Сан есім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание

Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Осыған орай мұның өзіне ғана тән дербес объектісінің болуы заңды да. Тіл біліміндегі сөзжасамның негізгі объектісіне ең күрделі деген мәселелер жатады. Олар: сөз жасаушы тәсілдер, туынды сөздер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына мен жалпы сөзжасам мәселесінің сөз таптарына қатысы. Сонымен, сөзжасам тіл біліміндегі сөз жасау процесіне қатысты заңдылықтар мен құбылыстарды түгелдей дерлік қамтиды.

Содержание

І КІРІСПЕ.................................................................................................. 4-10
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................11-46
1. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері...........................................................11-14
2. Есептік сандардың сөзжасамы............................................................15-16
2.1. Күрделі сан есімдер...........................................................................17-23
2.2. Күрделі сандардың тірек компоненті..............................................24-27
3. Реттік сан есімнің сөзжасамы..............................................................28-30
4. Жинақтық сан есімнің сөзжасамы......................................................31-32
5. Топтық сан есімнің сөзжасамы...........................................................33-35
6. Болжалдық сан есімдердің сөзжасамы...............................................36-37
6.1. Болжалдық сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы.....38-43
6.2. Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.....44-45
7. Бөлшектік сан есімдердің сөзжасамы..................................................46
ІІІ Қорытынды..........................................................................................47-50
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................51

Работа состоит из  1 файл

Сан есим.doc

— 221.50 Кб (Скачать документ)

Біз жоғарыда күрделі сандардың ертеректе қалыптасқанын айтқан болатынбыз. Ендеше күрделі сандардың қалыптасуы қазіргі күннің жемісіне жатпайды. Дегенмен күрделі сан атаулының барлығы да бір күнде пайда бола кетті деу негізсіз. Олардың жасалу тәсілдері мен модельдері ерте заманнан-ақ басталған. Мәселен Орхон жазба ескерткіштеріндегі күрделі сандарды келтірейік. Ондағы ондық сандар қатарына мыналар жатады: екон, учон, йетміш, сегіз он; ондық пен бірлік аралас сандар: йеті йегірмі, алты отуз, йеті отуз, екі отуз, уч отуз, біс йегірмі, бір отуз; жүздік сандар: йеті йуз, беш йуз; мыңдық сандар: йеті бің, екі-уч бің, бес түмен (елу мың) т.б. Осы мысалдардан байқалатындай, ондық пен бірлік аралас келген сандарға өзгеріс енгені және сандық ұғымды берудегі «түмен» сөзінің бұл күнге дейін сақталмағандығы сияқты ерекшеліктер бар. Алайда күрделі сандардың жасалуына жататын негізгі тәсілдер мен модельдердің сол күйінше жеткендігі рас. Осындағы күрделі сандардың тілде ұзақ уақыттардың жемісі екендігін ескеріп, оларды әрдайым көңілде ұстап отырудың қажеттігі туады.

Синтаксистік қызметі жағынан күрделі сандар бірнеше сөзден құралса да, сөйлемде бір ғана сөздің орнына жұмсалып, бір ғана грамматикалық мүше бола алады: Ауданнан мүмкіншілігі содан екі есе жоғары – алты жүз мың қой өсіре алады (М.Әуезов). Келтірілген осы сөйлемдегі алты жүз мың деген күрделі сан тұтасымен бір ғана сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана анықтауыш мүшесі ретінде жұмсалған. Осындағы күрделі сан есімді үш қой, бес қой, жүз қой түрінде өзге дара сан есімдермен ауыстырсақ та, үш, бес, жүз дегендер дәл осылай анықтауыштық қызмет қана атқарады. Демек, үш, бес, жүз деген дара сөздерде алты жүз мың деген күрделі сөз сияқты нақтылы сандық ұғымда ғана жұмсалады.

