Open Text Corporation фирмасысының Live
Link Library бағдарламасы;
Documentum, Inc. фирмасының Accelerate
бағдарламасы;
Live Link Workflow.
Live Link Search ұқсас Live Link Library
бағдарламасы - Open Text Corporation фирмасының
аяқталған, интегралданған интранетке
арналған бағдарламасының бір
бөлігі. Live Link Library – келесі мүмкіндіктерді
жүзеге асыруға беретін құжаттарды
тасымалдауын басқару бағдарламасы:
құжаттарды алып кері қайтарудың
регистрациясын жүзеге асыру;
құжатқа енгізілетін өзгерістер
мен құжатқа енгізілетін өзгерістердің
хронологиясы;
құжатты сақтауын ұйымдастырудың
папкасы сияқты иерархиялық, яғни сатылап
орналасу құрылымын құрастыру;
құжатты Web-браузер көмегімен
қарап шығу үшін 40 тан астам файлдар
форматын HTML форматына түрлендіру;
Microsoft Word типті бастапқы
форматтағы құжаттармен жұмыс
істеу;
кілт сөздері бойынша
құжат мазмұнынан қажет ақпаратты
іздестіру;
құжатты қарап шығып, өзгертуге
мүмкіндік беретін рұқсатнаманың
көпдеңгейлі жүйесін орнату.
Мекеме көлемінде корпоративтік
торапқа көшу алдында мекемеде
бар құжаттар алмасуын басқару
жүйесін құрастырушысынан бағдарламасының
жаңа версиясы туралы біліп
алу керек: бағдарлама құрастырушысы
оны жетілдіру мақсатында құжаттарды
Web-браузер арқылы қарауға мүмкіндік
туады. Ал егер де құжаттарды
тасымалдауын басқару бағдарламасы
жаңартылмайтын болса, онда Live Link
Library бағдарламасын қолдануға болады.
Live Link Library бағдарламасы Unix пен Windows
NT операциондық жүйелерде жұмыс
істейді. Қазіргі кезде бұл
бағдарламаның құны шамамен 2600000
теңге. Live Link Intranet Suite базалық жинағының
бір бөлігі ретінде Live Link Search немесе
Live Link Library алуға болады. Live Link базалық
пакеттік алғаннан кейін оның
құраушыларын алып қосып отыруға
болады.
Бірігіп атқарылатын
жұмыстың координациясын қамтамасыз
ететін бағдарламалар – бұл
құжаттар алмасуын басқару бағдарламаларының
жалғасы. Бұл бағдарламалар мекеме
қызметкерлеріне құжаттарды қағазбен
жұмыс істеуін азайтып электроника
көмегімен өңдеуге мүмкіндік
береді. Мысалы, 13000000 тенге тұратын
қымбат қондырғыны сатып алу
қажеттілігі туындады делік. Ол
үшін бөлімше бастығы, оның
бастығы мен вице-президенттің
рұқсатнама қағазы қажет болады.
Ал координация құжаттарын қолдана
отырып қымбат тұратын қондырғыға
тапсырыс беріп, оны алу қажеттілігі
мен себебін түсіндіретін арнайы
қағазды жазу керек болады. Одан
кейін бұл қағаздарды электрондық
байланыс құралдары көмегімен
берілген қондырғыны алуға рұқсат
беретін бөлім мен бөлімше
бастықтарына жіберу қажет болады.
Интранет үшін жазылған
Live Link Project Collaboration бағдарламасы –
бірігіп жұмыс істейтін топ
ішінде интегралдау жоспарлануды
қамтамасыз ету мүмкіндігі. Координация
бағдарламалары мекеме мен мекемелер
топтары арасындағы құжат алмасуын
жылдамдатып, әр түрлі өнімді
жасауға кететін уақытты үнемдеу
арқылы ресми процесстерді демейді.
Бірігіп жұмыс істеудің координация
бағдарламалары – корпоративті
тораптың ең күрделі бағдарламалық
қосымшалары. Бұл тұтынушыларға
жаңа ақпараттық ағындарды ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін сипаттамалардың
күрделі бейнеленеуін талап етеді.
Құжаттар тасымалдауын
басқарудың дәстүрлі жүйесінде
тұтынушы құжаттың алғашқы нұсқасын
дайындап, құжаттар тасымалдауын
басқару бөілімінің қызметкерлері
тарапынан рұқсатты күтуде болады.
Ірі мекемелерде бұо процесс
3 – 4 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Бірігіп жұмыс істеуді координациялау
бағдарламалары құжатқа тез жауап
беруді қамтамасыз етіп, шешімді
тез қабылдауға мүмкіндігін қамтамасыз
етеді.
Интранетпен бірігіп
жұмыс істеуін координациясын
жүзеге асыру құралдары. Интранеттің
қазіргі заман құралдарын жасап-құрастыруымен
байланысты технологиялық аспектілерінен
басқа көп жағдайда ұйымдастыру
сұрақтары да зерттеледі. Интранетпен
бірігіп жұмыс істеуін координациясының
бағдарламаларын орнату үшін
мекеме қызметкерлері, құжаттар
тасымалын басқрау бөлімінің
мүшелері мен бағдарламаны орнатушыларды
берілген жаңа ақпараттық технология
құралдарымен жұмыс істеуге үйрету
керек болады. Іздеу серверлері
мен пікір-сайыс топтарынан басқа
бірігіп жұмыс істеуін координация
бағдарламалары белгілі бір мәселелерді
орындау жүйесін алмастырады.
Егер бағдарламада қызметкерлерге
жұмысты орындауға қажет құралдары
мен мүмкіндіктері шектеулі болса,
онда олар мұндай бағдарламамен
жұмыс істеуге қарсылы білдіру
мүмкін. Бірігіп жұмыс істеуін
координациясын жүзеге асыратын
келесі бағдарламалар қарастырылады:
Web Flow Corporation фирмасы шығарған
Same Page бағдарламасы;
Action Technologies, Inc. компаниясы
ұсынған Action Metro 1.1 бағдарламасы;
Open Text Corporation фирмасының Live Link
Workflow бағдарламасы.
Same Page бағдарламасының сипаттамалары.
Same Page - Web қосымшада жұмыс істеуге
арналған бірігіп жұмыс істеуін
координациясын жүзеге асыратын
Unix және Windows NT операциондық жүйелерді
қолдайтын бағдарлама. Web Flow Corporation қосымшасы
Same Page бағдарламасын координация
бағдарламасы ретінде ғана емес
виртуальды офисті қолдана отырып
топ мүшелеріне жобамен бірігіп
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
интранет негізіндегі жаңа өнімдерінің
категориясы ретінде сипаттайды.
Көптеген алдыңғы қатарлы корпоративтік
тоаптағы пікір-сайыс топтары
координация бағдарламаларының
негізгі сипаттамаларын қамтиды.
Same Page сияқты бағдарламалардың негізгі
атқаратын қызметі қызметкерлер
тобының мүшелеріне бар мәселелерді
әрі жылдам, әрі тез шешімін
табу болып табылады.
Құжаттарды бір адамнан
екінші адамға, немесе бір бөлімнен
екінші бөлімге тасымалдаудың
орнына Same Page бағдарламасы қызметкерлерге
жоба жоспары бойынша, спецификацияларымен
және әр түрлі келісім шарттармен
бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігін
туғызады. Same Page бағдарламасы құжаттағы
ақпаратты, параграфтар, бейнелер,
суреттердің, кестелердің типтерін
объектілерге бөлу арқылы қызметкерлер
тобына бірігіп жұмыс істеуіне
жағдай туғызады. Берілген бағдарлама
тұтынушыларға өз ойлары мен
ұсыныстарын білдіртіп бірігіп
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Same Page – мекемедегі жалпы
интранет стратегиясына бейімділігін
анықтайтын бастапқы жоба ретінде
орнатылатын жаңа бағдарлама. Same
Page бағдарламасының 10 тұтынушыға
шаққандағы құны шамамен 455000 мың
теңге болады.
ActionWorks Metro 1.1 сипаттамалары.
ActionWorks Metro – интранет координациясын
жүзеге асыратын дайын қолданбалы
бағдарлама. ActionWorks Metro бағдарламасы
тұтынушыларды бірігіп жұмыс
істеудің координациясының әр
түрлі мәселелерін орындайтын
дайын электрондық формалар жиынымен
қамтамасыз етеді. Компания қызметкерлері
бастапқы формамен жұмыс істеп
болғаннан кейін ActionWorks Metro бағдарламасы
бұл форманы бір адамнан екінші
адамға формада алдын ала белгіленген
рет бойынша тасымалдай бастайды.
ActionWorks Metro бағдарламасы тұтынушыны
негізгі үш Web-формасымен қамтамасыздандырады:
бастапқы форма, «жұмыс күйі
мен әсерлесу» формасы мен
орындалатын жұмыстарының тізімінің
формасы. Бастапқы форманы қолдану
арқылы компания қызметкері бірігіп
жұмыс істеудің координациясын
жүргізуін бастайды. Мысалы, компания
қызметкері іс сапарға жіберуге рұқсат
алу үшін бастапқы форманы жібереді. ActionWorks
Metro бағдарламасы қолдануға дайын формалардың
жиынтығын ұсына отырып, тұтынушыға өзінің
формаларын жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы, Time Off Request (демалу уақыты) формасы
компания жұмыскеріне демалыс күндері
мен демалу айлары туралы тапсырыс беруге
мүмкіндік береді. Ал «жұмыс күйі мен әсерлесу»
формасын қолдану арқылы қызметкерлер
басқа қызметкерлерге жіберген сұраныс
пен жауаптарын бақылай алады. Сонымен
қатар, берілген формалардың көмегімен
компания қызметкерлері жоспарлаудың
түр түрінің хронологиясын қарастыра
алады. Action Works Metro бағдарламасының формаларының
үшінші үлгісі - орындалатын жұмыстарының
тізімінің формасы қызметкерлер тобына
отырыстар мен кездесулер кезінде қабылданған
шешімдердің жүзеге асырылуын қадағалауға
жағдай жасайды. Action Works Metro бағдарламасының
әр түрлі қосымшалармен танысқаннан кейін
өз қолданбалы бағдарламаларын жасауына
кірісуге болады.
4 Еңбек қорғау мен
қауіпсіздік ережелері
4.1 Оператор жұмыс орнындағы
зиянды және қауіпті факторларына
талдау жасау
Жобаланатын орын телефондық
станция ғимаратының үшінші қабатында
орналасады. Қызмет көрсетушілердің
бөлмесінің ауданы 42 м2 (ұзындығы 7 м, бөлме
ені 6 м). Бөлме ішінде төрт жұмыс
орны бар (үш оператор мен инженер).
Инженер күніне сегіз сағат және
аптасына бес күн жұмыс істейді.
Операторлардың жұмысы тәуліктік, ауысымды
болады. Әр он екі сағат сайын (төрт
ауысым) кезекшілік ауысып отырады.
Оператордың жұмысы тәулік
бойы және компьютермен байланысты болғандықтан
адамға бұл жұмыс теріс әсерін
тигізу мүмкін. Осындай жұмыс түрінің
ауыртпалығы адамға тигізетін психофизикалық
әсерінде болады. Оператор жүйенің
функционалдық тұрғыдан эффективтілігіне
және төтенше, экстремалдық жағдайларда
жұмыс істеуін қамтамасыз етуіне
жауап береді. Сонымен қатар, оператордың
жұмысына тән ерекшеліктерінің бірі
– жұмыс барысындағы іс қимыл
белсенділігі төмендеуіне байланысты
жұмыскердің денсаулығына әсер етуі.
Оператордың психофизикалық тұрғыдан
әсері жұмыс барысында көлемді
ақпаратты қабылдап, уақытында дұрыс
шешімдерді қабылдап, жүйені басқаруымен
сипатталады: ақпаратты белсенді түрде
қабылдау, есте сақтау, ойлау – ойлауды
талап ететін психикалық процестер.
Эргономикалық тұрғыдан адам
мен машина мүмкіндіктерін өзара
байланыстырып, біртұтас жүйенің элементтері
ретінде орындайтын функционалдық
қызметтерін үлестіруге болады.
Операторлар өндірістік ортасының
зиянды да, қаупіті факторларының
әсеріне душар болады: электромагнит
өрісінің әсері (радиожиіліктер), статикалыө
электр, шу, метеорологиялық жағдайларының
жеткіліксіз түрде қамтамасыз етілуі,
жұмыс орнының дұрыс жарықпен қамтамасыз
етілмеуі мен психоэмоционалдық жүктеме.
