Кәсіпорындағы intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 01:44, дипломная работа

Описание

Ең қарапайым желі (network) минимум 2 компьютердің, бір-бірімен кабель арқылы байланысынан тұрады. Ол мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің дүниеге келуі тәжірибе қажеттілігімен қатар мәліметтерді қоса пайдаланудан туындады. Дербес компьютер –құжат, кесте дайындау, графикалық мәлімет және басқа джа ақпараттарды құру үшін өте жақсы құрал.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................
І бөлім . INTRANET-ҚОСЫМШАЛАРЫ
1.1 Intranet корпоративті желісі....................................................................
1.1.1Intranet архитектурасы, протоколдар иерархиясы...............................
1.2 Intranet қосымшалары және технологиясы..............................................
1.2.1 Intranet қосымшаларын құру және жоспарлау......................................
1.2.2 Intranet-технологияның қолданылу аймағы...............................
1.2.3 Intranet-қосымшаларын өңдеу құралдары......................................
1.3 Intranet-тің программалау құралдары және тілдері..........................
ІІ бөлім. «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» РМК СИПАТТАМАСЫ
2.1 Кәсіпорынның негізгі міндеттері...............................................................
2.2 Кәсіпорындағы сапаны тәуелсіз бағалау бағдарламасы ..........................
ІІІ бөлім «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» РМК САЙТЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ
3.1. FRONT PAGE қосымшасының Wев сайт жасаудағы тиімділігі
3.2. Кәсіпорын сайтын құру сатылары
3.3 Кәсіпорын сайтының құрылымы
Қорытынды
Қосымша (листинг)
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Интранет диплом.doc

— 311.50 Кб (Скачать документ)

Гипермәтін редакторлары HTML-файлдарын программалау немесе

WYSIWYG режимінде қалыптастыруға  тағайындалады. Гипермәтінді құру  үшін қарапайым мәтіндік редакторлар,  сонымен қатар браузерге құрылған  құралдарда қолданылуы мүмкін.

Графикалық редакторлар гипермәтінге кіретін бейнелерді құру үшін қызмет етеді. Бейне конверторлары формат, өлшем және түстердің және арнайы эффекттердің құрылуын қамтамасыз етеді.

Бейне карталарын белгілеу құралдары бейнені бөлікке бөліп  және олардың әрбіреуімен гиперсілтеме байланыстыруға мүмкіндік береді. Мұндай құралдар графикалық редакторға құрылуы мүмкін.

Мультимедиа құралдары  анимациялық және видео роликтер мен дыбыс пен музыканы жүргізуге  арналады. Мультимедиа файлдары көбінесе клиенттік кеңейтулер мен helper-программаларымен жүзеге асады.

Виртуальды шынайылық генерациясының құралдары үшөлшемді сценаларды программалауға  және  оларды  VRML  тілінде басқаруға мүмкіндік береді, виртуальды шынайылық қосымша құралдарды да қажет етуі мүмкін.

Клиенттік қосымшалардың  программалау жүйелері клиент жағында  орындалатын  Java тіліндегі мобильдік қосымшалар және JavaScript, VBScript тіліндегі өңдеулерге тағайындалады. Өңдеудің көптеген өнімділігі визуальды программалаудың құралдарын береді.

Серверлік қосымшалардың программалау құралдары ретінде программалаудың қарапайым жүйелері (C/C++, Visial Basic, Java және т.б.), командалар интерпретаторы (UNIX-shell, REXX және т.б.) және JavaScript, VBScript және Perl тілдеріндегі интерпретаторлар мен компиляторлар қолданылуы мүмкін.

Клиенттік және серверлік  кеңейтулерді құру үшін интерфейстердің құрылған және қосымша кітапханалар түрінде көрсетілетін ActiveX және  Plug-in механизмдерін қолданатын компоненттерді құруға мүмкіндік беретін программалау жүйелері қолданылады.

Әкімшілік құралдары ереже бойынша Web-сервердің программалық жабдықтау құрамында қойылады және Internet-сервистердің мониторингі, активациясы үшін қызмет етеді. Қауіпсіздік жүйелерін баптау үшін, гипермәтіндік құрылымның байланысын бақылау үшін, серверлерді қолдану есебі үшін қызмет етеді.

