Сан есім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание

Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Осыған орай мұның өзіне ғана тән дербес объектісінің болуы заңды да. Тіл біліміндегі сөзжасамның негізгі объектісіне ең күрделі деген мәселелер жатады. Олар: сөз жасаушы тәсілдер, туынды сөздер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына мен жалпы сөзжасам мәселесінің сөз таптарына қатысы. Сонымен, сөзжасам тіл біліміндегі сөз жасау процесіне қатысты заңдылықтар мен құбылыстарды түгелдей дерлік қамтиды.

Содержание

І КІРІСПЕ.................................................................................................. 4-10
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................11-46
1. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері...........................................................11-14
2. Есептік сандардың сөзжасамы............................................................15-16
2.1. Күрделі сан есімдер...........................................................................17-23
2.2. Күрделі сандардың тірек компоненті..............................................24-27
3. Реттік сан есімнің сөзжасамы..............................................................28-30
4. Жинақтық сан есімнің сөзжасамы......................................................31-32
5. Топтық сан есімнің сөзжасамы...........................................................33-35
6. Болжалдық сан есімдердің сөзжасамы...............................................36-37
6.1. Болжалдық сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы.....38-43
6.2. Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.....44-45
7. Бөлшектік сан есімдердің сөзжасамы..................................................46
ІІІ Қорытынды..........................................................................................47-50
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................51

Работа состоит из  1 файл

Сан есим.doc

— 221.50 Кб (Скачать документ)

Осындағы отыз шақты кісі деген болжалдық сан есімінде де кісінің нақты саны отыздан артық болуы да, сондай-ақ оған жетпеуі де мүмкін, ендеше мұнан отыз шақты дегендегі отыз сөзі өзінің әдепкі дәл сандық мағынасында тұрмағаны белгілі болады. Осыған ұқсас отыз-қырық дегенде де нақтылы сан отыз бір, отыз екі, отыз үш, отыз төрт, отыз бес, отыз алты, отыз жеті, отыз сегіз, отыз тоғыз, қырық, қырық бір не қырық екі де болуы мүмкін екендігі күмән тудырмаса керек. Алайда нақтылы санның осы секілділердің қайсысымен сәйкесетіндігін сөйлеуші дәл білмейді де, осы шамасында немесе осы мөлшерінде дегенді білдіру мақсатында отыз-қырық дегенді қолданады. Осы сияқты мың жарымдай жылқы, екі-үш мыңдай қой дегендерде де жылқы мен қойдың саны аталған осы сандардың шамасында, осыған орай мың жарым, екі-үш мың деген сандар сөйлемде өзінің әдепкі мағынасына сай жұмсалмаған. Өзге мысалдардағы бес-он, жиырма-жиырма бес деген болжалдық сандарда да дәл жоғарыдағыдай мән жатыр.

Сонымен, болжалдық сандарға абстрактілі сан-мөлшер ұғымы болмаса, нақтылы сан-мөлшер ұғымы тән емес. Мұнан болжалдық сандардың есептік сандардан негізгі айырым белгісі келіп шығады.

Жасалу жолы жағынан болжалдық сандардың мүмкіндігі өте мол және олар тілімізде кең қолданысқа ие. Олар заттың болжалды санын берудегі қажеттіліктерді өтеуімен кәдімгідей маңызды болып саналады. Сондай-ақ олардың жасалу жолдарын (синтетикалық және аналитикалық) екіге жіктеп көрсетуге болады [15,13].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.1.               Болжалдық сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы

Тек қана болжалдық сан жасайтын арнаулы жұрнақ түрі түркі тектес халықтар тілінде, сондай-ақ қазақ тілінде де жоқ. Алайда болжалдық сан есім құрамында келу арқылы өзге сөз таптарының жұрнақтары мүлдем басқаша мәнге ауысқаны күмәнсыз. Осыған орай сан есім жөніндегі зерттеу еңбектері мен оқулықтарда болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтар ретінде мынадай қосымшалар белгілі:

1. Есептік сан есімге қосылған –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары сол санға алпыс-тай, қырық-тай, жетпіс-тей, елу-дей, жүз-дей, мың-дай тәрізденіп болжалдық мән үстейді. Тағы бір мысал: Үйшіктердің саны он бестей (С.Сейфуллин). – Әрине, – деді Мәлік, – сол кезде ол үйде мың жарымдай жылқы, екі-үш мыңдай қойы бар екен. Мектепте төрт жүз елудей бала оқуы керек (С.Мұқанов). Осы мысалдардағы он бестей, мың жарымдай, екі-үш мыңдай, төрт жүз елудей деген сөздердің еш бірінде де үйшік, жылқы, қой және баланың нақтылы саны көрінбейді, осы сандардың шамасында немесе соған жақын деген ғана мән жатыр. Осыдан көрініп тұрғандай, болжалдық сан жасап тұрған қосымша морфеманың негізінде есептік сан есім түріндегі түбірдің мағынасы ауытқыған. Сондықтан аталған жұрнақтың осындай қосымша мән үстеуші қызметін ескере келе, оны сөзжасамның табиғатына сай келетін морфема деп есептейміз.

Алайда бұл морфема (-дай, -дей, -тай, -тей) қазіргі тілімізде сын есім сөз табының жұрнағы ретінде белгілі. Анығында, бұл қосымша сын есім құрамында келу арқылы тек салыстыру ұғымын жасайды: темірдей, судай, жасындай, балықтай, таудай, үйдей т.б. Осы салыстыру мәні болжалдық сан есім құрамында мүлдем көрінбейді десе де болады, ендеше сан есім құрамында жұмсалатын бұл морфеманың тілімізде сол сан есімге сай бейімделіп және оның сөзжасамдық арнайы жұрнағы түрінде қалыптасқандығы да дау туғызбайды. Жалғыз ғана ерекшелік – оның бір сөзіне қосылғандағы мәні. Бұл жағдайда, рас, қосымша өзінің сындық мәнінде қала береді: Бірдей көшелердің қайсысымен келгенін өзі де түсінбеді. Қатар-қатар тұрған адамдардың бойлары да, киімдері де бірдей т.б.

Екінші деген реттік сан есімге осы жұрнақтың –лей варианты қосылуына байланысты және бір ауытқуды байқауға болады. Сан есім сөз табынан жасалса да, екіншілей деген туынды сөз сандық ұғымынан алыстап, бұл күнде үстеу ретінде танылуда. Бұл жұрнақ өзге жағдайлардың қай-қайсысында болмасын есептік саннан болжалдық сан жасаушы қызметінде қала береді. Және болжалдық сан есім жасау тұрғысынан өте өнімді жұрнақ қатарында, кез келген дара және күрделі есептік сандарға талғамсыз қосылатындығымен де ерекшеленеді: алтыдай, ондай, жиырмадай, жиырма жетідей, қырықтай, алпыстай, сексендей, жүздей, мыңдай т.б. Осылай бола тұрғанмен де бұл морфеманың тілімізде бірлік сан атауларынан гөрі ондық, жүздік және мыңдық сан атауларына қосылуы көбірек кездеседі.

Сонымен бірге сан есім көлемдік және мезгілдік зат есіммен тіркескенде, оның мөлшерін білдіруші –дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы сан есімге емес, мезгілдік және көлемдік зат есімнің өзіне тікелей жалғанады, алайда алайда болжалдық мән сан есімнен көрінеді: үш күндей, алты жылдай, жеті айдай, сегіз шақырымдай, тоғыз сантиметрдей, төрт құлаштай, бес жұмадай, жеті килограмдай [15-63] т.б.

2. Болжалдық сан есім есептік сандарға –лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнақтарының қосылуымен де жасалады. Осы тәсілмен жасалатын болжалдық сан есімге де кез келген есептік сандар негіз бола алады. Сонысына қарай бұл қосымша да болжалдық сан есім жасаушы жұрнақтардың мүмкіндігі айтарлықтай өнімді түрі деп танылады: ондап, жиырмалап, алпыстап, елулеп, жүздеп, екі жүздеп, мыңдап, төрт мыңдап, қырық-елулеп т.б. Мұнда да бірлік сандарға қарағанда ондық, жүздік және мыңдық сандарға қосылып жұмсалуы басымырақ.

Болжалдық санды білдіруде көлемдік және мезгілдік заттардың өзіне тікелей жалғануы арқылы болжалдық мәнді тіркес құрамындағы реттік сан есімге үстеуі де дәл жоғарыдағыдай: бес айлап (жоғалады), төрт айлап (бір келеді), елу шақырымдап (жүгіреді), екі апталап (жұмыс істейді), жүз килограмдап (тасиды), төрт-бес күндеп (жүреді), екі-үш жылдап (бір жолығысады) т.б.

Бұл жұрнақ етістікпен де байланыста келеді, алайда сан есім құрамында жұмсалғанда, одан есімше, көсемше сияқты етістік мәні сақталмайды, бір сөзбен айтқанда, мүлдем байқалмайды. Сан есім құрмындағы –лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнағының болжалдық мәнде ғана тұратындығы оның етістік құрамында келген –ла, -п түрінде атымен болжалдық мәннің болмауынан да көрінеді. Осыған орай –лап, -леп қосымшасының болжалдық мәнін тек сан есімге ғана тиесілі деуге толық негіз бар. Демек, бұл жұрнақ тілімізде сол болжалдық мәнге ие болуы арқылы ғана сан есімнің сөзжасам жүйесіне енеді. Басқа туынды сөздер сияқты бұл жұрнақтың қатысымен жасалған туынды сан есімдер де (он+дап – негіз сөз+жұрнақ) негіз сөз бен қосымшаға ажырайды: Дәулетінің молдығы Нұртазаны жүз орап алатын Әлти жалшыныеілеп-үштеп емес, елулеп-алпыстап жалдайды (С.Мұқанов). Соның ішінде партияның, үкіметтің ерекше қаулысы бойынша бес жүздеп, мыңдап тобымен кететіндер бар (Ғ.Мұстафин). Алты совхозға үш жүзден трактор келеді (С.Мұқанов).

3. Болжалдық сан есім есептік сандардан сонымен бірге -даған, -деген, -таған, -теген жұрнағының қатысымен де жасалады: төрттеген, бестеген, ондаған, елулеген, алпыстаған, жүздеген, екі жүздеген, мыңдаған, миллиондаған, отыз-қырықтаған, алпыс-жетпістеген т.б. [7,58].

Құрамы жағынан -даған, -деген, -таған, -теген жұрнағы да күрделі болып есептеледі және сан есімнің өзінен шықпаған. Шығу тегі жағынан етістіктің –да және есемшенің –ған тұлғасынан қалыптасқандығын зерттеушілер пікірі растайды. Алайда болжалдық сан есімнің қосымшасы деп есептелетін -даған, -деген, -таған, -теген жұрнағынан да етістіктегі –да жұрнағы мен есімшедегі -ған жұрнағының мәнін табу мүмкін емес, себебі әдепкі етістіктік мағынасынан құранды түрге ауысқан жұрнақта ондай мағынадан із де жоқ. Сонымен, бұл қосымша да өзінің бастапқы мағынасынан ажырап, болжалдық санға тән жаңаша мағынаны иеленген, сонысына қарай -даған, -деген, -таған, -теген жұрнақ қазірде болжалдық сан есімнің тұрақты да өнімді қосымшасы ретінде танылады: Осы екеуінің өзі-ақ миллиондаған сом кірістер енгізіп тұр (Ғ.Мұстафин). Темір жолы салынбаған жерде мыңдаған көлік керек болатынын уайымдап еді. Ушаков оның алдында қазақтың он мыңдаған түйесін тосты (Ғ.Мүсірепов). Жиырмалаған жігіттер аттылардың алдын тосып, ілгерілей берді (Ә.Сәрсенбаев). Сол колхоздардың жүз мыңдаған малынан бұл иттер қапыда болмаса, қыр аңына мал бермейді (С.Мұқанов). Ағылшын орыс байларының ондаған жылда алған көмірін біз бір жылда алуымыз керек (Ғ.Мұстафин). Жыл бойы осы жолда артық төгілген көліктері, жанар май, сынған арба, бүлінген машиналар мыңдаған сомдарды жұтып жатқанын айта келеді (Ғ.Мұстафин).

4. Болжалдық сан есімді есептік сан есімнің көптік жалғауы да жасай береді: Жасы сол кезде елу-алпыстарда (С.Мұқанов). Ондарға келгенше, Асаубайдың өмірден алғаны да осы еді (М.Тиесов). Бұл жолы сағат сегіздерде басталған мәжіліс түнгі бірден аса бітті (С.Мұқанов) [10,42].

Сан есімнің қосымшалары қатарында көптік жалғауының жоқ екені баршаға мәлім. Сондай-ақ зат есім сан есіммен тіркескен жағдайда, ешқашан да көптік жалғауын қабылдамайды. Мұның себебі зат есімдегі көптік мәннің тіркесіп тұрған сан есімнен көрінетіндігімен түсіндіріледі. Мысал келтіріп көрейік: үш мың жылқы, жеті жүз қой, жүз елу түйе т.б. Осындағы түліктер, анығында, бірнешеу, алайда олардың нақты саны сан есім арқылы білінетіндіктен, арнайы көптік жалғауын қажетсіне қоймайды. Керісінше оларға көптік жалғауын қосып айту, онсыз да саны белгілі болып тұратындықтан, стильдік олқылыққа соқтырған болар еді.  Бұл, бір жағынан, сөйлеу мәдениетімен байланысса, енді бір жағынан, тілдік ықшамдау заңдылығымен ұштасады. Бұл арада мына жайтты ескерген дұрыс: сан мен зат атауының тіркесінде зат есімге жалғанбаған көптік жалғаудың онсыз да көптік сипатта тұратын сан есімге жалғануы сол сан есімге екінші рет көптік мағына үстеу мақсатында қолданылмайды, сондай-ақ сан есімге ертеректе жалғанған көптік жалғауының бүгінгі ізі деуге де келмейді. Себебі бар: сан есім – көптік жалғауымен түрленбейтін сөз табы. Ендеше есептік сан есімге жалғанған көптік жалғауы да сөзжасамға қатысты жаңа мағына үстеу қызметінде.

Болжалдық сан есімнің мұнан басқа көрсеткіштері мен есептік санға көптік жалғауы жалғану арқылы пайда болатын болжалдық мағынаның арасында айта қоярлықтай айырмашылық жоқ деуге болады. Демек, екеуінде де болжалдық мағына бірдей. Сондықтан есептік сан есімге жалғанатын көптік жалғауын да болжалдық сан есім жасайтын сипатта деп қарау қажет, яғни бұл жалғау сан есім құрамында келгенде кәдімгідей жұрнақтық дәреже көрсетеді.

Қазақ тілінде түркі тілдес халықтар тілінде қолданылатын –ер жұрнағы өзіндік ерекшеліктерімен назар аудартады. Тіліміздегі қолданылуы жағынан бұл жұрнақтың тек бір сан есіміне ғана қосылатындығын, сонан ғана жаңа сөз жасау мүмкіндігіне ие екендігін және сонысына қарай өнімсіз жұрнақ ретінде танылатындығын жоғарыда айтқан болатынбыз. Осы аталғандармен бірге –ер жұрнағы біздің тілімізде өзге түркі тілдеріндегідей топтық мағынасында жұмсалмайды, яғни аталған жұрнақ қазақ тілінде болжалдық мән үстеуші қызметімен ғана белгілі. Бірқатар мысалдар келтіріп байқалық: Бірер адам машина қасында қалып, бірер адам ең жақын деген елге жаяу кетті (С.Мұқанов). Бірер мыңды місе тұтпай, бес-алты мыңнан алмақ (Ғ.Мүсірепов). Алдағы бірер бесжылдықтың ішінде біздің облыстағы сыр бойында үш жерден плотина құрылмақ (С.Мұқанов). Жұмысына бірер сағатқа екі-үш рет қана көрінеді де, басқа күндерде ол бұл маңға жоламайды (С.Мұқанов). шыдар ем күйіп, мен жанып, айында бірер көрсем де (Абай). Бірер жүз саудасына қарыз берсең, құрметтеп, не десең де, ұшып тұрар (С.Мұқанов). Сол жылы онда екі-үш-ақ құлынды бие, бірер ғана бұзаулы сиыр бар еді (С.Мұқанов).

