Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 09:06, реферат
Желі (Network) - компьютерлер мен басқа да құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар тобы, олар барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған. Желілер шағын немесе үлкен, тұрақты (кабельдердің көмегімен) немесе уақытша (телефон желілері немесе сымсыз арналар арқылы) жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — әлемдік желілер тобы болып табылатын Интернет.
4. Windows XP ОЖ – ң желісі.
Компьютер желіге қосылғаннан кейін бірнеше рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді анықтай алатын режимге ауысады.
n Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.
Стандартты ОЖ файлды қатынау және баспа қызметіне кіреді.
Файлды қызмет. Файлды қызметтің міндеті басқа ДК –ге файлды оқуға, өзгертуге немесе құруға мүмкіншілік жасау. Кейде көптеген компьютерлер бір файлмен жұмыс істегенде олар бір - біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан оларға тек оқуға мүмкіншілік беру қажет. Ал ол үшін файлды қызмет қатынау құқығын шектеу механизмін қолданады. Windows XP – де клиент қатынау үшін шексіз каталогты (папканы) қолдануға болады. Әрбір каталогтың файлды қызметтің конфигурациясы анықтайтын аты болады және оны ресурс деп атайды.
Әр ресурс үшін қатынау режимі анықталуы мүмкін:
· тек оқу – ақпаратты оқу, бірақ өзгертуге болмайды.
· толық еркін қатынау – ақпаратты оқуға, өзгертуге болады.
· пароль арқылы қатынау – белгілі ресурспен жұмыс істеу үшін пароль білу қажет.
Баспа қызметі. Кейде барлық компьютерге принтер қою мүмкін емес. Осы жағдайда бір компьютерге принтер қойылады да басқа компьютерлерге баспадан шығу үшін қызмет атқарады. Бұндай жағдайды біз әсіресе компьютер сыныптарында қолданып жүрміз.
5. Ауқымды компьютерлік желі.
Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады.
Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:
· Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);
· Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);
· Мәліметтерді беру желілері.
Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады. Кәзіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет (Internet) баршаға белгілі.
Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық.
DARPA атты американ мекемесі
1966 жылы телекоммуникациялық
Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 – жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді.
Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:
І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.
ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.
ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.
ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRMLпайда болды.
Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.
Интернет желісін сипаттау
үшін оны телефон жүйесімен
Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
1990 жылдан бері интернет
өз көлемін жыл сайын екі
есе арттырып отыр. Қазіргі кезде
желлер коммерциялық негізде
жұмыс істейді, бірақ оны
Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.
Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:
· Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы – энтузиасттар құрған;
· Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network)
6. Интернетпен байланыста физикалық принципі.
Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен интернет – провайдер арқылы байланысады.
Интернет – провайдер – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен қосуға мүмкіншілік жасайды.
Сондықтан клиент компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.
Кез келген компьютерді Интернетке қосып, электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі
қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады.
Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:
Модем арқылы байланыс.
Модемдер жай телефон
арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен
мәлімет алмасу мүмкіндігін береді.
«Модем» деген сөз осы
Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.
Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін) 7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с).
Аумақтық (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet. Аумақтық (кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады.Әр түрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.
Корпаративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.
Ұялы байланыс арқылы Интернетке шығу технологиясы.
ҰЯЛЫ қатынау. Бұл байланыс көп жағдайда жалпыға ортақ орындарда (аэропорт, қонақ үйі, сауда орындары, офистер, клубтар) қолданылады. Интернетпен жұмыс кезінде ірі компаниялардың, фирмалардың қызметшілері бір орыннан екінші орынға ауысып отыруына байланысты.
Интернеттің көрсететін қызметі. Интернеттің көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең танымал:
· Электронды пошта (e-mail) – Электронды хатты алу және жіберу;
· Алыс компьютерден файлдарға қатынау қызметі (ҒТР);
· Әлемдік тор (WWW)
· Интернет арқылы хабарласу (ІР –телефон, немесе VoIP);
· Электронды коммерция және банкадағы есептеу шотын басқару;
· Ақпаратты іздеу (web – бет, файлдар, қолданушылар және т.б.)
· (STRIM – TM) Сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу;
· Қолданушылар арасында файлдармен алмасу («пирингті желілер») және т.б.
7. Электронды пошта.
Қазіргі электрондық пошта
кеңінен қолданылып келе жатыр. Поштаның
не екенін білеміз. Ол, кем дегенде,
екі абонентке мәлімет алмасуға
мүмкіндік беретін кәдімгі
Электрондық пошта жүйесі:
· қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
· тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
· жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.
Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.
Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға, таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін.
Бөрлі ауданы бойынша электронды пошта арқылы хабарласу мүмкін екенін мына суреттен көруге болады.
|