Сан есім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание

Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Осыған орай мұның өзіне ғана тән дербес объектісінің болуы заңды да. Тіл біліміндегі сөзжасамның негізгі объектісіне ең күрделі деген мәселелер жатады. Олар: сөз жасаушы тәсілдер, туынды сөздер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына мен жалпы сөзжасам мәселесінің сөз таптарына қатысы. Сонымен, сөзжасам тіл біліміндегі сөз жасау процесіне қатысты заңдылықтар мен құбылыстарды түгелдей дерлік қамтиды.

Содержание

І КІРІСПЕ.................................................................................................. 4-10
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................11-46
1. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері...........................................................11-14
2. Есептік сандардың сөзжасамы............................................................15-16
2.1. Күрделі сан есімдер...........................................................................17-23
2.2. Күрделі сандардың тірек компоненті..............................................24-27
3. Реттік сан есімнің сөзжасамы..............................................................28-30
4. Жинақтық сан есімнің сөзжасамы......................................................31-32
5. Топтық сан есімнің сөзжасамы...........................................................33-35
6. Болжалдық сан есімдердің сөзжасамы...............................................36-37
6.1. Болжалдық сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы.....38-43
6.2. Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.....44-45
7. Бөлшектік сан есімдердің сөзжасамы..................................................46
ІІІ Қорытынды..........................................................................................47-50
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................51

Работа состоит из  1 файл

Сан есим.doc

— 221.50 Кб (Скачать документ)

б) Болжалдық мағына барыс септік тұлғалы есептік сан есімдерге жақын, тарта, таяу, жуық деген септеулік шылаулардың тіркесуі арқылы да үстеледі (алпысқа жуық, жүзге тарта, мыңға таяу, сексенге жақын, елуге тарта, екі жүзге жуық,  қырыққа жақын, үш мыңға таяу т.б.). Енді көркем шығарма мәтініндегі сөйлемдер құрамында келуіне мсал келтірсек: Сойылдарын сүйреткен жүз қаралы адам бір бөлек топ, үш жүзге таяу адам бір бөлек топ болып тұр екен (Ғ.Мұстафин). Онда колхоз кітапханасында бас-аяғы бес жүзге тарта кітап сұралған (М.Иманжанов). мынау он бесті қосқанда, жүз шанаға жуық жүк жеткізіледі екен (Ә.Сәрсенбаев).

в) Сонымен бірге болжалдық мағына есептік сандарға талай, бірнеше, әлденеше деген тәрізді белгісіздік мәнді есімдіктердің тіркесуімен де қосыла береді: әлденеше мыңдаған жарық, бірнеше жүз адам, талай уақыттар бойы, неше жүз жылдар т.б. десек те бұл тұста есімдік сөз табының тіркесі контексте көрінетіндіктен, үзілді-кесілді сан есім сөзжасамына жатқызу бір жақты қараушылық қана болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Бөлшектік сан есімнің сөзжасамы

Негізінен, математика ғылымына қатысты деп танылатын бөлшектік сандықь ұғым тіл білімінде де бар [7,25]. Солай бола тұрғанмен де тіл білімінде бөлшектік сандікі деп арнайы айтуға келетін қосымша жоқтың қасы. Ондай ұғым есептік сандардың белгілі бір синтаксистік байланысқа түсуінен көрінеді. Мәселен, оннан екі, төрттің үші, үшттің бірі, жүзден екі дегендер – осының айғағы.

Құрамы жағынан бөлім және алым сандардан тұратындықтан, бөлшектік сандар құрамына қарай үнемі күрделі болып келеді. Осы алымы мен бөліміне кіретін екі санның тіркесуі тілімізде үш түрлі формада көрінеді:

а) Бірінші сан ілік септігінің тұлғасында, екінші сан тәуелдік жалғауының ІІІ жағында келіп, бөлшектік сан есімінің құрамын құрайды: екінің бірі, үштің екісі, төрттің үші, бестің екісі, онның екісі, жүздің төрті, мыңның жүзі т.б.

