MS Excel мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 17:18, лекция

Описание

Microsoft Excel оңтайлы және дұрыс шешім қабылдауға көмектесу арқылы ақпаратты бұрынғыдан да көп жолдармен талдауға, басқаруға және ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа талдау және көрнекілендіру құралдары маңызды деректер трендтерін бақылауға және бөлектеуге көмектеседі. Кез келген веб шолғыш немесе смартфон арқылы маңызды деректерге кез келген жерден оңай қол жеткізіңіз.

Работа состоит из  1 файл

Документ WordPad.doc

— 213.64 Кб (Скачать документ)

«WordArt  объектісінің жиынтық»  терезесі

1.      Тышқан  курсорын мәтін  қойылатын  орынға  орналастыру

2.      Кірістіру → Сурет → WordArt       орындаймыз

3.      Ашылған терезеде  мәтінді жазу стилінің өзімізге ұнаған  біреуін  таңдап аламыз  да, ОК  батырмасын басамыз.

4.      Объектіде  тышқанды екі рет шертсек , Мәтін өзгерту  терезесі ашылады.

5 . Автофигуралар объектісін енгізу

Бұл менюдің құрамында   сызықтан басқа негізгі  фигуралар , фигуралық бағыттаушы , блок-схемалар, жұлдызшалар,ленталар, түсіндірмелер  деген әрқайсысы  бірнеше  саймандардан тұратын  командалық жолдар.

5.1.      Кірістіру → Сурет →Автофигуралар

 

6апта

Файл және каталог.

Файлдар мен қалталар деген не?

Windows амалдық жүйесінде көптеген тапсырмаларды орындау файлдармен және қалталармен жұмыс істеуді қамтиды. Windows компьютерде файлдарды сақтау жүйесі ретінде картотека мазмұны сақталатын қағаз қалталар сияқты қалталар құрылымын пайдаланады.

Файл - бұл дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған аумақ. Файлдарда бағдарламалар мәтіндері, құжаттар, орындалуға әзір бағдарламалар және басқа кез келген мәлімет сақталады.

Файл компьютерге бір мәліметтер жинағын екіншісінен ажырата алуға мүмкіндік беретін негізгі сақтау бірлігі болып табылады. Пайдаланушының файлға жиналған мәліметтерді шығарып алуға, оларды өзгертуге, жоюға, сақтауға, басып шығарғышқа немесе электронды пошта бағдарламасына жөнелтуге мүмкіндігі бар.

Қалта - пайдаланушының сызбалық тілдесуінде көрінетін бағдарламалар мен файлдарға арналған, бейне бетте кеңсе папкасына ұқсайтын белгіше түрінде көрініс табатын сауыт. Қалталар дискідегі бағдарламалар мен құжаттарды реттестіру үшін қолданылады және файлдармен қатар, өзге қалталарды да қамти алады. Қалталарда түрлі файлдар - құжаттар, музыкалық клиптер, бейне, суреттер, бағдарламалар және т.б. сақталады.

Жаңа қалталарды жасауға, олардағы файлдарды жылжытуға, өзге қалталардан, компьютерлерден немесе Internet-тен файлдар көшіруге, қалтаның ішінде қосымша қалта жасауға болады.

Дәл қазір пайдаланушы жұмыс істеп отырған қалта ағымдық қалта деп аталады. Қалтаның мазмұнын қарап шығу үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, ұсынылған мәтінмәндік мәзірден Ашу әмірін таңдау керек.

Лақап - компьютердегі немесе желідегі қатынасуға болатын бағдарлама, файл, қалта, диск, веб-беті, басып шығарғыш немесе өзге компьютер сияқты кез келген элементке сілтеме. Лақаптарды кез келген орынға, Жұмыс үстеліне, Бастау мәзіріне немесе нақты бір қалталарға орналастыруға болады

Файлдардың аттары

Амалдық жүйе және басқа бағдарламалар файлдарға жүгіне алуы үшін, файлдардың белгіленуі болуы тиіс. Бұл белгілеу әдетте файлдың аты деп аталады.

Windows амалдық жүйелерінде файлдардың белгіленуі екі бөлімнен тұрады: аты және кеңейтімі. Файлдың аты 1-ден 254-ке дейін таңбадан құрала алады. Кеңейтім нүктеден басталады. Мысалы, Word бағдарламасы құжатының кеңейтімі .doc, музыканыкі - .mp3, суреттікі - .gif болады.

Файлдардың аттарында мынадай нышандарды қолдануға болады:

1. Латын әліпбиінің кішкентай және бас әріптерін.

2. Сандар мен нышандарды.

3. Бос орынды.

4. @ # $ % & ( ) _ +,; = [] нышандарын және файл атында бірден көп нүкте болуы мүмкін.

