3.10-сурет бойынша арналық
(немесе байланысты орнату деңгейі)
деңгей аппараттық интерфейс
пен протоколдардың екі модулінен
тұрады: адресті (мекенжайды) анықтау
протоколы (ARP) мен кері мекенжайды
анықтау протоколы (RARP). Аталған
протоколдар туралы мәлімет төменде
толығырақ берілетін болады. Арналық
деңгей берілген екі протоколды
мекенжайды анықтау үшін қолданылады.
Арналық деңгей физикалық және
желілік деңгейлері арасында
орналасады. Бұл деңгей өз атауына
сәйкес физикалық деңгей мен
желілік деңгейлерді өзара байланыстырады.
Сурет 3.10 - TCP/IP жиынының
өзара байланысқан
протоколдарымен желілік
моделі
Нақтырақ айтатын болсақ,
TCP/IP протокодар жиынындағы арналық
деңгей желілік деңгейден IP-модулінен
мәліметті жіберіп те, қабылдай
да алады. Нақты функцияның
орындалуынан басқа көпдеңгейлік
желідегі әр деңгей өзінен
жоғары орналасқан деңгейлерден
нақты орындау механизмін жасырады.
Осылайша, арналық деңгейдің тағы
бір функционалдық атқаратын
мақсаты ретінде желінің физикалық
деңгейде жүзеге асырылуын желілік
деңгейлерден жасыру болып табылады.
TCP/IP протоколдар жиынының
басқа да деңгейлерін түсіну
үшін бірнеше терминдермен танысу
керек. Бұл терминдер TCP/IP екі
транспорттау протоколдары арасындағы
айырмашылықты анықтайды: тұтынушылар
датаграммалар протоколы (IP) мен
мәліметті тасымалдауын басқару
протоколы (ТСР). Сонымен қатар,
берілген терминдер желі қосуларына,
мәліметтерді өңдеуге қатысы
бар протокол сипаттамалары мен
протокол сенімділігін сипаттайды.
Құрасытырылатын корпоративті
торабының типін (Ethernet немесе Token
Ring) анықтап алғаннан кейін интранет
TCP/IP протоколын қолдану қажеттілігін
анықтап алғаны жөн болады. Егер
корпоративті торап орнастырылатын
мекемеде NetWare байланыс желісі бар
болатын болса, онда TCP/IP желісінен
бас тартып, локальды яғни жергілікті
компьютерді желінің NetWare бағдарламасы
ұсынатын мүмкіндіктерін қолдануға
болады.
Бірақ, шынайы корпоративтік
торапта Internet технологиясы қолданылады
және әр желі компьютеріне (іс
жүзінде байланыс желі интерфейсінің
әр платасына) Internet (IP) протоколының
адресі беріліп, берілген байланыс
желісінде TCP/IP протоколы қолданылу
тиіс.
Көптеген компьютерлік
желілер клиенттерге әр түрлі
желі протоколдары арқылы серверлермен
байланысты орнатуға мүмкіндік
береді. Мысалы, корпоративті торапты
TCP/IP протоколын қолдайтын сервер
негізінде орнатып, сол компьютерде
NetWare файлдық серверді де орнатуға
болады. Қазіргі кезде IPX ті IP ортада
трансляциясын жүргізетін әр
түрлі бағдарламалар интранетті
NetWare локальдық желі негізінде
құрастыруға мүмкіндік береді. Төменде
жүйеде жұмыс істейтін локальды
компьютерлік желі негізінде
корпоративті торапты орнату
қарастырылады.
IPX/SPX протоколдары – Novell
компаниясы ұсынған NetWare операциондық
жүйесінің бір бөлігі. NetWare – файлдар
мен принтерді желінің барлық
компьютерлері үшін бірге қолдануға
мүмкіндік беретін желілік операциондық
жүйе. NetWare операциондық жүйесі арқылы
Ethernet немесе Token Ring типті байланыс
желісінде компьютерлерді клиент/сервер
моделі негізінде қосуға мүмкіндік
береді. NetWare операциондық жүйеде
жұмыс істеу арқылы мекеме
қызметкерлері өзара файлдар,
құжаттарын алмастырып, қолдана
алатын файлдық серверді құрастыра
алады. NetWare серверінің бағадарламалары
Unix, DOS, Macintosh және Windows типті барлық
негізгі компьютерлік платформаларына
негізделген. Сонымен қатар NetWare
сервері IPX/SPX протоколдарына негізделген
мәліметтер пакетін қабылдап, тасымалдау
қасиетіне ие болады.