ә) Бірінші сан шығыс септік, екінші сан атау септік тұлғасында тіркесу түрі де бөлшектік сан есімнің құрамын жасауға қабілетті, яғни мұндай тіркес тілімізде бөлшектік сан ұғымы ретінде жұмсалады және тіркесудің бұл түрінде көбіне-көп бөлігі деген тәуелдеулі сөз қоса жүреді: екіден бір, үштен екі, бестен екі, оннан бес, жүзден төрт, мыңнан жүз (бөлігі), елуден бес (бөлігі) т.б.

б) Бөлшектік сан ұғымы тіркес құрамындағы бірінші санның шығыс септік тұлғасында, екінші санның тәуелдік жалғауында тұруынан да көрінеді: оннан екісі, жүзден екісі, төрттен екісі, бестен үші, мыңнан төрті, бестен үші, сегізден бесі [4,64]; [16,11] т.б.

Есептік сандарға жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесуінен де бөлшектік санға тән ұғым қалыптасады: он жарым, жарты мың, үш ширек, бес жарым, тоғыз жарым т.б.

 

 

 

ІІІ  Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

Сан есім сөз табының қалыптасқан сөзжасамының жүйесі қазақ тілінде өте ертеде қалыптасқандығы мәлім. Кез келген сөз табының сөзжасам жүйесі белгілі бір сөзжасам жүйесінің элементтері негізінде қалыптасады. Осындай негізгі элементтер сан есім сөз табының сөзжасам жүйесіне де тән. Мәселен, мұндай элементтерге, сандық ұғымынсыз өзге ешбір сан таулары жасалмайтын болғандықтан, алдымен, сандық атаулардың өзін жатқызамыз. Сан есімнің лексико-семантикалық топтарының барлығының да жасалуына, сондай-ақ сан есім сөзжасамы арқылы жасалған күрделі есептік сандардың да барлығына осы сан атаулары негіз болады. Екіншіден, сан есімнің сөзжасамдық элементтеріне оның лексика-семантикалық топтарын ажырату үшін маңызды саналатын қосымшалары да кіреді. Мұндай қосымшалардың сан есімнің өзіне ғана қатыстылары, сондай-ақ сан есімнің лексика-семантикалық топтарын жасаушы жұрнақ қызметінде жұмсалатын басқа сөз таптарының қосымшалары және бар.

Мұндай сөзжасамдық элементтердің сан есімнің сөзжасам жүйесінде жұмсалуы белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Демек, сандық атаулар сан есімде ретсіз жасала бермейді, олардан есімнің аталған сөзжасам элементтерінің тілде қалыптасқан белгілі бір тәсілдері бойынша және әбден қолданысқа түсіп, құпталған модельдер мен сөзжасамдық типтер негізінде жасалады екен. Осы арқылы сан есім сөзжасам жүйесінің де қазақ тілінде өзіндік сөзжасамдық заңдылықтары мен жолдары және тәсілдері қалыптасқандығына көз жеткізуге болады.

