MS Excel мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 17:18, лекция

Описание

Microsoft Excel оңтайлы және дұрыс шешім қабылдауға көмектесу арқылы ақпаратты бұрынғыдан да көп жолдармен талдауға, басқаруға және ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа талдау және көрнекілендіру құралдары маңызды деректер трендтерін бақылауға және бөлектеуге көмектеседі. Кез келген веб шолғыш немесе смартфон арқылы маңызды деректерге кез келген жерден оңай қол жеткізіңіз.

Работа состоит из  1 файл

Документ WordPad.doc

— 213.64 Кб (Скачать документ)

Нысан белгішесін басқа дискіге апарған кезде нысан көшіріледі. Нысанды жылжыту үшін <Shift> пернесін басып тұрып апарыңыз.

Дискетке жылдам көшіру

Қалталар мен файлдарды дискетке немесе ауыстырылатын тасымалдаушыларға көшіру үшін дискет диск жетегіне, ал флеш-карта USB портына қосылып тұрғанына көз жеткізіп алыңыз.

Ауыстырылатын тасымалдаушыға көшірілуі қажет файлдар мен қалталарды таңдаңыз.

Бірнеше файлды бөлектеп алу үшін <Ctrl> пернесін басып ұстап тұрып, олардың әрқайсысын шертіп шығыңыз. Содан кейін тінтуірдің оң жақ пернесімен мәтінмәндік мәзірді ашып, Жіберу әмірін, ашылған тізімнен қажетті мекен жайды таңдаңыз.

Көшірілетін файлдар көлемі ауыстырылатын тасымалдаушы сыйымдылығынан аспауы керек екенін есте ұстаңыз.

Файлдар мен қалталарды ауыстырылатын тасымалдаушыға көшіргеннен кейін, файлдардың көшірілгеніне көз жеткізу үшін оны қарап алған дұрыс.

Өз компьютеріңізде немесе жергілікті желіде

қалталар мен файлдарды іздеу

Егер файлдың орналасқан орны белгісіз болса, бас мәзірдегі Іздеу әмірінің көмегімен немесе қалта терезесінің Құралдар үстелінде ашылатын «Іздеудегі көмекші» құралын қолдану ұсынылады (3.3-сурет). Іздеуді бастау үшін терезенің сол жақ үстеліндегі нұсқаулықтарды орындау керек. Іздеудегі көмекші іздеуді бір немесе бірнеше параметр бойынша жүргізуге, іздеу орнын (өз компьютеріңіздің тұрғылықты дискі немесе жергілікті желіге қосылған компьютерлер) таңдауға мүмкіндік береді.

Файлдың, қалтаның толық аты немесе атының бір бөлігі, құжаттағы бір сөз не сөйлем, соңғы рет өзгерту енгізілген күні белгілі болған жағдайда іздеу жүргізуге болады. Егер файл немесе қалта атының бір бөлігі ғана белгілі болса, онда атының құрамына осы бөлік кіретін барлық файлдар мен қалталарды іздеу үшін алмастырушы таңбаларды пайдаланыңыз. Мысалы, «*хат*» сұранысы бойынша іздеу нәтижесінде «Құттықтау хат.doc», «Арнайы хат.doc», «Арнайы хат.txt» файлдары табылады.

Жергілікті желіге қосылған компьютерден файлды табу үшін, Іздеудегі көмекшіде іздеу параметрлерін таңдау кезінде Қайдан іздеу керек өрісінде қажетті қор көзін тауып,таңдаңыз.

 

Дискімен жұмыс.

 


Информация о работе MS Excel мүмкіндіктері