Дәрілік өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 07:31, реферат

Описание

Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.

Работа состоит из  1 файл

Дәрілік өсімдіктермен емдеу.docx

— 117.03 Кб (Скачать документ)

 

Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2,4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша. Гүл формуласы: Т(5)С(2+3)А4Ж(2).

 

Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті.

[өңдеу] Кермек жалбыз

 

Қазақстанда жалбыздың 10 түрі бар. Олар суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арықты бойлай өседі. Шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта да өсетін жалбыз түрлерін кездестіруге болады. Солардың бірі - кермек жалбыз. Оны кейде бұрыш жалбыз деп те атайды. Кермек жалбыз - биіктігі 30-120 см шамасындағы көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның тармақталған тамырсабағы көлбей өседі. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір ұшы сүйірлеу болады. Өзіне ғана тән хош иісі бар. Гүлдері ұсақ, түсі - бозғылт күлгін немесе қызғылтым, шоғырланып орналасады. Өркендердің ұшында масақ тәрізді гүлшоғыр түзіледі. Гүл шірнелігінде тәтті тірне жиналады.

 

Кермек жалбыз - маңызды дәрілік өсімдік. Оның жапырақтарында 3%-ға дейін, гүлшоғырларында 6%-ға дейін эфир майы болады. Жалбыз майы ауырсынуды басатын дәрі ретінде пайдаланылады. Бас сақиналы, асқазан, тыныс жолдарының ауруларын емдеуге таптырмайтын дәрі. Дәрілерге, парфюмерия бұйымдарына хош иіс беру үшін өте пайдалы. Соңғы кезде Ресей кермек жалбызды қолда өсіре бастады. Кермек жалбыздың бір гектарынан 18-25 ц түсім алуға болатыны анықталды.

 

Кермек жалбыз - ылғал, жарық, топырақ құнарлылығын талап ететін өсімдік. Оны тамыреабақ кесінділерінен көбейтеді. Өсімдіктің қаулап өсуі үшін орташа тәулікте 18-220С температура қажет. Температура бұдан жоғарылап кетсе, жалбыздың өсуіне кедергі жасайды. Тамырсабақты ерте көктемде егеді. Ол үшін жыртылған жердің тереңдігі 8-10 см болуы шарт. Жалбыздың түсімін гүлдеу кезінде жинайды. Өсімдік сабақтарын жасыл күйінде орып алып, май алады. Дәріханаға қажетті жапырақтар бөлігін кептіріп, кепкен жапырақтарды бастырады.

[өңдеу] Көкжалбыз

 

Еріндігүлділерде халық медицинасы мен медицинада дәрі ретінде пайдаланылатын өсімдік көп. Солардың бірі - көкжалбыз. Ол - биіктігі 1 метрге дейін жететін, жапырақтары ірі, сабағы тармақталған шөптектес өсімдік. Гүлдері төбе жапырақтардың қолтығында масақ тәрізді топтасып өседі. Тостағаншасы үлпілдек түкті, күлтесі - ақ немесе қызғылт түсті, ерін тәрізді. Аталығы - 4. Жемісі -жаңғақша. Маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Халық медицинасында тынысалу, асқорыту мүшелері талаураған кезде пайдаланады.

[өңдеу] Кәдімгі жебір

A.

Тау жебірі.

 

Қазақстанда киікшөп деп аталатын кәдімгі жебірдің отаны - Жерорта теңізі. Ол - хош иісті, бұтағы тармақталған көпжылдық бұта. Гүлдері жапырақ қолтығында шоғырланып өседі. Гүлінің екі ерінді, бес тісшелі тостағаншасы болады. Жемісі - 4 жаңғақша. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Кәдімгі жебір - дәрілік өсімдік, қақырық түсіреді. Сондықтан халықтық медицинада оны көкжөтел, бронхит ауруы кезінде ауызды шаюға қолданады. Құрамында эфир майы болғандықтан, тіс пастасына, тазартқыш сабынға қосады.

[өңдеу] Сәлбен

A.

Сәлбен.

 

Сәлбен (шалфей) ерінгүлділер тұқымдастарының ең көп тараған түрі. Олардың 700-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда сәлбен туыстастардың 8 түрі бар. Сәлбен қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда көп тараған. Олардың дәрілік, эфир майы алынатын және сәндік түрлері бар. Сәлбенді халық «тіршілік шөбі» деп те атайды. Халықтық медицинада оның жапырағы ойық жаралы емдеуге қолданылады. Тұқымынан алынған тұнба бала көтеруге себепші болады деген ұғымдар болған. Сәлбен қазіргі медицинада да дәрілік өсімдік болып саналады. Жұпарлық сәлбен - эфир майы өндірілетін өсімдік. Жылтыр сәлбен, қызыл сәлбен, айқарылма сәлбен сәндік мақсатта қолданылады. Сәлбен - балды өсімдік. Гүл формуласы: Т(5)К(2+3)А2Ж(2).

