Жамбыл менің атам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 09:09, курсовая работа

Описание

Қазақ әдебиеті тарихында XX- ғасырдағы алыптар тұлғаларының ішінде бірден-бір есімі аталатын айтыскер ақын Жамбыл Жабаев. Оның өлең жырлары көптеген шет елдерге және бүкіл кеңес одағы адамдарына мәлім. Жамбыл сөз өнерінің асқан шебері. Ақындық таланты қайта гүлдеген Жамбыл Жабаев өз заманының үрдісіне лайық шығарма тудырды. Қазақта «жау шапқандай» және «жау тигендей» деген сөз тіркестері кездеседі. Бұл қазақ елінің қауіп-қатер төнді деген мағына береді. Мұны айтуымыздың себебі Жамбыл сол кезеңдерде елімізде қауіп-қатер төніп үлкен зобалаң жылдарды соғыс тақырыбына арнаған туындылардың иесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе: ..............................................................................................................3
Негізгі бөлім: Шаң жұқпайтын шын жүйрік..................................................5
2.1 «Жамбыл – ұлы заманның ұлы ақыны»...................................................45
2.2 Жамбыл – халық поэзиясының алыбы.....................................................25
2.3 Жамбыл – айтыс өнерінің шебері............................................................32
3. Қорытынды..................................................................................................65

Работа состоит из  1 файл

Жамбыл атам менің.doc

— 134.50 Кб (Скачать документ)

Соғыс тұсында  Жамбыл бірнеше рет қайталап: «Мен фашизмді талқандайтын жеңіс күніне дейін сөзсіз өмір сүремін», - деуші еді. Ол осы арманына жетті. Ол жеңіс күнін құшақ жая қарсы алды.

Жүз жасқа толуға алты ай қалғанда, яғни 1945 жылы 22 июньде Жамбыл дүние салды.

 

                                                        15

    Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті және Қазақ республикасының үкіметі Жамбыл қазасын халыққа хабарлағанда «XX ғасырдың Гомері және халық поэзиясының алыбы» деп атады.

Жамбылдың қайғылы  қазасына бүкіл әлем үн қосты. Ол қайтыс болған жерге (ақынның есімімен аталған колхоздағы үйіне) соңғы сапарға шығарып салу үшін Алматыдағы мыңдаған адамдар ағылып келіп жатты. Ақын сүйегі қойылған жердің үстіне күміс күмбезді мавзолей тұрғызылады.

Жамбылды тағы да Абаймен салыстыруға реті келіп  тұр. Қазақ жазба реалистік  әдебиетінің  негізін салушы, білімпаз ақын,  философ,  ағартушы Абай өзінің баспа бетінде бірде – бір сөзін көре алмай, көз жұмды ғой.  Ал, совет дәуірінде өмір сүрген, қара танымайтын Жамбыл туындылары бастан – аяқ басылап шықты. Жамбыл поэзиясы Совет Одағыдағы туысқан республикалардың  барлық  тіліне, бүкіл континенттегі қырықтан астам шетел тіліне  тәржіма жасалынды. Оның  поэзиясында совет дәуірінің ұлылығы  поэзия  тілімен  дәлелденіп,  шынайы  дәріптелді. 

Қазақстандағы ең үлкен облыс және орталығы, өзі  тұрған  аудан Жамбыл  есімімен  аталды.  Жамбыл  қаласындағы  алаңға  ақын  ескерткіші  қойылды.

                 Жамбыл – айтыс өнерінің шебері

Ақындық өнерді шыңдай, ұштай  түсетін ең қатал  мектеп – айтыс дәстүрі екені  баршаға аян. Халықтың  дәстүрлі ақындық шеберлік мектебінен басқа ақындар сияқты Жамбыл да  өтеді. Ол «қайым айтысқа» ерте араласады. Жас ақынның алғашқы ауызға ілініп, көпшіліктің назарын аударған бірінші айтысы оның  Сайхал қызбен айтысы. Жамбыл ақын  қыздың атын естіп, онымен кездесу үшін әдейі іздеп барады. Оның сол елге келіп, өзімен кездесуге ізденіп жүргенін біліп, қыз да айтысқа әзірленеді. Бір жиын тойда екеуі ақыры кездесіп ұзақ  айтысады. Айтыс аяғында қысылған қыз тұрпайы сөзге барады да, оған Жамбылдың қайтарған жауабы ұтымды, өткізіп шығып, қыз жеңіледі.

