Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 09:09, курсовая работа
Қазақ әдебиеті тарихында XX- ғасырдағы алыптар тұлғаларының ішінде бірден-бір есімі аталатын айтыскер ақын Жамбыл Жабаев. Оның өлең жырлары көптеген шет елдерге және бүкіл кеңес одағы адамдарына мәлім. Жамбыл сөз өнерінің асқан шебері. Ақындық таланты қайта гүлдеген Жамбыл Жабаев өз заманының үрдісіне лайық шығарма тудырды. Қазақта «жау шапқандай» және «жау тигендей» деген сөз тіркестері кездеседі. Бұл қазақ елінің қауіп-қатер төнді деген мағына береді. Мұны айтуымыздың себебі Жамбыл сол кезеңдерде елімізде қауіп-қатер төніп үлкен зобалаң жылдарды соғыс тақырыбына арнаған туындылардың иесі болып табылады.
Кіріспе: ..............................................................................................................3
Негізгі бөлім: Шаң жұқпайтын шын жүйрік..................................................5
2.1 «Жамбыл – ұлы заманның ұлы ақыны»...................................................45
2.2 Жамбыл – халық поэзиясының алыбы.....................................................25
2.3 Жамбыл – айтыс өнерінің шебері............................................................32
3. Қорытынды..................................................................................................65
Айтысушылар бір-бірін аямайды, тіпті айтыстың қызған кезінде «дауласып» та қалады. Бірақ, мәселе басқада — айтыстан кейін ақындар өзара сыйластығын сақтайды.
Құлмамбет жас әріптесінен жеңілді, бірақ онымен бірігіп ауылдарды аралады. Жамбыл қазақ эпосын үйренумен болды, Құлмамбеттің шабытты өлеңін де ыждаһатпен тыңдады. Кейіннен де ол дарынды Сарыбаймен, керемет білімдар Досмағамбетпен, қызыл сөздің шебері Шашубаймен кездесіп, сөз жарыстырды. Және осы айтыстарда Жамбыл үнемі жеңіп шығып отырады.
Жамбыл сөз сайысында жеңімпаз болып қана қойған жоқ. Өз әріптестерін айтылған теңеулермен таңдандырып қана қойған жок, ол айтыстың бұрынғы дәстүрінде кездесетін адамның дене мүшесіндегі кем-шілікті де күлкі-әжуа ететін бір қақпай эпиграммаларды да қолданған жоқ, біздің шыншыл да, данышпан Жәкең одан биік тұрады. Айтыстарда ол әрдайым өз халқының жақсы ңасиеттерін, батырлар мен халық бақыты үшін күрескерлерді мадақтады.
Айтыс тыңдаушылардың көз алдында үйреншікті арнасынан өзгеріп отырады. Жаңадан эпикалық поэма туады, тек осылайша «Сұраншы батыр», осылайша «Өтеген батыр» дүниеге келген болар-ау. Осыған орай Қазақстанның филолог-ғалымдары алдында Жамбыл творчествосында эпикалық поэма жанрының қалыптасу негіздерін зерттеу проблемасы тұрғанын айта кеткім келеді. Осылай, күресте халықпен қоян-қолтық араласа жүріп Жамбыл өсе береді. Ол бүкіл Қазақстанға кеңінен тараған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысынан ңалыс ңалған жоқ. Жамбылдың бауыр-лары, Жамбылдың достары, Жамбылдың өлеңдері Бекболат батыр бастаған көтерілісшілермен бір сапта болды. Дәл осы кезде патшалық озбыр әкімшілік — басы Жамбыл болған тоғыз ақынды түрмеге жапты.
Түрме, өмірдің қиыншылықтары және жақындап қалған кәрілік өз дегенін істеді. Жамбыл төсек тартып, көзі бұлдырады, өзін енді ешқашан да жаңа өлең тудыра алмайтын, қаусаган шалмын деп ойлады. Бірақ, керемет өзгеріс болды. Бұл керемет қазақ даласындағы Ұлы Октябрьдің жеңісімен ұштасты. Жамбылдың өмірбаянынан қысқаша үзінді келтірейік: «Мен 75 жасқа шыққанда,— деп есіне алған еді ол,— бойыма жаңа күш қосылғанын сездім. Мен төсектен тұрдым, таяқты тастап, қолыма домбыра алдым, жанарым ашылып, көзім оттай жанды, дауысым қатайып, күшім қайнады. Маған жастық жігер қайтып оралғанын сезіп, мен өлең айттым. Айнала төңірекке көз тастап, өз даламды танымай қалдым. Сол кезден бастап мен қайтадан атқа мініп, ауыл-ауылды араладым, жаңа өмірді жырладым. Мен халықпен бірге болдым».
Бүкіл Қазақстан, содан кейін бүкіл совет елі ақ сақалды Жамбылды білді. Оның домбырасы барған сайын әсем күмбірлеп, қарт ақынның поэзиясы батыл түрде ұлт шеңберінен асты. 1936 жылғы май айында «Пранданың» беттерінде Жамбылдың «Туған елім» деген поэмасы жарияланып, бұл поэма ақынның есімін сан миллиондаған оқушыға мәлім етті. Ақынды бүкіл халық таныды.
Жамбылдың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сіңірген еңбегі мүлдем ерекше. Оның соғыс тақырыбына жазған өлеңдері бүкіл халық,
жүрегінің тынысы, ақ сақалды дана әкенің сөзі ретінде естіледі. Ақынның майданға жолдаған хаттарының арасында Москва, Сталинград, Воронеж қаһармандарына, совет гвардияшы-марына, шын мәнінде, бүкіл халықтық ұранға айналған «Лнинградтық өрендерім!» деген өлеңі ерекше орын алды.
Жауынгер жазушы, Қызыл Флот теңізшісі Всеволод Вишневский Жамбылдың нақ осы өлеңі туралы шабыттана былай дейді: «Ленинградтың ең ауыр күндсрінде — 1941 жылғы күзде қадірменді Жамбыл бізге, қаланы қорғаушыларға арнап: «Ленинградтық өрендерім»,— деп шабытты үндеу айтты. Біз бұл хатты көзімізге жас алмай, қуанышты толғаныс сезімінсіз оқи алмадық. Біз хаттың күшті, қосымша резервтей бағалы екенін сездік. Қазақстанның халқы бізге туысқандық сәлем, сүйіспеншілік пен достық жолдады, біз еселеген күшпен шайқасқа аттандық».
Ақынның жасы жүзге жақындап қалған еді, бірақ ол совет елінің бүкіл ерлік тылындай жұмыс істеді. Бәрі де — Қарағанды шахтерлерінің үздіксіз вахтасы да, Қазақстан малшыларының қажымас еңбегі де, әкелік қамқорлық та, ана қайғысы да оның назарынан тыс қалған емес. Ол сталинградтық жауынгерлерге өлеңдерін жіберіп қана қойған жоқ, оның баласы — Алғадай Волга қамалын қорғап, шайқаста қаза тапты.
1.2. Жамбыл – халық поэзиясының алыбы
Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл туралы жеңіл де оңай және сөйте тұра – күрделі де қиын. Оның айтуға жеңіл себебі, Жамбыл – әлеуметтік, ақындық, тұрмыс – тіршілік жақтарынан алып қарағанда өмірде сирек кездесетін тұтас сом тұлға. Оның алып тұлғасын мүсінші өмір – бүтін бір жақпар граниттен қашап шығарғандай, суретші өмір – оның табиғи көркін бір түсті қалың бояумен айнытпай түсіргендей, ал композитор өмір – оған пәрменді үн беріп, симфониялық әуенге бөлегендей.
Жамбыл туралы айтудың қиындығы мен күрделілігі – оның өмірі мен творчествосы түгелдей қазақ халқының болмыс, тұрмысының
диалектикалық
өзгерісімен тығыз
Егер де Жамбыл ақындығының басты белгілерін анықтауға тәуекел етсек, онда оның табиғатынан төкпе шешен, тегеурінді талант иесі екенінен бастауға тура келеді.
Көпке мәлім, Маяковский өзінің өмір тарихын мынандай сөздермен бастағанды: «Мен ақынмын. Сонымен тартымдымын да қалаулымын». Осы қисынды Жамбылға сәйкестендірсек: Жамбыл өресі биік, өрен жүйрік ақын. Сонымен тартымды да қалаулы ол. Қазақ халқының тарихында поэзияның алтын дәуірі Абай Құнанбаевтан бастап бүгінгі Тұманбай Молдағалиев пен Олжас Сүлейменовтерге дейін созылуда десек, осы арада Жамбыл ең алдымен айырықша ірі және байырғы талант иесі тұлғасымен танылады, табанда суырып салып, турасын айтатын тапқырлығымен көзге түседі. Оның бала кезінен бергі барлық өмір жолы халыққа өлең өнерімен қызмет жасауға бағышталған. Мұны ол өзінің азаматтық борышым деп білген. Бұдан басқа жолды Жамбыл білген де жоқ, білгісі де келген жоқ.
Сондықтан ол әкесі дәріс тыңдатуға берген молдадан ат құйрығын кесісіп, қашан шықты да, өзінің нағашысы Қанадан домбыра тартуды, ал Сүйінбайдан ақындық – импровизаторлық өнерді үйренді.