         Құжаттарды қарау және жариялаудың дәстүрлі сызбасы

Бастапқыда Intranet технологиясы құжаттарды жариялауға және ақпаратқа енуді жеңілдетуге арналған болатын.(сурет 17). Клиент программасы (браузер) тұтынушы интерфейсінің функцияларын орындайды және Intranet-тің барлық ақпараттық ресурстарына HTTP-сервисі арқылы енуін қамтамасыз етеді. Гипермәтіннің мәліметтер базасы – бұл HTML форматындағы мәтіндік файлдар және сонымен байланысты графика, сонымен қатар басқа да ресурстары бар файлдық жүйенің бөлігі болып табылады. Клиент типтік интерпретатор ретінде әртүрлі функцияларды орындайды. Бұл функциялар қатарына мәтіннің экранға орналасуымен бірге, алынған HTML – мәтіннің талдауы бойынша ақпараттың сервермен алмасуы да кіреді. Сервер командалары бойынша клиент GIF, JPEG, MPEG, PostScript форматындағы құжаттармен жұмыс жасау үшін қосымша help-программаларын жібереді. Сонымен қатар гипермәтінге диалог логикасын (PL) кеңейтетін және қарапайым (BL) өңдеуін қамтамасыз ететін JavaScript, VBScript мәтін сценарийі құрылуы мүмкін.

Сурет 17 Құжаттарды қарау және жариялаудың дәстүрлі сызбасы

                     Web-клиенттің басқа да серверлермен өзара байланысы

Қазіргі кезде www браузерлері FTP, gopher, mailto, news, nntp, telnet, wais, file (1-кесте,сурет 18) протоколдарын қолданатын серверлердің әртүрлі түрлерімен өзара байланысуы мүмкін. URL құрамына www браузеріне қажетті ену әдісі туралы ақпарат кіреді.

Ену сызбасы

Ену сипаттамасы

http

Гипермәтінді беру хаттамасы

ftp

Файлдарды беру хаттамасы

gopher

Gopher хаттамасы

mailto

Электрондық почта адресі

news, nntp

Жаңалықтар

telnet

telnet сеансы

wais

wais хаттамасының сервері

file

Компьютердегі файл аты


 

 

Сурет 18. Web-клиенттің басқа да серверлермен өзара байланысы

 

Intranet технологиясының  копхаттамалы мүмкіндіктері оның  қабілетін офистік қосымшаларға, жеке алғанда электрондық почта, файл-серверлеріне енуін және Intranet-тен Internet ресурстары мен қызметтеріне енуін анықтайды, сонымен қатар Intranet ортасына жаңалықтардың, ftp-архивтердің және іздеу қызметтердің функционалдылығын көшіруге де мүмкіндік береді.            

                1.3Intranet-тің программалау құралдары және тілдері

Intranet-қосымшаларды өңдеу  үшін программалау құралдары  мен тілдердің кең спектрі  қолданылады:

  • Web-құрылымын құруға арналған HTML гипермәтінінің тілі;
  • Үшөлшемді сценаларды басқаруға арналған VRML виртуальды шынайылық тілі;
  • Java тілі және мобильді қосымшалардың программалау құралдары;
  • Интерактивті беттерді өңдеуге арналған сценарий тілдері.

                               HTML гипермәтінінің тілі

HTML өңдеушілері екі міндетті шешті:

  1. гипермәтіндік мәліметтер базасының дизайнерлеріне құжаттарды құрудың қарапайым құралын беру;
  2. бұл құралды қуатты ету.

Бірінші міндет құжатты  сипаттайтын тег моделін таңдау есебімен

шешілді. Мұндай модель баспаға  шығаруға арналған құжаттарды дайындау жүйелерінде кең түрде қолданылады. HTML-ді құру кезінде – Standard Generalised Markup Language деп аталатын баспа құжаттарының тілдік стандарты болған болатын, бұл тіл – HTML негізі ретінде алынды. www-да интерпретатор функциялары гипермәтіндік мәліметтер базасының сервері мен клиенті арасында бөлініп тұрады.