Сөйлем бойындағы күрделі сандарға қосылатын қосымша да, олардың күрделілігі болмаса, дербес сөздерге жататындығын көрсетеді. Қазақ тілі жалғамалы тілдер тобына жататын болғандықтан, сөйлемдегі сөздерді грамматикалық жағынан өзара байланыстыраптын қосымшалар үнемі сөздің соңынан ғана қосылады.

Бұл тұста қосымша күрделі сандардың жеке сыңарларының барлығына бірдей емес, тек соңғы сөзіне ғана жалғанады. Мәселен,  Биыл олардың саны екі жүз сексен мыңнан асып отыр деген мысалда шығыс септіктің қосымшасы екі жүз сексен мың деген бес сөзден тұратын күрделі сан атауының соңғы сыңары болып табылатын мың сөзіне ғана қатысты. Өйткені мың сөзі – күрделі сан атауын аяқтаушы сөз. Сондықтан қосымшаның өзгелерге емес, тек соған ғана тиесілі болуы заңды да. Демек, басқа күрделі сөздер сияқты күрделі сан атаулары да дербес сөздік қасиетке ие.

Күрделі сандар құрамдық тұтастығын әрқашан берік сақтайды, сондықтан олар бөліп немесе араларына қандай да бір морфемаларды кірістіріп айтуға келмейді [1,11].

Сондай-ақ күрделі сан атауларындағы жеке сыңарлар тұрақты жұмсалатындығымен де ерекшеленеді, яғни олар еш уақытта да белгілі бір орын тәртіптерін өзгертпек емес. Бұл да – күрделі сан атауларының дербес сөз екендігінің бір белгісі.

Тілдегі сөз атаулыға ортақ негізгі белгіге орай, күрделі сандар да сөйлемге әрқашан даяр қалпында алынады. Демек, сөйлем тілде бұрыннан жасалып қолданылып жүрген лексикалық единицалардан тұрады, тілдік қолданыста жоқ жай ғана дыбыстар тіркесінен тұратын бөлшектердің қатысуымен еш уақытта да белгілі бір ақпарат тасымалдаушы сөйлем құрала алмайды. Күрделі санда сөйлем бойындағы жай сөз тіркестері тәрізді әр сөйлем құрастырылған сайын жасалып отырылады, өйткені олардың әрқайсысы тілде көне замандарда жасалып, сол өткен замандардан бері бірге жасасып келе жатыр. Сондай-ақ олар сөйлем бойындағы тіркестердің құрамында келгенде де өзге сөздер сияқты дайын қалпында жұмсалып, тіркесің бір ғана сыңары бола алады, міне, бұл да – күрделі сан атауларының лексикалық дербестігіне бірден-бір дәлел.

Алайда күрделі сөздердің құрамының күрделіліг мен жекелеген сыңарларының бөлек жазылуы олардың дербес сөз ретінде танылуына кедергі келтіретін болса керек. Индоеуропа тілдерінде және көршілес орыс тілі сияқты славян тілдерінде сөзді тануда осы белгі қолданылып келеді. Сөздің бірігуі орыс тілінде осы қызметтегі арнайы қосымша арқылы жасалса, мұндай қызметтегі қосымша түркі тілдерінде атымен жоқ. Сол себепті осы құбылыс түркі тілдеріндегі көптеген сөздердің жеке сөз ретінде танылуына кедергі болып, біріктіріле жазылуға тиіс кей сөздердің қазірде сөздердің жазылуы жөніндегі емле ережесінің бастапқы үлгісіндегі кеткен олқылықтар бойынша бөлек жазалып қалыптасқандары аз емес. Тіпті кейбірі бірде бөлек, бірде біріктіріле жазылып, бір ізге түспей келеді. Осы аталған жайттар негізінде біз сөздің бірге немесе бөлек жазылуы сөзді тануда түркі тілдерінде негізгі, шешуші белгі ретінде қаралмауға тиіс деген тұжырымға келеміз [7,162].

Бұдан қазақ тілінің емле ережесіне нұқсан келді немесе күрделі сан атауларының жеке сыңарлары үнемі бөлек жазылып келеді деуге және келмейді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бірге немесе бөлек жазылу түркі тілдерінде сөзді тануда шешуші қызмет атқара алмайды, ендеше бұл белгі күрделі сандардың сөз ретінде танылуына да еш кедергі келтірмек емес.

Күрделі сөздерге өте бай болуы – түркі тілдеріне тән өзіндік бір ерекшелік. Жекелеген оқулықтарда да сын есім, етістік сияқты сөз таптарының күрделі құрылымды түрлері аз берілмейді. Осыған сай күрделі зат есімдер де баршылық. Мұндай күрделі құрылымдар өзге сөз таптарына да қатысты. Осы аталғандар түркі тілдеріндегі сөзжасам жүйесінің ерекшелігі жөнінде хабар береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Күрделі сандардың тірек компоненті

Қандайда бір тілде болмасын сөзжасам процесіне қатысатын элементтердің қызметі әр алуан келеді. Мысалы, синтетикалық тәсілді алайық. Бұл тәсіл арқылы сөз жасалғанда, қосымшалардың, нақтылай айтқанда, сөз тудырушы қосымшалардың қызметі белсенді көрінеді, яғни осы қосымшалар негізінде белгілі бір мағыналы жаңа сөз жасалады. Сонымен бірге басқа да сөздердің жасалуына негіз, ұйытқы болатын сөздер де белгілі. Айталық, белбеу, желбау, оттегі, сутегі, қара ала, көк ала, қызыл ала т.б. деген қатардағы белбеу және желбау сөздерінің жасалуына бау деген компонент негіз болып тұр. Ал оттегі және сутегі деген сөздерге негіз боп тұрған – тегі компоненті. Сондай-ақ көк ала, қара ала, қызыл ала деген күрделі сөздердің жасалуына да ала дегеннің тірек болып тұрғандығын байқауға болады. Демек, күрделі сөздердің тірек компоненті деп осы тәрізді бірнеше сөздердің жасалуына ұйытқы болатын сөздерді атайды.

Дәл осы күрделі сөздердің жасалуындағы ұйытқы сөздер сияқты, күрделі сандардың жасалуында да негізгі қызмет тірек компонентке жүктеледі. Сандық ұғымның да күрделі атауына негіз болатын тірек компонент бәрінің құрамында бірдей мағынада бірнеше күрделі санның жасалуына ұйытқы болады. Тірек компоненттегі түрліше мағыналар басқа компоненттердің ауысуы арқылы белгілі болып отырады. Мәселен, ондық пен бірлік сандар аралас келгендегі жаңа мағына осы ондық пен бірліктің қосындысынан көрінеді: он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз. Яғни бұл тұста он деген сан тоғыз бірлікпен жеке-жеке тіркесіп, әр тіркесте жаңаша күрделі сан жасаған. Тілімізде осындай ондық сандардың тірек компонент қызметінде болуы арқылы сексен бір (81) күрделі сан жасалады екен. Осы сексен бір күрделі санның барлығында да тірек компонент қызметіндегі ондықтар бірінші, ал тұрақсыз, яғни ауыспалы компоненттер үнемі келесі орындарды иеленеді.

Ондық пен бірлік сандардың араласып келген күрделі сандардың атауларында тірек компоненттің мағынасы сақталады да, нәтижесінде олардың мағыналас екендігі байқалып тұрады. Айталық, отыз бір, отыз екі, отыз үш, отыз төрт, отыз бес, отыз алты, отыз жеті, отыз сегіз, отыз тоғыз қатарындағы тоғыз күрделі санның барлығында да тірек компонент ретінде танылатын отыз санының мағынасы сақталып, бәрінің де бір-бірімен мағыналас екендігін, тығыз байланыста тұратындығын көрсетеді [8,48].

Сан жағынан тілімізде тірек компонент бол алатын сандар көп емес. Оларға ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар жатады. Мәселен, бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз деген қатардағы барлық күрделі сан атауларына тірек компонент болып тұрған – жүз сөзі. Яғни бұл модельде жүздіктердің аты жүз санының тоғыз бірлікпен тіркесе келіп, тоғыз түрлі мәнде жұмсалуы арқылы жасалып тұр. Байқағанымыздай, мұндағы күрделі сан атауларының жасалуына жүз сөзі негіз болып, барлығында бірдей тірек компоненттің қызметінде тұр.

