Кәсіпорындағы intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 01:44, дипломная работа

Описание

Ең қарапайым желі (network) минимум 2 компьютердің, бір-бірімен кабель арқылы байланысынан тұрады. Ол мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің дүниеге келуі тәжірибе қажеттілігімен қатар мәліметтерді қоса пайдаланудан туындады. Дербес компьютер –құжат, кесте дайындау, графикалық мәлімет және басқа джа ақпараттарды құру үшін өте жақсы құрал.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................
І бөлім . INTRANET-ҚОСЫМШАЛАРЫ
1.1 Intranet корпоративті желісі....................................................................
1.1.1Intranet архитектурасы, протоколдар иерархиясы...............................
1.2 Intranet қосымшалары және технологиясы..............................................
1.2.1 Intranet қосымшаларын құру және жоспарлау......................................
1.2.2 Intranet-технологияның қолданылу аймағы...............................
1.2.3 Intranet-қосымшаларын өңдеу құралдары......................................
1.3 Intranet-тің программалау құралдары және тілдері..........................
ІІ бөлім. «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» РМК СИПАТТАМАСЫ
2.1 Кәсіпорынның негізгі міндеттері...............................................................
2.2 Кәсіпорындағы сапаны тәуелсіз бағалау бағдарламасы ..........................
ІІІ бөлім «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» РМК САЙТЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ
3.1. FRONT PAGE қосымшасының Wев сайт жасаудағы тиімділігі
3.2. Кәсіпорын сайтын құру сатылары
3.3 Кәсіпорын сайтының құрылымы
Қорытынды
Қосымша (листинг)
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Интранет диплом.doc

— 311.50 Кб (Скачать документ)

                 1.1.1   Intranet архитектурасы, протоколдар иерархиясы

Intranet желілері модальды  көп деңгейлі архитектураға ие  болады. Жоғарғы деңгейлер төменгі деңгейлер сервистерін қолданады. Желілік және платформалық деңгейлер ішкі желі инфрақұрылымын құрайды. Қосымшалар және жүйелік қызмет көрсету деңгейлері соңғы тұтынушы қызмет көрсетіп, өндірістік функциялар автоматизациясын қамтамасыз етеді.

Желілік деңгей – архитектураның ең төменгі деңгейі. Ол желілік құрал-жабдықтан және программалық жабдықтаудың логикалық компоненттерінен тұрады. Физикалық желіні кабельдер, концентраторлар, коммутаторлар және маршрутизаторлар сияқты компоненттер құрайды. Логикалық компоненттерге мәлімет беру протоколдары, мәлімет ағыны және маршрутизациясын басқару компонентерінен тұрады.

Клиент пен сервердің  есептеуіш платформаларын Intranet архитектурасының платформалы деңгейі құрайды. Жұмыс  станциялары және тұтынушылардың басқа да құрылғылары – клиеттер болып табылады.

OSI моделі – ашық  жүйелердің өзара әсерлесу моделі (Open Systems Interconnection) деп аталады. OSI моделінің  желілік өзара әсерлесу құралдары  7 деңгейге бөлінеді және әрбіреуінің  өзінің стандартты атаулары және функциялары болады.

Бұл модельдің құрамында 2 түрлі модель бар:

  1. горизонтальды модель – бұл әртүрлі машиналардағы процестер мен программалардың өзара әсерлесу механизмін қамтамасыз ететін протоколдар базасындағы модель. Бұл модельде екі программаға мәліметпен алмасу үшін ортақ протокол қажет болады.
  2. вертикальды модель – бір машинада бір-бірін көршілес деңгейлермен қамтамасыз ететін қызмет негізіндегі модель. Бұл модельде – көршілес деңгейлер API интерфейсін қолданатын мәліметтермен алмасады.

                 OSI моделі деңгейінің негізгі функцияларын қысқаша қарастырайық:

Физикалық деңгей (Physical Layer) – оптоволоконды кабель, сонымен  қатар коаксиальды кабель сияқты физикалық каналдар бойынша биттердің  берілуін орындайды. Бұл деңгейде электрлік  сигналдар параметрлері және мәліметтерді берудің физикалық орта сипаттамалары анықталады.

Каналды деңгей (Data-Link Layer) – типтік топология желісіндегі  әртүрлі түйіндер арасындағы мәліметтердің  берілуін қамтамасыз етеді. Каналды  деңгей протоколдарында компьютерлер және олардың арасында адресация әдістері байланыстарының белгілі бір құрылымы болады. Локальдык желілердегі каналды деңгейде қолданылатын адрестерді MAC-адрестері деп атайды.