Файл аттарында \ / : * ? " < > ! нышандарын пайдалануға болмайды.

Файл аттарын жазу кезінде нышандардың үлкен-кішілігі сақталады, бұл файлдар аттарын оқуды ыңғайлы етеді. Алайда, бір қалта ішінде тек әріптердің үлкен-кішілігімен ғана ерекшеленетін аттары бар файлдардың болуына жол берілмейді. Мысалы, бір қалтада Астанаға хат.doc және АСТАНАҒА ХАТ .doc файлдары қатар сақтала алмайды.

Файлдың аты 1-ден 254-ке дейін таңбадан құрала алады. Алайда 60-70-тен көп нышаннан тұратын аттарды қолданбаған дұрыс. Өте ұзын атты файлды көптеген бағдарламалар қабылдамай қоюы мүмкін. Сонымен қатар, дискілердің түбірлік каталогтарында ұзын аттарды қолдануға болмайды, түбірлік каталогтардың көлемі шектеулі.

Каталогтар бұтағы

Каталог - бұл файлдардың аттары, файл көлемі, олардың соңғы рет жаңартылған уақыты туралы мәліметтер, файлдардың атрибуттары сақталатын дискідегі арнаулы орын. Windows-та каталогтар қалталар деп те аталады.

Әрбір дискте бір басты немесе түпкілікті каталог болады. Онда файлдар және қосымша салынатын каталогтар (1-деңгейлі каталогтар) тіркеледі. 1-деңгейлі каталогтарда 2-деңгейлі каталогтар тіркеледі және с.с. Осылайша, дискте көп деңгейлі ағаш тәрізді каталогтар құрылымы қалыптасады (3.4-сурет).

Пайдаланушы дәл қазір жұмыс істеп отырған каталог ағымдағы каталог деп аталады.

Қалтаның сол жағындағы "+" таңбасы каталогтың ішінде қосымша каталогтар бар екендігін білдіреді. Олар дәл қазір көрініп тұрмаса да, ашық болуы мүмкін.

Қалтаның сол жағындағы "-" таңбасы каталогтың ішіндегі қосымша каталогтар дәл қазір көрініп тұрғандығын білдіреді.

Жетектегіш бағдарламасы

Жетектегіш Windows-тың қалыпталған бағдарламаларына жатады. Ол компьютердегі файлдар, қалталар және дискілердің көп деңгейлі құрылымын көрсетеді. Онда, сондай-ақ, қосылып тұрған желілік дискілер де көрініс табады (3.2-сурет). Windows жетектегішінің көмегімен файлдарды көшіруге, жылжытуға және қайта атауға, сонымен қатар оларды іздеуге болады.

Жетектегішті ашу үшін Бастау батырмасын басып, Бағдарламалар - Қалыпталған - Жетектегіш әмірлерін таңдаңыз.

Жетектегіш терезесі Тақырып жолынан, Мәзір жолағынан, Құралдар үстелінен, Мекен жай жолағынан, жұмыс аймағынан тұрады.

Жетектегіш терезесінің жұмыс аймағы екі бөлікке бөлінген:

1) сол жақта - каталогтар бұтағы;

2) оң жақта - қалталар мазмұнын қарап шығу терезесі.

Бұндай орналасу файлдар мен қалталарды іздеу, көшіру немесе жылжыту барысын оңайлатады. Каталогтар бұтағында дәл осы сәтте Сіздің компьютеріңізге қолысылып тұрған дискілердің барлығы, соның ішінде С: жергілікті дискі, 3,5 А дискі, желілік қалталар көрініс табады.

Құралдар үстелінде мына батырмалар орналасқан:

· «Артқа» - алдыңғы бетке жылжу;

· «Алға» - келесі бетке жылжу;

· «Жоғары» - 1 деңгейге жоғары;

· «Іздеу» - файлдар мен қалталарды іздеу терезесін шақыру;

· «Қалта» - жетектегіштің сол жақ бөлігін реттеу, Windows қалыпталған терезесі;

· «Көрініс» - ашылма тізім көмегімен файлдар мен қалталарды көрсету түрін өзгерту.

Мекен жай жолағы ағымдағы қалтаға, мысалы, С: дискіне баратын жолды көрсетеді.

Файлдар және қалталар жасау

Жаңа қалталар жасаудың бірнеше тәсілі бар.

Бір нұсқасы:

1. Менің құжаттарым қалтасын ашыңыз (бұл үшін жұмыс үстеліндегі Менің құжаттарым белгішесін екі рет шертіңіз).

2. Файлдар мен қалталар тобында Жаңа қалтаны құру сілтемесін шертіңіз.

Бейне бетте үнсіз келісім бойынша Жаңа қалта деп ұсынылатын ерекшеленген атауы бар жаңа қалта пайда болады.

3. Жаңа қалта атауын енгізіп, <Enter> пернесін басыңыз. Қалта атауы файл атынан кеңейтімі жоқ болуымен ерекшеленеді.

Енді бір нұсқасы: Менің құжаттарым терезесінде мәзір жолағының Файл - Жаңа - Қалта әмірлерін таңдау.

Сондай-ақ, жаңа қалта жасау үшін бұрыннан бар қалта терезесінің бос орнын немесе Жұмыс үстелін тінтуір пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Жаңа - Қалта әмірін таңдаңыз.

Файлды сақтау үшін ағымдағы бағдарламаның Файл мәзірінен Сақтау әмірін таңдаңыз.

Егер бұл файл алғаш рет сақталып отырса, ол үшін ашылған сұхбат терезесінің Файл аты өрісінде жаңа ат енгізіңіз.

Файлдың көшірмесін басқа атпен немесе басқа қалтада сақтау үшін Файл мәзірінде Басқаша сақтау әмірін таңдаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде файлды сақтауға диск немесе қалта табу үшін көрсеткіні шертіп, Қалта тізімін ашыңыз да, Файл аты өрісінде жаңа атты енгізіңіз.

Файл немесе қалтаны ашу үшін екі тәсілді пайдалануға болады: оны тінтуірдің сол жақ батырмасымен екі рет шерту немесе оң жақ батырмасымен бір рет шертіп, Ашу әмірін таңдау.

Файлдың немесе қалтаның лақабын жасап, Жұмыс үстеліне орналастыру үшін қалта терезесінде қажетті элементті - файл, бағдарлама, қалта немесе басып шығарғыш немесе шертіңіз. Файл мәзірінде немесе ашылған мәтінмәндік мәзірде Лақап жасау әмірін таңдаңыз. Жұмыс үстелі көрінетіндей етіп терезе өлшемін өзгертіңіз. Жаңа лақапты Жұмыс үстеліне апарыңыз.

Қандай да бір элементтің лақабын жойған кезде элементтің өзі жойылмайды. Ол компьютерде бұрын қай жерде орналасса, сол орнында қала береді.

 Қалталар мен файлдардың атын өзгерту

Файл немесе қалтаның атауын өзгерту үшін Атауын өзгерту қажет файлды немесе қалтаны бөлектеп алыңыз. Файлдар мен қалталар тобында Файлды қайта атау немесе Қалтаны қайта атау сілтемесін шертіңіз.

Жаңа атауды енгізіп, <Enter> пернесін басыңыз.

Сондай-ақ, файл немесе қалта атауын тінтуірдің оң жақ пернесін шертіп, мәтінмәндік мәзірден Қайта атау әмірін таңдап өзгертуге болады.

«Documents and settings», «Windows», «System32» сияқты жүйелік қалталар атауларын өзгертуге болмайды. Олар Windows амалдық жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет.

Қалталарды немесе файлдарды жою

Файл немесе қалтаны жою үшін қалталар терезесінде жойылуы тиіс файл немесе қалтаны бөлектеп алыңыз. Файлдар мен қалталар тобында Файлды жою немесе Қалтаны жою сілтемесін шертіңіз.

Файл немесе қалтаны нысанды тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Жою батырмасын басу; осы файл белгішесін Себет белгішесіне апару; <Delete> пернесін немесе <Shift>+<Delete> пернелер тіркесімін басу арқылы да жоюға болады. Қалтаны жойған кезде оның мазмұны түгелдей жойылады.

Тұрғылықты дискіден жойған кезде файлдар мен қалталар Себет қалтасына түседі, бұл жерде олар пайдаланушы жойғанға дейін жатады.

Файлды Себеттен біржола жою үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Жою батырмасын басу керек.

Себеттен барлық файлдарды жою үшін Файл мәзіріндегі Себетті босату әмірін таңдаңыз.

Себеттен жойылған кезде файл компьютерден біржола жойылады. Себеттен жойылған элементтерді қалпына келтіру мүмкін емес.

Сіз қандай да бір файл қалпына келтіру мүмкіндігінсіз біржола жойылуы қажет екеніне сенімді болсаңыз, <Shift> пернесін басып ұстап тұрып, файлды Себетке апарыңыз. Файл мәңгіге жойлады да, Себеттен қайта қалпына келтірілмейді.

Есіңізде болсын! Мына элементтер Себетте сақталмайды және қалпына келтірілмейді:

- желілік дискілерден жойылған элементтер;

- 3,5 А дискеттен, CD және DVD дискілерінен, флеш-картадан жойылған элементтер;

- көлемі Себеттің сыйымдылығынан артық элементтер.

Жұмыс үстелінен Лақап жойылған кезде файл немесе қалта жойылмайды, тек Жұмыс үстеліндегі Лақаптың өзі ғана жойылады.

Себетке жойылған қалталар мен

файлдарды қалпына келтіру

Себет файлдар немесе қалталарды жою кезінде қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Файл немесе қалтаны тұрғылықты дискіден жойған кезде Windows оны Себетке көшіреді, сол кезде бос себет белгішесі толы себетке ауысады. Желілік дискіден немесе иілгіш дискіден жойылған элементтер себетке түспейді, бірден жойылады.

Файлдар мен қалталар Себетте оларды пайдаланушы жойғанға дейін жатады. Бұл элементтер дискіде әлі де орын алып тұрады және оларды бастапқы орнына қайтадан қалпына келтіруге болады. Тұрғылықты дискіде орын жетпей қалғанда әрқашан себетті босатып отырыңыз. Тұрғылықты дискіде Себет алып тұратын кеңістікті шектеу үшін оның шектік көлемін өзгертіңіз.

Қателесіп жойып жіберген файлды қалпына келтіру үшін жұмыс үстеліндегі Себет белгішесін екі рет шертіңіз. Қажетті файлды тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Қалпына келтіру батырмасын шертіңіз. Файлды себеттен қалпына келтіргенде ол бастапқы орнына қайта орналасады.

Бірнеше файлды бірден қалпына келтіру үшін <Ctrl> пернесін басып ұстап тұрып, барлық қажетті элементтерді бөлектеңіз. Қалпына келтірілетін файлдарды бөлектеуді аяқтап, Файл мәзіріндегі Қалпына келтіру әмірін таңдаңыз.

Себеттен барлық файлдарды қалпына келтіру үшін Өңдеу мәзіріндегі Бәрін бөлектеу әмірін таңдап, содан кейін Файл мәзірінде Қалпына келтіру әмірін шертіңіз.

Жойылған қалтадағы файлды қалпына келтіру үшін алдымен сол қалтаның өзін қалпына келтіру қажет.

Аралық сақтағыш пен тінтуірдің көмегімен

қалталар мен файлдарды көшіру және жылжыту

Аралық сақтағыш - бір мезгілде барлық Windows қосымшалары қатынас құра алатын жады аумағы.

Файл немесе қалтаны көшіру үшін қалталар терезесінде көшіру керек файл немесе қалтаны бөлектеп алыңыз. Файлдар мен қалталар тобында Файлды көшіру немесе Қалтаны көшіру сілтемесін шертіңіз. Ашылған Көшіру сұхбат терезесінде элемент көшірілуі тиіс қалтаны не дискіні таңдаңыз да, Көшіру батырмасын басыңыз.

Бірден бірнеше файлды не қалтаны көшіруге болады. Қатар-қатар орналасқан бірнеше файл немесе қалтаны бөлектеп алу үшін бірінші нысанды таңдап, <Shift> пернесін басып ұстап тұрып, соңғы нысанды таңдаңыз. Бөлек-бөлек файлдарды не қалталарды бөлектеп алу үшін <Ctrl> пернесін басып ұстап тұрып, нысандарды кезек-кезек шертіңіз.

Файл немесе қалтаны аралық сақтағыштың көмегімен көшіру үшін қажетті файлды тінтуірдің оң жақ пернесімен бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірден Көшіру әмірін таңдау қажет.

Файл немесе қалтаны жылжыту үшін қаталар терезесінде жылжыту қажет файлды немесе қалтаны бөлектеп алыңыз. Файлдар мен қалталар тобында Файлды жылжыту немесе Қалтаны жылжыту сілтемесін шертіңіз. Басқа орындар терезесінде файл немесе қалта үшін жаңа орын таңдап, Жылжыту батырмасын басыңыз.

Сондай-ақ, файл немесе қалтаны қажет орынға Жетектегіш бағдарламасының көмегімен апаруға болады. Бұл үшін Жетектегіш бағдарламасын ашыңыз (Бастау батырмасын басып, Бағдарламалар - Қалыпталған - Жетектегіш әмірлерін таңдаңыз). Жылжыту қажет файлды немесе қалтаны табыңыз.

Нысанды жылжыту қажет орын Жетектегіштің оң жақ үстеліндегі каталогтар тарамында көрініп тұрғанына көз жеткізіп алыңыз. Нысанды тінтуірдің көмегімен қажетті орынға апарыңыз.

Егер сіз файл белгішесін тінтуірдің сол жақ пернесімен С: дискі аясында бір қалтадан екіншісіне апарсаңыз, онда файл жылжытылады.

Тінтуір көмегімен орнын ауыстыру кезінде файл жылжытылмай, көшірілгенін қаласаңыз, оны <Ctrl> пернесін басып тұрып апарыңыз.

Информация о работе MS Excel мүмкіндіктері