Компьютер – клиент
байланыс желісіне кіруге рұқсат
алу үшін компьютерде жүйесінің
NetWare бағдарламасын орнату керек.
Бұдан кейін клиенттер принтер
қоры мен файлдарды бірігіп
қолданып, сервердің көмегімен әр
түрлі бағдарламаларды орындай
алады. Unix, DOS, Macintosh операциондық жүйелері
үшін клиент тарапынан жүйесінің
бағдарламасымен қамтамасыз етіледі.
NetWare локальдық желі негізіндегі
интранетті қарастырайық. Интранет
жүйесін құрастыру үшін алдын
ала орнатылған NetWare сервері негізінде
Novell компаниясы ұсынған Intranet Ware бағдарламасын
орнатып, іске қосуға болады. Intranet
Ware бағдарламасын қолдану кезінде
байланыс желісінің әр клиентіне, яғни
әр компьютеріне IP-адресін беру міндетті
емес. Керісінше, IP-адресі тек қана NetWare
Web-серверіне беріледі. Intranet Ware бағдарламасын
алу арқылы IPX ті IP клиент жағында трансляциялайтын
қосымша бағдарламаны алуға болады. Клиенттің
бағдарламасы Web-браузері генерациялайтын
TCP/IP протоколын IPX протоколына ауыстырады.
Жоғарыда аталғандай,
NetWare жүйесін, ең алдымен, файлдар
сервері мен басып шығару станциясы
ретінде қарастыру керек. Бұл
сервердің жұмыс істеу жылдамдығы
мен қолданбалылығы жағынан орташа
болып келеді. Корпоративті торап
серверден қызмет көрсетуді үнемі
талап ететін клиент/сервер моделі
негізінде құрастырылған. NetWare жүйесін
таңдау арқылы компания қызметкерлері
қолдана алатын қосымша бағдарламалардың
түрлерін шектеуге болады. Ал
егер де мекемеде NetWare байланыс
желісі бар болатын болса, онда
берілген NetWare жүйесінің сервері
негізінде корпоративті торапты
құрастыру мүмкіндігі туындайды.
Бірақ, белгілі бір уақыт өткен
соң оны TCP/IP протоколы негізінде
жұмыс істейтін арнайы Web-серверге
алмастыруға тура келеді.
LAN желісіндегі TCP/IP протоколдарының
орындалуы. Internet технологиясының заман
талабына сай және болашақ
технологияларының талаптарына
жауап беретін пайдалы корпоративтік
торабын құрастыру үшін әр
клиент-компьютерде TCP/IP протоколының
орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Протокол мәліметтерді байланыс
желісі бойынша тасымалдау ережелерінің
жиыны екендігі белгілі. Енді
Windows клиенттері үшін TCP/IP протоколдарын
қарастырайық. Байланыс желісіндегі
жеке компьютерлерде орындалатын
бағдарламалар өзара мәліметтер
пакеттерімен алмастырылады. Белгілі
бір мәлімет Windows операциондық
жүйеде жұмыс істейтін бір
компьютерден екінші компьютерге
берілу үшін бас компьютерлер
желілік операциондық жүйесінің
сәйкес протоколын қолдана отырып
мәліметтер пакетімен алмасуы
тиіс. Internet қосымшасын (мысалы, Web-браузерін)
қолдану үшін Windows операциондық жүйеде
жұмыс істейтін арнайы бағдарламаны
қолдану керек. Windows 98, Windows NT және OS/2
Warp операциондық жүйелері TCP/IP протоколының
бағдарламалары жиынтығын қамтиды.
Windows 3.1 операциондық жүйесі үшін
TCP/IP протоколының бағдарламаларын
орнату қажет.
Сервердің аппараттық
платформасын таңдау. Unix жүйесінде
жұмыс істейтін интранет серверінің
есептеу эффективтілігі Intel енігізгенде
жұмыс істейтін компьютермен
салыстырғанда қымбатқа түседі.
