Ономастика и особенности перевода

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание

Барлық тілдерде ономастикалық жүйе сол тілді тұтынушы этностың (ұлттың, халықтың, тайпаның, рудың) тарихына, мәдениетіне, шаруашылығына қатысты болады. «Егер халық пен тілді біртұтас құбылыс деп қарасақ,- дейді академик Ә.Қайдаров, тіл-халық өмірінің материалдық және рухани байлықтарын бойына жинаған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын баға жетпес байлық».

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................................3
І. Онамастика және аударма теориясы...................................................................5
1.1.Онамастикалық атаулардың мәтін аудармасында алатын орны ...................5
1.2.Онамастикалық атауларды аудару тәсілдері ................................................. .9
ІІ.Онимдерді аудару ерекшеліктері ......................................................................17
2.1.Қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тіліндегі транслитерациясы ................ .17
2.2.Қазақ жалқы есімдерін ағылшын тіліне транслитерациялау кезінде қиындық тудыратын мәселелер...............................................................................................20
ІІІ. Қорытынды ....................................................................................................... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................................................................27

Работа состоит из  1 файл

курсовой.docx

— 86.82 Кб (Скачать документ)

Екпіннің ағылшын  тілінде (көбіне қысқа сөздерде) алғашқы  екі буынға түсуіне орай, қазақ  тілінде әдетте сөз соңында жүретін  екпіннің алдыңғы орындарға қарай  жылжып кетуі мүмкін. Бірақ қазақ онимдерінің басым көпшілігі көп буынды болып келетіндіктен, ағылшын тілінің ішкі заңдылықтарына орай мұндайда сөздің бас жағында бір, соңғы жағында бір екпін болатын болғандықтан, бұл құбылысты да аса «қауіпті» санамауға болады. Ағылшын тілінде екпін түспеген буындарда дауыстылардың редукцияға түсуінен атаулардың дыбысталуында өзгерістер болуы мүмкін. Қазақ тілінде екпін соңғы буында болады дегеннен хабары бар американдықтар мен британдықтардың кей қазақтардың Жұмығыли, Жылдысбек (Жолдасбек) Шылпан деп екпінсіз буындардағы дауыстыларды толық дыбыстамауын кездестіруге болады.

 

2.2.Қазақ жалқы есімдерін ағылшын тіліне транслитерациялау кезінде қиындық тудыратын мәселелер.

Қазақ және ағылшын  тілдеріндегі баламалы деп табылған графемалар (а–a, б–b, в–v, г–g, д–d, з–z, и–i, к–k, л–l, м–m, н–n, ң–ng, о–o, п–p, р–r, с–s, т–t, у–u, ф–f, Тһ–h, ч–ch, ш–sh, э–e) тиісінше қиындықсыз таңбаланады. Графемалар жұбы абсолютті универсалияны құрайтын болса, таңбалар сәйкестігі жөнінде екіұдай пікір болмауға тиіс. Олай болса, бірден-бір екіұдай пікір тудыру мүмкіндігі бар <ф> фонемасының репрезентантын беруде қолданылып жүрген f, ph аллографаларынан (ағ.т. allograph) монограф f-ке тоқтайтын себебіміз, біріншіден, ph диграфы ағылшын тілінің өзінде көбіне кірме сөздерде, терминдерде кездеседі; екіншіден, қандай да болмасын ДЖ-да диграммадан гөрі, бір таңбалы графема қолайлы келеді. Ағылшын орфографиясының диграмма, триграммалардың, тетраграмма, полиграммалардың жиі ұшырасатын ерекшелігін ескергеннің өзінде қарапайымдылық және үнемділік принциптері тұрғысынан таңбаның мейлінше есте сақтауға оңай, қолданысқа қолайлы нұсқасына табан тірейміз.

       Ng графемасы ң және г әріптері қатар келетін теңге, жеңге сияқты сөздерде ң әрпін n деп таңбалап, tengeh, zhengeh түрінде жазамыз, tengge, zhengge деп жазу тиімсіз. Теңге сөзінің этимологиясында этимон сөздің деньги болуы, не болмаса керісінше, деньги-дің теңгеден шығуының да мүмкін екендігін ескерсек, оның орысша дыбысталуының өзі <деңги> екендігін байқау қиын емес. Сондықтан,  ағылшын тілінде оны және осындай ң және г әріптері қатар келетін өзге де сөздерді жазғанда жазуды да, оқуды да қиындататын геминат gg-нің қатар келуіне жол берілмегені жөн деп таптық.

       Ағылшын тілінде баламасы жоқ ә, ғ, е, ё, ж, й, қ, ө, ұ, ү, х, ц, щ, ъ, ы, і, ь, ю, я қазақ графемаларының кестеде бекітілген таңбаларына негіз қандай? Баламасыз қазақ графемаларының ішінде ағылшын графикасында таңбалауға аса қиындық тудырмайтындар ретінде е, ё, ж, х, ц, ю, я, і таңбаларын қарастырғанбыз. Көпшілігі орыс тілінен енген таңбалар болғандықтан, орысшадан ағылшынға транслитерациялау тәжірибесінде, батыс зерттеушілерінің, интернет сайттарының тәжірибесінде бұл әріптер арқылы таңбаланатын инвариант-фонемалардың ағылшын тіліндегі таңбалары кестеде көрсетілгендей бірауызды қалыптасқан деуге болады. Аздаған талқы спирант <ж> және <е> фонемаларының төңірегінде кездесті, бұған қоса таңба бекітуде қиындық тудыратын деп танылған ә, ғ, й, қ, ө, ү, ұ, щ, ы, ь, ъ баламасыз монографтардың таңбалары арнайы талдауды талап етеді.

       <ж> фонемасының репрезентантын zh деп таңбалауға негіз болатын дәйектер: кейбір IPA, BBC Accent фонетикалық транскрипциясы қолданылмайтын, көбіне АҚШ-та шығатын сөздіктерде бұл zh диграфы ағылшын тіліндегі pleasure, treasure деген сөздерде келетін [Z] дыбысын таңбалау мақсатында фонетикалық транскрипцияда қолданылып келеді. Мыс, АҚШ-та “The Riverside Publishing Company” шығарған Webster`s II Riverside Children`s Dictionary: [zh] -ge, -s, -si, -z garage, measure, vision,  azure десе, әлем Альманағы бұдан бұрын болған бір жағдаяттың қайталанып жатқаны тәрізді сезімді (“the sensation that something happening has happened before”) білдіретін déjà vu деген ағылшын тіліне еніп кеткен француз сөзінің фонетикалық транскрипциясында осы диграфты таңбалау үшін қолданады: спутникті телеарнасының жаңалықтары арасында әрдайым Hangzhou демалыс орнына жарнама беріліп келеді. Hangzhou экранда жазылып қана қоймайды, ['hxNZH] деп дыбысталады. Бұл ағылшын тіліндегі телеарнаның Қытай онимдерін беруде тілдегі қазақ тіліндегі спирант <ж>-ға ұқсас дыбысты бірізділікпен zh деп таңбалайтынын байқауға болады. Ал біздің респонденттердің қолжазбасында бірде j, бірде zh, бірде (John Waite-те) jh болып таңбаланған бұл фонеманың zh таңбасының <ж> болып оқылуы басымдыққа ие. Сонымен қатар, авторлар тәжірибесінде zh таңбасының спирант <ж> үшін жұмсалуы біршама орнығып қалған.

       Е әрпі – Ә. Жүнісбек зерттеулерінде <йе> дифтонгының таңбасы. Дифтонг әріптің анлаут позициясында, дауыстыдан және <и> дауыссызынан соң орналасу жағдайында айқын байқалады. Сондықтан, бұл позицияларда ye (Yerbolat, Nazarbayev, Shiyeli),  инлаут позициясында e болып таңбалануы (Bekbolat) жөнінде біршама бірізді ұстанымдар орнығып келеді. Ал екпінді ауслаут позициясында eh (Aktobeh, Keneh) таңбасын қабылдау себебіміз не? Бұл орайда репортер “British Council” кітапханасының өкілі Guy Chapman берген түсіндірме негізді. Қазақ атауларымен таныс емес ағылшын/американ көрсетілген атауларды [‘αktәub], [‘коktәub], [tәul bi] деп оқитынын айта келе, Guy Chapman тығырықтан шығудың екі жолын ұсынады. Оның “as in French Aktobé” нұсқасы біздің негізгі ұстанымдарымыздың біріне – диакритикалық үстемелерді қолданбау принципіне қайшы келеді. Сондықтан “Adding an h to the ends of words such as Aktobeh, Kok Tobeh or Toleh Bi” нұсқасы біздің ұстанымдарымызды дөп басады. Көбеев, Шиелі атауларын жазғанда дауысты алдындағы <е> репортерлар қолжазбасында көбіне уe арқылы таңбаланған: Kobeyev, Shiyeli. Және авторлар тәжірибесінде дағдыға айналып келе жатыр.

       Е әрпінің  аталған позицияларында ережедегіше  таңбалануы «Caspionet» телеарнасында  да қалыптасып келе жатқанға  ұқсайды: Nursultan Nazarbayev Zhanseit Tuimebayev, Sauat Mynbayev, Bakytzhan Yertayev, Akhmetzhan Yesimov,

Nurzhan Yeginbayev, Akylbek Kurishbayev, т.б.

       <і> фонемасының репрезентантын таңбалауда осы уақытқа дейінгі тәжірибеде айтарлықтай әркелкілік байқалмайды, ереже жобасында бекітілген і монографы ивариант <і> фонемасының барлық позициясында қиындықсыз қолданылады: Iztileu, Amangeldi, т.б.   

       <ы> фонемасының репрезентантын анлаут позициясында i деп, инлаут және ауслаут позицияларында y арқылы таңбалау түсінік беруді қажет етеді. Жоғарыда көрсетілген жеңіл оқылу (“readability”) принципі тұрғысынан, яғни у әрпі ағылшын тілінде анлаут позициясында әрдайым біржақты [j] дыбысын беретін болғандықтан, инициал позициясында оның орнына i графемасын жұмсаймыз. Бұл үлкен жүйесіздікке алып бармайды: Istykkol, Irghyz, т.б. Ал екі <ы>, <і> фонемалары репрезентантарына ортақ барлық позициясында бірдей i әрпін қолдана беруге орфографияның дифференциялдық принципі мүмкіндік бермейді, өйткені инвариант-фонемалардың бір-бірінен айырмыс белгісі болғаны жөн. 

       <ә> фонемасының репрезентантын таңбалауда кейбір латын қарпімен алмастыру тәжірибелерінде æ лигатурасының немесе үстеме белгісі бар ã таңбасының қолданылуын кездестіруге болады. Бірақ бұл біздің ұстанымдарымызға сай келмейтін болғандықтан, қазақ тілінің пантүркілік басты сипатына – үндестік заңына нұқсан келетіндігіне қарамастан полифонияға жол бере a монофтонгына тоқтауымызға тура келеді. Ал сингармонизмнің «жеті нотасын» түгел сақтау міндетін латын қарпіне көшу шарасының үлесіне қалдырамыз.    

       <ғ> фонемасының репрезентантын таңбалауда біздің респонденттердің қолжазбасында негізінен gh диграммасы басымдылық алады. Erik Aasland фонеманың оқшау қолданысында «when seeing» бағанасында gh, «when hearing» бағанасында rh деп 2 түрлі таңбалаған. Бірақ Qojaghululi Birjan Sal, Saghirbayuuli Quurmanghazy, Begeldinov Talghat, т.б. іс жүзіндегі қолданыста өзінің алдындағы «диллеманы» gh-ны таңдау арқылы шешеді.  Репортер Sarah Dobsevage Kurmanrhaliev Rharifulla, Sarhyrbaiuly Kurmanrhazy тәрізді есімдерді жазуға rh таңбаларын жұмсайды, бірақ өз ұстанымында бірізділік сақтай алмай Begel’dinov Talghat дегенде gh-ке көшіп кетеді. Guy Chapman: “gh – usually pronounced as simple [g] in words like Afghanistan” деп жазады, расында, жұмыстың «Қалай оқыр едіңіз?» сатысында <ғ> фонемасының дыбысталуы кездеспейді. Бұлай болуы, әрине, табиғи құбылыс, бірақ транслитерацияда бұл фонеманың графикалық тұрпатын сақтау үшін қажет. Zhumagul / Zhumaghul Жұмагүл ме, Жұмағұл ма? орфографияның дифференциалдық принципіне орай мүмкіндігінше таңбаға таңба принципін сақтауға тиіспіз.