Желілік деңгей (NET work Layer) қарапайым топология желісіндегі  кез-келген екі түйіндер арасындағы мәліметтердің жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Транспорттық деңгей (Transport Layer) – қажетті сенімділік деңгейі желісіндегі кез-келген түйіндер арасындағы мәліметтердің  берілуін қамтамасыз етеді. Бұл үшін транспорттық деңгейде пакеттерді реттеу, буферлеу, номерлеу, қосуды орнату құралдары болады.

Сыртқы деңгей (Session Layer) – хат алмасу процедурасының шеңберінде синхрондау құралдарын көрсетеді.

Қолданбалы деңгей (Application Layer) - әртүрлі желілік сервистер жинағы. Мұндай сервистердің мысалы электрондық почта, файлдарды беру, желі бойынша компьютерге жойылған терминалдардың қосылуы.

                            Intranet-қосымшаларының архитектурасы

Intranet-қосымшаларының  архитектурасын талдау үшін негізгі  ақпараттық ресурстар мен ағындарды, қосымшалардың эксплуатациясы мен өңдеуге арналған құралдар классификациясын, сонымен қатар жүйе компоненттерінің өзара әсерлесуінің негізгі схемаларын қарастыру қажет.

                           Негізгі ақпараттық ресурстар мен ағындар

Гипермәтінге негізделген жүйелер ақпараттық ресурстарды біріктіре отырып, корпорацияның ақпараттық инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді. Корпорацияның ақпараттық инфрақұрылымына келесі ақпараттық ресурстар кіруі мүмкін:

  • гипермәтіндер мен гипермедия;
  • офистік құжаттар;
  • графикалық ақпарат;
  • архивтік файлдар;
  • электрондық почтаның хаттары;
  • жаңалықтар;
  • мәліметтер базасы;
  • мәліметтерді сақтау;
  • қолданбалы программалық жабдықтау.

Ақпараттық ағындардың мазмұны мен бағыты ресурстар  табиғатына,

құрылу құралдарына, механизмдеріне және ақпаратқа ену құқығына тәуелді болып келеді.

Гипермедия мен гипермәтін әртүрлі ақпараттық ресурстарды  біріктіретін желім ролін атқарады. Гипермәтіндік ақпарат навигация  үшін көрсетіліп және қызмет етіп ғана қоймайды, сонымен қатар тұтынушыларға электрондық формада мәліметтерді серверге шығаруға мүмкіндік береді. Тұтынушы серверге файлдарды да жібере алады. Гипермедия табиғаты бойынша динамикалық болып келеді, бірақ ақпарат ағыны ереже бойынша бір бағытқа бағытталған және аудио, видео және басқа да мультемедиа файлдарымен байланысты болып келеді.

Офистік құжаттар – офистік  автоматизация немесе топтық жұмыспен дайындалған пакеттер, мәтіндер, электрондық  құжаттар және жоспарлар болуы мүмкін. Бұл ақпаратқа ену оқу режимімен, не сол құрылған құжаттың ортасында қамтамасыз етілуі мүмкін. Гипермәтін көмегімен құжаттардың контекстік түрдегі іздеу процесін ұйымдастыруға болады.

Графикалық ақпарат  тұтынушыға виртуальды шынайылықтың анимациясы және статистикалық иллюстрациясы  түрінде көрсетіледі.

Архивтік файлдар таратуға арналған FTP және Gopher серверлеріндегі құжаттар мен программалардың электрондық архив негізіне қызмет етеді. Тұтынушы өзіне қажет ақпаратты серверден сұраныс бойынша ала алады. Файлдарды жүктеу Web–серверлерден де алынады.

Мәліметтер базасына ену және мәліметтер базасын жүргізу серверлік немесе клиеттік қосымшалар арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар мәліметтерді іздеу мен енгізудің сұраныстары HTML-формалары түрінде толтырылады. Мәліметтерді сақтау орны әртүрлі, мысалы: реляционды көп өлшемді мәліметтер базасы, мәліметтердің ODBC-көздерінің жиынтығы түрінде болуы мүмкін, бірақ ол мәліметтердің жедел аналитикалық өңделу мақсатына тағайындалады. Мәліметтерді сақтау орнына ену – мәліметтер базасына енумен бірдей болады. Клиенттік және серверлік қосымшалар түріндегі программалық жабдықтау – маңызды ресурсты құрайды. Клиенттер мен серверлер арасындағы ақпараттық ресурстар мен ағындарды жүргізу үшін  Intranet-қосымшалардың эксплуатациясы, әртүрлі өңдеу құралдары қолданылады.

