Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:30, лекция
Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің барлық жақтарынан дер кезінде және толық мәлімет алып отыруға, шаруашылықты өркендетуге ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, білім беру мазмұнын ізгілендіруге мүмкіндік беретін ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшеленеді.
1. Кіріспе
2. Методикалық бөлім.
2.1 Жаңа педагогикалық технологиялар.Оқытудың қазіргі технологиялары.
2.2 Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері
2.3 Оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны игеру жолдары.
2.4 Информациялық технологияны қолданып оқыту.
3. Практикалық бөлім.
3.1 Сабақ жоспары 5 түрлі.Интерактивті тақтаны пайдаланып оқыту.
Қорытынды
Қосымашалар
А. Интернет желісі.
Ә. Глоссарий. Сөздік.
Б. Әдебиеттер
Суретті-тексті сайттар тексті сайттарға қарағанда көркемділеу болады. Бірақ суреттік форматтағы материалдардың көп болуы файлды ауырлатып жібереді. Оны интернет жүйесінде тарату компьютер желісінің шапшаңдығын қажет етеді. Сондықтан бұл сайттарды жасауда да сурет пен текстің балансын керек етеді.
Мультимедиалық электронды оқулықтар – негізінен жеке қолдану үшін ғана жасалады. Жасау құралдары да көбірек болады. Мысалға видео жазу, аудио жазу, анимациялау және т.б. электронды оқулық жасаушыларға көп талап қояды. Мысалға программалаушылар, музыканттар, суретшілер және тағы да басқа мамандардың біліктілін керек етеді. Яғни мультимедиалық оқулықтар құны көптеу болады. Және интернет арқылы тарату – қашықтан оқытуда оқытушы жағынан да, оқушы жағынан да көп техникалық дайындықты керек етеді.
Мүмкіншілікке қарай электронды оқулықтарды жасаудың тиімді тәсілдерін таңдау және негіздеу.
Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жасау құралдары компьютер мен олардың желісіне негізделеді. Бұл тұрғыда компьютерлік оқу құралдарын негізге алуға болады.
Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Еліміздің ұлтық ғылым академиясы да компьютер арқылы үздіксіз білім беру ісіне көп көңіл бөліп, көптеген педагогикалық тақырыптарда ғылыми жұмыс жүргізу ісін қаржыландырып келеді. Осы бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Оқу жүйесінде информациялық технологияны жалпы қолданудың маңызынан гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тісілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:
- компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;
- оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
- компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
- әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалдарының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу құралдарын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық оқу-материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің “алшақтығы” білім берудің негізгі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқуп-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу құралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады.
Сонымен компьютер арқылы білуге арналған ақпараттық-оқыту және әдіснемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
- таратылып берілген оқу материалдары;
- бақылау және тестен өткізу материалдары;
- жаттығулар;
- сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналған әдістемелер;
- әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
- экраннан берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын компьютердің мультимедиялық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу құралдары жалпы оқу жүйесін талаптарға сәйкес жасалады, ал ның ақпараттық-әдіснемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асырылуы тиіс.
Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралдарын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет. Төменде осындай шығармашылық топтың мүмкін деп саналатын бір нұсқасының функционалдық құармы көрсетілген, онда пән мұғалімінен бөлек компьютерлік оқыту әдіскері, білім сапасын тексеру жағының мамандары, суретшілер (дизайнерлер), программалаушылар болуы тиіс.
Компьютерлік оқу құралдарын жсайтын шығармашылық топтың функционалдық құрамы
1. | Пән мұғалімі |
2. | Компьютерлік оқыту ісінің әдіскері, жалпы “сценарий” жасауды басқарушы |
3. | Түрлі түстер үйлесімділігі мен дыбыс, анимация (қозғалыс), мәтін бөліктері құрамын тағайындайтын және сондай материалдарды даярлау ісін басқаратын маман (дизайнер) |
4. | Оқыту нәтижелерін тест арқылы бақылау ісінің маманы (әдіскер) |
5. | Басқару алгоритмдерін кодтап, программа жасайтын маман (программалаушы) |
Мұнда мынадай негізгі талаптардың орындалуын атап өткен дұрыс:
- компьютерде қолданылатын ақпараттық-оқу материалдары мен тексеру, бақылау сұрақтары айқын, әрі түсінікті болуы шарт;
- берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін жасау, яғни оқу процесіне сай компьютердің функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, бұрынғы дидактикалық тәсілдерді жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы тиіс;
- оқу құралдарының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының, сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке “сценарийін” жасайтындай мүмкіндіктер болуы қажет;
- даярланған программаның “ашықтық” деңгейін анықтау, яғни оны пайдаланушылар (оқыту ісін нақты түрде жүргізіп отырған мұғалімдер) оқу құралдарының белгілі бір функционалдық блогын оқу жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу мен немесе оқу процесін басқару бөлігін жетілдіру, т.с.с.
Компьютерлік оқу құралдарын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы прогарммалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі, олар: Visual Basic, Delphi, Power Point, т.б. Бұларды пайдаланудың артықшылықтары:
- программа жасау мерзімін қысқарту;
- программа жасау мен оны пайдалану кезеңдерінің барлығында да оны сүйемелдеу ісінің жеңілдігін қамтамасыз ету;
- оқу құралдарының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы мұғалімге материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;
- оқу құралдарының кейбір бөліетерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.
Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасауда HTML және “Java” тілдерін немесе бұл жұмысты жеңілдететін программаларын пайдалану қажет.
Біздегі алғашқы электрондық оқулықтарға шет тілін, Қазақстан тарихын, валелология, қоғамтану, информатика пәндерін оқуп үйренуге CD-дискілерге жазылып даярланған оқу құралдарын айтуға болады. Олар модульдік принципке сәйкес тақырыптарға бөлініп, гиперсілтемелік мәтін құрастыру тәсілімен жасалып, мектеп бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының көптеген тақырыптарын қамтиды.
Бұдан былай қазақ-орыс тілдеріндегі электрондық оқу құралдары да тегін таратылатын күйге жетіп, Интернет жүйесіндегі АҚШ, Ресей білім порталарындағы тәрізді оқу орындарының web- сайттарында орналастыралады деген ойдамыз. Қазақ-Британ техникалық университеті мұнай-газ және информатика саласындағы мамандар даярлауда студенттер күшімен жасалған электрондық оқу құралдарын алдағы оқу жылында үздіксіз білім беру бағдарламасына сәйкес www.kbtu.edu.kz адресі бойынша орналастырмақшы болып отыр.
Ал, Ресейде кең тараған алғашқы компьютерлік оқулықтарға “Инженерлік мамаедықтарға арналған жоғары математика” курсын жатқызуға болады, онда бірнеше жоғары оқу орындары дайындаған 17 түрлі программалар дестесі (пакеті) келтірілген. Бұл оқулықтың ерекшелігіне бір программалық кешен аймағында бірнеше жеке оқу программаларын біріктіріп, математика пәнін оқытудың біртұтыс компьютерлік курсын жасау ісі жатады. Оған кез келген маман қосымша тақырыптар қосып толықтыруына болады. Оның үстіне бұл программаға арнайы математикалық есептеу программаларын да қосып пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптасып келеді. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жасау ісі өндірістік индустрияның жаңа арнасын қалыптастыруда. Ол білім жүйесіндегі экономиканың бір саласы ретінде жыл сайын белгілі бір қаржы бөлуді керек етеді. Бұдан былай оқу орындары мұғалімдерге жалақы төлеу, оқулықтар, әдістемелік құралдар сатып алумен қатар электрондық оқу құралдарын сатып алуға (дайындауға да) тұрақты қаржы көзін бөліп отырулары керек. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кем дегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002 жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған “Қазақстан Республикасы ұлтық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту” мемлекеттік бағдарламасы да компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт – сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру ісімен жалғасуы тиіс. Білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні талас тудырмаса керек.
Компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар: 1. Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді; 2. Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.
|
Информация о работе Инновациялық әдістерді пайдаланып оқыту әдістемесі