Unix операционды жүйе негізінде
жұмыс істейтін компьютерлер PC компьютерге
қарағанда қымбаттырақ тұрады. Бұл
Intel процессоры негізінде жасалған
компьютер компоненттері Unix ортасында
жұмыс істейтін компьютерлерге
қарағанда арнайы тапсырыспен
жасалмайтынына байланысты болады.
Сонда Pentium процессоры негізінде
мыңнан астам компьютер-клиенттерді
басқаратын алдыңғы қатарлы компьютерді
шамамен 390000 теңгеге алуға болады.
Unix жүйесін қолдайтын
интранет серверінің эксплуатациялық
шығындары Intel негізінде жұмыс
істейтін компьютердің эксплуатациялық
шығындарына қарағанда жоғары
болады. Unix жүйесін қолдайтын компьютердің
эксплуатациясы Intel негізіндегі компьютерге
қарағанда көп ресурстарды талап
етеді. Ал аппараттық бөлімін
модернизациялау, яғни жаңарту
жұмыстарын жүргізу Unix негізіндегі
компьютерлерімен салыстырғанда
Intel-компьютерлері үшін арзан
болады. Ал Unix жүйесін қолдайтын
компьютер үшін сервер ретінде
Macintosh таңдаған кезде аппараттық
бөлімді жаңарту одан сайын
қымбаттайды.
Intel-негізіндегі серверді
таңдау барысында Pentium процессоры
негізіндегі келесі сипаттамаларға
ие болатын компьютерді таңдау
қажет: оперативті есте сақтау
жады бөлігі 512 Мб (идеал жағдайда
1024 Мб), жалпы диск 200 Гб пен Pentium
IV микропроцессорының тактілі жұмыс
істеу жиілігі 3,0 ГГц.
Pentium класының компьютерін
таңдаған кезде серверді экономикалық
тұрғыдан тиімді болатын қолданбалы
бағдарламалармен қамтамасыз ету
мүмкіндігі туындайды. Эксперттердің
көпшілігі Pentium класының компьютерлері
Unix негізіндегі жұмыс станцияларына
қарағанда нарықтың басым бөлігін
иеленеді деп айтуда. Бұл Pentium
процессоры негізінде жұмыс істейтін
компьютерлерге арналған инртранет
қосымша бағдарламалар санының
артуына ықпалын тигізеді.
WEB-серверін бағдарламамен
қамтамасыз ету. Интранет клиент/сервер
моделіне негізделген. Корпоративтік
тораптың жұмысы сәтті болу
үшін браузер тапсырыстарын өңдейтін
сревердің бағдарламамен қамтамасыздандырылуы
жоғары болу тиіс.
Корпоративтік торап
үшін Web-серверді таңдау Internet желісіне
Web серверін таңдауымен бірдей, бірақ
Internet серверлері күн сайын өңдеуден
өткізетін сұраныстар саны жоғары
болғандықтан қауіпсіздік мәселесі
бірінші орында болады. Екінші
жағынан, интранет желісінің көптеген
серверлерінің трафигі бастапқы
уақытта Internet серверлерімен салыстырғанда
мұндай тығыз болмайды. Сонда,
ең алдымен, қолдану мен қызмет
көрсетуде қарапайым болып келетін
серверлерді, одан кейін, корпоративтік
торабының жүктемесі артуына
байланысты қымбатты мен жоғары
өнімді серверлерге ауыстыруға
болады. Көп жағдайда, корпоративітк
торабының өнімділігі бағдарламамен
қамтамасыз ету деңгейі емес
компьютер-серверінің өнімділігіне
тәуелді болады.
Мекеменің жеке серверлерге
ие болғысы келетін бөлімшелер
саны артқан кезде жүзеге асыру
жоспары қажет болады. Қазіргі
кезде бұл мәселе оңай шешіледі:
көптеген компаниялар ақысыз
түрде ұсынылатын Web-сервердің жұмысын
алдын ала тексеріп көру қызметін
ұсынады.
Ең таңдамалы және
көне Unix-компьютерлеріне бағытталған
Web-серверлердің бірі – суперкомпьютерлерге
(NCSA) арналған бағдарламалық қосымшалардың
Ұлттық орталығының HTTP Web-сервері.
Internet желісінің кең ауқымда таралуы
да берілген сервердің Unix жүйеге
бағытталған тұтынушылар арасында
әйгілі болуына және берілген
Web-серверді ақысыз түрде алу
мүмкіндігіне байланысты.