                               VRML виртуальды шынайылық тілі

HTML құрылғаннан кейін  виртуальды шынайылыққа жақын  тіл пайда болды. Осылайша Virtual Realty Markup Language (VRML) термині пайда болды, мұндағы Markup сөзі кейіннен Modelling сөзіне ауыстырылады. VRML-дің бірінші түрі 1994жылы SGI Open Inventor ASCII File Format (IFF) форматының негізінде пайда болды. Желілік мүмкіндіктермен кеңейтілген IFF ішкі жиындары VRML базалық формасы негізіне салынған болатын.

                     Java программалау тілі

Java – бұл арнайы  таратылған ортаға арналып құрылған  қосымшаларды өңдеудің қазіргі  кездегі тілі. Java – программистердің  ұзақ оқуын қажет етпейтін  қарапайым объектілі-бағытталған  тілі болып табылады. Java программалаудың  таныс тілі, мұндағы Java синтаксисі С++ тіліне өте ұқсас болып келеді.

Java-ға енгізілген қауіпсіздік  құралдары – файлдық жүйеге  вирустардың енуіне жол бермейді  және қажетті қорғауды қамтамасыз  етеді. Java-ның маңызды қасиеттері  – бұл платформадан тәуелсіздігі, көп ағымдылығы және программаларды динамикалық түрде жинауы.

Java технологиясы келесі  негізгі бөліктерден тұрады: Java объектілі-бағытталған  тіліндегі программалау және  мобильді Java байт кодтарын өңдеу,  сонымен қатар JavaScript программалауы  да кіреді.

Java ортасындағы программалау  жүйесі компьютерлік платформаға  арналған программаларды компилирлеуге  мүмкіндік береді. Бұл жағдайда Java-программалардың басты ерекшелігі – қауіпсіздік және таратылған жүйелерді қамтамасыз ететін Java топтарын қолдану болып табылады.

Мобильді Java байт-кодтар концепциясы арнайы www-да қолданылуы үшін өңделді. HTML гипермәтіндік тіліндегі  апплеттерді қолдану үшін апплеттердің атын анықтайтын APPLET тегы енгізілген болатын. HTML құжаттардың өңделуі браузермен орындалады, яғни ең бірінші құжат сұралады, оның мазмұны талданады, кейін егер APPLET тегтері болса, апплеттер жұктеледі. Бұл сызбадан браузердің бір уақытта байт-кодтардың интерпретаторы ретінде де қолданылатыны анықталады.

Қазіргі кезде Java-ға программалардың  визуальды өңдеу жұйелерінің бірнеше түрлері енген болатын:

  • Sun фирмасының JavaWorkShop программасы;
  • Symantec фирмасының Symantec Café for Windows95/ Windows NT программасы;
  • Borland фирмасының Latte программасы;
  • Microsoft фирмасының Visial J++ программасы;

                           JavaScript тілі

JavaScript тілі Netscape компаниясымен  HTML беттерді қарау тілі ретінде  өңделді. JavaScript тілі – объектілі-бағытталған  тіл болып табылады. JavaScript тілі Netscape Navigator: терезе, форма, форма өрістері, Navigator-дың жұмыс аймағының элементтері сияқты объектілерге негізделген. Бұл маңызды программаларды жазуға мүмкіндік береді. JavaScript тілінің көмегімен локальды анықтамалық жұйесі және графикасы бар көп терезелі интерфейсті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. JavaScript тілінде бірнеше функционалдық мұмкіндіктерді: жаңа терезенің ашылуы, калькуляторды программалауға және мәтінді жүзеге асыруға болады.

                        Интерфейстер мен хаттамалар

Intranet-ке байланысты басты хаттамалар мен интерфейстер:

  • клиент пен  Web-сервер арасындағы гипермәтінді беруге арналған

               HTTP хаттамасы;

  • Web-сервердегі қосымшалармен байланысты CGI шлюзді интерфейс;
  • тиімді қосымшаларды құруға арналған  Web-серверлердің қолданбалы интерфейстері;
  • мобильді Java-қосымшалардың мәліметтер базасына кіруіне арналған JDBC интерфейсі.

Осы аталған хаттамалар мен интерфейстерден басқа  Intranet-те почталық протоколдар, FTP файлдарды  беру хаттамасы, NNTP жаңалықтар хаттамасы, SMTP және POP хаттамалары қолданылады.

