Гистология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2012 в 19:47, реферат

Описание

Ұлпа (ткань, грек. Histos – ұлпа) – морфологиялық белгілері мен атқаратын қызметінің ұқсастығына байланысты біріккен біртекті жасушалар мен жасушаарлық заттардың тарихи қалыптасқан жүйесі. Құрылысына, организмдегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне және шығу тегіне байланысты белгілерді топтастырып, жануарлар организмі ұлпаларын төрт топқа бөледі: Эпителий (жабынды), дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта ұлпалары), ет және жүйке (нерв) ұлпалары. Бұл ұлпалар жануарлар организмінің мүшелерін (ағзаларын), мүшелер жүйелерін құрап, құрылысы мен қызметтерін анықтайды.

Содержание

Кіріспе
Эпителий ұлпасы
Жабынды эпителий
Безді эпителий
Дәнекер ұлпасы
Шеміршек және сүйек ұлпасы
Ет ұлпасы
Жүйке ұлпасы
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Гистология.docx

— 5.01 Мб (Скачать документ)

            Қазақстан республикасы білім  және ғылым министрлігі

                           Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

 

               Физиология, биохимия және морфология кафедрасы

 

 

 

 

                                 РЕФЕРАТ

 

   Тақырыбы: Гистология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                        Орындаған: ТППЖ-103, Тузелова Н.С.

                                                                        Қабылдаған: Исембергенова С. К.

 

 

                                             Алматы 2012ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Эпителий ұлпасы
    1. Жабынды эпителий
    1. Безді эпителий
  1. Дәнекер ұлпасы
    1. Шеміршек және сүйек ұлпасы
  1. Ет ұлпасы
  1. Жүйке ұлпасы
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кіріспе

 

   Ұлпа (ткань, грек. Histos – ұлпа) – морфологиялық белгілері мен атқаратын қызметінің ұқсастығына байланысты біріккен біртекті жасушалар мен жасушаарлық заттардың тарихи қалыптасқан жүйесі. Құрылысына, организмдегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне және шығу тегіне байланысты белгілерді топтастырып, жануарлар организмі ұлпаларын төрт топқа бөледі: Эпителий (жабынды), дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта ұлпалары), ет және жүйке (нерв) ұлпалары. Бұл ұлпалар жануарлар организмінің мүшелерін (ағзаларын), мүшелер жүйелерін құрап, құрылысы мен қызметтерін анықтайды.

   Жануарлар организмін  құрайтын түрлі ұлпалардың біртекті  жасушалардан дамуы да, осы белгілердің  ажырау заңдылығына бағынады. Ұрықтың  біртекті бластомерлерінен әртекті  түрлі ұлпалардың дамуы мен  жетілуін жете зерттеп, орыс  ғалымы Н. Г. Хлопин «ұлпалардың  дамуы дивергенциясы теориясының»  негізін қалап, оны одан әрі  дамытқан.

   Эволюциялық дамудың  нәтижесінде белгілері жағынан  әлдеқашан бір-бірінен ажырап, ешқандай  да ұқсастығы жоқ жануарлар  организмдеріндегі ұқсас қызметтер  атқаратын ұлпалардың құрылысы  бір-біріне ұқсас келеді екен. Бұл заңдылықты зерттеген орыс  ғалымы А. А. Заварзин ұлпалардың  дамуындағы «параллельдік қатарлар  теориясын» жасаған.

 

 

  1. Эпителий ұлпасы

 

   Эпителий ұлпасы – жануарлар филогенезінде жабынды ұлпа ретінде көпжасушалы организмдегі ең алғаш дамып жетілген құрылым. Ол жануарлар организмін сыртынан қаптап, дене және сірлі қуыстар мен түтікше мүшелер кілегейлі қабықтарының ішкі бетін астарлап, организмнің ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп, шекаралық орын алады. Денедегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне байланысты эпителий ұлпасы үлкен екі топқа: жабынды және безді эпителийге бөлінеді.

   Жабынды  эпителий – epithelium superficiale – теріні сыртынан қаптап, ішкі мүшелердің ішкі бетін астарлап, қоршаған орта мен организмнің арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етіп, қорғаныс, тітіркеніс, заттарды сору, сіңіру және бөліп сыртқа шығару қызметтерін іс жүзіне асырады.

   Безді эпителий – epithelium glandulare – организмдегі бездердің секреттерді бөлетін жұмысшы бөлігі – без паренхимасын түзіп, денедегі зат алмасу процесіне қажет секреттерді бөліп шығарады.

    1. Жабынды эпителий

   Эпителий ұлпаларының  бірнеше жіктелу түрлері бар.  Солардың ішіндегі қазіргі кезде  қолданылып жүрген морфологиялық  жіктелу – ұлпа эпителиоциттерінің  пішіні мен жасушалар қабаттарының  санына негізделген. Эпителиоциттер қабаттарының санына байланысты жабынды эпителий ұлпасы: бірқабатты және көпқабатты болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий ұлпасы негіздік жарғақта орналасқан бір қабат эпителиоциттерден, ал көп қабатты эпителий көпқабат эпителий жасушалары қабаттарынан құралған. Бір қабатты эпителий ұлпасы өз кезегінде бірқатарлы эпителий және көп қатарлы эпителий ұлпалары болып екіге бөлінеді. Бір қабатты бір қатарлы эпителий ұлпасының эпителиоциттері мөлшері жағынан біркелкі болып келеді және эпителиоциттер ядроларының мөлшері де бірдей болып, бір қатарда орналасады. Бір қабатты бір қатарлы эпителий – эпителиоциттерінің пішіні мен көлеміне байланысты өз кезегінде бірқабатты жалпақ эпителий, бір қабатты текше (куб) тәрізді эпителий және бірқабатты призма(цилиндр) тәрізді эпителий болып бөлінеді. Ал, бірқабатты көп қатарлы эпителий ұлпасы эпителиоциттерінің барлығы толығымен негіздік жарғақтаорналасады. Бірақ, эпителий ұлпасын мөлшері мен қызметі түрліше әр түрлі эпителиоциттер құрайды. Эпителий жасушаларының биіктігі мен көлеміне қарай, олардың ядроларының мөлшері мен орналасу деңгейлері де, әр түрлі болады: призма тәрізді биік эпителиоциттердің ядролары эпителий ұлпасының орта деңгейінен сәл төменірек, негіздік жарғаққа жақындау, ал аласа эпителиоциттердің ядролары одан да төмен, негіздік жарғақпен жанаса орналасады.

   Көпқабатты эпителий  ұлпасы көп қабатта жатқан  эпителиоциттер қабаттарынан құралған. Негіздік жарғақпен эпителий  ұлпасының тек төменгі бір  қабат эпителиоциттері (базальды  қабат) ғана жанасады. Жоғарғы  қабаттарындағы эпителиоциттерінің  пішініне байланысты, көпқабатты  эпителий ұлпасы: көпқабатты жалпақ  эпителий және көпқабатты ауыспалы  эпителий болып екі топқа бөлінеді.

 

   Бірқабатты эпителий ұлпалары

   Бірқабатты  жалпақ эпителий жануарлар организміндегі сірлі қабықтар мен олардың туындыларын (өкпеқап, жүрекқап, ішперде, плевра, шажырқай, шарбы, сірлі байламдар, үңгілер), өкпе көпіршіктерінің (альвеолаларының) қабырғаларын, ортаңғы құлақ қуысын, ен торы қабырғасын, бездердің майда ендірме өзектерін, бүйрек денешігі қапшығы мен нефронның жіңішке бөлігін астарлап, шекаралық шектеу қызметін атқарады. Өкпеде газ алмасуға, бүйректе несеп бөлуге қатысады. Сірлі қабықтағы бірқабатты жалпақ эпителийді мезотелий деп атайды.

   Бірқабатты текше  (куб) тәрізді эпителий организмдегі  без өзектері мен бүйрек нефрондарының,  қалқанша безі фолликулдарының  қабырғасын астарлайды. Мөлшері  біркелкі дөңгелек келген эпителиоциттер  ядролары бір деңгейде және  бір қатарда, жасушалар цитоплазмасының  ортасында орналасады. Бірқабатты  текше тәрізді эпителий без  өзектерінде – шектеу және  шекаралық, фолликулдар қабырғаларында  зат алмасу қызметін атқарады, ал бүйректе несеп түзуге қатысады.Бүйрек  нефрондары қабырғасындағы текше  тәрізді эпителиоциттердің апикальды  ұшында алғашқы несептен керекті  заттарды кері соруға маманданған,  жасуша плазмолеммасынан түзілген  микробүрлер, ал негіздік (базальды) ұшында эпителиоцит плазмолеммасы қатпарларынан құралған базальды жолақ болады. Микробүрлер эпителиоцит плазмолеммасының сору ауданын 30-40 есе үлкейтеді. Базальды жолақта, керісінше, зәр құрамына шығарылатын азот және белок алмасуларының ыдырау өнімдері синтезделеді.

   Бірқабатты призма (цилиндр) тәрізді эпителий негіздік жарғақта бірқабатта орналасқан, пішіні призма тәрізді эпителиоциттерден тұрады. Олардың биіктігі енінен әлдеқайда ұзын болып келеді. Эпителиоциттердің сопақ келген ядролары бір қатарда орналасады және негіздік жарғаққа жақын жатады. Құрылысы мен қызметіне байланысты эпителий бірнеше түрге бөлінеді. Олар: Бірқабатты призма тәрізді безді эпителий, Бірқабатты призма тәрізді жиекті (көбелі) эпителий, Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі эпителий.

 

Көпқабатты эпителий ұлпалары

 

Көпқабатты эпителий ұлпалары жоғарғы жасушалар қабаттарындағы эпителиоциттердің пішініне байланысты: көпқабатты жалпақ эпителий және көпқабатты ауыспалы эпителий болып екі топқа  бөлінеді. Көпқабатты жалпақ эпителийдің  өзі сыртқы бетінде мүйізді қабаттың болуы не болмауына қарай: көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін және көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий болып  бөлінеді.

 

 

 

   Көпқабатты  жалпақ мүйізделмейтін эпителий ауыз қуысының, өңештің, көмекейдің бөбешік бөлігінің, тік ішектің соңғы бөлігінің, қынаптың кілегейлі қабықтарын астарлап, көздің қасаң қабығын сыртынан қаптап, шектеу және қорғаныс қызметтерін атқарады. Эпителий құрылысы мен пішіні әр түрлі үш: базальды, қылтанақты және жалпақ эпителиоциттер қабаттарынан құралған.

   Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий тері эпидермисін құрайды. Эпителий ұлпасы бір-біріне қабаттасып жатқан көп қабат эпителий жасушаларынан тұрады.Оның жоғарғы қабаттарындағы эпителиоциттер мүйізденіп, қабыршақтарға айналады да, эпидермистің сыртқы бетін қаптап жатқан қалың мүйізді қабатты құрайды. Жануарлар терісі эпидермисінің қалыңдығы терідегі түкке байланысты. Тері түктері қалың болған сайын, эпидермис жұқара береді. Түксіз тері эпидермисі өте қалың болып келеді. Терінің түксіз аймағындағы эпидермисте бір-бірінен анық ажырап айқын көрінетін бес: базальды, қылтанақты, дәншелі, жылтырауық және мүйізді эпителиоциттер қабаттары болады.

 

Көпқабатты ауыспалы эпителий қабырғалары созылып және тартылып тұратын түтікше несеп бөлу мүшелерінің (бүйрек түбегі, несепағар, қуық) кілегейлі қабықтарын астарлайды. Эпителиоциттер қабаттарының саны аталған несеп бөлу мүшелерінің физиологиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Мүшелер зәрге толып, қабырғасы керілген кезде, эпителий ұлпасы 2-3 қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Ал зәр сыртқа шығып, қуысы босап, қабырғасы қалпына келіп тартылған жағдайда, ол қалыңдап 10-12 қабат эпителиоциттерден құралады. Көпқабатты ауыспалы эпителий ұлпасы үш: базальды, аралық және жабынды эпителиоциттер қабаттарынан тұрады.

    1. Безді эпителий

Безді эпителий жануарлар  организміндегі әр түрлі бөлінділер (секрет, инкрет – гормон) бөлетін  бездердің негізгі қызметін атқаратын  жұмысшы бөлігі – паренхимасын құрайды. Безді эпителийдің бөліндіні  бөлу процесін секреция (лат. Secretio – бөлу) деп атайды. Без паренхимасы бөліндіні синтездеуге, жинауға, сақтауға және бөліп шығаруға маманданған безді эпителий жасушаларынан – гландулоциттерден тұрады. Гландулоциттердің бөліндіні бөлу процесін секрет бөлу айналымы деп атайды. Бұл процесс бес кезеңнен тұрады: 1) кезең – гландулоцитке бөліндіні синтездеуге қажет заттардың келуі. Органикалық және минералдық заттар организмнің сұйық ішкі ортасынан (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) негіздік жарғақ арқылы гландулоциттің базальды полюсімен жеткізіледі; 2) кезең – әкелінген заттардан эндоплазмалық торда бөліндінің синтезделуі. Белокты секрет немесе инкрет гранулалы эндоплазмалық торда, белоксыз бөлінділер құрамы – агранулалы эндоплазмалық торда түзіледі; 3) кезең – синтезделген бөліндіден бөлінді тамшылары мен дәншелерін түзу. Бұл процесс Гольдж кешенінде жүріп, түзілген тамшылар мен дәншелер гландулоциттердің апикальды полюсінде жиналып, жасушадан сыртқа шығарылуға дайындалады.; 4) кезең – бөліндіні сыртқа бөліп шығару – экструзия. Жануарлар организмдерінде бөліндіні гландулоциттерден сыртқа бөліп шығарудың үш түрі кездеседі. Олар: бөлінді бөлудің мерокринді, апокринді және голокринді түрлері.