Осындай құнарлы топырақта Жамбыл таланты дарқан дамып,
кемелденді. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының стихиясы ірі толқындардың жотасында шынайы халық ақыны Жамбылдың таудай тұлғасын аспанмен таластыра шарықтатты. Сондықтан «оның жырларындағы қазақ халық поэзиясының ғасырлар бойы жасаған дәстүрі әлемдік әдебиеттегі факт боп табылды» деп түйді венгер ғалымы Вальдапфель.
Біздің тағдырға ырза болатын бір жайымыз, ол ғасырлар бойы қайғы шеккен қазақ халқының қараңғы көгінде XIX ғасырдың алғашқы жартысының бас-аяғы отыз жылының ішінде бір шоқ жарық жұлдыздың пайда болуы еді. Бұл болашақ бақыт таңының нышаны іспетті жарқын есімдердің шоғыры болатып. Мен Махамбет, Шоқан, Ыбырай, Абай, Сүйінбай туралы айтып отырмын. Осы жарқын жұлдыздардың шоғырына Жамбыл да қосылады. Олар өзінің талантымен, жігер-қуатымен белгілі тарихи жағдайда дүниеге көз-қарасы, білімі, творчествосы арқылы туған халқының рухани байлығын көрсете алды. Сөйтіп мұндай халықты ешкім құрта да, құлдыққа сала да алмайтынын дәлелдеді. Бұлардың еңбегі мен шығармаларының арқасында тарих мынаны көрсетті: шетел бас-қыншыларының табанының астында, ғасырлар бойы хандардың, сұлтан мен патшалардың, бай мен молдалардың езушілігінде Әбу Насыр әл-Фараби заманынан қалған көптеген қалалар мен селолар, жолдар мен каналдар, кітапханалар, мәдени ескерткіштер құрып кеткен. Кейін білдік, осыншама мол шығынға қарамастан, асыл мұраның бірқатары сақталыпты, жетіле түсіпті және халықтың қол жеткен табысы мен оның рухани байлығының қазынасы ретінде біздің күнге келіп жеткен.
Жамбыл кезінде көптеген ақындармен айтысқан. Ол айтыстың көпшілігі естен шығып, бізге он шақтысы ғана жеткен. Айтыс өнерінде Жамбыл жеңіліп көрмеген ақын. Бұл жердегі ақындардың пірі болып есептелетін атақты ақын Құлмамбетпен айтысы — әлеуметтік жағынан нағыз сөз семсерін салысқан өткір жекпе - жектің үлгісі еді. Жамбыл қарсыласқан дұшпаның тек қана ақындық қуатының басымдылығымен емес, сонымен қабат ащы шындыңты айтқан өткір сатираның уытымен жеңді, байларды қызғыштай қорғаған Құлмамбет тұрғысының
дәрменсіздігін аяусыз масқаралап жеңді.
Байларым деп салмақтап
Не қыласың құр мақтап,
Өңкей ақымақ есекті.
Бидің сиқын кетірген,
Кәсіп қып өтірік-өсекті.
Мен сөйлесем қаларсың
Ашылмас тұман ескекке.
Баймын деп сендей тасыман,
Кедеймін деп жасыман
Берекелі елді айтам,
Ел тұтқасы ерді айтам,
Басымнан сөзді асырман.
Есте жоқ ескі замандағы өз өмірі туралы Жамбылдың былай дегені бар.
«Жас кезімде, - дейді Жамбыл,— бұқара халықты жақсы түсіндім. Өзім туралы және халқым туралы шындап жырладым. Халқым туралы жырлағаным,өзім туралы жырлағаным. Өзім туралы жырлағаным, халқым туралы жырлағаным.
Менің жырларым даланың еркін құсындай Жетісу өлкесін түгелдей шарлады. Арық атпен ауылдан ауылға жылжыдым. Қайғы мен шер туралы сыр шерттім.
Бай – манаптардың құлқы мені сүймеді, бірақ қипақтады.Көптеген ру басшылары өздеріне икемдеді. Менің басқа ру ақындарымен айтысқы түсіп, оларды мақтауым үшін азық беруге жақсы сый – сияпат көрсетуге уәде етті. Бірқа, мен халықтан қол үзбеу үшін байларға бармадым. Олармен ат құйрығын кесісіп, өз қалауым мен ілгері кеттім». Революцияға дейінгі ақынның алғашқы өмірі жетпіс бір жылға созылса, соның елу бес жылын, яғни жарты ғасырдан артығын ол өлең –жырғажұмсады. Қазақ, қырғыз жерін көп аралады.
Халық ауыз
әдебиетінің озық үлгілерін,
жалғастыра отырып,сол дәуірде Жамбыл эпос пен лириканың өшпес нұсқаларын жасады,айтысқа түсіп өлеңді суша сапырып, қарша боратты, көптеген мақалдары мен қанатты сөздерді халық жадына сақтап келді. «Кәдірбайдың төбеті», «Зілді бұйрық», «Өстепкеде», «Патша өмірі тарылды» секілді сатиралық өлеңдері көпшілікке кеңінен мәлім.
Жамбылдай эпик ақынның тамаша табиғи дарындылығы «Сұраншы батыр» мен «Өтеген батыр» секілді эпикалық дастандар тудырды. Бұл дастандарда тек қана халық қайғысы мен қасіреті емес, сонымен бірге, халықтың бақытты, шадыман, еркін өмірін аңсаған арманы мен үміті айқын көрініс тапты.
Қазақ кедейінің өкілі, халық мұңының жыршысы Жамбыл болашақ революцияны қарсы алуда халық жағында болды. Осы тұста Жамбыл өміріндегі сирек кездесетін бір жайды айта кетуге тура келеді. «55 жасымда,— дейді Жамбыл,— жүдеу тарттым. Кәріліктен және ауыр тұрмыстан бүркіттей бүрісіп, көзім қарауытты, даусымда қарлығу пайда болды. Домбыраның орнына таяқ ұстадым, кең даланы еркін кезген басым, енді тар төсектен орын таптым. Менің қартая бастағанымды көріп, байлар мен билер, молдалар мен діндарлар қуанып «осы тілі ащы пәледен ертерек құтылсақ екен» деп тіледі. Бірақ олардың тілегі орындалмады ».
Октябрь революциясы жеңді. Қазақ халқы тарихында зор бетбұрыс жасалды. Қарт ақында қайта жасарып, қайта қанат қақты. Гётенің Фаусты секілді тың күш, соны серпінге ие болып, жігері мен творчестволық қуаты қайтадан қалпына келді. Бұл жөнінде Жамбыл өзі былай дейді:
«Жетпістен асқанда жаңа өмірдің таңы атты. Мен жер бетіне орнаған шындыңты көрдім. Ленин батырдың атын есіттім, Қызыл әскердің жеңісін көрдім. ... Мен бұл бақытты, қуанышты өмір туралы, бүкіл халықпен бірге, шын жүректен шыққан өзімнің шабытты жырларымды айттым». Жамбылды жасартқан революцияның керемет күші екендігі шындық. Оны өте жақын білетін замандастары бұған қапысыз кепілдік ете алады. Әрине, Жамбылдың жасарып қайта жасауы, дене қуаты мен творчестволық жігерінің қайта тууы сыңылды «керемет» кездесе бермейтін өте сирек
құбылыс, бірақ болған факт.
«Қаным қымыздай қайнап, бұрқылдап, бүкірейген белім түзелді, кіршіксіз ақ тіс пайда болғандай сезіндім өзімді»,— деген сөзді Жамбыл өз жырында да айтты. Ол шын мәнінде күш-қуатының көпір тасқынын сезілген еді. Дүние тану түйсігі жағынан, тақырыбы жағынан, образдың құрылым, лирикалың саздылығы, ақындық шабыты жағынан Октябрь алдындағы, Октябрь революциясынан кейінгі және совет тұсындағы жырларын салыстырсақ әлгі шындықты байқаймыз: рас, ол қайта жасарды, екінші рет жасады. Ол өзін шалқыма шабыттың қанатында сезінді де, XIX ғасырдың шаң-тозаңын сілкіп тастап, XX ғасырдың алдыңғы қатарлы адамдарының сапына ұлы сеніммен батыл барды. Жаңа дәуір, Октябрь жыршыларымен үзеңгілес болды. Үзеңгілес қана емес - ау, шырқай шарықтаған творчестволық талантымен үздік көзге түсті.
Жалпыға мәлім, Коммунистік партия, қалың оқырман және революцияның тұңғыш толқынында суырылып түскен қазақ ақын-жазушылары Жамбылдың оянған халықпен бастап -ақ бір ниетте, бір тілекте , екендігін, революция мен Ленин ісіне жан-тәнімен берілген талант екенін таныды. Бұл оның тегеурінді поэзиясының жаңа идеялық-эстетикалық қасиеті мен арынынан, ондағы революция нығайтқан лениндік халықтар достығының аса әсерлі жырлауынан, Октябрь, дұшпандарын әшкерлейтін қаһарлы сатиралық, образдарынан, халыққа деген шексіз сенімінен анық байқалды. Жамбылға Октябрьді қабылдау ма,яки қабылдамау ма, халықпен бірге жұмыс істеу ме, не болмаса одан тыс қалу ма, әлде азамат соғысы біткенше қарай тұру жөн бе деген секілді сауалды шешудің қажетті болмады.