Осы айтыстан кейін  Жамбыл ойын – тойда, көпшілік жиналған жерде  

                                              16

тартынбай айтысқа  тұсе береді. Жамбылдың бұдан кейінгі  Айкүміспен, Бөлек байдың қызымен  айтысы да қызықты. Бір -  екі мысал: Бөлек байдың салтанатты көшінің басында байдың қызы көштен қалмай ілесіп келе жатқан көк шолақ атты, жұпыны киінген бала жігітті өлеңмен әжуа – мазақ етіп:

Көк шолақпен тепектеп,

Торы шолақты  желекпен.

Жанай берме  көшімді,

Түйелерім шошиды, -

дейді.

Жас Жамбылдың  іздегені де осы:

Әсем баққан құла атың,

Өзіңді де ұнаттым.

Жақындағым  келеді

Жақсы көрген жұратым, -

деп әзілмен  жауап береді. Оған қыз:

Жолаушы адам, білемін, жүдеп келер,

Еру елден бірдеңе  тілеп келер.

Көш басынан  қалмайсың қосанжарлап

Аулақ жүрсең, жарқыным, кім өкпелер? – 

Қыздың осы  бір ауыз сөзін іліп алып Жамбыл:

Оның рас, жолаушы  жүдеп келер,

Жүдесем де мен  емес қыз өткерер,

Көк шолақпен көшіңді  бір жүрмесем,

Балғалыды Бөлектің қызы өкпелер, -

деген сияқты сыпайы әзіл, жастық наз айтады.

Мұндай айтыстарда өлеңнің алдыңғы немесе соңғы  екі жолы айтысқан  екі ақынның  өлеңіне де ортақ болып келе береді. Содықтан да айтыстың бұл түрі онша қиынға түспейтін, ақындардың өздерінен  өздері алғаш сынап байқалатын, үлкен айтысқа жолдама алатын «қайым айтыс» түрі Жамбылдың да алғашқы мектебі болған.

                                                       17

Ал, Жамбылдың  Айкүміспен айтысында   әзіл –  қалжың, жастық ишарамен қатар әлеуметтік мотивтің элементтері бар.

Жамбыл Айкүміспен 1871 жылы ел аралап жүріп бір байдың аулында кездесіп, айтысады. Бұл  айтыста екі жастың теңіне қосыла алмаған мұңы баяндалады.

Жамбыл ә  дегеннен  Айкүміске тиісе сөйлейді:

Сен үшін жатсам, тұрсам арманым көп,

Жем болып кете ме деп жамандарға.

Айкүміс:

Біле ме пенде  шіркін өз кемісің,

Ел кезіп, есер мінез сен  де жүрсің.

Жаралаған жат  – жұрттыққа нашармыз ғой,

Жарқыным, өкінбеші сен мен үшін!

Жамбыл бұған  тоқтамай, байқаусыздан қыздың жанына тиер тағы бір сөз айтады:

Барасың бір  жаманға өзің қор боп,

Отырсың Қарқарадай әзір зор боп.

Көзіңе көк  шыбынды үймелетер

Көргенің өле  – өлгенше ылғи сор боп.

Айкүмістің:

Жамбыл –  ау күпінесің неге сонша?

Құтқарып қыз  біткенді қалған жанша.

Қолдағы қаршығаңнан  неге айрылдың

Тұтқасы дүниеннің  сенде болса? –

деген, бар шындықты айтқан дәлелді сөзінен Жабыл  жеңілгенін мойындайды. Ол бір ауыз, әзілден басталған шағын ғана айтыстың үстінде барша әйел тағдыры, жастар трагедиясы әңгіме болып қалады. 

