Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 22:50, курсовая работа
Көркем сөз өнерінің тілдік және әдеби бұлақтары санатына жататын мақал – мәтелдер (ММ) мән-мазмұнының дәйектілігімен, тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен айырықша ерекшеленеді. Көлем-құрылымының ықшамдығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп-салдарын, халықтың өмір тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар білдіреді. Онда халықтың тарихы, саяси өмірі, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық қазынасы, сан саладағы мәдениеті жан-жақты көрініс тапқан.
Ағылшын ММ-ін зерттеуде зор еңбек сіңірген ғалым А. В. Кунин болып табылады. Оның берген ағылшын ММ-нің семантикалық-құрылымдық жіктемесі көптеген ғалымдар тарапынан оң бағаға ие болды. А. В. Кунин ММ-ді толық предикатты сөйлемдер ретінде коммуникативті фразеологиялық бірліктер деп есептейді. Мұндай коммуникативті фразеологиялық бірліктердің 2 тобы бар деп көрсетеді: мақалдар және мәтелдер [22; 240].
Осы жіктеменің семантикалық-құрылымдық сипатына толығымен тоқталайық.
2.2 Мақал-мәтелдердің салалық қатыстылығы. ММ бейнелі-көркемдік сипаты үшін халық ауыз әдебиетінің жанры екенін айтып кеткенбіз. Ал, таза лингвистикалық тұрғыда олардың салалық қатыстылығын сөз еткенде, ғалымдардың ұстанымдары бойынша, ММ фразеология мен паремиология салаларының зерттеу нысаны болуы мүмкін. Бұл тақырыпшада біз аталған екі салаға байланысты тұжырымдарды талқылаймыз.
ММ-ді лингвистикада фразеологияның объектісі ретінде қарастыру түбегейлі шешімін таппаған мәселелердің бірі. Фразеология жеке пән болып қалыптасқалы фразеологизмдердің ММ-ге қатысы туралы пікірлер қазірге дейін жалғасып келеді.
Фразеологиялық бірліктер қай тілде болмасын ММ-мен қатарласа өмір сүреді. Бұл тілдік категориялар тіл байлығының ең құнарлы тармағына жатады. Көркем сөз қорының мәйегі болып табылады.
Р. Сәрсенбаев ММ-ді бұрыннан бері көбінесе ауыз әдебиетінің кіші жанры ретінде әдебиетшілердің зерттеу нысаны болып келгенін ерекше атап кетеді [21;19].
Бірақ фразеологиялық бірліктер тіл фактісі ретінде негізінен тіл мамандарының зерттеу объектісі болып келеді. Осыған сай фразеологизмнің зерттеу объектісі туралы ғалымдардың пікірлері әртүрлі болып жүр.
Фразеологизмдерді тар мағынада түсінушілер оның құрамына атауыштық (номинативті) қызметі бар сөз тіркесі ретінде келген фразеологиялық бірліктерді ғана жатқызады. Ал фразеологизмдерді кең мағынада қарастыру бағытын жақтаушылар номинативті сөз тіркесі түріндегі фразеологиялық бірліктермен бірге коммуникативті сипаттағы сөйлем түрінде келген фразеологиялық тізбектерді, яғни ММ-ді де фразеологизмдердің құрамында қарастырады.[днб,152]
Үлкен пікірталас туғызған ММ-дің салалық қатыстылығы жөнінде өз тұжырымдарында оларды фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынған тіл мамандарына келер болсақ, В. В. Виноградов, Н. М. Шанский, В. Н. Телия, М. Чернышева, М. М. Копыленко, А. В. Кунин, И. В. Арнольд, Ә. Т. Қайдар, Б. Манасбаев, Г. Х. Ахунзянов, І. Кеңесбаев, Р. Сәрсенбаев, Ө. Айтбаева, Ф. Ахметжанова, т.б. есімдерін атаймыз.
