Инновациялық әдістерді пайдаланып оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:30, лекция

Описание

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің барлық жақтарынан дер кезінде және толық мәлімет алып отыруға, шаруашылықты өркендетуге ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, білім беру мазмұнын ізгілендіруге мүмкіндік беретін ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшеленеді.

Содержание

1. Кіріспе
2. Методикалық бөлім.
2.1 Жаңа педагогикалық технологиялар.Оқытудың қазіргі технологиялары.
2.2 Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері
2.3 Оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны игеру жолдары.
2.4 Информациялық технологияны қолданып оқыту.
3. Практикалық бөлім.
3.1 Сабақ жоспары 5 түрлі.Интерактивті тақтаны пайдаланып оқыту.
Қорытынды
Қосымашалар
А. Интернет желісі.
Ә. Глоссарий. Сөздік.
Б. Әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Инновациялық әдістерді пайдаланып оқыту әдістемесі.doc

— 183.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.

 

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

            Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.

            Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

            Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

            Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.

            Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.

            Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.

            Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.

            Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

            Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

            Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

            ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары

            Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.

            Пән аралық байланыстың аздығы.

            Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.

            Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.

            Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.

            Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.

            Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.

            Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

            Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.

 

 

 

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

1.           Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

2.           Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

3.           Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

4.           Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

                  Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;

                  Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;

                  Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.

Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

                              Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарлаиасына сәйкес болуы;

                              Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

                              Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

1.           Білім мониторингісі;

2.           Сауалнамалар;

3.           Түрліше тестілік бақылаулар;

4.           Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.

5.           Оқушыларды сырттай бақылау

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.

Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды география сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.



Информация о работе Инновациялық әдістерді пайдаланып оқыту әдістемесі