Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 09:06, реферат
Желі (Network) - компьютерлер мен басқа да құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар тобы, олар барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған. Желілер шағын немесе үлкен, тұрақты (кабельдердің көмегімен) немесе уақытша (телефон желілері немесе сымсыз арналар арқылы) жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — әлемдік желілер тобы болып табылатын Интернет.
I. Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды, яғни документ, принтер, файл жәнет.б ақпараттарды тиімді пайдалану мақсатында байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Мысалы: біз компьютерлік желіге қосылған болсақ, онда жалпыға ортақ принтерден документ шығару, немесе бір документті бір уақытта бірнеше адам өңдеуге, файлдармен алмасуға болады. Бұл өте қолайлы, өйткені бізге уақытты үнемдеуге болады және құжатты өңдеу процесін жылдамдатамыз. (48-49 слайдтар)
Компьютерлік желінің төрт түрі бар олар: (50 слайд)
1. Жергілікті есептеуіш желі
2. Корпоративті және аймақтық желілер
3. Телекоммуникациялық есептеуіш желілер
4. Интернет желісі.
Әр желінің түріне қысқаша тоқталып өтейік.
ІІ. Аймақтық желілер. () Бір қала мен ауданда немесе бір мемлекетте орналасқан мекемелердің компьютерлерін өзара біріктіру үшін аймақтық желілер құрылады. Көптеген ірі мекемелер өз желісінде орналасқан ақпаратты бөгде адамдардың қол сұғуынан сақтау үшін осы мекемеге тиесілі өз желісін, яғни корпоративті желіні құрады. (Банктер мен осы банктың филиалдары, сақтандыру компаниялары, халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б ).
ІІІ. Телекоммуникациялық
желілер. Олар үлкен қашықтықта
және пайдаланушыларды молынан қамтитын
есептеуіш желілер телекоммуникациялық же
ІV. Жергілікті желі – жоғарыда айтылғандай саны шектеулі әдетте (100-ге дейін), бір үй, ғимарат, кәсіпорын аумағында құрылған желі екенін біз білеміз. Мысал ретінде өзіміздің мектепті, яғни информатика кабинетіндегі компьютерлер өзара жергілікті желі құрып тұр.
Жергілікті желінің түрлері:
1. Бір орталықтан басқарылатын желіні «Клиент - сервер» желісі деп те айтады:
Клиент – өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа).
Сервер – басқаға қызмет көрсететін объект.
2. Бір деңгейлі компьютерлер желісі (бір рангілі). Мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқылы болып саналады.
V. Жергілікті желі топологиясы. Желідегі компьютерлердің өзара (физикалық) орналасуы (бұл оның геометриялық пішіні). Байланысу топологиясының түрлері:
1. Шина барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанған
2. Желі байланысында компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанған.
3. Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.
4. Бір басты ортақ серверден, басқа серверлерге жалғанады. Оны ақшақар схемасы деп атайды. (Егер мекеме көп қабатты болса, онда әр қабаттағы сервер бір басты ортақ серверге жалғанады).
VІ. Интернет желісі. Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі (желілер жиынтығы). Осы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер, континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Мысалы: біздің мектептегі желіден, яғни жергілікті желіден жіберілген хабар, басқа континенттегі пайдаланушыға жетпес бұрын бірнеше аймақтық, корпоративтік желілер арқылы өтуі мүмкін.
Интернет пайдаланушылардың саны ай сайын шамамен 1 млн-ға өсіп отырады.