Сондай пікірдегі ғалымдардың бірі Б. Н. Головин «Введение в языкознание» еңбегінде былай деген: «Фразеологическими единицами языка можно считать не только устойчивые словосочетания, но и устойчивые высказывания, крылатые выражения, созданные литераторами, поговорки и пословицы... .» [23; 83-84]
Бір топ қазақ лингвистерінің пайымдауынша, «фразеологизмдер ең алғаш сөйлеу тілінде не жазба тілде қолданылып жалпыға танылады. Фразеологизмдердің дені жазба тіл дамымай тұрып, сөйлеу тілінің негізінде қалыптасқан. Бұл топқа идиом, ММ және нақыл сөздер жатады.» [23;118]
Көріп отырғанымыздай, М. Балақаев бастаған тіл мамандары мен Б. Н. Головиннің ойы бір жерден шығып тұр, яғни ММ-ді фразеологиялық бірліктер ретінде қарастыра аламыз.
Қазақ ғалымдарының арасында ММ мен фразеологизмдердің арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар туралы орынды пікірлер І. Кеңесбаевтың зерттеулерінде айтылған. Ол ММ мен фразеологизм арасындағы айырмашылық туралы өзінің пікірінде былай дейді: «Тілдегі ММ тұрақты сөз тіркесіне жатады. Бірақ барынша тар ұғымда алынатын фразеологиялық бірліктер мен ММ арасында үлкен айырым бар. ММ фразеологизмнен өзінің сөз қолданыс, мағына жағынан ерекшеленіп тұрады. Ішкі мазмұны, сыртқы түрі жағынан ММ-дің фразеологиядан елеулі айырмашылығы бар. Фразеологиялық бірліктерге кейбір ұқсастықтары болса да, ММ сөз сараптаудың дербес түрі боп есептеледі. Демек, олардың өздеріне тән лексикалық-семантикалық, грамматикалық ерекше (релеванттық) белгілері бар. ММ-дің фразеологияға ұқсастығы, ең алдымен, компоненттерінің тұрақтылығынан көрінеді: ММ компоненттерінің орнын әсте ауыстыруға болмайды. Едәуір зерттеушілер осы жағдайды еске ала отырып, ММ-ді тіпті фразеологияға енгізуді мақұл көреді. Бұл концепцияны қостауға болмайды» [9;593]
Сондай-ақ, І. Кеңесбаев фразеологияға анықтама бере келе, оның ММ-ден ерекшелігін ашығуға тырысады: «... фразеологияның бір саласы фразеологиялық түйдекке тән белгілерді қысқаша былай деуге болады: фразеологиялық түйдек құрамындағы элементтері іштей кіріп, жеке компоненттерінің семантикасына тікелей қатысы жоқ, тұтасқан бір шоқ мағына береді, фразеологиялық түйдектің едәуір бір бөлігі екі-үш элементтен тұрады. Ол акцентуация жағынан біркелкі келеді. Белгілі бір фразеологизмнің мағынасы сыртқы тұлғаға мүлдем қалыс деуге болмайды. Фразеология мен ММ бір-бірінен өзінің мазмұны, сыртқы тұлғасы жағынан сараланады. ММ нақылға жөн сілтесе, фразеология тек атауыш бейнелеу мәнінде келеді. Сондықтан да ММ синтаксистік жағынан фразеологияға қарағанда анағұрлым күрделі.» [9;593]
І. Кеңесбаевтың пікірін қолдай отырып, Р. Сәрсенбаев ММ-ді фразеологиядан бөлмей қарастыруды жөн деп санайды. Ғалымның айтуынша, ММ-дің кейбір ұқсастықтарына қарай тұрақты фразеологизмнің құрамына жатқызуға болады. Өйткені олардың синтаксистік құрылысы тұрақты, яғни олардың компоненттері өзгермей тиянақтылыққа ие болады.
Ғалым Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаев ММ-ді фразеологизмге тән құрылым тұрақтылығы, даяр қалпында жұмсалу тиянақтылығы, бейнелілігі, мәнерлілігі үшін фразеологиялық бірлік ретінде қарастыру керектігін ұсынады [ғқб, 199].
