Ономастика и особенности перевода

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание

Барлық тілдерде ономастикалық жүйе сол тілді тұтынушы этностың (ұлттың, халықтың, тайпаның, рудың) тарихына, мәдениетіне, шаруашылығына қатысты болады. «Егер халық пен тілді біртұтас құбылыс деп қарасақ,- дейді академик Ә.Қайдаров, тіл-халық өмірінің материалдық және рухани байлықтарын бойына жинаған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын баға жетпес байлық».

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................................3
І. Онамастика және аударма теориясы...................................................................5
1.1.Онамастикалық атаулардың мәтін аудармасында алатын орны ...................5
1.2.Онамастикалық атауларды аудару тәсілдері ................................................. .9
ІІ.Онимдерді аудару ерекшеліктері ......................................................................17
2.1.Қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тіліндегі транслитерациясы ................ .17
2.2.Қазақ жалқы есімдерін ағылшын тіліне транслитерациялау кезінде қиындық тудыратын мәселелер...............................................................................................20
ІІІ. Қорытынды ....................................................................................................... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................................................................27

Работа состоит из  1 файл

курсовой.docx

— 86.82 Кб (Скачать документ)

Тілдердің даму тарихы көбіне функционалдық белгідегі тіларалық  өзара байланыстың көптеген үлгілерін  көрсетеді. Мысалы, қазақ тілінің  –шы, -ші,   -кер, -гер,  т.б. жұрнақтары ағылшын тілінің –er, - or, - ist жұрнақтарымен  өзара байланысты; -сіз, -сыз жұрнақтары ағылшынның un-, in/im-, non- түбір алды жұрнақтарына сәйкес. Үдемелі тіларалық өзара  әрекеттестік әсерінен көптеген тілдерге жалпы тізімдік морфемалар енді: -ист, -изм, -ор, дис-, -ион, т.б.  Көптеген түбір  морфемалардың қазақ және ағылшын  тілдерінде тура сәйкестіктері де бар:

Money – ақша,                     window – терезе,                                                  

Old – кәрі,                            table – үстел, 

Go – жүру,                          war – соғыс және т.б. 

Саяси, ғылыми және мәдени салалардағы  сөз тіркестерінің көпшілігі  калкалаудан тұрады:

Үкімет басшысы – head of the government

Жоғары Сот – Supreme Court

Аралас заңдар – mixed laws

Сайлау шешіміне сенімсіздік – non-confidence vote, т.б.

Транскрипциядан калькалаудың ерекшелігі – оның негізгі түрді  аударма тіліне механикалық түрде  жәй аудара салу әрекеті еместігі және көбіне кейбір өзгертулерге жүгіну керектігін білдіреді. Ең алдымен бұл  септік түрлерінің, сөз тіркесіндегі сөздер санының, аффикстер, сөздердің  орын тәртібінің, сөздің морфологиялық  және синтаксистік атқаратын қызметтерінің  өзгерістерін қамтиды. Мәселен, ағылшынның skinheads не skinheaded сөздері skin сөзінің семантикалық мағынасынан ауытқып, калькалау арқылы жасалып, тықырбастылар не бәкібастылар деп жалпы өзгереді. Ағылшын сөз тіркесі two-thirds majority   морфологиялық та, синтаксистік те өзгеріске ұшырап үштен екі бөлігінің көпшілігі (дауыстың) болып калькалау арқылы жасалынады. Ағылшын тіліндегі кейбір аффикстер қазақ тілінде сын есім белгілерін білдіретін өзіндік белгілерге сәйкес келіп, калькалау үрдісіне қажетті өзгерістерді ендіреді:

 Misdistribution of costs

 шығынды бұрыс  тарату

maltreatment

 сапасыз   ем

Non-taxable income

 салық салуға  жарамсыз кіріс.

Калькалау арқылы әдетте терминдер, кең қолданылатын сөздер мен сөз  тіркестері аударылады:

тарих пен мәдениет ескерткіштерінің атаулары

Қысқы Сарай – Winter Palace

White House – Ақ  Үй,

 көркем шығармалар  атаулары

 «Ақ Гвардия» - «The White Guard»

«Соғыс пен  бейбітшілік» - «The War and the Peace»

“The Painted Veil” –  «Боялған перде»,

саяси партиялар мен қозғалыс атаулары

The Democratic Party –  Демократиялық партия

«Ақ жол» партиясы –  «The Bright Way» Party,

тарихи оқиғалар

Бату ханның шабуылы  – The invasion of Batu Khan

сөз  тіркестері

ағарту жемістері  – the Fruits of the Enlightenment және т.б.

Кейбір жағдайларда, әсіресе  тарихи оқиғалар мен мәдени объектілерді аударуда екі тәсіл қатар қолданылады: екі түрлі калькалау немесе калькалау  мен транскрипция:

қобалжу кезеңі – the period of unrest  немесе The Time of Trouble

монғол - татар  шапқыншылығы – the Mongol invasion немесе The Tartar conquest, т.б.

Жағрапиялық тау, теңіз, өзен және т.б. атауларының құрамдарына  аудармаға жататын сөздер енсе, олар калькалау арқылы аударылады:

  The Rocky Mountains – Құзды таулар

  The Salt Lake – Тұзды көл

  Қара теңіз  – the Black Sea

The Indian Ocean – Үнді мұхиты

Егерде атауға мағынасы ұмытылған  не белгілі бір себептермен аударуға келмейтін сөздер енсе, онда аралас аударма қолданылады, яғни атаудың  бір бөлшегі транскрипция арқылы берілгенмен, түгелдей калькалау ұстанымдары  сақталады:

Арал теңізі   –  Aral Sea

River Dart   –   Дарт өзені.

Калькалау тәсілі сонымен  бірге терминдерді аударуда қолданылады. Мұнда не сөз құрылымы аударылады, не сөз тіркесі  қайта құрылады:

Income tax – кіріс  салығы 

Decision making – шешім  қабылдау

Database development –  мәліметтер жинағының көбеюі.

Калькалау, транслитерация немесе аралас аударманы таңдау сөздіктің  көмегімен шешілгенмен, тарихи –  мәдени атаулар, сирек жағрапиялық  атаулар, жаңа терминдер аудармашының өзіндік шешім қабылдауын талап етеді. Аудармашыға төмендегі ескертпелердің көмегі тиюі мүмкін:

- біріншіден, тура аударма  жасаудың кемшілігі болуы мүмкін, өйткені тура аудармада тілдік  бірлікті дыбыстауда ыңғайсыздық  тууы ықтимал;

- екіншіден, транскрипцияны  қолданудан гөрі калькалау тәсілі  қолайлы болатын кездер болады, өйткені транскрипция арқылы  жеткізілген сөздер, әсіресе лақап  аттар мағынасыз – мәнсіз болып  шығады.

Бұл тәсілді қолданудағы  ерекше қиындық негізгі құрылымды  кеңейту мен тарылтуға байланысты, яғни оған қосымша элементтерді қосу немесе түпкі элементтерді қысқарту. Мысалы, мылжың сөзі аралас құрылымы кеңейген калька арқылы have a long tongue деп аударылса, монғол-татар шапқыншылығы қысқарған калька арқылы the Tartar Conquest немесе the Mongol Onslaught деп беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.Онимдерді аудару ерекшеліктері

2.1.Қазақ жалқы есімдерінің  ағылшын тіліндегі транслитерациясы.

  А.А. Реформатский «Орфография собственных имен» атты мақаласында өзге атауларды жазудың жалпы ұстанымын «Надо сохранить своеобразие чужого языка и норму родного» дейтін Гердердің сөзімен келтіреді. Ғалымның (А.А. Реформатскийдің) осы мақаласында айтқан «өзге атаулар өз лексикаңның ортасында қанша дегенмен «варваризмдер» болғандықтан, олардың өзгелік жазылуы да сақтала берсін, сол себепті де Тводл демей, Тводделл (Twaddell), Новый Сад демей, Нови-Сад деп жазамыз» деген пікірімен келісуге болады, тек ондай «варваризмдердің» графикасы тіл өкіліне тым қиындық тудырмағаны ақылға сыйымды болған болар еді. Қолданыстағы тілдің орфографиялық нормаларынан өзге тілдің атауларының жазылуы аз-кем шығып кететіне көнуге тура келеді. Бұл тұрғыдан қазақ тіліндегі дж диграфының қолданылып жүргенін айтып кетуге болады, қазақ тілінің орфографиялық нормаларына мүлдем жат болса да Джорж Буш, Майкл Джексон деп жазып жүрміз. Бұл туралы Ә. Қайдар: «дж графемасын әліпбиге енгізу керек» деген пікірін айтады. Сол сияқты қазақ және орыс онимдерін жазғанда спирант /ж/ фонемасын таңбалауға ағылшын тілінде zh диграммасының қолданылып жүргенін айтуға болады. [5, 156-160]

Интернет желісінде 1971ж.-дан 1995ж.-ға дейінгі BGN, PCGN, ISO 9, т.б. стандарттау ұйымдарының «Kazakh Transliteration» латын қарпімен берілген транслитерациялау кестесі бар. Бірақ мұны практикалық қолданысқа икемсіз, ағылшын мәтінінде тек қиғаш қаріппен “Transliteration Notes” арқылы беруге болатын диакритикалық үстемелер жиынтығы деуге болады. Ғалымдар транслитерациялауда төмендегі ұстанымдарды алға тартады:

   1. транслитерация ережелерінің  ұқыпты сақталуы жағдайында бір  есімнің тек бір ғана нұсқада  графикалануы өздігінен шешім  табатын мәселе екені даусыз, бірақ бұл үшін түпнұсқада  бір есімнің бірнеше нұсқада  жазылуы орын алмауға тиіс;  

     2. ұстаным бойынша  транслитерацияланатын сөз негізінен  өзінің фонологиялық транскрипциясы  бойынша қабылдаушы тілдің орфографиялық  ерекшеліктеріне орай таңбаланады,  бұл  басты шарт;

     3. ұстаным халықаралық  қолданысқа етене еніп кеткен  атаулармен санасуды, оларды мүмкіндігінше  сақтап қалуды меңзейді;

     4. авторлардың  тәжірибесіне жүгіну үшін бір-екі, екі-үш автордың емес, ағылшын тіліндегі әдебиет көздеріндегі авторлардың қазақ онимдерін графикалауда қандай ба бір басым көпшілігінде көрініс алған ұстанымдар бар болатын болса, ондай жағдайлар ескерусіз қалмауға тиіс.

     5. ұстаным бұған  дейінгі тәжірибеде орын алып  келген полиграфтардан, яғни 3 немесе 4 таңбадан тұратын графемалардан  арылуды қамтамасыз етеді;

     6. ұстаным ағылшын  тілінің орфографиясында молынан  кездесетін басы артық оқылмайтын  әріптерді мүмкіндігінше қолданбауды  меңзейді;

     7. ұстаным бойынша  «диакритикалық үстемелерді аса  қажеттілік жағдайында бірлі-екілі  полифониядан арылу үшін қолдануға  болмас па еді?» деген тәрізді пікірлер туып жатқандай болса, ондай пікірлердің алдын алу мақсатында мынаны ескерте кетуге тура келеді: диакритикалық таңбалар негізінен латын қарпіне көшу үдерісінде қажетінше орын алатын құбылыс. Ал ағылшын мәтінінде онимдерді жазуда үстемелер, көбінесе техникалық себептерге байланысты баспалардан шықпай қалып жатады. Тәжірибеде мұндай жағдайдың тым қолайсыздығы талайдан дәлелденіп келеді.

     8. мүмкіндігінше  бір инвариант-фонеманы таңбалауға  жұмсалған графеманы өзге инвариант-фонеманы  таңбалауға жұмсалмағаны абзал,  әйтсе де, лажсыздық жағдайында  полифонияға жол беріледі;

     9. американдық/британдық  тіл өкілдерімен жүргізілген  «Қалай жазар едіңіз?» «Қалай  оқыр едіңіз?» деген екі сатылы  тәжірибеге жасалған лингвистикалық  талдау қорытындыларымен санасуды  да маңызды санаймыз.

Қазақ онимдерін ағылшын мәтінінде графикалауда бұған дейін орын алып келген көпнұқалық пен шектен шыққан бұрмалаушылыққа жол берілмейді.Графикада бірізділік орнығып, қалыптасу үдерісі жүреді. Қазіргі қолданыстағы қазақ әліпбиіндегі тікелей орыс тілінен келген сөздердің графикасында ғана жұмсалып келе жатқан басы артық (екеніне талас тудырмайтын) ь, ъ, щ әріптеріне таңба берілмейді де, бұл әріптер қолданыстан автоматты түрде түсіп қалады.

Біздің транслитерациямызда ағылшын тілі орфографиясы мен графикасының бар мүмкіндігін сарқа пайдаланғанның өзінде қазақ жалқы есімдерінің жазылуында сингармопринцип бойынша сақталуға тиісті А. Байтұрсынұлының екі әуезге немесе Ә. Жүнісбековтың  төрт әуезге негізделген үндестігінің сақталуы мүмкін болмайды. Сингармонизмді сақтау қазақ жазуын латын қарпіне көшіру міндетіне қалдырылады;

Қазақ тілінен  хабарсыздық жағдайында кейбір атаулардың ағылшын тілінің оқу ережелеріне  бейімделе оқылуы мүмкіндігін жоққа  шығара алмаймыз:

а) қазақ тіліндегі  бір дауыстыдан тұратын жалаң  буындағы дауыстылар ағылшын тіліндегі  графикалық тұрпаты жағынан сәйкес дауыстылардың ашық буындағы оқылуы бойынша дыбысталуы мүмкін. Мыс, Asem, Abai, Omar (Әсем, Абай, Омар) деген есімдер Эйсем, Эйбай, Оумар болып оқылуы мүмкін;   

ә) ағылшын тіліндегі u әрпінің бітеу буында бірде [u] (мыс, put), бірде [A] (мыс, nut) болып оқылатын тілдің өз табиғатында шешімін таппаған жағдаяттың әсерінен кейбір Kundyz (Құндыз), Kunsulu (Күнсұлу) тәрізді есімдердің Кундызбен қоса Кандыз, Кунсулумен қоса Кансулу болып оқылуы ықтимал;

 ә) a әрпінің бітеу буында тілдің GA нұсқасында [x], BE нұсқасында [R] болып оқылуына орай, бұл графема арқылы таңбаланған фонемалардың [x] және [R]  аралығында ауытқу болуы мүмкін. O әрпінің GA [R], BE нұсқасында [O] болып оқылуына орай орын алатын британдық пен американдықтың транслитерацияланған атауды оқу ерекшеліктері болуы мүмкін екендігін айта кету керек. Мұндай құбылыстарды тілдің негізгі стандарттары арасындағы өзге де бірқатар фонетикалық айырмашылықтарға қатысты атап өтуге болар еді, бірақ тілдің негізгі отанындағы негізгі стандарты саналатын BBC ағылшынының негізге алынып отырғанын еске салу жеткілікті деп ойлаймыз;    

б) r әрпінің a, o, u, e, i, y әріптерімен тіркесі ағылшын тілінің BE нұсқасында [R], [L], (соңғы төртеуі) [W] болып оқылатын болғандықтан, бұл ереженің тиісінше Narynkol, Taldykorghan, Nursultan, Bakbergen, Birzhan, Syrdarya сияқты атаулардың дыбысталуында көрініс табуы мүмкін. Ал тілдің GA нұсқасында [r]-ның дыбысталуы себепті мұндай керағар құбылыс орын алмайды;

 в) ағылшын тіліндегі геминаттардың бір ғана фонеманы графикалауға жұмсалатын ерекшелігіне орай, қазақ тіліндегі қосарланып келетін дыбыстардың біреуі ғана дыбысталуы мүмкін. Мыс, Absattar деп жазылғанымен Әбсәта(р) болып оқылуы ықтимал;

г) бөгде тілдің сөзін буынға бөле білмеу салдарынан zh, ng, gh диграфтарының біз діттеген мақсаттан өзгеше оқылу қаупі бар. Мәселен, Gulzhan, Tengiz, Baghlan сияқты есімдердің Гулзћан (немесе Галзћан), Тенгіз, Багһлан (немесе gh-тің оқылмай қалатын ережесіне орай Балан) болып оќылуы мүмкін. Дегенмен, бұл диграфтардың бекітілуі барысында олардың ағылшын тілінде қолданылу мүмкіндігі мұқият қарастырылып, ng, gh ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын таңбалар болғандықтан және zh-тің де аса қажеттілік жағдайында жұмсалуға болатын жағдайларын қарастырған болатынбыз. Сондықтан, бұл диграфтардың қолданылуының біз діттеген мақсатқа керағар келер тұсы мардымды емес.

Тек қазақ тілінен ағылшын тіліне транслитерациялау барысында емес, кез келген тілден тілге онимдерді транслитерация және транскрипция тәсілдерімен көшіру барысында орын алатын жағдаят: Мағынасына аса үлкен мән беріле қойылатын Бекболат, Нұрдәулет, Бақытжан, Жазира, Ақжарқын, т.с.с. қазақ есімдері қандай тілге өткенде де мағынасын сақтай алмайды. Өз кезегінде ағылшын тіліндегі ономастикалық атаулар да өзге тілдерге өткенде номинативті мағынасын жоғалтады (ағылшын тілінде де антропонимдердің  көпшілігінде мағына болады);

Информация о работе Ономастика и особенности перевода