Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 07:31, реферат
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.
Қыша;
Лапыз;
Ламинария;
Левзея;
Меруертгүл;
Мия;
Наперстянка;
Ойраншөп;
Олеандр;
Өгейшөп;
Раувольфия;
Рауғаш;
Сарыағаш;
Секуринега;
Сенна;
Скумпия;
Таңқурай;
Томағашөп;
Шай;
Шайқурай;
Шалфей;
Шәңкіш;
Шөпшай;
Шытыр;
Эвкалипт;
Элеутерококк т.б.
Арша
Мында өту: шарлау, іздеу
A.
Арша
Арша (Junіperu)[1] — кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта немесе ағаш. Тау беткейінде, альпі белдеуінде, құмды жерлерде өседі. Қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне Түркістан аршасы (І. turke»tanіca), Талас аршаны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады.
Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.
Халық емінде арша
жемісі ежелден-ақ несеп
Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай, Қарағанды қ-ларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді.
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. [2]
Асқабақ
Мында өту: шарлау, іздеу
Cucurbita
Yellow squash
Yellow squash
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
Сабы: Cucurbitales
Тұқымдасы: Cucurbitaceae
Тегі: Cucurbita
L.
Түрлері
C. digitata - fingerleaf gourd
C. ficifolia - figleaf gourd, chilacayote
C. foetidissima - stinking gourd, buffalo gourd [1]
C. maxima - winter squash, pumpkin
C. mixta - pumpkin
C. moschata - crookneck squash
C. okeechobeensis
C. palmata
C. pepo - vegetable marrow, field pumpkin
many others
References:
ITIS 22365 2002-11-06
Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен «Волгалық сұр-92», «Мозолеевская-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 – 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы – ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі – қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі – жалған жидек, ірі, пішіні – дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 – 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 – 18% құрғақ заттар, 8 – 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 – 40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.[1][2]
Мазмұны
[жасыр]
1 Асқабақ қүймағы
2 Қуырған асқабақ
3 Алма қосып піеірген асқабақ
4 Сілтемелер
5 Сыртқы сілтемелер
6 Пайдаланылған әдебиет
[өңдеу] Асқабақ қүймағы
Асқабақтық қабығын аршын, дәнін алып тастайды. Үккішпен үгін, оған сүт құяды да, 15—20 минут бұқтырады. Содан соң суытыл, ұн немесе кепкен аяның ұнтағын, жұмыртқаның құмшекер қосып үзілген сары уызын қосады, аздап тұз салады. Сосын жақсылан арал астырып, көпіршітілген белок қосады. Үн орнына стакан толар-толмас ұнтақ жарма қосса да жетіп жатыр. Құймақты жақсылан қыздырылған майға қуырады. Дастарқанға дайын құймақпен бірге қаймақ және қүмшекер қоса беріледі. 1.5 кг асқабаққа: 1 стакан сүт, 1 стакан бидай ұйы немесе кепкен нан ұнтағы, 1 ас қасық құмшекер, 2 жұмыртқа, 1 ас қасық сары май керек. Тұзтаты мына қарай салынады.
[өңдеу] Қуырған асқабақ
Асқабақтың қабығын артып, дәнін алады. Турап тұздайды (қажетіне қарай бұрышталады). Ұнға аунатылып, сары майға қабығы қызарып қабыршақтанғанша қуырады. Оны қаймақ қосып жеген жақсы.
[өңдеу] Алма қосып піеірген асқабақ
Асқабақ пен алманы ұсақтан тур айды да, араластырын, шала піскенше (10—15 минут) бұқтыр ады. Оттан алып, аздап суытады да, жұмыртқаның қант қосып үгілген сары уызын, содан соң көпіршітілген белок қосады. Сосын мұқият араластырылып сары май жарылып, кепкен нан ұнтағы себілген формалы ыдысқа салып пісіріледі. 500 г асқабаққа: 500 г алма, 2 жұмыртқа керек. Құмшекер татымына қарай салынады. Асқабақ дәмін тағам үшін шикілей де, қуырыл та пайдалануға болады. Асқабақ өсіру жөнінде Бақша мақаласынан қар аңыз.[3]
[өңдеу] Сілтемелер
Аскөк
Асқабақтар тұқымдасы
Асқазансор қазба фаунасы
[өңдеу] Сыртқы сілтемелер
Асқабақ
ҚЫЗЫЛ АСҚАБАҚ КӨРГЕНСІЗ БЕ?
[өңдеу] Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақ энциклопедиясы I том
↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Ақшайыр (Gnaphalium) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда жусанды-сораңды алқаптарда, шабындық жерлерде, аласа тау баурайларында өсетін 6 түрі белгілі. Бұлардың биіктігі 10 – 35 см, сабақтары түбіне қарай қатаң, қалың киіз түкті. Жапырақтары кезектесе орналасқан, жиегі тегіс. Себеттері көп гүлді, масақ немесе қалқан шоғыр құрайды. Гүлдері түтікті, тозаңқаптары ұзынша келеді. Маусым – тамызда гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымдары жұмыртқа немесе ұршық тәрізді, сыртын емізікшелер жапқан айдаршасы болады.[1]
Аюқұлақ
Мында өту: шарлау, іздеу
Primula auricula
PrimulaAuricula.jpg
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
(unranked) Eudicots
(unranked) Asterids
Сабы: Ericales
Тұқымдасы: Primulaceae
Тегі: Primula
Түрі: P. auricula
Екі-есімді атауы
Primula auricula
L.
Аюқұлақ
Аюқұлақ (Primula auricula) — Батыс Европаның тауларында өсстін, хош иісті, ірі гүлді қызғалдақтың бір түрі.[1]Еуразия мен Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда құмды жерлерде, көгалды алаңда, шалғында, өзен-көл жағасында, жол жиегінде өсетін 9 түрі кездеседі. Кең тараған түрінің бірі – кәдімгі аюқұлақ (V. thapsus). Биіктігі 50 – 125 см, тік өскен сабағы мен бүтін жиекті жапырақтарын бозғылт қалың түк басқан. Тамырына жақын орналасқан жапырақтарының түрі сопақтау, ұзындығы 10 – 30 см, көлд. 3 – 8 см болады. Сары түсті гүлдері шашақ гүлшоғырына шоғырлана орналасады. Жемісі – қорапша. Маусым – шілде айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. Аюқұлақ – улы, дәрілік өсімдіктер. Гүлінен, жапырағынан алынған ұнтақ пен тұнбаны әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланады. Жапырағынан қайнатып алынған тұнбаны суалған сиырларға береді. Тұқымын тышқан улауға қолданады. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі.[2]
Бақалақ — жабайы өсімдік. Қазақстанда кейбір бұған жақын түрлері өседі. Шөбі мен тамыр сабағы — платифиллин алкалоиді алынатын шикізат.
Платифиллин-ойық жара ауруларына, гастрит және басқа ауруларға шипа. Дененің құрыстанғанын жазатын және қан тамырла рын кеңейтетін дәрі ретінде қолданылады: одан басқа көздің ішін зерттеу практикасында пайдаланылады.[1]
Бәрпі
Мында өту: шарлау, іздеу
Aconitum septentrionale.jpg
Бәрпі (Aconitum excelsum; синонимдері A. lycoctonum және A. septentrionale) — бұл ормандардың, шіліктердің арасында, тау сағасында өсетін өте улы шөп өсімдігі, мал (әсіресе қой мен ешкі) жесе бірнеше сағаттан сон уланып өледі. Тұқымында 31—32 процент майы болады. Бәрпі (Aconіtum) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Солтүстік жарты шарда өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Қарқаралыда, Алтайда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларында орман алаңдары мен биік тау шалғындарында, өзен-сай жағалауларында кездесетін 14 түрі бар. Жиі тараған түрі – ақезу Бәрпісі (A. leucostomum). Оның биіктігі 0,7 – 2 м, жіпшеленген тамыры шоғырланып келеді. Түкті сабағы қырлы, қатпарлы болады. Ірі жапырақтарының ұзындығы 10 – 20 см, ені 20 – 40 см, қауырсын тәрізді тілімденген. Көк, күлгін, кейде сарғылт түсті гүлдері бұталанған гүлшоғырына топталады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйек – қазанда жеміс береді. Жемісі түкті, тұқымы 3 қырлы келеді. Бәрпі туысына жататын өсімдіктердің барлық түрі улы болады, мысалы, Жоңғар Бәрпісінің тамыр түйнегінен қасқыр аулайтын у алынады. Тамырында 0,8 – 1,9% алкалоид болғандықтан, дәрі алу үшін пайдаланылады. Бәрпіні мал жемейді негізінен сәндік өсімдіктер.[1][2]