1.2  Intranet қосымшалары және технологиясы

1.2.1 Intranet қосымшаларын  құру және жоспарлау

  Intranet қосымшаларының  түрлері:

  Web-технология

Web-технология кәіпорындағы  әртүрлі ақпаратқа ұжымдық енуді

жүзеге асыруға мүмкіндік  береді. Сервердегі ақпарат келесі топтрға бөлінеді:

  • кәсіпорынның ортақ саясаты
  • кәсіпорынның мақсаты
  • тауарлардың тізімі
  • байланыс адрестері мен телефон тізімдері
  • түрлі есеп ақпараттары
  • жоспарлар

Web-технологиясының негізі – HTML тілі болып табылады. Мәтіндік

процессорлар, электронды кестелер және мәліметтер базасын басқару жүйесі ақпаратты осы форматта сақтай алады.

Интранетті өте жиі корпоративті телефонды каталогтарға арналған платформа ретінде қолданады.         

FTP (File Transfer Protocol) файлдарының протоколдары файлға енуді жүзеге асырады. FTP – бұл файлдарды беру, яғни бір компьютерден екінші компьютерге файлдарды беру ережесін анықтайтын хаттама. FTP қолданбалы жабдықтау бағдарламасының атауы болып табылады. FTP хаттамасын файлдарын қайта жіберу үшін пайдаланады. FTP хаттамасымен жұмыс жасау үшін файлдарды өзінізге алғыңыз келіп тұрған қашықтықтағы машинаға қол жеткізу қажет. Ол үшін кіру атауы мен тиісті пароль болуы керек. FTP хаттамасын қолдану үшін жұмыс машинасын ашып көрсету үшін FTP хаттамасына команда беру қажет. Сонда FTP хаттамасы қашықтағы машинадан файлды іздеуге мүмкіндік береді, яғни директориядан директорияға өтеді. Осы директориядан файлдарды қарайды. Файлдар сияқты олардың топтарын қайта жібере алады. Файлдарды деректерді қосарланған ақпарат ретінде ASCII-дегідей жібереді. ASC-ді қайта жіберу басқа алфавитпен кодталған компьютерден мәтінді қайта жіберу барысында деректерді автоматты түрде қайта кодтауға мүмкіндік береді. FTP хаттамасының түрінің ішінде анонимдік FTP хаттамасы болады. Анонимдік егер FTP хаттамасына жұмысты бастау үшін өзін дұрыс түрлендіру талап етілсе, онда ену атауын енгізеді. FTP хаттамалары деректер және командалар хаттамалары болып бөлінеді. Деректер шамамен барлық желілік кестелер түрлерін көрсетеді. Деректер – бұл кестенің 40%-н алып тұрады. Ал команда ретінде тек 4%-ы болады. Сонымен қатар FTP хаттамасын пайдалану мүмкіндігі пакеттік режимге эмайл бойынша кейбір серверлерінде тікелей диалогтың болмауы жұмысқа қолайсыз жағдай туғызады. FTP хаттамасы арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұқсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. FTP-серверінің мәліметтермен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болады:

open ftp.relcom.su nameid password – FTP – серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:

open FTP – сервермен қатынас құру сұранысы;

ftp.relcom.su - FTP-серверінің қажетті ақпаратпен толықтырылған аты;

nameid – пайдаланушының кіру аты  және оның почталық (E-mail) адресі;

Парольды немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:

help – сервер командалары бойынша анықтама беру;

quit – сеансты аяқтау.

Пароль мен атау дұрыс  болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың  құрамына мыналар кіреді:

сd каталог_аты – каталогты  ауыстыру;

сd..- жоғарғы деңгейден каталогқа қайту;

get файл_аты - FTP-серверден файл алу;

binary – екілік файлдарды  жіберу/алу режиміне ауысу (типтері  exe, com, rar, tar, zip және т.б)

dir – ағымдағы каталог  файлдары тізімін беру.

FTP-сервермен байланысу  сеансында пайдалануға болатын  командалар жиынтығын help командасы арқылы алуға болады.

Электрондық почта

Электрондық почта хат  алмасудың жаңа бір түрі болып табылады. Оның басты артықшылығы – жеделдігі болып келеді. Кәдімгі почтадан хат жіберу – бірнеше күнді алса, электронды почтамен хат жіберу – тек бірнеше секундтарды алады. Жер шарының кез-келген нүктесінен хаттың жауабын алу тек бірнеше минутта жүзеге асырылады. Сонымен қатар электронды почта көмегімен тек мәтіндік хаттарды ғана емес, графика мен мультимедия файлдары сияқты әртүрлі файлдарды қосуға болады. Электрондық почтаның хаттары – почталық жәшікте немесе жалпы бумаларда сақталатын ақпараттық ресурс болып табылады. Олар екі бағытқа бағытталған ағындарды құрайды, хаттарды браузерден шықпай тұрып та жіберуге және алуға болады. Жалпы бумаларда FAQ сұрақтары, кездесу жоспарлары және басқа топтық жұмыстар сақталады.

