3. Алынған кескінді қыздың бетінің симметриясының осі бағыттаушы болатындай ғып көлденең жылжыту керек. Белгіленген обьектілерді Ctrl-ды баса отырып, арау керек. Егер обьект бұрын белгіленген болса, Shift пернесін басулы кезде оған шерту белгілеуді болдырмайды.

Бірнеше обьектіні  белгілеудің тағы бір тәсілі – жақтаумен белгілеу. Тінтуірдің батырмасын басып, манипульяторды тасып апару керек. Оның артынан пуктир жақтау өседі.батырманы жібергенде белгілеуші жақтаудың ішінде тұтас тұрған обьектілердің барлығы белгіленеді. Суретте белгілеуші жақтаау тәжді қоршайды.

Жеке обьектілермен  жасалатын – оларды жылжыту, көшіру, қосарлау, бұру, еңкейту әркеттерін бірнеше белгіленген обьектілермен жүргізуге болады. Бұл обьектілермен жұмыс істеген де жеке обьектілерге арналған жұмыс әдістері қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Обьектілердің өзара әркеттестігі

Бірнеше обьектіні  беттің бір бөлігіне орналастырса, олар бірін-бірі қалақалайды (жабады): бір обьекті үстіңгі жағында болады, қалғандары төменде орналасады. Жоғарғы обьектілері төменгілерінен  кіші болса, онда олар жоғарғы обьктінің астынан көрінетін болады.  

Обьектілердің қабаттасуы

Обьектілердің қабаттасу реті қарапайым ережелерге бағынады:

  • Құжатта бір деңгейде жаттатын обьектілер болмайды. Әр обьекті жеке деңгейде орын алады. Иллюстрация терезесіндегі барлық обьектілер бір топтама болып жинақталған.
  • Неғұрлым ерте салынған обьект соғұрлым төмен орналасады. Кейін жасалған обьектілер бұрын жасалған обьектілерді бүркейді (жабады).
  • Қиып алынған немесе көшірілген обьектілерді кірістіргенде олар басқаларының үстіне орналастырылады, ең жаңа деп есептелінеді.
  • Жылжытқанда, еңкейткенде және басқа өзгертулерді жүргізгенде обьект топтаманың сол деңгейінде қала береді.
  • Обьектілердің қабаттасу ретін өзгертуге болады.

Бесбұрышты  таңдап Монтаж (Arrange) менюіндегі Порядок (Pet, Order) бағыңқы менюін таңдап, командалар тізімі ашылады. Обьектіні барлығынан жоғары (үстіне) орналастыру үшін Поверх всех (To Front) командасын таңдау керек.

Обьекті суреттің жоғарғы деңгейіне орналастырылды және оларды беттестіргенде кез-келген фигураны жабады. (To Front) (To Back)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Обьектілерді  қабаттаса қойылуы, біріктіру

Обьектілердің қабаттасу ретінің ережелері:

  • Құжатта бір деңгейде жататын обьектілер болмайды. Әр обьект жеке деңгейде орын алады. Иллюстрация терезесіндегі барлық обьектілер бір топтама боп жиналған.
  • Неғұрлым ерте салынған обьект соғұрлым төмен орналасады. Кейін жасалған обьектілер бұрын жасалған обьектілерді бүркейді. (жабады)
  • Қиып алынған немесе көшірілген обьектілерді кірістіргенде басқаларының үстіне орналастырылады, жаңа деп есептелінеді.
  • Жылжытқанда, еңкейткенде және басқа өзгертулерді жүргізгенде обекті сол деңгейде қала береді.
  • Обьектілердің қабаттасу ретін өзгертуге болады.

Тәждің элементері – эллипстер мен бесбұрыштар  болады. Орта45ы бесб9рыш эллипстерден бұрын салынған. Олардың екеуі оны (бүркеп) жауып тұр. Бесбұрышты солға жылжытсақ, кіші эллипспен қалқаланып қалады. Бесбұрыштардың элементтердің артында тұрады. Түрлендіргенде оның деңгейі өзгермейді. Бұл бесбұрышты қиып алып кірістіреді.

Обьектілердің қабаттасу реті қалай өзгеретінін көрейік. Монтаж (Arrange) менюіндегі Порядок (Pet, Order) бағыныңқы менюін таңдап, командалар тізімі ашылады. Обьектіні барлығынан жоғары орналастыру үшін Поверх всех (To Front) командасын таңдаймыз.

Обьект суреттің жоғары деңгейіне орналастырылғанда  және беттестіргенде кез-келген фигураны жабады. Тізімнің Ниже (To Back) элементін таңдау керек. Порядок (Рет) командаларына тінтуірдің оң батырмасын шертіп жұмыс істеуге болады. Контексті менюі ашылады. Онда жиі қолданылатын командалар бар. Егер обьекті белгіленген болса, Поверх всех және Ниже всех командаларын Қасиеттер панелінен таңдауға болады. Қасиеттер панелінде обьектіні жою, көшіру, қиып алу, командалары орналасқан. Бұдан басқа, контексті менюде обьектіні түрлендіру командалары бар.

Қасиеттер панелінде Pickинструменті активті болған кезде белгіленген обьектілер үшін Поверх всех және Ниже всех батырмаларын пайдаланып  қолдануға болады.

Информация о работе Компьютерлік графика