Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 23:04, курсовая работа
Осы тақырыпты қозғай отырып, эквивалентсіз лексиканың жаратылысы, типтері мен оларды аудару тәсілдері мәселелері әлі күнге дейін толық зерттелмегенін көреміз. Сонымен қатар, мәдениет аралық қарым-қатынас үрдісі кезінде эквивалентсіз лексиканың мәні (рөлі) өте зор. Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің қазіргі дамуы шетел тілін оқыту кезінде туған тіл мен оқытылатын тілдің ұлттық мәдениетін үйлестіріп оқытуды ұйғарады. Соңғы кездері тіл білімі мен лингводидактикалық лингвоелтану саласы кең таралуда. Оқытушының міндеті – оқушыны басқа мәдениетке, басқа өркениетке қатыстыра отыра, оның назарын ұлттық-таңбаланған лексикаға аударып, оның белгілі бір фондық елтанушылық ақпаратты иеленіп, белгілі бір ассоциацияларының пайда болуына сілтеу.
«Кейін «Ридинг – фестиваль» келіп, Хиптар онда бағдарламаны басқарып, «Innocent Victom» альбомынан жаңаларын ойнатып, әлемге «Free Me» - коммерциялық рок үлгілі шығарма синглын танытты».
Осы кішкене
үзіндіде асты сызылған сөздер белгілі
бір халықаралық рок музыка әлемінің
реалийлерін білдіреді. Олардың
толық аудармасыз шетелдік түрінде
не аударма транскрипциясы не аралас
аударма түрінде берілгені
Өнертану мәтіндерін аударудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың ішінде ұлттық өнер үлгілері атауларын, мешіт, шіркеу атауларын,т.б. аударуда қиындықтар туындайды. Бұл мәселелерді шешу жолы – транскрипция, семантикалық аударма не аралас аударма.
Тағы бір транскрипция тәсілі арқылы аударылатын мәдени-реалийлер түрі – фольклорлық және әдеби шығармаларда кездесетін фантастикалық тіршілік иелері атаулары мен есімдері.
Алдар Көсе – Aldar Kose
Hobbit – Хоббит
Goblin – гоблин және т.б.
Дегенмен, осындай есімдердің біраз бөлігі, әсіресе объектінің белгілі бір шынайы қасиетін білдіретін мағыналық құрамдары барлары аралас аударма не калькалау арқылы аударылады.
Соңғы транскрипция тәсілі арқылы аударылатын тілдік бірліктерге терминдер жатады. Мұнда транскрипцияға негізгі термин қандай негізде екендігіне сай анықталатын грек, латын немесе ағылшын бірліктері алынады: cable – кабель, restitution – реституция, reconstruction – реконструкция, т.б.
Аударма
тілінде сәйкес үйлесімділігі болмайтын
тілдік бірліктерді аудару үшін қажет
транслитерация тәсілімен бірге
калькалау тәсілі де қолданылады. Калькалау
дегеніміз – сөздің құрам бөліктері
(морфемалар) немесе фразалар (лексемалар)
аударма тілінің элементтеріне
сәйкес аударылатын біріккен сөз
құрамы немесе сөз тіркестерінің
айтылуы. Калькалау аударма тәсілі
ретінде транслитерация белгілі
бір себептермен эстетикалық, мағыналық
не басқа да ұстанымдарға байланысты
қолданылмаған кезде
Тілдердің
даму тарихы көбіне функционалдық белгідегі
тіларалық өзара байланыстың
көптеген үлгілерін көрсетеді. Мысалы,
қазақ тілінің –шы, -ші, -кер,
-гер, т.б. жұрнақтары ағылшын тілінің
–er, - or, - ist жұрнақтарымен өзара
Money
– ақша,
window – терезе,
Old
– кәрі,
Go
– жүру,
Саяси, ғылыми және мәдени салалардағы сөз тіркестерінің көпшілігі калкалаудан тұрады:
Үкімет басшысы – head of the government
Жоғары Сот – Supreme Court
Аралас заңдар – mixed laws
Сайлау шешіміне сенімсіздік – non-confidence vote, т.б.
Транскрипциядан калькалаудың ерекшелігі – оның негізгі түрді аударма тіліне механикалық түрде жәй аудара салу әрекеті еместігі және көбіне кейбір өзгертулерге жүгіну керектігін білдіреді. Ең алдымен бұл септік түрлерінің, сөз тіркесіндегі сөздер санының, аффикстер, сөздердің орын тәртібінің, сөздің морфологиялық және синтаксистік атқаратын қызметтерінің өзгерістерін қамтиды. Мәселен, ағылшынның skinheads не skinheaded сөздері skin сөзінің семантикалық мағынасынан ауытқып, калькалау арқылы жасалып, тықырбастылар не бәкібастылар деп жалпы өзгереді. Ағылшын сөз тіркесі two-thirds majority морфологиялық та, синтаксистік те өзгеріске ұшырап үштен екі бөлігінің көпшілігі (дауыстың) болып калькалау арқылы жасалынады. Ағылшын тіліндегі кейбір аффикстер қазақ тілінде сын есім белгілерін білдіретін өзіндік белгілерге сәйкес келіп, калькалау үрдісіне қажетті өзгерістерді ендіреді:
Misdistribution of costs
шығынды бұрыс тарату
maltreatment
сапасыз ем
Non-taxable income
салық салуға жарамсыз кіріс.
Калькалау арқылы әдетте терминдер, кең қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері аударылады:
тарих пен мәдениет ескерткіштерінің атаулары
Қысқы Сарай – Winter Palace
White House – Ақ Үй,
көркем шығармалар атаулары
«Ақ Гвардия» - «The White Guard»
«Соғыс пен бейбітшілік» - «The War and the Peace»
“The Painted Veil” – «Боялған перде»,
саяси партиялар мен қозғалыс атаулары
The Democratic Party – Демократиялық партия
«Ақ жол» партиясы – «The Bright Way» Party,
тарихи оқиғалар
Бату ханның шабуылы – The invasion of Batu Khan
сөз тіркестері
ағарту жемістері – the Fruits of the Enlightenment және т.б.
Кейбір жағдайларда, әсіресе тарихи оқиғалар мен мәдени объектілерді аударуда екі тәсіл қатар қолданылады: екі түрлі калькалау немесе калькалау мен транскрипция:
қобалжу кезеңі – the period of unrest немесе The Time of Trouble
монғол - татар шапқыншылығы – the Mongol invasion немесе The Tartar conquest, т.б.
Жағрапиялық тау, теңіз, өзен және т.б. атауларының құрамдарына аудармаға жататын сөздер енсе, олар калькалау арқылы аударылады:
The Rocky Mountains – Құзды таулар
The Salt Lake – Тұзды көл
Қара теңіз – the Black Sea
The Indian Ocean – Үнді мұхиты
Егерде
атауға мағынасы ұмытылған не белгілі
бір себептермен аударуға келмейтін
сөздер енсе, онда аралас аударма қолданылады,
яғни атаудың бір бөлшегі
Арал теңізі – Aral Sea
River Dart – Дарт өзені.
Калькалау тәсілі
сонымен бірге терминдерді
Income tax – кіріс салығы
Decision making – шешім қабылдау
Database development – мәліметтер жинағының көбеюі.