                                  Ұжымдық жұмыс жүйелері

Соңғы уақытта ұжымдық  жұмысқа арналған көптеген қосымшалар пайда болды. Бұлар талдау құралдары, қаржылық құрылымды мәліметтер базасын, программалық жабдықтауды жобалау, құру. Мұндай жүйелер ұжымдық жұмысты басқару процесін жеңілдетеді. Олардың құрамында жобаның ағымдағы күйі туралы ақпарат, өнім спецификациясы, тұтынушының интерфейсі мен жалпы түрі, жоба тізімі, жоспарлары жайлы ақпараттар болуы мүмкін.

                                                 Жаңалықтар

Кешенді қосымшалардың  құрамына топтық әдіс пен жаңалық  топтамасы кіреді. Жаңалықтар – сыртқы және ішкі корпоративтік каналдың негізінде ұйымдастырылған динамикалық түрдегі өзгеретін ресурс. Жаңалықтарды көрсету тикер көмегімен жүгіртпе жолы режимінде немесе сұраныс бойынша жүзеге асырылады. Жаңалық топтамасы – бұл жай ғана электрондық почта емес, жаңалық топтамасы – бұл түскен хаттардық ішінен әртүрлі белгілері бойынша таңдалатын хаттар.

Көптеген орта және ірі  кәсіпорында күнделікті немесе ай сайын  жаңалық бюллетеньдерін шығарып  тұрады. Кәсіпорынның жаңалық бюллетеньдерін Intranet арқылы тарату тиімді шығаруды әзірлеуге  мүмкіндік береді. Аудио және видео ақпараты бар бюллетеньдер өте жақсы көрінеді.

             Жарнама тақталары, форумдар

Жұмыс орындарының тізімдері  туралы және төлем кестелері туралы ақпарат жарнама тақталарында ілінеді.

Кәсіпорын ішіндегі ұйымдастырылған  форумдар жеке кездесуді талап етпейді, бұл жұмыс орнында ұйымдастырылатын ақпаратпен алмасу тәсілі.

                     Конференцияларды өткізу жүйелері.

Intranet-тің коммерциялық телекоммуникациялық жүйелермен бірігуі – телефондық жүйелерді басқаруға жол ашады. Intranet желісі болашақта кәсіпорынның кез-келген бөлімінде аудио және видеоконференцияларды өткізетін және кәсіпорынның барлық бөлімдерін байланыстыратын телефон жүйесі болады.

         Intranet қосымшаларын құру құралдары

Intranet қосымшаларының  жаңа тез дамитын секторы ақпараттың  жүйелерді өңдеудің келесі құралдарына ие болады:

  • құжаттарды жариялауға және іздеуге арналған гипермәтіндік ақпараттық жүйелерді өңдеудің дәстүрлі құралдары. Оған келесілер жатады:
    1. HTML құжатының тілі негізіндегі гипермәтіннің редакторлары мен құраушылары.
    2. гипермедия материалдарын (график, аудио, видео) шығару және дайындау программалары.
    3. браузерлер – гипермәтін және гипермедияны қарау программалары.
    4. браузердің кеңею модульдері.
  • дәстүрлі Intranet қосымшаларынан басқа қосымшаларға ұйымдастыруға арналған құралдары. Олар CGI және API Web-серверлер интерфейстері негізінде CGI – процедураларды орындау құралдарына ие болып, мәліметтер базасымен байланысты кеңейтіп, HTML – шаблондарын толтырады. CGI интерфейсі кез-келген программаны қамтамасыз етеді, сонымен қатар мәліметтер базасына ену программасын да қамтамасыз етеді.
  • Intranet қосымшаларының  программалау құралдары. Олар программалаудың әртүрлі жүйелерімен Java, JavaScript, Tcl және тағы басқа тілдерінде көрсетіледі. Мұндай құралдарды қолданумен құрылған қосымшалар кез-келген   Web-сервер желісінен ашылады. Бұл қосымшалардың қызмет етуінің кеңеюі кезінде платформалық тәуелділікті сақтайды.  

Intranet-тегі қосымшалар Internet-технологиялардың қолданылуына және Web-технологиялардың ерекшеліктеріне: HTML форматындағы гипермәтін, HTTP гипермәтінін беру протоколы және CGI серверлік қосымшаларының интерфейсіне негізделеді. Intranet-тің құрамды бөліктері – ақпараттың статистикалық және динамикалық жариялануына арналған Web-серверлер және гипермәтінді қарауға арналған браузерлер болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорындағы intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру