Ономастика и особенности перевода

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание

Барлық тілдерде ономастикалық жүйе сол тілді тұтынушы этностың (ұлттың, халықтың, тайпаның, рудың) тарихына, мәдениетіне, шаруашылығына қатысты болады. «Егер халық пен тілді біртұтас құбылыс деп қарасақ,- дейді академик Ә.Қайдаров, тіл-халық өмірінің материалдық және рухани байлықтарын бойына жинаған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын баға жетпес байлық».

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................................3
І. Онамастика және аударма теориясы...................................................................5
1.1.Онамастикалық атаулардың мәтін аудармасында алатын орны ...................5
1.2.Онамастикалық атауларды аудару тәсілдері ................................................. .9
ІІ.Онимдерді аудару ерекшеліктері ......................................................................17
2.1.Қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тіліндегі транслитерациясы ................ .17
2.2.Қазақ жалқы есімдерін ағылшын тіліне транслитерациялау кезінде қиындық тудыратын мәселелер...............................................................................................20
ІІІ. Қорытынды ....................................................................................................... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................................................................27

Работа состоит из  1 файл

курсовой.docx

— 86.82 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

   Генеологиялық туыстығы жоқ, типтік ұқсастығы аз, гетерогенді әліпбилер жұбын түзетін екі тілдің «жалпы сипаттамасында» олардың таралу ауқымы, әдеби тілінің нормалары, сөздік қоры, сондай-ақ, динамикасымен қордаланып келген бүгінгі күнгі статикасында орын алып отырған мәселелер сөз болды. Ономастикалық атаулар ­ тілде сөйлейтін халықтың тарихы, мәдениеті, этнографиясы, бір сөзге сыйдыра айтқанда, тұтас болмасынан хабар беретін кең мағыналы ұғым. Бұл ұғымға саятын лексиканың барлығын аудармашы, не түпнұсқа авторы транскрипция, не болмаса транслитерация тәсілі арқылы тілден тілге көшіреді. Транслитерация мен транскрипция  екі тілдің әліпбиін, дыбыстық жүйесі және графемаларының арақатынасын  қарастырады.

“Нені аудару, нені аудармау керек?” деген сұрақ төңірегінде айта кететін  ұлттық шөп, ұлттық гүл, ұлттық сиыр, ұлттық жұлдыз болмайтындықтан, оним сөздердің ішінде фитонимдер (өсімдік, гүл аттары), зоонимдер (жан-жануарлар аттары, оларға қойылған есімдер емес), сондай-ақ, астронимдер мен космонимдер (аспан денелері мен жұлдыз аттары), өзге тілдерге сол тілдердегі аталуы бойынша, яғни онимдердің аналогы (баламасы) берілуі тиіс. Сондай-ақ, адамның тіршілік аясындағы артионим (өнер туынды атаулары), библионим (жазба шығарма атаулары) сияқты т.б. көптеген атаулар аударылады.

Атаулардың аударылмайтын  қатары тілден тілге арнайы тәсілдер арқылы беріледі. Көптеген әдебиет  көздерінде аударма теориясында  мұндай атауларды тілден тілге өткізудің барлық тәсілдерін негізінен төмендегіше төртке бөліп қарастыруға болады делінеді. Мәселен, С.П. Романова мен А.Л. Коралованың «Пособие по переводу с английского на русский» деген еңбегінде: «1) транскрипция и транслитерация; 2) калька; 3) аналог, или приблизительное соответствие; 4) толкование, или разъяснительный перевод» делінеді. Мұнда транскрипция мен транслитерацияның тиімділігі сонда, ол сөздің дыбыстық және графикалық тұрпатын береді, мәтін көлемінің ұлғайып кетуіне жол бермейді. Калька күрделі сөздер мен сөзтіркестерді бөлшектеп аударады. Аналог, немесе барабар сәйкестік, бұл – түпнұсқа тіліндегі ұғымға толық сәйкес келмейтін, ұқсас ұғымдарды аударма тілінде беретін сөздер мен сөзтіркестер. Ал түсіндірме тәсілі әрдайым мәтіннің ұлғайып кетуіне жол береді және бұл оның басты кемшілігі болып табылады деп, берілген тәсілдер тарқатылады

       Онимдер  кең мағынасында тілдегі реалий атаулармен де астасып жататын ауқымды ұғым. Оларды тілден тілге зақымсыз көшіру аудармашыдан үлкен ұқыптылық пен біліктілікті талап етеді. Тілден тілге аударылмайды, тек біржақты транскрипция / транслитерция тәсілдері арқылы беріледі деген антропонимдер мен топонимдердің өзіне келгенде іс жүзінде осы тәсілмен шектеле алмай қалатын кездер көптеп кездеседі. Оның үстіне тілдегі реалийлердің де ономастиконнан өз алдына тәуелсіз «шекарасын демаркациялау» оңайға соқпайды. Бірақ екеуіне де даусыз ортақ нәрсе, ол ­ бұлардың белгілі бір этностың өзіне ғана тән атаулары екендігі. «Непереводимое в переводе» деп аталатын еңбектің авторлары С. Влахов және С. Флорин бұл екі ұғымды бір-бірінен тек графикалық тұрпатынан ажыратуға болады: жалқы есімдер бас әріппен жазылса, реалий атаулар кіші әріппен жазылады деп көрсетеді.

Ұлттық атаулар, ұлтқа  тән болмыс ­ қол сұғуға болмайтын  рухани қазына. Сондықтан онимдерді аударма мәтінінде лингвомәдени бірлік ретінде қарастырып, тілден тілге «зақымдамай» алып өту ­ аудармашының міндеті. Заманауи аудармашы маман өзінің біліктілігі сөздердің аудармасын білумен өлшенбейтінін, өзінің лингвистикалық, лингвомәдени, психологиялық дайындықтары сай болмайынша қандай да бір жауапты істі мойнына алмауы жөн екенін білсе керек. Себебі, мұндай дайындығы болмаған маманға қандай да болмасын бір елдің ономастикалық атауларының сол ұлттың бар болмысын бойына жиып тұрған рухани қазынасы екендігін, оған аса сақтықпен, үлкен құрметпен қарауы тиіс екендігін ұғу оңайға түспейді. Қандай да болмасын ақпаратты әр түрлі мәдениеттер арасында «тігісін жатқыза» жеткізе білу қабілеті – оның біліктілігінің басты белгісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Суперанская А.В. Общая теория имени собственного. –М.: Наука‚ 1973. 45-47 бб.
  2. Жанұзақов. Т. Очерк казахской ономастики.-Алматы.,1982, 141-146 б.
  3. Теория и методика ономастической исследований. –М: Наука.,1986, 245б
  4. Валитова А. Этнонимы в тюркоязычном памятнике ХІ в. «Кутадгу билиг» //  Международный конгресс антропологических и этнографических наук. –М., 1964.147-157бб
  5. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Актуальные вопросы казахского языка. Алматы: Ана тілі, 1998. – 156-160 б.
  6. Суперанская А.В. Общая теория имени собственного. М., 1970, 348б.
  7. Махпиров В.У. Имена далеких предков (источники формирования и особенности функционирования древнетюркской ономастики). –Алматы: Институт востоковедения МН-АН РК, 1997. –302 б.
  8. Суперанская А.В. Теоретические основы практической транскрипции. М.: Наука, 1978. – 283 c
  9. Қазақ тілі // энциклопедия «IDK-TIPO» ред. баспа орт. Алматы, 1998. –509 б.
  10. Воркачев  С. Счастье как лингвокультурный концепт. –М., 2004. –С.44.

Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание ⁄ Пер. с англ. Отв. ред. Н.А.Кронгауз. –М.: Русские словари, 1997. –416 с.

  1. Теория и методика ономастической исследований. –М: Наука.,1986, 392 с.
  2. Байпақов К.М. Последам древних городов Казахстана ( Отрарский оазис). –Алматы, 1990, 512 б.
  3. Суперанская А.В. Общая теория имени собственного. М., 1970, 348 с.
  4. Толстой Н.И. "Еще раз о "семантике" ИС. В кн.: Актуальные проблемы лексикологии. –Минск., 1970, 200 с.
  5. Подольская Н.В. Какую информацию несет топоним. В кн.: Принципы топонимики. — М., 1964, 87 с.
  6. Ощепкова В.В. Язык и культура.-М., 320 с.  
  1. Жунисбек А. Проблемы сингармонической фонологии и фонетики // Тілдік жүйе және құрылым. Ғылыми мақалалар жинағы. Алматы: Ғылым, 1997. – 236 б
  1. Қазақ грамматикасы / Фонетика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис. Астана, 2002. – 784 б (11-104 бб.).
  2. Амирова Т.А. К истории и теории графемики.–М.: Наука,1977. – 191б
  3. Құрманбайұлы Ш. Ономастикалық жұмыстарды республикалық деңгейде ұйымдастыру мәселелері туралы // Ономастика: бүгіні мен болашағы. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Астана, 2002. – 196 б.
  4. Ахметов Қ. Ономастиканың мәртебесі – ана тіліміздің мәртебесі // Ономастика: бүгіні мен болашағы. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Астана, 2002. – 196 б
  1. Мақсұтұлы Е. Мағынасыз атау // «Ана тілі» газеті. – 2004. – №50. – 9 б.
  1. Букетова Н.И. Зачем учить казахский? // Интервью: журн. Я. Петрова. Московский комсомолец. 2007, 21-28 февр. C.7-15.  
  2. Мақсұтқызы Н (Рсалиева). Қазақ ономастикасы атауларын ағылшын тілінде беруге жүйе керек // «Ана тілі» газеті, 2004. №49. – 8-9 бб.
  3. Прошина З. Г. “Английский язык как посредник в коммуникации народов Восточной Азии и России” (проблема опосредованного перевода) – 10. 02. 20 – Дисс. на соискание ученой степени д.ф.н. – Владивосток, 2002. – C. 62-427.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 


Информация о работе Ономастика и особенности перевода