Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:18, курсовая работа
Барлық тілдерде ономастикалық жүйе сол тілді тұтынушы этностың (ұлттың, халықтың, тайпаның, рудың) тарихына, мәдениетіне, шаруашылығына қатысты болады. «Егер халық пен тілді біртұтас құбылыс деп қарасақ,- дейді академик Ә.Қайдаров, тіл-халық өмірінің материалдық және рухани байлықтарын бойына жинаған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын баға жетпес байлық».
КІРІСПЕ ....................................................................................................................3
І. Онамастика және аударма теориясы...................................................................5
1.1.Онамастикалық атаулардың мәтін аудармасында алатын орны ...................5
1.2.Онамастикалық атауларды аудару тәсілдері ................................................. .9
ІІ.Онимдерді аудару ерекшеліктері ......................................................................17
2.1.Қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тіліндегі транслитерациясы ................ .17
2.2.Қазақ жалқы есімдерін ағылшын тіліне транслитерациялау кезінде қиындық тудыратын мәселелер...............................................................................................20
ІІІ. Қорытынды ....................................................................................................... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................................................................27
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
І.
Онамастика және аударма теориясы......................
1.1.Онамастикалық атаулардың мәтін аудармасында алатын орны ...................5
1.2.Онамастикалық атауларды аудару тәсілдері
..............................
ІІ.Онимдерді
аудару ерекшеліктері ..............................
2.1.Қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тіліндегі транслитерациясы ................ .17
2.2.Қазақ жалқы есімдерін ағылшын тіліне
транслитерациялау кезінде қиындық тудыратын
мәселелер.....................
ІІІ.
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі ..............................
Кіріспе
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Барлық тілдерде ономастикалық жүйе сол тілді тұтынушы этностың (ұлттың, халықтың, тайпаның, рудың) тарихына, мәдениетіне, шаруашылығына қатысты болады. «Егер халық пен тілді біртұтас құбылыс деп қарасақ,- дейді академик Ә.Қайдаров, тіл-халық өмірінің материалдық және рухани байлықтарын бойына жинаған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын баға жетпес байлық». Сонымен қатар жалқы есімдерді лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлармен байланысты қарастырылатын тілдік құрал ретінде зерттеу онимдердің ерекше мәдени құндылық екендігін таныта түседі. Поэтикалық ономастика – қазақ тіл білімінде көп зерттелмеген, тың саланың бірі. Осы бағыттағы зерттеулер түркі, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі онимдердің құрылымдық таптастырылуын айқындауға; антропонимдердің, топонимдердің шығу тегін зерделеуге, олардың көркем шығармадағы алатын орнын анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты тарихи ескерткіштердегі ономастикалық кеңістікті зерттеу тіл біліміндегі көркем мәтін ономастикасын жаңа қырынан талдап, жалпы көркем шығарма ономастикасымен салыстыра қарастырып, нақты тұжырым жасауда, ерекшеліктерін анықтауда маңызды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеудің басты мақсаты – поэтикалық мәтіндердегі ономастикалық кеңістікті анықтау, соның ішінде онимдердің мәтін ішіндегі қызметін анықтау, олардың автордың шығарма идеясын жеткізудегі мәнін ашу, шығарма кейіпкері, кеңістік-мезгілдік қатынасты қалыптастырудағы рөлін айқындау. Онимдердің қазіргі қазақ тіліндегі қолданысын анықтау, көркем мәтіндегі жалқы есімдердің тура және қосымша қызметтерін айқындау. Онимдерді аударма мәтінінде трансформациялау тәсілдеріне шолу жасау, оның ішінде транслитерация жєне транскрипция тәсілдерінің аражігін ашу.
Зерттеу нысаны. Жұмыстың міндеттерін шешу мақсатында зерттеуге күнделікті қолданыстағы және көркем әдебиеттегі онимдік бірліктер алынды, құрамында онимдер кездесетін лексика-фразеологиялық бірліктер, мақал-мәтелдер, қазіргі ақын-жазушылардың шығармаларындағы онимдік бірліктердің қолданыстар жинақталды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. . Қазіргі лингвистикада көркем мәтін түзудің маңызды мәселелерінің бірі көркем шығарманың ономастикалық кеңістігін қалыптастыру болып табылады. Онамастикалық атаулардың көркем мәтін түзудегі қызметі және мәтіндегі ақпаратты жеткізу мақсатында онимдік бірліктерді қолдану.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары тіл білімінің лексикология, семасиология, этимология және ономасиология салаларына қатысты пайымдау жасауға мүмкіншілік береді. Зерттеудің тұжырымдары мен түйіндері, нәтижелері мен қисындары қазақ және ағылшын онамастикасын кешенді түрде зерттеуде, жоғары оқу орындарында тіл тарихы, елтану пәнінде , және топонимикалық зерттеу әдістемесі жайлы арнаулы курстарда, орта мектептер мен гимназиялардағы өлкетану туралы сыныптан тыс жұмыстарда, сонымен қатар сөзжасам саласындағы зерттеулерді толықтырып, жан-жақты зерттеуге де өз септігін тигізеді.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, әрқайсысы бірнеше бөлімдерден тұратын екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Әдістемелік негізі. Зерттеу барысында жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.
І. Онамастика және аударма теориясы
1.1.Онамастикалық атаулардың
мәтін аудармасында алатын
Швейцар А.Д. : «Аударма – адамдар
әртүрлі тілдерде өз ойларын білдіруінде
қарым – қатынастың тілдік қызметін
атқаратын көмекші құрал. Сондықтан,
аударманы тіларалық
Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы онамастикалық атаулар арқылы көрінеді. Қазақ онимдері де халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген онимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты онимдерді зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Онимдерді зерттей келе сол өңірді мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында, тіпті сезім сұлулығына дейін мағлұмат беріп, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Әрбір оним алуан түрлі құбылысқа ие, семантикасы жағынан жеке объектілерді атайтын жалқы есімдердің ерекше тобына тән. Гидронимдер құрамына енетін апеллятивтер объектінің табиғи ерекшеліктерін айқын көрсетеді (жер бедері, өсімдіктер, топырақ т.б.) және де этноним мен антропонимдерден жасалған гидронимдер сан алуан кездеседі. Олар уақыт өзгерісіне қарай әр түрлі мағлұматқа: соғыстар, халықтың тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, өзге халықтармен қарым-қатынасына және өзге де тарихи оқиғаларға ие. Онимдердің шығуы, пайда болуы, аталуы жергілікті халықтың тарихы мен тірлік-тынысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы ана тілімен тығыз бірлікте дамыған. Ондай атаулар көптеген ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жалғасын тауып келеді. Мұның бәрі әр түрлі тілдік қабаттан тұратын, шығуы, пайда болуы жағынан түрлі мезгілдерге тән онимдерді қамтиды.
Онимдер – бір немесе бірнеше сөздердің тіркесі, нақты, белгілі затқа немесе құбылысқа атауыштық мағына беретін және сол арқылы оларды жалпы есімдердің қатарынан ерекшелейтін зат есімдер. Онимдердің түрлері:
Антропонимдер:
адам есімдері, тегі, фамилия, лақап
аттар, криптоним(жасырын есімдер,
Жер су атаулары,топонимдер:
Ойконимдер (тұрғылықты мекендер атауы), гидронимдер (өзен), оронимдер ( тау), урбаноним (қала ішіндегі атаулар), годоним (көшелердің атауы), агороним (алаңдар), дромоним (жолдар), микротопоним (ауылды жерлердің атауы), хороним (облыстардың, мемлекеттердің атаулары). Сонымен қатар басқа да атаулар: көркем әдебиеттердің және өнер туындыларының атаулары, газет,журналдардың, радио және теледидер бағдарламаларының, тауарлардың, әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, кездесулер мен мейрамдардың, табиғи құбылыстардың атаулары.
Бірегейлендіруші және сипаттаушы қызметі. Атаудың сипаттау қызметінің орындалуында әртүрлі деңгейінде жекелеуші белгісінің бар не жоқ болуының маңызы зор. Осыған орай, бірегейлендіруші қызметі немесе сипаттау қызметі, екі қызметі де бірдей анық болады. Нақты референтті атау нысанды бірегейлендіруге жақсы бейімделген. Олар нақты денотатқа тағылып, оны социумнан бөліп, индивидті нақтырақ бірегейлендіреді. Олар атау иесін қандай да бір әлеуметтік топқа және тұрпат белгісіне қатысын көрсетеді. Сипаттаушы қызметі сөйлем немесе сөз тіркесті формада болуы мүмкін. Мысалы, Қызыл қалқан, Қара құс, Руми қызы т.б.
Әлеуметтік-жекелеуші қызметі. Атау иесін әлеуметтік және қоғамда алатын орнына қарай жекелеуге мүмкіндік береді. Мысалы: Қас Хажыб Жүсіп, Әдіб Ахмет т.б.
Ықпал ету қызметі. Мұндай атаулар локутивті әсерінен басқа коммуникативті үдеріске қатысушыларға ықпал ететін иллокутивті күшке ие.
Экспрессивті-бағалауыштық қызметі. Экспрессивтілік – атаудың көркемдеуші ерекшелігінің бірі. Семантикалық құрылымдағы эмоция тұрпат межесі мен мазмұн межесінде әртүрлі сезім: құрмет, жиреніш, тамсану, ызалану, аяу т.б. білдіреді. Мұндай атаудың эмоционалды-экспрессивті мағынасы атау берушінің атау иесіне қатынасын білдіретін жасырын коннотация бар. Мысалы, мағынамен Ақыбет – «ақыры, соңы» деп атады.
Арнайы ономастикалық, барлық жалқы есімдерге тән қызметі ретінде бірегейлендіру аталуы мүмкін, ол бірнеше қызметтерді қамтиды:
Жалпы есім және жалқы есім ұғымына түсінік. Есім сөздерді жалқы мен жалпыға бөлу - тіл білімінде ерте кезден қалыптасқан тілдің лексикалық құрамын топтастырудың дәстүрлі көне әдістерінің бірі. Онимдік лексика, арнайы лексиканың бір бөлігі бола тұра жалпы лексикаға біршама қарама-қарсы оппозициялық қатынастағы лингвистикалық категория.
Жалпы есім атауының негізгі қызметі- белгісіз объектілерді белгілі түсініктерге сәйкестендіре отырып атау. Жалқы есімдердің негізгі міндеті белгілі бір заттың арасынан белгілі объектілерді атау. Заттар түсінікпен байланысты болғандықтан түсінікпен сәйкестік талап етілмейді. Осындай жағдайда «белгілі сөздер қайтадан жаңа атауларға жол ашуға мүмкіндік береді, оның бастапқы атаумен белгілі байланысы және лексикалық бірліктерді негізгі пайдаланушы болмауы мүмкін.[1,37б]
«Апеллятив - жалқы есімдерге қарама-қарсы қойылған тілдің лексикалық қорындағы кез-келген сөз. Ономастикада ономастикалық лексика (атаулар, есімдер) тілдегі жалпы лексикалық қордағы апеллятивтерге қарсы қойылады. Апеллятивтердің жалқы есім қатарына өтуі онимизация деп аталады».[2, 39б]
А.Суперанскаяның
ойынша, жалпы алғандағы мағына мен
жалқы есімдер мағынасында
Қолданбалы ономастика нақты тілдер мен тілдік үрдістер негізінде жалқы есімдердің ерекшеліктерін ескере отырып, формасы, транскрипциясы, орфография, орфоэпия нормаларын және грамматикалық формаларға түрленуін нақтылайды. Ономастиканың бұл саласы шет тілдік жалқы есімдердің графика, орфография және аудару (транслитерация және транскрипция) нормаларын қабылдаушы тіл арқылы тағайындайды.Онимдердің көркем мәтінді байытуда маңызы зор десек, сонымен бірге онимдерді байытуда көркем мәтіннің де маңызы орасан. Халық антропонимиясын тануда әсіресе фольклордың орны аса ерекше. Ондағы кейіпкерлердің есімдері мен образдары бүгінгі ұрпақтарға жетіп, өмірде, күнделікті тұрмыста қазірге дейін кеңінен қолданылып келеді. Көркем шығармадағы онимдер жанр түріне қарай әртүрлі болып келеді. Оларды ойдан шығарылған кейіпкерлер, тарихи тұлғалар, прототипі бар есімдер деп бөлуге болады. Көркем шығармада ономастикалық лексика ерекше орын алады. Әр жазушы оны ерекше көзге түсетін, стильдік экспрессивті құрал, стильдің ерекше көрсеткіші ретінде қолданады.Көркем шығармалардағы онимдердің зерттелуі. Қазақ ономастикасында көркем шығармадағы онимдер мәселесіне көп уақыттан бері назар аударылып келеді. Көркем мәтін ономастикасы бойынша көптеген мақалалар мен еңбектердің жарық көруі оларды зерттеу заңдылықтары мен жаңа бағыттарын ашуға және зерттеу бойынша теориялық концепциялар жасауға мүмкіндік береді.
Ағылшын жалқы есімдерін қазақ тілінде транскрипциялау орыс тіліндегі жазылуы бойынша қалыптасқан. Бұл туралы профессор Т. Жанұзақ “Қазақ есімдерінің тарихы” деген кітабының кісі аттарының жазылуы мен транскрипциясына арнаған IV тарауында 1959ж. шыққан инструкцияны (Инструкция по русской передаче географических названий Казахской ССР. Алма-Ата, 1968) қолдай келе, “Кісі аттары мен фамилияларды орыс тілінде транскрипциялау ережесін” толығымен мысалдар арқылы береді. Автор тарау соңында “Басқа тілдегі кісі аттары мен фамилиялар орыс тілінде қалай жазылса қазақ тілінде де солай жазылады” дейді. Бұл келтірілген соңғы сөйлем өз кезеңінде және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялаған күнге дейін маңызды болып келгенмен, бүгінгі күн талаптарын толықтай қанағаттандыра алатын “ереже” бола алмайтыны анық.Ал ағылшын онимдерінің орысша транскрипциясы ағылшын тілі стандарттарының ішінде Оңтүстік Англия (SSBE) айтылымы бойынша графикаланады. Оның себебі Кеңес Одағында оқытылған ағылшын тілі оқулықтарының осы нормада жазылғандығымен түсіндіріледі. Алайда айтылымның бұл нұсқасын ең кең тараған нұсқа деп тану қиын және қазіргі кең тараған ағылшын тілінің әдеби нормасына келгенде мәселенің тығырыққа тірелетіні белгілі. А.В. Суперанскаяның ағылшын тілінде сөйлеушілердің айтылым ерекшеліктеріне келгенде “Это заставляет некоторых транскрибирующих обращаться американскому варианту английского языка, когда им приходиться иметь дело с американскими географическими названиями или с фамилиями американцев, и ставит их в тупик, когда дело доходит до Австралии или Новой Зеландии” дейтін сөзі осыған дәлел. Ағылшын тілінің орфографиясын құрайтын графемалар жүйесіне қарап, бұл тілден (тек қазақ тіліне емес) өзге тілдерге транскрипциялаудың да, транслитерациялаудың да мүмкін емес екендігіне көз жеткіздік. Өзге тілдердің графикасында ағылшын сөздерін берудің бірден бір жолы – тілдің фонетикалық транскрипциясынан көшіру. Бұл ағылшын тілінің фонетикалық транскрипциясынан қазақ тілінің фонематикалық (фонологиялық) принципке негізделген графикасына көшіру болып табылады. [2, 141-146]
1.2.Онамастикалық атауларды аудару тәсілдері .
Л.Р. Зиндер: «шетел сөздерін, әсіресе, кісі аттарын, географиялық атауларды және терминдерді жазу 3 принципке: дәйексөздік (цитатный), транскрипциялық және транслитерациялық принциптерге негізделеді» дейді және бұл принциптердің үшеуі де уәждемесіз принциптерден болады деп көрсетеді.
Уәждемелі принциптер |
Уәждемесіз принциптер |
Фонематикалық фонетикалық морфематикалық грамматикалық |
дәстүрлі (традиционный) айырбас (дифференцирующий) транслитерациялық транскрипциялық түпнұсқалық (цитатный) |