Дәрілік өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 07:31, реферат

Описание

Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.

Работа состоит из  1 файл

Дәрілік өсімдіктермен емдеу.docx

— 117.03 Кб (Скачать документ)

Жалбызтікен

Мында өту: шарлау, іздеу

Жалбызтікен

 

Жалбызтікен (Althaea) — құлқайыр тұқымдасына  жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 3 түрі бар. Көбірек тарағаны: дәрілік Жалбызтікен Барлық жерде: далада, шалғында, өзен аңғары мен жағалауларында, орман-тоғайда, шабындықтарда, бұта арасында өседі. Маусым— қыркүйек айларында гүлдейді. Биіктігі — 50-200 см. Сабағы — тік, бұтақты, жұмыр, түкті. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қалақша тәрізді, жиектері бүтін не ирек. Күлтесі алқызыл, ақ, қызғылт. Жемісі — тұқымша. Дәрілік, шірнелі өсімдік. Жалбызтікеннің тамыры, жапырағы мен гүлдерінің дәрілік қасиеттері бар. Тамырында пектин, крахмал, аспарагин заттары бар. Жалбызтікен тамырынан көптеген дәрілер жасалады. Тамыр тұнбасы, шырыны, сығындысы тыныс жолдары ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады.[1]

 

Жалынгүл

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Жалынгүл (Coronarіa) – қалампырлар  тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда екі түрі бар: 1) көкек Жалынгүлі (C. flos-cuculі) – ылғалды шабындықтар мен батпақты жерлерде өсетін арамшөп. Биіктігі 30 – 100 см. Сабағы тік, жоғарғы жағы бұтақтанған. Қызғылт (сирек ақ) гүлдері масақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Жемісі – қорапша; 2) қабықты Жалынгүл (C. corіacea) – ылғалы аз, құрғақ жерлерде өседі. Биіктігі 40 – 60 см. Тік сабағын қалың, жұмсақ түк басқан. Қандауыр тәрізді жапырағы жалпақ. Ірі, қанық қызыл түсті гүлдері сабағының ұшында дара орналасады. Мамыр – маусымда гүлдейді. Жемісі – ұзынша қорапша. Қабықты Жалынгүлдің гүлі әдемі болғандықтан, сәндік үшін өсіріледі.[1] Жалынгүл (Coronarіa) — қалампыр тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Қазақстанда екі түрі бар:

 

    Көкек Жалынгүлі (C. flos=cuculі)  — ылғалды шабындықтар мен  батпақты жерлерде өсетін арамшөп.  Биікт. 30 — 100 см. Сабағы тік, жоғарғы  жағы бұтақталып кеткен. Қызғылт  (сирек ақ) гүлдері масақ гүлшоғырына  топталған. Мамыр — маусым  айларында гүлдейді. Жемісі —  қорапша;

    Қабықты Жалынгүл (C. corіacea) — ылғалы аз, құрғақ жерлерде өседі. Биікт. 40 — 60 см. Тік сабағын қалың, жұмсақ түк басқан. Қандауыр тәрізді жапырағы жалпақ. Қрі, қанық қызыл түсті гүлдері сабағының ұшында дара орналасады. Мамыр — маусымда гүлдейді. Жемісі — ұзынша қорапша. Қабықты Жалынгүлдің гүлі әдемі болғандықтан, сәндік үшін өсіріледі.

 

Қабықты жалангүл (Coronaria coriacea) — Қалампырлар  тұқымдасы Қазақстанда сирек  кездесетін түр. Тек Қаржантау мен  Угам өзені анғарында шағын жерде  ғана кездеседі. Қазақстан жерінен  тыс Жерорта теңіз, Қырым кавказ, Иран, Кіші және Орта Азияда Кең таралған. Құрғақ беткейлерде, аласа таулардағы сиретілген пыста мен қалың бұталар арасында өседі. Тау көрінісін әшекейлейтің әдемі сәндік көпжылдық өсімдік. Саны жерді игеру, малды шектен тыс бағу және гүл шоғыры үшін жинаудан азайып отыр. Мәдени түрде жақсы өседі. (1599 жылдан бері белгілі). Тұқымнан өссе, екінші жылы гүлдейді. Өскіндері күзде пайда болады. Көшеттері мен бірінші жылғы жас өсімдіктер жасыл жапырақтарымен қыстайды. Қазақстанда таралу аймағының қорғалатың жері жоқ. Табиғи популяцияларының жағдайы мен таралу көлемін анықтау қажет.[2]

Тіршілік тамыры

(Женьшень бетінен айдатылған)

Мында өту: шарлау, іздеу

Ginseng

Panax quinquefolius foliage and fruit

Panax quinquefolius foliage and fruit

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:  Plantae

(unranked)  Eudicots

(unranked)  Asterids

Сабы:  Apiales

Тұқымдасы:  Araliaceae

Кіші тұқымдасы:  Aralioideae

Тегі:  Panax

L.

Species

 

Subgenus Panax

 

    Section Panax

 

        Series Notoginseng

 

            Panax notoginseng

 

        Series Panax

 

            Panax bipinnatifidus

            Panax ginseng

            Panax japonicus

            Panax quinquefolius

            Panax vietnamensis

            Panax wangianus

            Panax zingiberensis

 

    Section Pseudoginseng

 

            Panax pseudoginseng

            Panax stipuleanatus

 

Subgenus Trifolius

 

            Panax trifolius

 

ЖЕНЬШЕНЬ

ЖЕНЬШЕНЬ

 

Женьшень, женшен, тіршілік тамыры (Рапах gіnseng) – аралия тұқымдасы, панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Табиғи жағдайда Қытай, Корея, Ресейде (Приморье және Хабаров өлкесінде) өседі. Қазақстанда мәдени түрде өсіріледі. Биіктігі 50 см-дей. Тамыры жуан, бұтақтанған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Тік сабағынан 2 – 5-тен ірі, саусақ салалы жапырақтары тармақталып шығады. Ақшыл жасыл түсті, қос жынысты ұсақ гүлдері дара, шатырша гүлшоғырына жиналып, сабақтың ұшында жетіледі. Тек тұқымынан көбейеді. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемісі піседі. Жемісі – ашық қызыл түсті қос дәнді сүйек жеміс. Оны құстар таратады. Женшень өте баяу өседі. 10 – 11 жылдан кейін жеміс бере бастайды. 100 жылдай жасайды. Женшень – бағалы дәрілік өсімдік. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женшень тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттыруға, кейбір жүйке және жүрек-қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады.[1]

 

Жолжелкен

Мында өту: шарлау, іздеу

Phyllostachys

Phyllostachys nigra

Phyllostachys nigra

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:  Plantae

(unranked)  Monocots

(unranked)  Commelinids

Сабы:  Poales

Тұқымдасы:  Poaceae

Кіші тұқымдасы:  Bambusoideae

Ұлы тайпасы:  Bambusodae

Тайпасы:  Bambuseae

Кіші тайпасы:  Shibataeinae

Тегі:  Phyllostachys

Siebold & Zucc.

Species

 

    Phyllostachys atrovaginata

    Phyllostachys aurea

    Phyllostachys aureosulcata

    Phyllostachys bissetii

    Phyllostachys edulis

    Phyllostachys glauca

    Phyllostachys heteroclada

    Phyllostachys makinoi

    Phyllostachys nigra

    Phyllostachys parvifolia

    Phyllostachys pubescens

    Phyllostachys rubromarginata

    Phyllostachys virella

    Phyllostachys vivax

    etc.

 

ЖОЛЖЕЛКЕН

 

Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен, Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 – 50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 – 4-тен масақ гүлшоғырына топталған. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, ашық қоңыр түсті, жылтыр.[1]

Жөке

Мында өту: шарлау, іздеу

Басқа мағыналар үшін, Жөке ағашы деген бетті қараңыз.

 

 

Жөке ағашы

 

Жөке ағашы (лат. Tília орысша Липа)  – жөке тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш. Негізінен қоңыржай және субтропик белдеулерде өсетін 50-дей түрі белгілі. Жөке тұқымдасының Қазақстанның барлық жерінде өсетін бір ғана туысы, оның 1 түрі: өзекті Жөке (T. cordata) бар. Биіктігі 28 м-дей. Бұтақ шоғыры цилиндр пішіндес, қабығы қара қоңыр, жапырағы дөңгелек, жиектері ара тісті иректі. Ақ сарғыш түсті ұсақ гүлі (5 – 7) хош иісті, қос жынысты. Олар бірігіп шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымы, бұтақшасы, тамыры арқылы көбейеді. Маусым – шілде айында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Ол желмен, кейде кеміргіштер және құстар арқылы да таралады. Жөке 150 – 500 жыл жасайды. Жөкенің гүлінен дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиїаз, музыкалық аспаптар, ыдыстар, әр түрлі әшекей бұйымдар, тінінен жөке, арқан жіп, тұқымынан май алынады. Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта Жөкенің Америка Жөкесі, Амур Жөкесі, Кавказ Жөкесі, Манчжур Жөкесі, т.б. түрлері қолдан өсіріледі. [1]

Мазмұны

[жасыр]

 

    1 Ағаш туралы

    2 Қолданылуы

    3 Күтімі

    4 Көбейтілуі

    5 Жөке ағашы туралы тақпақ

    6 Сілтемелер

    7 Пайдаланылған әдебиеттер

 

[өңдеу] Ағаш туралы

 

Жөке ағашы – жүрек тәріздес, жиектері ара тісті әдемі жапырақтары бар ағаш. Биіктігі - 30 метрден асады. Жөке ағашы динозаврлар дәуірінен кейін пайда болған. Сол кезден бері көп өзгеріске ұшырамаған. Жөке ағашының табиғи 50-ге жуық , ал будандастырылған 100-ге тарта түрі бар. Өмір сүру ұзақтығы - орта есеппен 300-400 жыл, ал кейбір сұрыптары 1200 жыл өмір сүреді. Жөке ағашы 30 жылдан кейін гүлдей бастайды. Маусым-шілде айларында нәзік, тәтті хош иіс шығарып молынан гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 10-15 күнге созылады.

[өңдеу] Қолданылуы

 

Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді. Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса, гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жөке ағашының гүлімен қатар діңінің қабығы, жапырақтары мен дәндері медицинада кеңінен қолданылады. Жөке ағашын құрылыста, жиһаз жасауда, халық шаруашылығы мен медицинада қолданумен қатар, көгалдандыруда да үлкен орын алады. Ерте көктемнен бастап, күздің соңына дейін жайқалып өсіп, жүздеген жылдар бойы бақтың ажарын кіргізіп тұратын көркем ағаш. Бойы биік, алып ағаш болғандықтан, қала көгалдандыруда саябақтарға егеді. Жапырағы мол болғандықтан, ауадағы шаңды жақсы тазартады.

[өңдеу] Күтімі

 

Ылғалды топырақта, ашық күн көзінде және алакөлеңкеде де өсе береді. Жөке ағашы арнайы қырқу жұмыстарын қажет етпейді, алайда көктемде артық бұтақтарын қырқып тұрған дұрыс.

[өңдеу] Көбейтілуі

 

Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі.

[өңдеу] Жөке ағашы туралы тақпақ

 

Аулаңызға еккен оны жөн болар,

 

Жұпар иіс шашып тұрар маңайға.

 

Зәулім ағаш, ауруға да ем болар,

 

Сая болар көлеңкесі талайға.

Жусан

Мында өту: шарлау, іздеу

Жусан

A.

 

Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына  жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.[1]

 

Қыша

Мында өту: шарлау, іздеу

Sinapis

Sinapis arvensis

Sinapis arvensis

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:  Plantae

(unranked)  Eudicots

(unranked)  Rosids

Сабы:  Brassicales

Тұқымдасы:  Brassicaceae

Тегі:  Sinapis

Species

 

Sinapis alba

Sinapis arvensis

Sinapis flexuosa

Sinapis pubescens

 

Қыша (Sinapis) [1]— крестгүлділер тұқымдасына жататын даражарнақты шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Қыша тұқымынан 35-47%-ке дейін май шығатын өсімдік. Кейбіреулерінің тұқымынан медицинада қолданылатын дәрі жасалады. Қышаның бірнеше түрі бар, олар:

 

Ақ қыша (Sinapis alba) — бұрынғы КСРО-ның Орта және Оңтүстік алқаптарының егінжайларында арамшөп ретінде өсетін бір жылдық өсімдік, июнь-июль айларында гүлдейді; көк күйінде малға азық жасау үшін және тұқымынан май, ұн алу үшін егіледі.

 

Улы қыша (Sinapis arvensis немесе Brassica sinapistrum] — мұның сабағының ұзындығы 10-100 см, май айында гүлдеп, июньде тұқымы піседі; егінжайдың, бау-бақшаның арасында өсетін арамшөп. Бұрынғы КСРО-ның барлық жерінде өседі; улы қышаның тұқымы мен жапырағының құрамында қыша майы, синигрин дейтін глюкозид бар; мирозиназа дейтін фермент синигринді бөлшектеп глюкоза, калий бисульфаты және аллилдік қыша майы деген заттарға айырады, бұлардың ең соңғысы теріге тисе күйдіріп жіберетін улы зат. Улы қышаны гүлдеместен бұрын қой, сиыр және шошқа жейді, ал гүлдегеннен соң және онан кейін жеген мал уланады; улы қышаның тұқымында 30%-ке дейін майы болады, мұны тамаққа, сабын жасауға пайдаланады;

 

Көгілдір қыша (Brassica juncea) — балауыз жұғынының салдарынан сабағы көгілдір болып өсетін шөптесін өсімдік, тұқымы қара көк, қуаңшылық пен аязға төзімді; вегетациялық дәуірі 75—140 күн. Көгілдір қыша көбінесе Төменгі Поволжьеде, ішінара Ставрополь өлкесінде, Орта Поволжьеде, Қазақстанда егіледі. Бұрынғы КСРО-да егілетін майлы өсімдіктердің ішінде жер көлемі жағынан бұл үшінші орын алады. Тұқымының құрамында 35-47% майы бар, мұны тамаққа және техникада қолданады, мұнымен қатар онда синигрин дейтін глюкозид және мирозиназа дейтін фермент бар. Көгілдір қышаның медицинада мәні үлкен.

 

Эвкалипт

Мында өту: шарлау, іздеу

Эвкалипт

Buds, capsules, flowers and foliage of E. tereticornis

Buds, capsules, flowers and foliage of E. tereticornis

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:  Plantae

(unranked)  Eudicots

(unranked)  Rosids

Сабы:  Myrtales

Тұқымдасы:  Myrtaceae

Информация о работе Дәрілік өсімдіктер