       <й>, <и> фонемаларының репрезентантын таңбалауда лажсыз полифонияға жол беріледі. Респонденттердің жазбасында (және әр түрлі әдебиет көздерінде) бай сµзі: by, bai, bi, bigh, buy, bie, bhy, by; би сµзі: bee, bi, bih, be, biy, т.б. жазу н±сќаларында кездеседі. Дұрыс нұсқаны таңдау жауапкершілігі өзімізде. Би сµзіне де, бай сµзіне ұсынылған кейбір ортақ нұсқалардың болу себептері, біріншіден, ағылшын тіліндегі і әрпінің қазақ тіліндегі и, й графемаларына балама болатындығы, екіншіден, ағылшын тіліндегі і әрпінің оқу ережесі бойынша ашық буында [ai] болып оқылуы, үшіншіден, ағылшын тілінде [bai] болып оқылатын by, buy жєне [bJ] болып оқылатын bee, be лексемаларының омоним болатындығы. Ең қиыны сол, мұнда көрсетілген нұсқалардың қай-қайсысына да ағылшын тілінің әдеби нормасына сай келетін дұрысы мынау деп көрсетудің мүмкін еместігі. Сондықтан біз ең қарапайым би сөзіне – bi, бай сөзіне – bai нұсқаларына табан тірейміз. Cебебі, ағылшын сөздіктерінде бұл нұсқаларға графикалық тұрпаты сәйкес келетін лексемалар кездеспейді. Бұған қоса, ағылшын графикасында қалыптасқан ғаламдық атаулар тізімінде Missouri, Miami, Nairobi, Leonardo Da Vinchi, Sri Lanca, Bali, Tbilisi сияқты і єрпініњ ашыќ буында [ai] емес, [i] болып оќылатын жағдайлары да көптеп кездеседі. Ал Aisha Bibi, Toleh Bi есімдерінің <aйша байбай>, <толе бай> болып оқылуына жол бермеудің жолы біреу-ақ, ол – ережеге сай транслитерацияланған, фонетикалық транскрипциясымен дұрыс айтылым нормалары көрсетілген қазақ онимдерінің сөздіктерін түзу.

       <қ> фонемасының репрезентантын таңбалауға не себепті k әрпі бекітіледі? Респондент Guy Chapman: “where kh appears in English through ‘naturalised’ foreign words such as Khan, it is often pronounced simply as [k]» дейді, яғни Khan тәрізді шетел тілдерінен енген сөздерде кездесетін kh бәрібір жәй ғана [k] болып оқылатынын айтады. <к> орнына да <қ> орнына да k әрпі қолданылғанмен қазақ тілінің ішкі үндесім (сингармонизм) жүйесі олардың дифференциалдық функциясының жойылуына мүмкіндік бермейді. Мыс: Kumis, kymyz, т.б. Тек мұнда <ы> орнына у, <і> орнына i таңбалары мұқият сақталып отыру керек.     

       <ө>, <ұ>, <ү> фонемаларының репрезентанттарын  таңбалау респонденттерді ең  бір тығырыққа тіреген жағдай  болды. <ө> – о, weuh, ü, u, wu, wuh; <ұ> – oo, o, y, u, uu, eu, oh; <ү> – oo, euh, uh, y, u, ū арқылы берілген. Мұндағы weuh, wuh, wu, oh нұсқалары «when hearing» cатысында көрсетілген. Дегенмен, біздің ереже жобасында жасалған <ө> – о; <ұ> – u; <ү> – u деген тоқтамдарымыз репортерлардың жазбасында кездесіп қана қоймайды, (кестені жасау алдында көрсетілген) ұстанымдарымыздың бірқатарымен үндес келеді.

       Щ әрпі  қазақ тілінде тек орыс тілінен  енген сөздерде қолданылады, қосарланып  келген /ш/ фонемасын таңбалайды. Щ әрпін таңбалауға «http://ourworld» беттерінде: «…читать ведь транслит очень не легко, особенно, если текст немаленький, … не желают “ломать глаза” и просто пропускают такое сообщение: «ya lyublyu zaschischayuschichsya» я люблю защищающихся. Мұнда орыс тіліндегі щ әрпі ағылшын тіліндегі sch триграммасы арқылы беріліп тұр. Ал орыс сөздерін ағылшын тілінде транслитерациялау тәжірибесінде щ әрпінің орнына shch полиграфын қолдану жиі ұшырасады (121-124 б. қараңыз). Бұл бойынша „защищающихся“ деген сөз көзге мүлдем қабылданбайтын „zashchishchayushchichsya» болып жазылған болар еді. Дегенмен, тек мұндай мәтін жазуда ғана емес, орыс тілінен ағылшын тіліне онимдерді транслитерациялау тәжірибелерінде щ әрпінің орнына осы тетраграф қолданылып келеді. Белгілі лингвист Л.В. Щерба есімі Мәскеуден шыққан „English Phonetics: A Theoretical Course» оқулығында L.V. Shcherba деп жазылады. «Австралия и Новая Зеландия» (Dictionary of Australia and New Zealand) лингвоелтану сөздігінің жалпы редакциясын басқарған ғалымдардың бірі В.В. Ощепкова есімі ағылшынша транслитерациясында V.V. Oshchepkova болып беріледі. Алайда біз ш әрпін таңбалауға sch триграфы мен shch полиграфтарының екеуін де қолдануды тиімді санамаймыз, біздің ережеде дербес таңба бекітілмейді. Оған мынадай себептер бар, біріншіден, полиграмманы қолдану жазу-сызуда әрдайым қиындық тудыратын, қарапайымдылық принципіне қайшы келетін құбылыс; екіншіден, щ әрпі /шш/ дыбысын беретін болғандықтан, қазақ тілінде бар болғаны ащы, тұщы, кеще деген үш-төрт сөзде ғана кездесетін щ әрпінің орны аса қажеттілік жағдайында шш геминатымен оңай алмастырылады. Сондықтан бұл орынға sh диграфын сақтап қалдырамыз. Бұған тағы төмендегі түсіндірмені қосуға болады.