                                HTTP хаттамасы

Intranet-тегі www-дің әрекеттері  гипермәтінді беруге арналған HTTP хаттамасына тығыз байланысты  болып келеді. Басқа да хаттамаларда  сияқты HTTP хаттамасында да мәтін  жолдары ASCII форматы арқылы берілетін  командалар жиынтығы болады. HTTP транзакциясы төрт бөліктен тұрады: қосылуды орнату, сұраныс, жауап және аяқтау. Клиент-программасы TCP-қосылуын HTTP-ның арнайы порталымен компьютерде орнатады. Кейін клиент HTTP серверіне сұраныс жібереді. HTTP сервері жауап жібергеннен кейін клиент немесе сервер қосылуды жабады. HTTP-ң әрбір транзакциясы осы сипатталған сызбаға бағынады. Көп жағдайда HTTP клиенті гипермәтіні бар файлды (HTML тіліндегі файл) немесе гипермедиасы бар файл (бейне, видео, дыбыс немесе мультипликациясы бар файл) сұрайды.

                             CGI шлюзді интерфейс

CGI – Common Gateway Interface спецификациясы NCSA тобымен ұсынылды. CGI интерфейсі  арнайы www мүмкіндіктерін кеңейту  үшін өңделді. CGI интерфейсінде қосылу  әдісі қарапайым болып келеді. HTTP хаттамасында сипатталған кіру әдістері CGI интерфейсін жүзеге асыруда маңызды орын алады.

         Web-серверлердің қолданбалы интерфейстері

Web-серверлердің қолданбалы  интерфейстері Web-сервердегі адресті  кеңістікте динамикалық кітапханалар (Windows-тегі DDL және UNIX-те қолданатын объектілер) түрінде жүзеге асырылады. Web-серверлердің Netscape және Microsoft өндірушілері өздерінің API кеңейтілу серверлерін өңдеді: InternetInformationServer-ге арналған ISAPI және Netscape серверіне арналған NSAPI.

ISAPI-дің DDL-кітапханалары екі кіріс нүктеге ие болады:

  • Get Extension Version – кеңейтілу түрінің номерін алу;
  • HttpExtensionProc – кеңейтілудің main-процедурасының эквиваленті;

HttpExtensionProc-тағы ақпарат  тек бір параметр көмегімен  беріледі.

ISAPI-дің негізгі функциялары:

  • GetServerVariable – қосымша ақпаратты аты бойынша сұрау;
  • ReadClient – ақпаратты HTTP-сұранысынан ақпаратты санау;
  • WriteClient – ақпаратты HTTP-клиентке жіберу;
  • ServerSupportFunction – серверге орналасу және процестің жағдайы туралы ақпаратты қайтару.

NSAPI интерфейсі ISAPI интерфейсіне ұқсаса болып келеді, бірақ сервер конфигурациясымен тығыз байланысты және анағұрлым күрделі болып келеді. NSAPI интерфейсінің әрбір функция конфигурациясы Netsite конфигурациясының объектілі мәліметтер базасында берілу қажет. NSAPI параметрлерінің блоктары HTML-формаларындағы диалогтық айнымалылардың берілуіне ұқсас name-Value параларына негізделеді.

             Мәліметтермен байланысты JDBC интерфейсі

SunMicrosystems компаниясының  бөлімі JavaSoft 1996ж басында Java тілінде  жазылған қосымша платформалардан тәуелсіз мәліметтер базасына енуін қамтамасыз ететін JDBC қолданбалы программалау интерфейсін құрды. Бұл интерфейстегі мәліметтер базасы драйверлерін басқару функциялары автоматты түрде компьютер жадына қосымшаларға әртүрлі мәліметтер базасымен өзара байланысатын қажетті JDBC-драйверлерін жүктейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің  ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК  сипаттамасы

2.1 Кәсіпорынның негізгі міндеттері

Қазақстандағы біліктілік

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің  ғылыми-әдістемелік орталығы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасындағы жұмысшылардың біліктілік жүйесін енгізу және жүзеге асыру үшін құрылды.

Информация о работе Кәсіпорындағы intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру