Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 07:31, реферат
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.
20. Асқазан, ішек науқасына
21. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құй-ып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен кү-ніне бес – алты рет ішуі керек.
22. Балды, әсіресе, бауыры және
өт жолы ауыратын адамдар
Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.
23. Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады. Аузы уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.
24. Балды үккіштен өткізілген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәру-менді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.
Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қой-дың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондайақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы.
25. Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.
Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.
Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір жақсарады.
26. Бал мен шоколадтың салмақ
тастауға да өзіндік пайдасы
бар. Қоңыр шоколадтың
Балдың құрамы мен қуаты
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тә-різді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.
АДЫРАСПАН ТУРАЛЫ АҚИҚАТ
Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған.
Атам қазақ өзі аса киелі
деп білген бұл өсімдікті өсіп
тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын
қатаң сақтаған. Біріншіден, оны қауызы
толып, тұқымы толық піскен кезде ғана
жұлған. Екіншіден, ер адамның ғана жұлуына
рұқсат етілген. Үшіншіден, сол жұлатын
адамның жаны ғана емес, үсті-басы таза,
дәреті бар екеніне мән берілген. Төртіншіден,
жұлушы кісі міндетті түрде Аллаһқа құлшылық
етіп, «Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-
Біз бала жасымыздан осы адыраспанның арасында өстік десек те болады. Арал қаласында әкемнің қолымен тұрғызылған үйіміздің бақшалығы іші осы киелі шөпке толы еді. Құдды газон тәрізденіп тұтасып тұрған сол қалың қау шөптің арасымен жүргенде, олар аттап өтуге жол бере қоймайтын. Сонда әкем Сердалы сол әулиелі өсімдікті қызғыштай қорып: «Балаларым, бұл қастерлі шөпті жұлушы болмаңдар, киесі ұрады» дегенді жиі айтатын. Ал бақшамызда жайқалып өсіп тұрған адыраспанның нуын байқаған көрші-қолаң: «Сәке, есіктеріңіздің алды киелі өсімдікке толы сіздер қандай бақыттысыздар!» дегенді шын ынты-ықыласымен жеткізіп жататын. Сол кезде бала болсақ та, «адыраспан» атты қасиетті өсімдіктің бар екенін, оған тиюге болмайтынын бүкіл санамызбен түйсіндік.
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Сонау алты ғасыр бұрын өмір сүрген халықтық емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1478 жж.) «Шипагерлік баяны» соның бергі кезеңдердегі өнегесі ғана. Тарбағатай өңірінде 1787 жылы өмірге келіп,1850 жылы қайтыс болған атақты Ырғызбай Досқанұлы емші дәрілік өсімдіктерді жақсы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын дәрежеге жеткен. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды дәрілік шөптерімен ауыр дерттен жазып шығарған деген сөз бар. Емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағы мен тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда, олардың қандай науқастарға ем болатынын табиғи түйсігімен дөп біліп, білігін одан ары дамытқан. Сол емшінің көп ауруға қолданатын дәрілік шөптерінің қатарында біз сөз етіп отырған адыраспан да болған.
Адыраспанды емшілер дәрілік шикізат ретінде шілде айында гүлдеген кезінде жинап алады екен. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін бір қиқымын жерге түсірмей көлдей орамалға түйеді. Алғанда тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады. Осылайша ол екі жыл сақталуы керек. Ал тұқымын өскіннің қауашағы ашыла бастаған кезде теріп алады. Оны да төбесі жабық болғанымен, ауа өтіп тұратын бастырма астында кептіреді. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.
Жасыратыны жоқ, адыраспан – барынша улы өсімдік. Оның мұндай қасиеті барын аталмыш өскінді ыстау үшін отқа тигізген кезінде ұшатын ащы түтінінің өзі байқатады. Өсімдіктің химиялық құрамына көз жүгіртсек, бұл сөзіміздің дәлелді екенін анық аңғара түсер едік. Адыраспанның тұқымында 3,5-6 пайыз алкалойд, 60 пайыз гармалин, 30 гармин және шамалы ғана мөлшерде гармалол, пеганин (вазицин) мен дезоксивицинон шөбінің құрамында 1,5-3 пайыз алкалойд, 60 пайыз пеганин мен вазицинон бар. Бұдан басқа аздау көлемде пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылған. Тамырында -1,7-3,3 пайыз, сабағында -0,23-3,57 пайыз, жапырағында – 1,07-4,96 пайыз, гүлінде – 2,82 пайыз, жемісінде – 1,08 пайыз, тұқымында 2,38-4,59 пайыз алкалоидты заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мөлшері 2 есе көп келеді.
Фармакологияда адыраспан
Адыраспан ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше. Ол сонымен қатар ертеден бояғыш зат ретінде кәдеге асады. Оның тұқымынан негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Мәселен, ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Түркияда ерте кезеңдерден ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, онымен өздерінің ұлттық бас киімдері – фесканы бояған.
Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды. Оған тек «ханның қызы» сияқты қасиетті қоңыздар ғана қонады.
Біздің адыраспан жөніндегі бір білетініміз осы.
Жаңагүл СҰЛТАНОВА,
Дәрілік мелисса
Мында өту: шарлау, іздеу
Дәрілік мелисса
Lemon Balm
Lemon Balm
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
(unranked) Eudicots
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Lamiaceae
Тегі: Melissa
Түрі: M. officinalis
Екі-есімді атауы
Melissa officinalis
Linnaeus[1]
Дәрілік мелисса – биіктігі 70-120 см, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, төрт қырлы, сыртын түгелдей түк басқан, бұтақшалары көп.
Жапырақтары – ақшыл-көк түсті, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, сағақтары – ұзын, пішіні сопақша келген, жұмыртқа тәріздес. Жапырақтарынан лимон иісіндей иіс шығып тұрады, дәмі ащылау болады. Гүлдері майда, 6-10-ы жиналып, сабақтың ұш жағына шоғырланған. Гүл тостағаншасы түтікше тәріздес, 5-6 қалақшасы бар. Өсімдік шілде-тамыз айында гүлдейді. Гүлінен де лимон иісі шығады.
Жапырақтарда, гүлінде лимонның иісі болғандықтан, халық мұны лимон шөбі, лимондық мелисса деп те атай береді.
Таралуы
Негізінен, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының жерлерінде жиі кездеседі. Олар көбіне жабайы өсетін бұталардың арасында, тоғайлардың күн сәулесі көп түсетін тұстарында, тұрғын үйлердің, ескі мал қораларының майында өседі.
Құрамы
Өсімдік жапырағының құрамында 0,3 пайызға дейін эфир майлары, 6-7 мг/пайыз шамасында протеин, 120-150 мг/пайыз аскорбин қышқылы, смолалар, илік заттар, кофеин, урсол қышқылдары және басқа да заттар болады.
Пайдасы
Дәрілік шикізат ретінде сабағы, жапырағы, гүлі жинап алынады. Өсімдік гүлдей бастағанда жиналған дәрілік шикізаттың шипалық қасиеті жоғары болады. Дәрілік шикізат сапалы түрде кептіріліп, құрғақ орында сақталынады.
Өсімдіктің дәрілік шикізатының құрамында эфир майлары болғандықтан, оны нерв жүйесін тыныштандыру, ауырсынуды басу үшін қолданады. Сондай-ақ, дәрілік мелиссаның жүрек жұмысын жақсартатын, орталық нерв жүйесінің қозуын тежейтін қасиеттері бар.
Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілері
A.
Ерінгүлділер .
Қосжарнақтылар класына жататын ерінгүлділердің жер жүзінде 3500-ге жуық түрі өседі. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Еріндігүлділерді кейде тауқалақайгүлділер деп те атайды. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.