[өңдеу] Пайдаланған әдебиет
Валериана
Мында өту: шарлау, іздеу
Шүйіншөп (Valerіana) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта, бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік өседі. Тамырсабағының жуандығы 2 см, оны жіп тәрізді ақ немесе қоңыр түсті тамырлары шырмап жатады. Тамырсабағы мен тамырының ерекше иісі болады. Жапырақтары қауырсынды салаланған, тегіс жиекті, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, қос жынысты, хош иісті. Олар ірі шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – сопақша-жұмыртқа тәрізді тұқымша, оның 10 – 12 сәулелі айдаршасы болады. Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде пайдаланады, тамырынан эфир майы, валериан, сірке және құмырсқа қышқылдары, қант, илік заттар алынады. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады. Қазақстанда Шүйіншөптің Іле Алатауында – 16 т, Күнгей Алатауында – 0,3 т жылдық қоры анықталған. Көпшілігінің тамырлары жуан, сабағының буындары — түйнектелген шөл 'өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі шығады. Түрінің саны — 200. Мұның СССР-да 30 дайы өседі. Бұған жататындар: дала валерианасы, Тарбағатай валерианасы, Қазығұрт валерианасы, Орыс валерианасы, Түркстан валерианасы. В. Австралиядан басқа жердің бәрінде өседі.
Диоcкорея
Мында өту: шарлау, іздеу
Dioscorea balcanica BotGardBln310505.jpg
Диоскорея (лат. Dioscorea) — жабайы және қолдан өсірілетін өсімдік. Тамыр сабағы мен тамырларынан алынған диоспонин және полиспонин препараттары кейбір жүрек қан тамыры ауруларына пайдаланылады. Сондай-ақ атеросклероз ауруына холестеринді төмендететін дәрі ретінде қолданылады.[1]
Долана
Мында өту: шарлау, іздеу
Hawthorn
Fruit of four different species of Crataegus
Fruit of four different species of Crataegus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
(unranked) Eudicots
(unranked) Rosids
Сабы: Rosales
Тұқымдасы: Rosaceae
Кіші тұқымдасы: Maloideae or Spiraeoideae[1]
Тайпасы: Pyreae[1] or Crataegeae[2]
Кіші тайпасы: Pyrinae[1][3]
Тегі: Crataegus
Tourn. ex L.
Species
See text
Долана (Crataegus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш. Долананың Америка мен Еуразияның қоңыржай белдеулерінде кездесетін 200 (кей деректерде 1000-нан астам) түрі бар. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Көбірек тарағаны – алқызыл долана (C. sangvіnea). Жарық сүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері тікенсіз болады, биіктігі 1 – 4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген. Мамыр – шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді гүлшоғырын түзеді, қос жынысты. Жемісі – жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1 – 5 сүйекті, кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан көбейеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.
Жалбыз
Мында өту: шарлау, іздеу
Жалбыз
Жалбыз (Mentha) — ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта (2000 м биіктікке дейін) өсетін 9 түрі бар. Оның бұйра Жалбыз (Menthacrіspa), бұрыш Жалбыз (Mentha pіperіta) және дөңгелек жапырақты Жалбыз (Mentha rotundіfolіa) түрлері қолдан өсіріледі. Кең тараған маңызды түрінің бірі дала Жалбызы (Mentha arvensіs). Оның биікт. 15 — 60 (110) см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді жалған күлте бас, немесе масақ гүл шоғырына топталған, қос жынысты, кейде дара жынысты болады. Маусым — тамыз айларында гүлдейді. Тұқымы — көп түйірлі жаңғақша. Жалбыздың жапырағында ментол болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды. [1]