NCSA өзінің Web-серверін үнемі
жетілдіріп отырды. Бұл Web-сервер
CGI–ны қолдап, функционалдық мүмкіндіктерді
арттыратын Server Side Includes (SSI) бағдарламамен
қамтамасыздандырылады.
Берілген серверлерді
Windows NT және Unix операциондық жүйеде
жұмыс істейтін компьютерлер
негізінде құрылған жағдайда
ұтымды қолдануға болады. Бұл
сервер Microsoft компаниясының Internet желісін
басқарғандықтан ірі мекеме үшін
қолайлы болып келеді. Қазіргі
кезде Microsoft бұлсерверді ақысыз
түрде ұсынуда. Сонымен қатар,
Microsoft компаниясы берілген серверді
Windows NT бағдарламасымен қамтамасыз
етеді. Server IIS сервері орнатуда оңай
болып, корпоративті торапқа қосымша
тұтынушыларды қосу мүмкіндігі
бар болады. Сонымен қатар, IIS құрамына
FTP сервері де кіреді.
Windows 98 басқаруымен жұмыс
істейтін бірнеше жоғары эффективті
серверлер бар. Егер корпоративті
торапты Windows 98 операциондық жүйе
негізінде құрастыру қолайлы
болса, онда O'Reilly компаниясының Website
бағдарламаларын қарастырғаны жөн
болады. Шағын офис үшін Windows 98 операциондық
жүйеде жұмыс істейтін компьютерлер
негізінде корпоративтік торапты
құрастыруға болады.
Website for Windows 98 жүйесінен басқа
Netscape компниясы Windows 98 операциондық
жүйе үшін Fast Track версиясын да
ұсынады. Windows NT Workstation немесе Windows NT Server
сияқты жоғары эффективті операциондық
жүйеге көп қаржы жұмсамай-ақ
Fast Track көмегімен мекеменің әр
түрлі бөлімшелері арасындағы
ақпарат алмасуын орнатуға болады.
WEB–браузерлер. Корпоративті
тораптың толыққанды жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін соңғы құраушысы
- Web-браузерлер. Web-браузерлер ішінде
Netscape компаниясының Navigator браузерлері
кең таралған. Сондықтан Microsoft компаниясы
Internet бағдарламалар тобы үшін
жетілдірілген браузерді ойлап
таубын алдыңғы қатарлы мәселе
ретінде қарастырады.
Бірнеше жылдан кейін
браузерлер операциондық жүйенің
бір бөлігі болып кетеді. Unix операциондық
жүйесімен байланысты нарықтың
бір сегментін Netscape компаниясы иелену
мүмкін. Microsoft операциондық жүйесі Unix платформасына
қатысы болмайды. Сонда сіздің байланыс
торабыңыз Unix, Macintosh және Windows платформасының
тұтынушыларын қамтитын болса және оларды
бір браузерге қосу қажет болса, онда Netscape
компаниясының Navigator браузерін қолдану
керек.
3.7 Корпоративті тораптың
жобасы мен құрылысын жасау
Интранетті жобалау
мен басқару. Корпоративті торапты
басқару мен енгізу жоспарын
дайындау кезінде мекемедегі
өндіріс процестерін қайтадан
реорганизациядан өткізу қажет
болады. Мұндай өзгерістер жобалау
мен басқару жұмыстарын қатаң
түрде жүргізуін талап етеді.
Негізінен, мекеме қызметкерлері
жұмысты оңайлататын жаңа өзгерістерді
қолдайды. Бірақ, бастапқы кезде
интранет салыстырмалы түрде
қосымша іс-әрекеттерді орындауын
талап етуіне байланысты мекеме
қызметкерлері үшін қолайсыз
болу мүмкін. Корпоративті торапты
енгізу арқылы қызметкерлерге
интранет артықшылықтарын түсіндіре
отырып, байланыс торабы дұрыс
жұмыс істеу үшін келесі негізгі
тұжырымдарды игеру керек:
корпоратив тораптың сәтті
түрде құрастыруына алдын ала
жүргізілген жоспарлау, қойылған мақсат,
өзгерістерді басқару мен ұжымның
ұйымшылдық дәрежесі әсер етеді;