Көңіл аударарлық бір жайт – жүздіктердің атын жасауда орналасу реті жағынан тірек компонент есебіндегі сан екінші, ал ауыспалы компонент бірінші орынды иеленеді және жүздіктердің беретін мағынасы күрделі атау құрамындағы бірлік пен жүздіктің көбейтіндісі арқылы белгілі болады. Сондай-ақ жаңадан жасалған тоғыз жүздіктердің барлығында да сол жаңа мағынаға өзек болатын жүз санының мағынасы сақталады. Осындағы әрбір жүздік сан бірліктермен, ондықтармен, сонымен бірге ондық пен бірлікті бірдей қоып алу арқылы да екі жүз екі, үш жүз жиырма, алты жүз он бес т.б. түрінде күрделі сан атауын жасай береді және барлығында да тірек компонент қызметінде жұмсалады.

Сонымен, жоғарыдағыдай, жүздіктің түрлерін жасағанда да, жүздіктер мен ондық және бірліктер араласқан күрделі сан атауларының жасалуына да жүз саны саны қатысып, барлығында тірек компонент ретінде танылады екен.  Тілімізде көптеген күрделі сан атауы жүз саны және ол арқылы жасалған жүздіктердің тірек компонент ретінде қатысуымен жасалған. Ал мыңдықтар миллионға дейінгі күрделі сандарды жасауға тірек компонент қызметінде қолданылатын сандардың ең өнімдісі ретінде қатысады. Тілімізде мыңдықтардың түрлері де көп. Бұл мыңдықтардың әрқайсысы қаншама күрделі сандардың жасалуына ұйытқы бола алады, басқаша айтқанда, ондық пен жүздіктер арқылы жасалған күрделі сандарды есепке алмағанда, өзге күрделі сандардың барлығының жасалуына да негіз болатын – мыңдықтар. Мысалы мың саны тоғыз мыңдықтың атын тоғыз бірлікпен тіркесу арқылы жасайды: бір мың, екі мың, үш мың, төрт мың, бес мың, алты мың, жеті мың, сегіз мың, тоғыз мың. Сондай-ақ мыңдықтар жасалғанда, тек бірліктермен ғана емес, ондықтармен де, жүздіктермен де, тіпті жүздік аралас күрделі сандармен де тіркеседі: он мың, жүз мың, жүз алпыс мың, тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың т.б. Осы тоғыз мыңдықтың барлығында да мың саны тірек компонент ретінде жұмсалған. Мұнда да мың саны кейінгі орында, ал ауыспалы компоненттер тұрақты түрде алдыңғы орында тұрады және тірек компонент есебіндегі мың саны бұлардың барлығына да ортақ сипатта.

Өзіне түрлі сандарды қосып алу арқылы бұл мыңдықтар тірек компонент қызметінде миллионға дейінгі басқа да күрделі сандық атауларды жасауға жұмсалады: жүз отыз бес мың тоғыз жүз қырық төрт, жүз отыз бес мың жеті жүз сексен жеті т.б. Осыларға тірек компонент болып тұрған сан – жүз отыз бес мың. Мыңдықтар дәл осылай күрделі сандардың жасалуына ұйытқы болады. Сондай-ақ мың саны мыңдықтардың атында тірек компонент болған жағдайда, күрделі сан атауының соңғы компоненті болады, ал мыңдықтардың бірінші орында тұрып, ауыспалы компоненттің соңында келуі үшін, мыңдықтардың үстіне қосылған миллионға апаратын күрделі сандарға тірек компонент болуы қажет.

Осы келтірілгендер арқылы күрделі сандардағы тірек компоненттің орны екі түрлі өзгеретініне (алдыңғы және соңғы компоненттерде келуіне қарай) көз жеткізуге болады. Мәселен, алдыңғы орында тұру үшін тірек компонент ондық пен бірлік аралас күрделі сан құрамында келуге тиіс: он екі, жиырма үш, отыз төрт, қырық бес т.б. Ал тірек компоненттің екі түрлі орын алмастыруы жүздіктер мен мыңдықтардан көрінеді. 1. Айталық, күрделі санның құрамындағы тірек компонент қызметіндегі жүз және мың сөздері, жүздік пен мыңдықтардың аты жасалғанда, соңғы компонентте тұрса (алты+жүз, жеті+жүз, тоғыз+жүз, сегіз+жүз т.б.), жүздіктерден мыңға және мыңдықтардан миллионға дейінгі, жүздіктер мен мыңдықтардың үстіне қосылып қолданылатын сандардың бәрі ауыспалы компонент есебінде күрделі компоненттің соңынан келеді де, күрделі сандардағы тірек компонент қызметіндегі жүздіктер мен мыңдықтар алдыңғы орынды иеленеді: бес жүз+алпыс төрт, жеті жүз+сексен бес, тоғыз жүз+қырық үш т.б. Демек, күрделі сандардың тірек компоненті қызметіндегі жүздіктер мен мыңдықтар бірінші орында да тұра береді екен, яғни мұндай тірек компоненттердің қандай сандарды жасауына қарай қай орында тұратындығы анықталады. Бұл арада біз тілдегі қолданылу жиілігіне қарай тек миллионға дейінгі сандардағы тірек компонентердің орнына ғана тоқталдық.

2. Тірек компоненттердің күрделі сандардың жасалуына негіз болуындағы құрамы – аталған ұйытқы компонент жөніндегі келесі бір мәселе. Мәселен, мына күрделі сандарды алайық: қырық+бір, жетпіс+екі, бес+жүз, жеті+жүз, төрт+мың, сегіз+мың, тоғыз+мың, жүз+мың т.б. Бұл күрделі сандар да белгілі бір тірек компоненттердің ұйытқы болуы негізінде жасалып тұр және құрамы жағынан бәріне де екі сан атауы қатысқан, тірек компонент саны әрқайсысына біреуден ғана келеді. Енді бір күрделі сан атауларындағы тірек компоненттің саны екі сөзден де, төрт сөзден де келе береді, мысалы, үш жүз+алпыс бір деген күрделі сандағы тірек компонент құрамы жағынан екі сөзден жасалса, жүз жетпіс төрт мың+алты жүз елу бес дегендегі тірек компонент төрт сөзден тұрады. Тірек компоненттің құармындағы сөздер санының бұлайша құбылмалы боп келуі заңды да, себебі тіліміздегі сандардың құрамы біркелкі емес. Сонысына қарай олардың әр біреуі күрделі сан жасауға қатыса алады, соған сәйкес күрделі сан жасаушы тірек компоненттердің де құрамы өзгермелі келеді [9,7].

 

 

3. Реттік сан есімнің сөзжасамы

Жоғарыда арнайы айтып өткеніміздей, сан есім сөз табының сөзжасамына аналитикалық тәсілмен бірге синтетикалық тәсіл де қатысты. Бұл сөз табының синтетикалық сөзжасам жүйесі есептік сан есімнен реттік сан есім жасайтын –ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары арқылы көрінеді. Демек, дара және күрделі есептік сан есімдердің қай-қайсысынан болмасын реттік сан есім осы жұрнақтардың негізінде жасалады. Жақып тоғызыншы класты бітірді. Ақбалым сегізінші класта еді (Ғ.Мұстафин). Осындағы сегізінші және тоғызыншы түріндегі реттік сан есімдердің жасалуына дара сандар негіз болса, бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы деген реттік сан есімнің жасалуына күрделі сан негіз болған. Көріп отырғанымыздай, бұл реттік сан есімдердің барлығының да жасалуына -ыншы, -ншы жұрнағының қосылуы себеп.

Информация о работе Сан есім