Сондай-ақ ММ-ді фразеологияның қатарында қарастыру, оны қай топқа жатқызу екендігі туралы әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар оны фразеологиялық бірлікке, енді біреулері фразеологиялық тізбекке жатқызады.
Жоғарыда аталған
тұжырымға қарсы пікірді
Осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н. Н. Амосова сондай еңбектерінің бірінде былай дейді: «Нередко к фразеологии относят и пословицы, и поговорки, т.е. самостоятельные предложения, обладающие образным или оценочным характеризующим содержанием. Между тем, такое решение представляется необоснованным. Оно вызвано исключительным вниманием к точкам сходства между пословицами и фразеологизмами и игнорированием существенных различий между ними,» [24;143]
Н. Н. Амосова ММ-ді фразеологиядан бөліп қарастыратыны, себебі «ММ-ді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді» деген пікір ұстанады.
Н. Н. Амосованың пікірінше, фразеологияның құрамында номинативті фразеологизмдерді қарастыру керек, себебі коммуникативті сипаттағы предикатты ММ номинативті қызмет атқара алмайды. Зерттеушінің ойынша, ММ-ді фразеологизмдердің құрамына енгізбеуге негіз фразеологизмдердің сөзге балама болуында екен. Бірақ барлық ғалым-фразеологтар фразеологизмнің сөзге баламалық қызметіне бірдей көзқараста деп айта алмайды. Өйткені кейбір зерттеулер барлық номинативті фразеологиялық оралымдар сөзге балама бола бермейтіндігін көрсетуде.
Ғалым предикативті құрылымы жағынан ММ-дің фразеологиялық бірліктерге ұқсас жақтары көп екенін мойындайды және ашып көрсетеді:
Бірақ Н. Н. Амосова осы ерекшеліктермен шектеліп қалсақ, олардың табиғатын толыққанды талдамағанымыз деп біледі.
Н. Н. Амосоваға сүйенсек, ең алдымен, тілдік белгінің ойлау сипатындағы бірліктер ретінде сөйлемнің лексикалық мағынасының болатындығын анықтау қажет. Оның біртұтас мағынасы бір сөзге немесе фразеологиялық бірлікке тең болуы шарт. Лексикалық мағына атауыш функция атқара алатын тіл бірліктерінде ғана болады, ал кез келген сөйлем коммуникативті бірлік болып табылады. Фразеологиялық бірліктің лексикалық мағынасы ерекше біртұтас сипатта. ММ-ді фразеологиялық бірлік деп тану үшін оның лексикалық мағынасының біртұтастығын дәлелдеу керек. Сонымен қатар ММ атау ұғымды білдіретін тіл бірліктері ретінде қолданылуы қажет. Бірақ ММ не функциясы, не мазмұны жағынан фразеологиялық бірліктерге қойылатын талаптарға сай келмейді. ММ құрылымы мен мазмұны жағынан өз алдына дербес сөйлемдер. Біз оларды аффективті, одағайлы тіл бірліктеріне жатқыза алмаймыз. Белгілі бір ситуацияда баға беретін немесе нұсқау айтатын коммуникативті бірліктер ретінде ММ-дің сөйлеу қызметі олардың пәндік-логикалық мазмұнына дәлме-дәл келеді. ММ фразеологиялық бірлік санатына жатса, керісінше болу керек еді, яғни олардың қызметі пәндік-логикалық мазмұнынан алшақтауы тиіс. Олардың пәндік-логикалық мазмұны ешбір жағдайда біртұтас лексикалық мағынаны білдіре алмайды, тек қана қорытындылау, шолу немесе хабарлау тәрізді әдеттегі образды немесе қосымша мәнде болады.
ММ-ді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірліктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г. Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Дегенмен келтірілген пікірлерге және өзге де зерттеу нәтижелерін саралап, ой желегінен өткізер болсақ, ММ-дің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Ағылшын тілінің
фразеологиясына қатысты
2.3 Ағылшын, қазақ, орыс мақал-мәтелдердің жеке тақырыптар бойынша берілуі
Мақал –мәтелдер мағыналарына қарай сараланады;
Мысалы :
Білім –қуат.
Знание –сила.
Knowledge is power.
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді.
Паршивая овца все стадо портит.
One drop of poison spoils the whole tun of wine.
Ал бұл мәтелдерде 3 тілдегі сөздік баламасы әр түрлі,бірақ мағынасы бір.
Человек и его качества
Human being and human nature
Әр елдің салты басқа,иттері қара қасқа.
Сколько стран,столько обычаев.
Every country has its customs.
Сыртқы жалтырауықтың іші қалтырауық.
Наружность обманчива.
Appearences are deceptive- never judge from appearance.
Сиыр баласын торпағым дер,қарға баласын аппағым дер.
Всяк кулик свое болото хвалит.
Every cook praises hia own broth.
Мысқалы аз,бірақ қымбат.
Мал золотник,да дорог.
A little boy often harboursa a great soul.
Труд и профессия
Work and labour
Іске уақыт, ермекке сағат.
Делу время,потехе час.
Business before pleasure.
Еңбек түбі –қуаныш.
Конец -делу венец.
The end crowns the work.
Қыс арбаңды сайла,жаз шанаңды сайла.
Любишь кататься,люби саночки возить.
After dinner comes the reconing.
Тамшы тама берсе тас жарады.
Капля камень точит.
Little strokes fell great oaks.
Здоровье
Health
Денсаулық – зор байлық.
Здоровье дороже богатсво.
Good health is above wealth
Демі бардың емі бар.
Чем ушибся,тем и лечись.
Take a hair of the dog that bit you.
Тазалық бар жерде денсаулық бар.
Чистота-залог здоровья.
If each would sweep before his own door, he would have a clean city.
Кесел батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
Здоровье выходит пудами, а входит золтониками.
Agues come on horseback but go away on foot.
Қорытынды
Мақалдарды бірнеше тілде білу өзімізге де пайдалы. Олар да түрлі тарихи жағдайларда құрылған, бірақ сонда да халықтың арманын, мақсатын көрсетеді. Белгілі бір ойдың әр түрлі халықтардың, яғни әр түрлі тілдегі мақал-мәтелдердің қалай айтылатындығын есту қызықты. Тегінде мақал-мәтел қай халықтың болсын жан дүниесінің, мінез-бітімінің, тыныс-тіршілігінің айнасы;ол сол халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймай, оның уақыт санын артпаса, арзымас қазына екенін сөздірер белгісі. Сондықтан қай тілде болсын мақал- мәтелдерді оқып, үйрену керек. Өйткені тіл өзгерсе де, мақалдың түпкі мағынасы сөз өзгерсе де, айтайын деген ойы өзгермейді. Бірақ ең алдымен өз тілімізді, әркім өз халқының рухани байлығын білу керек. «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» деп атаған Ғабит Мүсіреповтың сөзінің астарында ағылшын тілінің маңыздылығын қазақ тілінде жеткізе білу өнерін толыққанды меңгеруді меңзейді.Ағылшын тілі әлемдік аренада нық қадамдармен алға басып келеді. Осы бір алдыңғы қатарлы тілдің дүниетанымын, болмыс тіршілігін толық меңгеру үшін халықтың ауызекі мақал майданы мен мәтел мұнараларын қазақ тілді қауымға жеткізу таптырмас өнердің табалдырығына жатқызу керек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» Қазақстан халқына жолдауының жиырма алтыншы бағытында - Қазақстан халықтарының рухани дамуы жіне үш тұғырлы тіл саясатында-«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп атап өтті.
Қорыта келе, жұмыстың зерттеу барысында:
қарастырылып, тақырыпты ашу мақсатында барынша жан жақты талқыланды.