 

Қырынан қарағанда гүлі аузын ашқан адамның кескінін бейнелейтін, үстіңгі 2 күлтесі - жоғары ерінді, астыңғы 3 күлтесі төменгі ерінді еске түсіретін өсімдіктер ерінгүлділер тұқымдасына топтастырылған. Бұлардың жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Жапырағында бөбешік жапырақ болмайды. Ерінгүлділер - бұталы, шөптекті өсімдік. Сабағы - төрт қырлы.

[өңдеу] Таралуы

 

Қазақстанда ерінгүлді өсімдіктердің жебір туыстыларынан - 27, жыланбас туыстыларынан - 22, көкжалбыз туыстыларынан 16 түр белгілі. Бұлар хош иісті болғандықтан, парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Ежелгі Мысырда жебірмен мәйіт бальзамдалған. Сан алуан эфир жайы көп мөлшерде хош иісті лаванда, гүлшетен, молдавандық жыланбастан алынады. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатайдың альпілік белдеулерінде өсетін аталықты жыланбастың жер бетіндегі бөліктерінде 0,4%-ға дейін эфир майы болады. Ол - бал жинағыш өсімдік. Ерінгүлділер ағашы тек тропикте өседі. «Жарғақты хиптис» деп аталатын бразилиялық түрі ағаш тәрізді ерінгүлділердің ең биігі. Оның биіктігі 12-15 метрге жетелі. Ал өзге ерінгүлді ағаштардың биіктігі 5 метрден аспайды. Ерінгүлді лиана аз мөлшерде тропиктік аймақта кездеседі. Оған америкалық салазария туысын, кейбір томағашөп түрлерін және гавайлық стеночипа туысын жатқызуға болады.

[өңдеу] Қолданылуы

 

Ерінгүлділердің әр түрлі эфир майын көп мөлшерде өндіруде маңызы зор. Олардың көпшілігі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Мәселен, дәрілік жөтелшөп. Халықтық медицинада демікпені, асқорыту мүшелерінің талаурауын емдеуге және жүйкені тыныштандыруға пайдаланылады. Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің тағамға пайдаланылатын да түрлері (кәдімгі жұпаргүл) бар.[1]

 

Түрлері:

Дәрілік жаужапырақ – көпжылдық өсімдік, 0,5 -1 м биіктікке шейін өседі. Тамырлары көптармақты. Сабағы тікбағытталған төртқырлы көпбұтақты, бас жағы сәл еңкіштеніп(салбырап) өседі. Жапырақтары бір біріне қарама қарсы орналасып, сопақшаланған жұмыртқа тәрідес болады да қырлыар емшектеліп келеді: Сабақтың жоғары жағындағылары қанық жасыл түсте болса балағына қарай ашық жасыл түсті болып беттері түкшелермен көмкерілген. Гүлдері екі жынысты, ақ және күлгін түсте, ұсақ түрде болады. Гүл табақшасы жасыл, қоңырау тәрізделген; екі ерінді тәжі бар. Дәндері сопақшаланған ұзындығы 2мм диаметрі 1мм. 1000 дәннің салмағы 0,6 грамм

 

Жаужапырақты көбінсі иісі арқылы іздеп табады. Түп түгелімен әсіресе жапырақтары лимон аңқып тұрады. Осы себептен “лимонды жалбыз” аталып кеткен. Ерекше хош иісті болып келетін кезі гүлдемгендегісі(гүлдеген соң ауырлай түседі). Жаужапыраққа ерекше иіс беріп тұрған оның құрамындағы (ерінгүлдерге тән қасиет) эфир майлары. Осы топқа жататын басқа да өсімдіктер, мысалы лаванда, жебіршөп; тасшөп(тимьян), ащы жалбыз, шалфей, гүлшетен(розмарин), майоран сияқтылардың өздеріне тән айырықша күшті иістері болады. Иісінің тартымдылығына байланысты жаужапырақты аспаздарда жиі қолданады.

 

Жаужапырақ – әлемде ең әйгілі хош иісті-дәмдеуіш және емдік қасиеті бар өсімдіктер қатарында, адам өмірінде көп ғасырдан бері өзіне тиселі орнын алып үлгерген. Көне римляндықтар оны осыдан екімың жыл бұрын күтімге алып, баптап өсіре бастаған.

 

Көне заманнан бері адамдар бұл өсімдікті тәбет ашу мақсатында қолданып келген. “Мелисса” сөзі грек тілінен аударғанда ара, бал деген мағына береді. Өсімдіктің латынша атауы – “ара жұлдызы”. Ара ұясының қабырғасын осы шөппен сүртсеңіз болды аралар бейне бір сиқырланғандай сол жерге қаптай бастайды. Әрине оларды сиқырлаған өсімдіктің хош иісі. Жаужапырақпен сүртілген осындай ара тұзақтарын омарташылар ормандар мен жайылымдарға аралады үйір қылу үшін іледі. Оларды жаңа орындарға осылай үйретеді. Егер жаужапырақпен денеңіздің ашық жерлерін сүртіп алсаңыз аралар шақпайды. Ал енді бұл өсімдіктің ел арасында балшөп аталып кетуіне себеп – балтүзгіштік қасиетінің жоғарылығы болса керек. Бір гектар гүлдеп тұрған жаужапырақ алқабынан 150 кг ашық түсті құнарлы бал алынады екен.

 

Қолдану тәсілдері:

Балғын немесе кептірілген жапырақтарын дәмдеуіш ретінде түрлі тағамдар даярлау кезінде қосады. Балғын кезінде, майдалап турап салаттарға қосса ол тағамның тек иісі аңқып дәмділігі артып қана қоймай дәрумендік қасиетіде күшейе түседі. Кептірілген жапырақтарын өзін ғана немесе басқа да дәмдеуіштермен қоса көкөніс, ет немесе балық негізге алынған қыстық салаттарға сондайақ омлет немес күріш тағамадарына қолданады.

 

Жаужапырақтың балғын жапырақтарын түрлі  соустарға, суптың барлық түрлеріне(жеміс, бұршақ, кртофель, саңырауқұлақ), көкөністен жасалатын тағамдарға қосады. Көбісі жаужапырақты иісі тәбет ашардай болу үшін сүтке, қатыққа қосады. Кептірілген жапырақтарынан шай шығарып, компоттар мен үй квастарын хош иістендіру үшінде қосады. Балғын жапырақтарын сыраның және қолдан жаслаған шараптардың дәмін жақсарту үшінде қолданады.

 

Медициналық қолданыстар:

Халықтар арасында жаужапыраққа оның емдік қасиеттеріне сай басқа да атаулар берілген: жүрек шөбі, “жүректі тыныштандыру” – тыныштандыратын қасиетіне байланысты болса керек; әйел шөбі, етеккірдің келу мерізімі бұзылған кезде, жүктілік кезінде болатын кеселде мен ұстамалы ауруға қарсы дауалық қасиеті үшін.

 

Жаужапырақтың қасиетін бірінші болып байқап дұрыс баға бергендер арабтар болды: олар бұл шөпті эпилепсияны, психикалық ауруларды, апоплексияны(миға қан құйылу түрінде болатын ұстама ауыру), апатияны және меланхолияны емдеуге қолданған сондай ақ бұл шөпті өздерінің “өмір эликсирі” шөптерінің қатарына қосқан.

 

Ортағасырларда Жаужапырақты ағзаға қуат беруші компоненттер ретінде қолданған, жүрек жұмысын жақсарту мақсатында ең үздік дәрумен ретінде танылды. Францияда жапырақтарынан әйелдер босанар кезде арнайы самса жасап жегізгенді дұрыс санайды екен.

 

    медицина,

    халық емі,

    жаужапырақ,

    сермене,

    осылай екен

Сабынның орнына айран немесе жұмыртқаның  сарысын пайдалануға болады. Айранды бастың терісі мен шашқа жақсылап жағып, басты орамалмен байлап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. 1-2 жұмыртқа сарысын ағынан айырып, ішінде аздаған мөлшерде суы бар ыдысқа құйып араластырып, шашты сонымен жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды. Шашты жуып болған соң оны жұмсақ сүлгімен сүр- те отырып, кептірген дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында бірнеше сағат бұрын кез-келген өсімдік майымен майлайды.

Дәрілік өсімдіктер

Мында өту: шарлау, іздеу

Алоэ

 

 

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

 

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

 

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

 

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1]

[өңдеу] Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер

 

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам  өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:[2]

 

    Айыр;

    Алоэ;

    Аралия;

    Арша;

    Асқабақ;

    Ақшайыр;

    Аюқұлақ;

    Бақалақ;

    Бәрпі;

    Валериана;

    Дәрмене;

    Дермене;

    Диоcкорея;

    Долана;

    Жалбыз;

    Жалбызтікен;

    Жалынгүл;

    Женьшень;

    Жерқонақ;

    Жолжелкен;

    Жөке;

    Жуа;

    Жусан;

    Жүгері;

    Итбүлдірген;

    Итжидек;

    Итжүзім;

    Итмұрын;

    Итошаған;

    Көкшегүл;

    Қаражоңышқа;

    Қалақай;

    Қаражидек;

    Қасқыржидек;

    Қырықбуын;

    Қырыққұлақ;

Информация о работе Дәрілік өсімдіктер