Енді бір жағдайларда бір деген сан есімнің өзінің де ешқандай қосымшасыз-ақ болжалдық мағынада жұмсалатыны бар: Әлі бір бес жыл оқығым келеді (Ғ.Мүсірепов). Енді бір он жылдарда бұл жұмысты да бітіреміз ғой (С.Мұқанов).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.2. Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы

Синтетикалық тәсіл сияқты аналитикалық тәсіл арқылы да болжалдық сан есімдер өнімді жасалады, сондай-ақ бұл аналитикалық тәсілмен жасалуы жағынан болжалдық сан есімдерді бірнеше түрге бөлуге болады.

1. Болжалдық мағына есептік сандардың қосарлануы арқылы да жасала береді: Бұрын бір шығырмен төрт-бес гектар жерді суарып болғанша, жан шыға жаздаса, енді қырық-елу гектарды қалай суармақсың (Ғ.Мұстафин). мен санның он бес процентіне қосып, сапаны жиырма-жиырма бес процент көтерер едім. Бір сиырдан бес-он литр сүт алғанша, жиырма-жиырма бес литр сүт алса, бір гектардан бес-он центнер астық алғанша, жиырма-жиырма бес центнер астық алса іш жара ма? Біз қырық-елу гектар ексек, әлденеше сом кіріс енгізеді. Қасындағы қыз бала үш-төрт жастан артық емес. Сол ауыл, сол дауыс, жылы сөз, жаудыраған көздер бұдан екі-үш ай бұрын тағы да аттандырды (Ғ.Мұстафин).

2. Сондай-ақ болжалдық сан есімнің есептік сан есімдерге шылаулардың тіркесуімен да жасалатыны бар: Түбектің аумағы қырық-елуге жуық гектар. Жасы отыз-қырық шамасында (С.Сейфуллин) [16,19].

а) Болжалдық мағына атау септік тұлғасындағы сөздерге шақты, шамалы, қаралы деген септеулік шылаулардың жүз қаралы, он шақты, қырық шамалы тәрізденіп тіркесуінен де туады: Ауылдағы отыз шақты жігіттердің бітірген ісі алуан түрлі (С.Мұқанов). Барлығы жүз шамасы адам болып қалды (С.Мұқанов). Екінші айтарым мынау, – деді Рахмет, - сіздің Алматыға жүруіңізге он бес шақты күн бар (С.Мұқанов). Жаманшұбарда бас-аяғы елу шақты-ақ үй бар (С.Мұқанов).

ә) Есептік сан есімдерден болжалдық сан есім артық, астам, аса, асқан деген септеулік шылауларының тіркесу арқылы да жасалады: Ең білімді деген ғалымдар гектарына екі жүз центнерден артық астық алу мүмкін емес дегенге бекіген еді (Ғ.Мұстафин). сайып келгенде, бұл жайлаудан құрылыс жұмысына екі мыңнан астам адам шықты (С.Мұқанов). Біздегі бір әйел жүз саулықтан жүз жетпістен аса қозы алады (Ғ.Мұстафин). Бұл тұста ескерерлік жайт – астам, аса, артық септеулік шылауларының, жоғарыдағы мысалдардан көрініп тұрғандай, тек шығыс септік тұлғасындағы есептік сандармен тіркесетіндігі.

Информация о работе Сан есім