Сондай-ақ басқа сөз таптарының сөзжасам жүйесінен сан есімнің сөзжасам жүйесі өзіне ғана тән ерекшеліктерімен оқшауланады. Мәселен, бұл сөз табының сөзжасам заңдылықтары бойынша сан есім сөзжасамында тек сандық атауды ғана білдіретін сөз негіз сөз қызметінде жұмсала алады. Бұл – сан есімнің басқа сөз таптарынан жасалатын жұрнақтарының жоқтығымен, яғни сан есімнің жасалуына басқа сөз табына қатысты сөздердің еш уақытта да негіз бола алмайтындығымен түсіндіріледі. Демек, сан есім сөзжасамы сан есімнің өзіне ғана қатысты. Сондай-ақ бұл сөз табы өзге сөз таптары сияқты күнде жаңа сөздермен толығып, тілге үнемі жаңа сандық атаулар қосылып отыратын сөз табы емес. Оның сөзжасамдық қызметі шектеулі, осыған орай сан есім басқа сөз таптарына ұқсамайды да. Және сан есім бұрыннан белгілі сөздерден тұрады (миллион, миллиард,триллион дегендерді есептемегенде), мұндай сөздерге көне замандардан келе жатқан сандық атаулар жатады. Жоғарыда аталған орыс тілінің ықпалымен кірген сандық атаулар тілімізге бертінде ғана енген, сол себептен оларды жүйелі құбылыс ретінде қарастыруға келмейді. Түркі халықтарының Орхон жазба ескерткіштері кезеңінің өзінде-ақ сан есімнің сөзжасам жүйесі айтарлықтай дәрежеде болғандығы белгілі. Мәлелен, бірліктердің, ондықтардың, жүздіктердің, мыңдықтың аты сол кездің өзінде белгілі болған еді. Мұнымен бірге ол тұста күрделі сан атауларының да жасалу моделі болғандығы белгілі. Осыған қарап сан атаулары мен күрделі сандардың жасалу моделдері осы күнге дәл сол күйінде жетті деуге және келмейді. Себебі бар: ол кезде ондықтардың екі атауы болды (екон – жиырма, үчон – отыз, төртон – қырық т.б.). Сол уақытта ондықтарға қатысты осы атаулардың әрқайсысының да өзіндік қолданылу орны болды, алайда қазіргі тілімізде оның біреуі ғана кездеседі. Бұрынғы күрделі сандар, сонымен бірге бірлікпен араласа қолданылатын ондықтардың аты – қазіргі біздің тілімізде қолданылып жүрген ондықтардың аты. Кейбір түркі тілдерде болмаса, таза ондық қалпында бірліксіз қолданылатын ондықтардың аты қазіргі тілімізге дейін жетпей, тарихи даму барысында қолданыстан шыққан.

Мәселен, түмен деген сан атауы қазіргі қазақ тілінде жоқ, оның ертедегі мағынасы он мың деген күрделі сан атауымен беріліп жүр. Сонымен, біраз сандық атаулар Орхон жазба ескерткіштері кезеңінен бері тілден біржола шығып қалса, енді бір қатар сандық атаулар (миллион, миллиард, триллион) жаңадан қосылған. Содан бері болған өзгеріс дара сан атауларымен бірге күрделі сандардың да моделінде бар. Мысалы, қазіргі тілімізде бірлік пен ондық аралас келген күрделі сан атаулары ондық+бірлік моделіне негізделген: он үш, жиырма бір, отыз екі, қырық төрт, алпыс тоғыз, сексен жеті т.б.

Қорыта келе, сан есім сөз табының лексико-семантикалық топтарының жасалуын неліктен сан есімнің сөзжасам жүйесіне жатқызғандығыңызға және бір түсінік беріп өтейік.

1. Сан есім сөз табының лексико-семантикалық топтарының бөлінуі сандық ұғымгың түрлеріне байланысты. Айталық, қандай да бір заттың санын дәл атау мен мөлшерін шамалап білдіру тең дей алмаймыз. Мысалы, он қой деген мен он-он бес қой дегендегі сандық ұғымдар бірдей емес. Он – нақтылы сандық атау, ол нақтылы санды білдіреді. Ал он-он бес деген нақтылы санды емес, он мен он бес шамасында деген болжал сандық ұғымды білдіреді. Осы тәрізді жеті мен жетінші де беретін ұғымдары жағынан бірдей болмайды. Жеті заттың нақты санын білдірсе, жетінші оның реті мен қатары жайлы ұғымда. Мәселен, жеті үй мен жетінші үй дегендердегі үйдің саны бірдей блып тұрған жоқ. Жеті үй дегенде үйдің жалпы саны жетеу екендігі жайлы нақты ұғым туса, жетінші үй дегенде әңгіме бір ғана үй төңірегінде өрбиді.  Сол сияқты он-ондап келуде дегенде де келушілердің жалпы саны айтылмаған, онда тек сол келушілердің тобындағы жиынтық сан жайлы ғана мән бар. Ендеше сан есімнің семантикалық топтары қолданылуына қарай түрліше сандық ұғымда жұмсалады екен.