 

Бөліндіні бөлудің мерокринді түрінде гландулоцит плазмолеммасының бүтіндігі бұзылмайды. Бөлінді гландулоцит плазмолеммасы арқылы диффузды жолмен сүзіліп сыртқа шығарылады. Бөлінді бөлудің апокринді түрінде гландулоциттің бүтіндігі жартылай бұзылады. Оның апикальды ұшына жиналған бөлінді, жасуша плазмолеммасымен бірге үзіліп секрет тамшыларына айналады. Бөлінді бөлудің голокринді түрінде гландулоцит протоплазмасы толығымен бөліндіге толып жарылады да, безді жасуша толық бұзылып, ішіндегі жиналған бөлінді сыртқа шығарылады. 5) кезең – бөлінді бөлінгеннен соң, гландулоциттердің қалпына келуі. Бұдан кейін, бөлінді бөлудің кезеңдері кезегімен қайтадан қайталанады.

   Бездердің жіктелуі. Бездер – өзінен арнайы бөлінді бөлуге маманданған жеке жасушалар немесе жасушалар топтары, болмаса жеке мүшелер. Құрылысына байланысты бездер біржасушалы және көпжасушалы болып үлкен екі топқа бөлінеді. Бөліндіні шығару ортасына қарай бездер: сыртқы секреция немесе экзокринді бездер және ішкі секреция немесе эндокринді бездер болып екіге бөлінеді.

   Ішкі секреция бездері немесе эндокринді (грек. Endon – ішке, krino - бөлу) бездер бөліндісі – инкрет (ішке бөлу) немесе гормон (қоздырушы зат – грек. Hormao – қоздырамын) деп аталады. Эндокринді бездер гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сұйықтығына) шығарады. Сондықтан, эндокринді бездер тек бөлінді бөлетін безді бөлімнен тұрады. Олардың сыртқа шығару өзектері болмайды.

   Сыртқы секреция бездері немесе экзокринді (грек. Exo – сыртқа, krino - бөлу) бездер бөліндісі секрет деп аталады. Олар секреттерін сыртқы ортаға, мысалы, терінің сыртқы бетіне немесе қуысы сыртқы ортамен қатысатын мүшелер қуыстарына (түтікше ішкі мүшелер) шығарады. Сондықтан, экзокринді бездер екі бөлімнен тұрады. Олар: секрет бөлетін бездің соңғы бөлімдері және шығару өзектері.

   Экзокринді бездер  құрылысына, бөліндіні (секретті) бөлу  түріне, секретінің құрамына байланысты  бірнеше топқа бөлінеді. Шығару  өзектерінің тарамдалу сипатына  қарай, сыртқы секреция бездері:  қарапайым және күрделі экзокринді  бездер болып бөлінеді. Қарапайым экзокринді бездердің бір ғана шығару өзектері, ал күрделі экзокринді бездердің шығару өзектері бірнеше тарамға таралады. Қарапайым экзокринді бездер соңғы бөлімдерінің тарамдалу сипатына қарай: Тарамдалмаған және тарамдалған болып ажыратылады. Бөлінді бөлетін соңғы безді бөлімінің пішіні мен құрылысына байланысты экзокринді бездер: түтікше, көпіршікше (альвеола тәрізді) және түтікше-көпіршікше (аралас) бездерге бөлінеді. Сонымен, жануарлар организмдерінде экзокринді бездердің төмендегідей түрлерін кездестіруге болады. Олар: 1) қарапайым тарамдалмаған түтікше бездер; 2) қарапайым тарамдалған түтікше бездер; 3) қарапайым тарамдалмаған көпіршікше бездер; 4) қарапайым тарамдалған көпіршікше бездер; 5) күрделі тарамдалған түтікше бездер; 6) күрделі тарамдалған көпіршікше бездер; 7) күрделі тарамдалған түтікше-көпіршікше бездер.

Информация о работе Гистология