      Транслитерациялау ережесін жасау барысында қазіргі қазақ әліпбиіндегі 42 әріптің кейбіреулері – ь, ъ әріптері қолданыс таппайды, щ әрпіне де жеке таңба бекітілмейді. Ащы сөзі есікті ашшы деген сөйлемдегі ашшы сөзімен омоним болады. Ащысай деген топонимді жазуда бізге тіпті геминат шш-ны да қолдануға қажеттілік жоқ: Ashysai деген графикалық тұрпаттан қазақ есіміне нұқсан келеді деу қиын. Сондай-ақ қазіргі қолданыстағы қазақ әліпбиінде тікелей орыс тілінен келген сөздердің графикасында ғана жұмсалып келе жатқан басы артық (екеніне талас туғызбайтын) ь, ъ әріптеріне де таңба берілмейді де, бұл таңбалар қолданыстан автоматты түрде түсіп қалады (ъ әрпініњ орыс тілі үшін де мағынасы аса терең дей алмаймыз. 1917ж. орыс тілініњ орфографиясына өзгерістер енгізілген уақытта ъ әрпін әліпбиден мүлдем алып тастап, оның орнына барлық жағдайда тек қана ь әрпін қолданып, оьявить, адьютант, подьезд, т.б. деп жазу бекерден бекер қарастырылмаған болатын [140, c. 262]). Репортерлармен жасалған тәжірибеде, яғни шынайы қолданыста щ орнына shch полиграфының жұмсалуы мүлдем кездеспейді, ал ь, ъ әріптерінің «’» арқылы таңбалануы тек орыс тіліне жетік Sarah Dobsevage-дың қолжазбасында байқалады. 

       «http://ru.wikipedia.org/wiki/» интернет желісінде берілген транслитерацияның қатаң, босаң, кеңейтілген деп аталатын 3 түрінің (63 б. қараңыз) біздің ереже жобасы босаң түріне жатады деуге болады.

       Ұялы байланыстың SMS, интернеттің chat жүйелерінде қысқа, әрі жедел ақпарат алмасу барысында транслитерация ережелерінің толықтай сақталуына мән беріле бермейді: Aijan, jinalis bitti me? Мұнда әрбір лексеманың дұрыс жазылуынан гөрі оқылуына көбірек ден қойылатын болғандықтан, көбіне транскрипциялық принциппен <й>, <и>, <ы>, <і> орындарына ағылшынның i графемасы, ал спирант <ж> фонемасының орнына толық фонема құқығына ие болмайтын, оның варианты саналатын <дж> африкатына сәйкес келетін j таңбасының жұмсалып жататыны заңдылық. Біз әзірлеген транслитерациялау ережесі (жобасы) онимдерді жазуда оңтайлы келгенмен, мәтін көшіруге аса қолайлы саналмайды. Мәтін көшіруге босаң емес, кеңейтілген емес, қатаң транслитерация керек, мұны латын қарпіне көшіру үдерісімен тең санауға болады.

Р. Сыздықова «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» деп аталатын Н. Уәлиев пен А. Алдашеваның кітабына жазған пікірі барысында «Кітапта айтылған кейбір ұсыныс пікірлер өмір тәжірибесінен, уақыт сынынан өткізуді қажет етеді», «…бұл еңбек, тұтастай алғанда, жазу мәдениетіміздің бүгінгі таңдағы жай-күйін түсінуге, оны азды-көпті жақсарта түсуге, сондай-ақ орфографиялық сөздіктер түзу жұмыстарына өз пайдасын тигізер деген үміттеміз» дейді.

 

Информация о работе Ономастика и особенности перевода