2. Сан есім сөз табының ішінде есептік сандардан өзгелері нақты саннан басқа ұғымдарды білдіретін болса да, оларға негіз болатын  - есептік сандар. Демек, өзге семантикалық топтары осы есептік сандар негізінде ғана жасалады, бір сөзбен айтқанда, олар өзге семантикалық топтарына ұйытқы болады. Осыған орай сан есімнің өзге семантикалық топтарының көрсеткіші олардағы сөз тұлғасын жасаушы қосымшалардан көрінеді деген пікірлер де бар. Мәселен: бес, бесеу, бестеген, бесінші, бестеп, бес-бестен т.б. Осындағы кейінгі алты сандық атауға алғашқы бес деген есептік сан атауы негіз болған. Алайда сол бір ғана бес деген нақтылы сан атауынан әрқайсысы өзіндік мәнімен ерекшеленетін түрлі сандық ұғымдар жасалып тұр. Сондай-ақ бұларды үйдің, үйге, үйді, үйде, үйден деген бір лексикалық мағынадағы сөздің түрлі тұлғада қолданылуымен салыстыруға және келмейді. Өйткені мұнда бір сөздің түрлі тұлғада тұруына қарай түрлі ұғымда жұмсалуын емес, бір лексикалық мағыналы сөздің түрлі грамматикалық қолданыстағы түрліше тұлғалануын ғана көреміз. Ендеше есептік сан есімнің өзінен басқа түрлі семантикалық топтарының жасалуына тірек болуын оның жай ғана грамматикалық түрленуі ретінде тануға негіз жоқ. Есептік сан есімнің тұлғалануы түрлі туынды сөздердің жасалуына себеп болады да, сан есімнің лексико-семантикалық топтары жасалады. Бұл лексико-семантикалық топтар арасында қандай да бір мағыналық байланыстың әлсіз көрінуін заңды құбылыс ретінде таныған жөн. Себебі сөзжасам заңдылығы бойынша, түбірлес сөздердің қай-қайсысының арасында болмасын мағына байланыстылығының болуы заңды деп саналады.

3. Басқа сөз таптарында да сан есімнің лексико-семантикалық топтары тәрізді мағыналық топтары (есімдік, етістік, үстеу) бар. Сондай сөз таптарының кез келгенінің мағыналық топтарының жіктелуі міндетті түрде олардың лексикалық мағынасына қатысты болады. Сонымен, түйіндей келгенде, айтарымыз – сан есімнің мағыналық топтарының жасалуы да сөзжасамға жатады және оның мағыналық топтары – сөзжасамдық элементтер.

Сондай-ақ сан есім сөзжасамы – тілде өте ерте қалыптасқан, өзіндік ерекшеліктері көп жүйелі құбылыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Айдаров Г. Язык орхонских памятников древнетюркской письменности ҮІІІ века. – Алма-Ата: 1971. С. 157.

2. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткішіндегі қосымшалар. –Алматы: Мектеп, 1976.

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мектеп, 1966.

4. Хасенов Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. – Алматы: Мектеп, 1957.

5. Төлеуов Ә. Сөз таптары. – Алматы: Мектеп, 1982.

6. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966.

7. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі (морфология). – Алматы: Ғылым, 1974.

8. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. – Алматы: Ғылым, 1983.

9. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.

10. ҚалыбаеваА., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1986.

11. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Ғылым, 1973.

12. Тоққожаева О. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі. 1-кітап. – Алматы, 1996.

13. Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских руническх памятников ҮІІ-ІХ вв. – Ленинград, 1957.

14. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. – Алматы: мектеп, 1988.

15. Хасенов А. Етістіктің лексико-грамматикалық сипаты. – Алматы: Мектеп, 1971.

16. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы: Рауан, 2003.

6

 



Информация о работе Сан есім