Оператоларды келесі факторлардан
сақтандыру үшін механикалық экрандар
мен сүзгіштер орнатылады:
жақын орналасқан объектілерден
статикалық потенциалдын әсерінен;
экран бетінде жинақталатын
ионизацияланған шаңның опреатордың
тыныс алу жолдары мен тері
қабаттарына әсерінен;
көз көру аймағындағы жарық
дақтары.
Жұмыс істеу режимі мен
жұмыс ерекшеліктері, ойлау қабілетіне
түсірілетін жүктемелер операторларда
орталық жүйке жүйесінің, қол
қимылының жүйке-бұлшықеттерінің
функционалдық тұрғыдан өзгерістеріне
әкеліп соқтыру мүмкін. Жұмыс орнында
қолданылатын элементтері мен жалпы
конструкциясының рационалды тұрғыдан
дұрыс орналаспауы оператордың
ыңғайсыз отырып жұмыс істеуін туғызады.
Бұл дискофорт ұзаққа созылған жағдайда
оператордың бұлшықеттерінің шаршауына,
жалпы адамның шаршауына, жұмыс
қабілетінің төмендеуіне әкеледі.
Дисплей экранының алдында
ұзақ жұмыс істеу салдарынан адамның
көру аппаратының тоздырылуы нәтижесінде
оператор тарапынан денсаулығы, ұйқысы
бөлінуі жағынан әр түрлі шағымдар
түседі.
Оператордың тұрғылықты жұмыс
істеу орнында микроклиматтық параметрлер
(температура, қысым, ылғалдылық деңгейі),
жарықтандыру деңгейі мен ауа
ортасының жағдайы ҚР сәйкес санитарлық
нормалары мен ережелеріне сай
болу керек
4.2 Эргономикалық талаптарды
ескере отырып оператордың жұмыс
орнын ұйымдастыру
Берілген жипломдық жұмыста
қарастырылған сұрақтар ақпаратты
цифрлық тасымалдау жүйелерімен
байланысты болды. Эксплуатация, яғни
жұмыс істеу режимінде берілген
жүйе қызмет көрсету персоналының залда
үнемі болуын талап етпейді. Берілген
жүйеге қарап, қызмет көрсететін инженерлер
операторлар бөлмесінде орналасып
компьютерлер көмегімен жүйені басқару
бойынша барлық қажет іс әрекеттерді
орындайды.
Оператор қолданатын техникалық
құралдарының конструктивтің, яғни құрылымдық
ерекшеліктері оператордың олардың
іске асыру қабілетімен үйлестірілуі
қажет.
Оператордың жұмыс орнын
жобалау кезінде қауіпсіздік
техника ережелері мен техникалық
эстетика шарттары орындалуы тиіс.
Микроклиматтың параметрлерін
қарастырайық. Өндірістік бөлмелердің
микроклиматы – өндіріс жұмыс
орнындағы адам ағзасына әсер
ететін қоршаған ортаның температурасы,
ылғалдылығы мен ауа қабатының
қозғалу жылдамдығы, сонымен қатар
құрал-жабдықтар беттерінен шығатын
жылулық сәулеленуімен анықталатын
жергілікті климаты.
Ауа температурасының
жоғары болуы жұмыскердің шаршауына,
ағзаның қызуына, жылулық соққы
алуы немесе кәсіби ауруларға
шалдығуына әкелуі мүмкін. Ауа
температурасының төмендеуі ағзаның
жергілікті немесе толық салқындауына,
суық тиюіне соқтырады.
Ауа ылғалдылығының (80%-дан
артық) шектен тыс жоғарылауы
адамның терлеу қабілетін қиындатады.
Ылғалдылықтың белгіленген шамадан
төмен болуы (20%-дан төмен) жоғарғы
тыныс алу жолдарының, сілекей
қабықшасының құрғатылуына әкеледі.
Бұл жағдай жұмыскердің жұмыс
қабілетін, хал-жағдайын нашарлатады.
Ортаның ауа ағынының
жылдамдығы жылу алмасу процесіне
эффективті әсер етеді. Адам
ауа қабатының жылдамдығы 0,15 м/с
болған кезде сезіне бастайды.
Ал ауа ағынының адамға әсері
оның температурасына байланысты
болады. Ауа ағынының температурасы
360С болған кезінде ауа адам
ды сергітеді, ал ауа ағынының
температурасы 400С тан жоғары
болған кезде кері әсерін тигізеді.