Құлмамбет пен  Жамбыл айтысы: 1881 жылдар шамасында  Іле өзенінің бойында болған үлкен  жәрмеңкеде өткен секілді. Бұл жәрмеңкеде Орта жүз, Ұлы жүзден көптеген ақындар  бас қосады. Бұрын талай айтыстарға түскен, Орта жүзге аты әйгілі Түбек ақын мен Жапақ,

                                                18

Бақтыбай, Сүйінбай сияқты жүйрік ақындармен айтысқан өрен жүйрік Құлмамбет осы жиында тоғыз  ақынмен айтысып, бәрін де қирата жеңіп домбыраларын керегеге таңғызып қойып, тағы кімің бар? десе керек.

Жас жағынан  Құлмамбеттен көп кіші, әрі үлкен  ақынды сыйлап, әдеп сақтап, әрі аты-шулы «құлан аяқ» Құлмамбетпен айтысуға жүрексінген  Жамбыл, шынында да біраз қысылып  қалыпты. Жамбылдың осы халін  сезген Құлмамбет:

Өлеңші толып  отыр көбелектей,

Тоғыз ақын толғанып төңіректей.

Тоғыз тұрмақ ақының он бір болса,

Немене бәріңді  де басып өтпей,—

деп Жамбылға өзі  тиісе сөйлеп, айтысты бастап кетеді:

Болғанда мен  ақсұңқар, сен бір тауық,

Сен әтеш айғайлаған ауық-ауық.

Болмаса аты  шыққан Сүйінбайың,

Басқасын қою керек жылы жауып.

Ажал түртіп жүрмесін аңдамастан,

Оқтаулы ақберенге  қарсы шауып,—

деп Жамбылды біраз  «қорқытып» алады.

     Құлмамбет:

Ей, Жамбыл, үндемейсің дертің бар ма?

Үндемеске қылған бір сертің бар ма?—

деп «шапқа түрткеннен»  кейін сабырлы тыңдап отырған Жамбыл еріксіз жекпе-жекке шығады:

Қызғанша айғай  шығып, едім салғыр,

Сейлесең әр немені тілің шалғыр;

Келген жерден сөйлейсің тура тістеп,

Қалайша шайқақтайсың тәңрі алғыр?

Ерлігім ерлігіңе дөп келеді,

Байлығым байлығыңа  еп келеді.

          Кісіні дым білмейтін тапқандай-ақ 

                                              19

Есіріп көрген жерден ентеледің,—деп, Құлмамбеттің ә дегенде-ақ бетін қайтарып   тастайды.

Құлмамбеттің  бар сөзінде байлықты, барлықты мадаңтаудан  басқа жаңалық жоқ. Жамбыл да ел байлығын айтады, бірақ сонымен шектеліп қоймайды, Жамбыл сөзінде тыңдаушы көпшілік, халық қолдар жаңа сөз бар, жаңа сарын бар, ол — ерлікті, ел қамқоры болған батырларды мақтан ету.  Екінші жаңа сөз — «өнері асқан ерді, көк күмбездермен көз тартқан қала салған», жаңалыққа, мәдениетке ұмтылған елді мақтан етуі. Жамбыл халық мұңын жырлаушы, халық ойын, арманын қолдаушы ақын, сондықтан оның Құлмамбетке қояр талабы да сол халық арманынан табылып жатады:

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап шалықпай жөніңе қайт,—

деуі және өзі  туралы айтқанда:

Баймын деп  сендей тасыман,

Кедеймін деп  жасыман.

Берекелі елді айтам,

Ел тұтқасы  ерді айтам.

Басымнан сөз  асырман!—

деуі, тың ойлар  айтатын, адам қасиеттерін жаңа сөздермен  жырлайтын ақын туғанын көрсеіеді. Мұны Құлмамбет те таниды. Сонда  да Жамбылды шапырашты руының кедейлігімен кеміткісі келіп, ақынның мақтан етіп дәріптеп жырлаған, халықтан шыққан, ел қамқоры болған батырлары Сұраншы мен Саурықты өз ажалымен өлмей:

Секеңдеген  серкенің  ажалы  деп,                                                                                                                                                                                                                                                                           Саурық пенен Сұраншы жаудан өлген,—

деген ретсіз, орынсыз  айтқан сөзінен ұсталады да, қатты  ұтылады, жөңге, жүйеге тоқтайды. Айтыс  басында Құлмамбетті сыйлап, әрі сескеніп отырған Жамбыл, өз сөзі өктем шыққан сайын және ойы халық ойынан

                                                      20

шығып, сөзін  ел қоштап, қошеметтеген сайын іріленіп:

Үстіне жайдың оғын жайлатармын,

Екі қолыңды  артыңа байлатармын,—

деп Кұлмамбетті  енді өзі алқымдап, қыса түседі. Сөйтіп, көкірегін соғып отырған Құлмамбет  сөз жүйесінен жеңіліп, жеңіске  Жамбыл ие болады.

Жамбыл ақындығының  ең биік белесі осы Құлмамбетпен айтысы. Ол нағыз ақындық өнерінің ашық майданында, жеке айқасқа шыққан батырдай, әйгілі ақынды жеңіп, енді ірі ақын қатарына қосылады, Жамбыл даңқты ақын «құлан аяң» Құлмамбетті жеңіпті деген хабар бүкіл Жетісуға ілезде тарайды. Айтысты жұрт сол жерде-ақ жаттап алып, ел ішінде айтып жүреді.

Жамбылдың Сарбаспен  айтысы да ақын творчествосынан белгілі орын алатын және айтыс өнеріндегі шеберлігін танытатын маңызды жырларының бірі. Бұл айтыс өткен ғасырдың 90-жылдарында өткен. Сарбас:

Шапырашты сенен  Дулат көп едім,

Бәрі де бай, бәрі мырза, бек едім.

Тіленшінің  құнындай Берекесіз ел едің.

Үміт қылып  келіпсің

Мені алдырар  демегін,—

деп, дулаттың көптігін және байлығын алға ұстайды.

Жамбыл өз кезегінде  дулат, албан, суан   руларының  шежіресінен жыр қозғап, Сарбастың  сұрақтарына жауап береді және шапыраштының аздығы оның міні емес екенін дәлелдейтін жауап береді:

Мен Шапырашты  ұлы едім,

Алтыннан қылыш  сермеген,

Көп дулаттың баласы

Рас, сенен аз едім,

Аз да болсам батыр ем.

Топты жерге  барғанда,

Саулап тұрған сөз едім.

                                              21

Жаулы жерге  барғанда,

Атамын деп  оқталған

Көк берен болат  кез едім,—

деп Жамбыл шапыраштының елдігін, батырлығын, одан шыққан Саурық, Сұраншы сияқты батырларын тағы да мақтан ете жырлайды. Елді бір жағынан қалмақ ұрылары таласа, екінші жағынан қырғыздың Орман ханы мазаласа, ал үшінші жақтан Қоқанның Беглер бегі әскерін топырлатып, күнде тонап жатса, үш жақтан бірдей жау шауып, титығы құрыған елді құтқарған кім еді?

Міне осындай  заманда,

Екі талай күн  туып,

Ел қыспақта тұрғанда,

Ел намысын  жоқтаған...

Қаймығып жаудан қайтпаған,

Ел тыныштығын сақтаған,

Халқы сүйіп  мақтаған,

Ардагер батыр  кім еді? —

деп сұрақ қояды да, оған өзі:

Саурық еді арыстан,—

деп жауап береді.

Досмағамбет ақындығымен қатар діндар болған адам. Сондықтан ол Жамбылға дін жұмбақтарын қоса жұмсайды. Бірақ Жамбылға дін де шідер бола алмайды. Қайта Жамбыл Досмағамбет сияқты өзге молдасымақтарды да бірге өлтіре әжуалайды:

Сен сықылды  ыолдалар

Бетіне ұстап  құранды 

Өтірік айтып  елді алдап,

Таратқан қисық  ұранды.

Молда емессің  соқырсың,

Зікір айтып  зарлаған,

Жаназа оқып өлгенге,

                                           22

Підия айтып  жалмаған

Шариғат жол  мынау деп,

Қараңғы надан  халықты,

Көзді жұмып  алдаған 

Кедей өлсе үйіне,

Күңіреніп бармаған

Аттана шауып  бай өлсе,

Қирағаттап құранды

Күні түні зарлаған.

Жақсы көрсе  молданы,

«Көз бояушы залым»,— деп 

Көпшілік неге қарғаған?

Информация о работе Жамбыл менің атам