Калькалау,
транслитерация немесе аралас аударманы
таңдау сөздіктің көмегімен
- біріншіден,
тура аударма жасаудың
- екіншіден,
транскрипцияны қолданудан
Бұл тәсілді
қолданудағы ерекше қиындық негізгі
құрылымды кеңейту мен
Лексико – семантикалық модификация (түр өзгерісі)
Жоғарыда
айтылған сөздер мен сөз тіркестерін
аударуға арналған екі тәсіл басым
түрде контекстке немесе тілге тәуелсіз
бастапқы және аударма тілдерінде бір
түр мен мазмұнға ие тұрақты және
әмбебап мағыналы тілдік бірліктерді
аудару үшін қолданылады. Контексттердің
аударылуында кейбір келіспеушіліктер
әдетте еленбей қалады. Дегенмен, олар
сөз формасы немесе мағына мен
форма байланысы негізгі
Бастапқы мағынаны тарылту не нақтылау негізгі бірліктің ақпараттық реттелу мөлшері аударма тілінде мағынасы жағынан сәйкес болатын бірліктің реттелуінен төмен болған жағдайда қолданылады. Мәселен, қазақ тілінің зерттеу ұғымы әртүрлі жағдаяттық жағдайларда қолданылады және көп жағдайда контекстке сай реттеледі; ал ағылшын тілінде оған контекстке байланысты әртүрлі тар мағыналы бірліктер сәйкес келеді:
to explore ( ортаны зерттеу – to explore the environment )
to investigate (нарықты зерттеу – to investigate the market)
to research into (классикалық әдебиет құбылысын зерттеу – tо research into the classical literature).
Ағылшын тілінің man сөзінің мағынасы кең және қазақ тілінің сөздің нақты мағынасын талап ететін контексттерінде де қолданылуы мүмкін. Мысалы:
He is a man of taste
Ол жоғары талғамды адам
All the king’s men
патшаның барлық әскерлері
Then you will be a man, my son
міне, сонда ғана сен ержігіт боласың, ұлым және т.б.
Бастапқы мағынаны кеңейту не жалпылау негізгі бірліктің ақпараттық реттелу мөлшері аударма тілінде мағынасы жағынан сәйкес келетін бірліктің реттелуінен жоғары болған жағдайда қолданылады. Мәселен, қазақ тілінің ем сөзі ағылшын тілінің мағынасы кең және ем сөзіне қатысты контекстпен үйлеспейтін, ақпараттық реттелуі үшін арнайы контекстті талап ететін treatment сөзімен сәйкес келеді:
Ем сәтті болды және ол толықтай жазылды
The treatment turned to be successful and she recovered completely
Олардың жаңдайды түсінуі
Their treatment of the situation
Ол ата-анасына аса құрметпен қарады
His treatment of his parents was very deferential. Сөздердің басқа жақтан үйлесімділігін тауып, бірақ мәнерлілік мүмкіншілігі жағынан сәйкеспеушілігі туындаған сәтінде аудармада қиындық туындайды. Мысалы, a cow-eyed girl контекстке сай әртүрлі баламаларды талап етуі мүмкін: сиыр көзді қыз немесе бота көзді сұлу.
Біріншісі
теріс мәнерлілікті тудырса, екіншісі
оң мәнерлі. Эмфазаны күшейту тәсілі
аудармада аса тиімді болуы мүмкін,
бірақ ол қарым-қатынас мазмұнына
зор ықпал ететіндіктен, оны қолдануда
абай болып, кейбір даулы жағдайларда
бұл тәсілге қарама-қарсы
Латын және грек тілінен
Pompous – мерекелік және үлпілдек
Ambitious – атақ құмар және ғаламат
Politician – саясаткер және ұстанымы жоқ саясаткер, қуақы іспен айналысушы адам.
Оларды толықтай «аудармашының жалған достарының» қатарына жатқызуға болмайды, өйткені олар жалпы мағынасын сақтаған. Десек те эмфазаның болу не болмауымен байланысты сәйкестікті таңдау мәселесі контексттің реттеушілік әсерімен айқындалады.
Аударма
үрдісінде лексико –
Функционалдық баламаны іздеу баламасыз лексикамен, яғни қостілді сөздіктерге белгісіз бір себептермен енгізілмеген сөздермен кезіккенде шынайы маңызға ие болады. Көбінесе бұл категорияға аударма тілінің мәдениетіне белгісіз заттар мен құбылыстарды білдіретін қайта құрылған және әлі де болса сөздікке енбеген сөздер немесе тілдік бірліктер жатады.
Фразеологиялық
бірліктердің зор мүмкіндіктері
мен оларды аударудағы қиындықтың куәсі
көптеген жазушылар, журналисттер және
де басқа да тілдің шығармашыл тұлғалары
тұрақты сөз тіркестерін